Алматы қаласында сейсмологтар 23 қаңтардан бері 8000-нан аса жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, тіркелген афтершоктардың ішінде тек 100-ден астамының магнитудасы 5 балдан асқан.

"Бүгін 10:15-те жер сілкінісі тіркелді. Бұл — 23 қаңтарда болған қатты жер сілкінісінің афтершогы. 23 қаңтардан бастап біз 8000-нан аса жерасты дүмпуін тіркедік. Оның 100-ден астамының магнитудасы 5 балдан жоғары болды. Тек 20-сын ғана сездік", – деді ол. 

Еске салайық, Алматы қаласында 25 ақпан сағат 10:16 шамасында 3 балдық жер сілкінісі тіркелген еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.