Астана мен Алматы қаласының тұрғындары ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды еске алып, гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет mykaleidoscope.ru

Деректерге сай, астаналықтар Алексей Навальныйдың рухына тағзым етіп, Голодомор ескерткішіне гүл шоқтарын қойған. Ал алматыда халық оппозиционердің рухына тағзым етіп, Ресей бас консулдығы алдына гүл шоқтарын қойып, шырақ жаққан.

  • Алексей Навальныйдың әйелі күйеуінің өлімі туралы ақпаратқа сенбейтінін айтты

  • "Ешқашан тумайтын жақсы өмірді күтеміз": Түрмеде көз жұмған Путиннің "қас жауы" Навальный туралы не білеміз

Азаттық радиосының мәліметінше, дипломатиялық өкілдік ғимаратына Навальныйдың фотосуреттері мен портреті де әкелінген.

Ресейлік оппозиционердің өліміне қатысты Қазақстан билігінен әзірге ресми пікір болған жоқ.

Еске салсақ, 2024 жылдың 16 ақпанында Ресейдің Ямало-Ненецк округі бойынша Федералдық қылмыстық атқару қызметі Алексей Навальныйдың қайтыс болғанын хабарлады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.