Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Ташкентте өтетін Grand Slam турниріне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Париждегі додаға ұпайын түгендеп, жолдамаға ие болу үшін Ташкенттегі турнирде сынға түседі. Ұзақ үзілістен кейін бозкілемге қайта оралған балуан үшін бұл бәсекенің маңызы зор. Наурыздың бірі мен үші аралығында өтетін дүбірлі додада әлемнің 53 елінен, 269 дзюдошы қатысады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Сметов соңғы рет Парижде өткен турнирдің екінші айналымында корейлік Ли Харимнан ұтылып қалған еді. 

Бұған дейін Әзірбайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасында Еуропа чемпионаты өткен еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.