Курс лекций по дисциплине «Введение в языкознание» Для студентов ко



жүктеу 0.73 Mb.
бет1/4
Дата28.05.2018
өлшемі0.73 Mb.
түріКурс лекций
  1   2   3   4

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
Кафедра английского языка и методики преподавания
Составитель: ст.пр.Айдарханова М.А.
КУРС ЛЕКЦИЙ

по дисциплине

«Введение в языкознание»

Для студентов КО

Кокшетау – 2008

1 дәріс

Ғылыми білімнің жаңа саласы ретіндегі психолигвистика.


  1. Тіл,сөйлеу, сөйлеу әрекеті.

  2. Психолингвистика анықтамасы.

  3. Психолингвистиканың басқа ғылымдармен байланысты.

1. Тіл, сөйлеу, сөйлеу әрккеиі. «Тіл біліміне кіріспе» курсынан, лингвистиканың пәні тіл жүйесі екені белгілі. Ғылымның пәнін тарихи дамитын категория (жүзжылдықтарда қалыптасқан) және ғылым объектісін ғылыми зерттеулердің объектілерінің бііркпесі ретінде қарастыратын болсақ, тіл жүйесі ұғымы (фонетика, лексикология және грамматикалық жүйелердің байланысы) лигвистикалық ғылымда тұрақты да біржолата орын алғаны белгілі болады.

Былтырғыдан арғы ғасырда женевалық лингвист Ф. Де Соссюр және психологтар

Г. Штейнталь және В. Вундт еңбектерінің негізінде тілді сөйлеу процесі ретінде әрі лингвистикада, әрі психологияда қарастыра бастады.

Сөйлеу деп – сөйлеу іскерлігі, сөйлеу актісі және сөйлеу нәтижесі – мәтін аталады.

Осының нәтижесінде, белгілі бір «түйісу» – ғылымдағы интегрция пайда болды.


1. Тіл жүйесі ретінде (пән) – тіл әрекет ретінде (сөйлеу).

Тіл мен сөйлеудің бұндай ара-қатынасы жайлы түсінік, мына жұптардың толық теңестірілуіне әкеліп соғады.

Тіл – сөйлеу

Код – хабарлама (Р. Якобсон)


2. Тіл қабілетретінде (сөйлеу механизмі) – тіл әрекет ретінде (сөйлеу).

Бұнда сөйлеу механизмі және сөйлеудің тууы талдауға түседі.

Тіл әрекет ретінде (сөйлеу)


Тіл, жүйе ретінде Тіл, қабілет ретінде(механизм)

Бұндай үш мүшелі бөлімді бір жазықтықта қарастыра келе, біз лингвистика мен психологшияның қарамағынан тағы бір түйісу түсін қалатынына көз жеткіземіз.


3. Тіл жүйе ретінде – тіл, қабілет ретінде (механизм).

Осы жағдайда бүл интеграцияны қарастырудың күрт қажеттілігі, жаңа ғылым – психолингвистиканың бастамасы болып қарастырылатын жұмыстар пайда болды.


2. Психолингвистиканың анықтамасы.

Психолингвистика – адамның сөйлеу әрекетінің психологиялық және лингвистикалық аспектілерін, сонымен қатар сөйлеу коммуникациясы және индивидуалды (жеке) сөйлеу – ойлау әрекеті процестеріндегі тілді қолданудың әлеуметтік және психологиялық аспектілерін зерттейтін ғылым.

Психолингвистиканың зерттеу пәні ең бірінші – адамның әрекетінің ерекше түрі ретінде сөйлеу әрекеті, оның психологиялық мазмұны, құрылымы және ол іске асырылатын түрлері (тәсілдері) мен формалары, онымен орындалатын функциялар болып табылады.

Психолингвистиканың басқа бір өте маңызды пәні ретінде сөйлеу және индивидуалды сөйлеу-ойлу әрекетін іске асырудың негізгі тәсілі ретіндегі және сөйлеу коммуникациясы процесіндегі тіл таңбаларының негізгі функциялары ретіндегі тіл болып анықталады.

Психолингвистикада сөйлеу әрекетінің мазмұны, мотиві және формасы арасындағы байланыс, және сөйлеу әрекеті барысында ой білдірудегі пайдаланған тіл элементтерімен құрылымы арасындағы байланыс үнемі көңілге алынады.

Психолингвистиканың тағы бір негізгі пәні – сөйлеу әрекетін (сөйлеу-психофизиологиялық процесс ретінде) іск асыратын тәсіл ретінде қарастырылатын адам сөйлеуі.

Психолингвистиканың бір емес, бірден бірнеше пнінің болуы, адамзат баласының өркениетінің ежелгі екі ғылымы – психология мен лингвистиканың өзіндік және ерекше бірігуінің негізінде пайда болған, «Синтетикалық», «күрделі» ғылым болуымен түсіндіріледі.

Ең бастапқы психолингвистиканың пәні тіл жүйесі ментіл қабілеті арасындағы байланыс болып табылатын, көбінесе көңіл тіл арқылы кодтау және декодтау механизмдері мен процесстеріне бөлінген еді.

Кейін келе, алдын-ала берілген мазмұн жай кодтау және декодтау процесі ретінде ғана емес, бұл мазмұн құрылатын процесс ретіндегі сһйлеу әрекеті идеясы қабылданды.

Тіл қабілеті түсінігінің кеңеюі мен тереңдеуінің нәтижесінде ол тек қана санамен ғана емес, сонымен қатар адамның толық жеке тұлғасымен байланыстырылды.

Сөйлеу әрекеті – қарым-қатынас ретінде қарастырыла бастады, ал соңғысы – мәліметті бір индивидтен екіншісіне жеткізу ғана емес, қоғамның ішкі өздік регуляция процесі ретінде қабылдана бастады.

Тіл ұғымы – оны жай ғана кодтау және декодтау тәсілдер жүйесі ретінде қабылдаудан, оны «әлем бейнесі» позициясынан қоршап жатқан әлемдегі адамның әрекеті үшін қажетті нұсқаулар ретінде қабылдауға өзгерді.

Бұл аталған өзгерістерді ғана есепке ала келе, А. А. Леонтьев психолингвистиканың пәні ретінде «жеке тұлға және сөйлеу әрекетінің құрылымы мен функциясының арақатынасынан бір жағынан, және «әлем бейнесін» құрайтын тілді екінші жағынан атайды».

А. А. Залевская психолингвистика социумға, кейін кеңірек мәдениетке, тұлғааралық және мәдениет аралық арақатынасына енетін индивидтің, кейін жеке тұлғаның жетістігі – тілдің ерекшелігі мен қызмет етуін зерттейтін ғылым.

Психолингвистиканың зерттеу объектісі тілде сөйлеуші әрекетінің субъектісі ретіндегі адам; адам қауымындағы қарым-қатынас, коммуникация процестер; сонымен қатар сөйлеудің қалыптасуы мен онтогенезде сөйлеуді меңгеру процестері болып табылды.

А. А. Леонтьев сілтемесі бойынша, «психолингвистиканың объектісі сөйлеу ситуациялары мен сөйлеу жағдайларының бірікпелі болып табылады». Бұл объектісі лингвистика және басқа «тіл ғылымдарымен» ортақ.


3. Психолингвистиканың басқа ғылымдармен өзара қатынасы.

Лингвистиканың негізін қалаушылардың бірі А. А. Леонтьевтің ойынша, психолингвистика, өзінің заманға сай даму сатысында психологиялық ғылымдар жүйесіне кіреді. Жеке адамдардың өмірлерінде орын латын шындықтың психикалық бейнесінің тууы, қызмет етуі, құрылуы туралы нақты ғылымды психология деп түсінсек, онда тіл мен сөйлеу әрекеті дәл осы психикалық бейненің пайда болуына да, қызмет көрсетуіне де, сонымен қатар осы бейне арқылы адамдардың тіршілік әрекеттерінің ара-жігін қосу процесіне де қатысады. Осыдан А. А. Леонтьевтің пікірі бойынша, психолингвистика және психологияның әр түрлі бөлімдернің категориялық жәнеұғымдық бірлігі келіп шығады. Сөйлеу әрекеті деген ұғымның өзі жалпы психологиялық түсіндірме бойынша өз алдына жеке әрекет ретінде қарастырылады, бұл сөйлеу әрекетінің басқа әрекет түрлері сияқты (еңбек, танымдық, ойын, т. б.) өзінің ерекшеліктері бар, бірақ әрбір әрекеттің қалыптасуы, құрылуы жәнеқызмет көрсетуінің жалпы заңдылықтарына бағынады. Жеке тұлғаның кез келген түсіндірмесі де психолингвистикада бейнеленеді, бірақ өте маңызды жері – психолингвистика, өзінің негізгі түсініктерінің бірі – мағына түсінігі арқылы адамның қоршаған әлемді психикалық бейнелеу проблематикасымен тура байланысты. Мұндай жағдайда, тіл, бір жағынан, психологиялық ғылымдардың әр түрлі бөлімдері көрсететін зерттеулердің негіз салушы түсініктері мен нәтижелерін қолданса, екінші жағынан, тіл, психологияның пәндік бөлімдерін теориялық бағытта және қолданбалы бағытта байытады.

Тіл, жалпы психология мен тығызрақ байланысты, әсіресе, жеке тұлға және когнитивті психологиямен байланысты. Қарым-қатынас әрекетін зерттеуге тура қатынасы бір болғандықтан, тағы бір жақын психологиялық пән - әлеуметтік психология және қарым-қатынас психологиясы. (жаппай қарым-қатынас теориясын қоса есептегенде) Психолингвистиканың зерттеу объектісіне тіл қабілеті мен сөйлеу әрекетінің қалыптасуы мен дамуы кіретін болғандықтан, тіл, сондай-ақ даму психологиясчмен де байланысты (балалар және жас ерекшелік психологиясы). Сондай-ақ, ол этнопсихологиямен де тығыз байланысты.

Психолингвистика, практикалық жағынан, психологияның әр түрлі қолданбалы бөлімдерімен байланысты: педагогикалық психология, арнайы психология (әсіресе, патопсихология, медициналық психология, нейропсихология), еңбек психологиясы (оның ішінде инженерлік, ғарыштық, әскери, сот, заңгерлік психологиямен) және де психологияның дамып қалыптасқан бөлімдерімен (саяси психология, жаппай мәдениет психологиясы, жарнама және үгіт насихат психологиясымен де байланысты). Жалпы даму психологияның алдына қойған осы қолданбалы мәселелер жеке ғылыми білім ретінде, психолингвистиканың пайда болуына септігін тигізді.

Психолингвистика, психологиядан басқа өзін құраушы лингвистикамен байланысты. Әдетте лингвистиканы тіл туралы ғылым ретінде, қарым-қатынастың негізгі құралы ретінде, әлеуметтік ортаның құралы ретінде қарайды. Сонымен бірге, бұл пән дұрыс анықтамасы жоқ.Лингвистикпның объектісі – сөйлеу әрекеті (сөйлеу акті, сөйлеу реакциясы) екені анық. Бірақ лингвист адамның кез келген жағдайда іске асыратын сөйлеу әрекетіне ортақ болатын нәрсені объект етіп көрсетеді, яғни бұл – сөйлеу актісінің ішкі құрылысын жасайтын тәсілдер. Лингвистика пәні сөйлесуде қолданылатын, коммуникацияда қолданылатын тіл тәсілдерінің жүйесі. Бұл жағдайда, жалпы тіл білімінде негізгі екпінді тілдің құрылысын сипаттайтын осы тәсілдердің жүйелілігіне түсірсек, ал қолданбалы лингвистикада кез келген нақты тілдің жеке дара ерекшелігіне екпін түсіреміз.

Қазіргі замандағы тіл білімі дамуының негізгі бағыттары мынадай тұжырымдарға әкеледі.

Ең алдымен «тіл» деген ғылымның түсіндірмесі өзгерді. Егер бұрын лингвисттің назарында тілдік құралдар (дыбыстық, грамматикалық, лексикалық) тұрса, қазір, бұл тілдік құралдардың өзі формальды атқарушылар (операторлар) ретінде ғана қарастырылатыны анық; бұл операторлар арқылы адамдар қарым-қатынас жасайды, оларды тілдік белгілердің жүйесіне тіркеп, мағыналы толық мәтін шығарады. Бірақ бұл мағына деген ұғымның өзі сөйлесу әрекетінің шегінен шығып, адамның тілді бейнелеп қабылдауын қалыптастыратын негізгі когнитивтік (танымдық) бірлік ретінде бөлініп шығады. Және осы күйде ол әртүрлі когнитивтік схемалар, эталондық бейнелер және когнитивтік ситуациялардың құрамына енеді. Солай етіп, лингвистика ұғымдарының бірі болған мағына – одан әрі негізгі түсінікке ие болады лингвитиканың тағы бір зерттейтін пәні – сөйлеу коммуникациясының толық және жалпы бірлігі ретінде көрінетін тілдің «табиғаты» болып табылады. Сөйтіп, тіл одан әрі дәл осы мәтіндермен, олрдың құрылыс ерекшеліктерімен, әртүрлілігімен, қызмет көрсету мүмкіншіліктерімен айналысады.

А. А. Леонтьев көрсеткендей, психолингвистика жалпы тіл білімі мен тығыз байланысты. Одан басқа, психолинвистика социолингвистика, этнолингвистика, қолданбалы лингвистика, әсіресе оның компьютерлік лингвистика мәселелерімен айналысатын бөлігімен үнемі байланысты психолингвистикаға психологиядан мынадай адам психологиясының бөлімдері кірді: сөйлеу психологиясы, сөйлесу психологиясы, жартылай жас ерекшелік, әлеуметтік психология, сондай-ақ негіз қалаушы теориялық концепциялар: әрекет теориясы, белгі және таңба әрекетінің теориясы, коммуникация теориясы, т. б.



Глава III. Тіл мен сөзінің сөйлеудегі функциясы.

Сөйлеу әрекеті сөйлеген кезде анықталатын функциялардың (номинативтік, жалпылау, тану) негізінде іске асырылады.

Сөйлеудің орталық функциясы – коммуникативтік болып табылады, ол өз ойын білдіру және өзіңе және басқа адамдарға әсер етуде танылады. Әсер ету – генетика бойынша сөйлеудің коммуникативтік функцияның бірінші формасы (түрі). Адам ең біріншіден басқалардың іс-әрекетіне, ойына, есіне және сезімдеріне әсер ету үшін сөйлейді.

“Сөйлеудің социалдық маңызы неде? Адамның қандай да бір іс-әрекетін жоспарлап, бақылап тұрын қамтамасыз етеді.”- дейді А.А. Монтьев.

Сөйлеудің коммуникативтік алғашқы және негізгі функциядан: қоғамдық дәйектемелік, белсенділік, ынта сияқты жақтары бөлініп шығады. Сөйлеу адам қоғамында адамның ұжымда өз ынталарын, армандарын белсенді білдірудің ғана арқасында пайда болуы мүмкін еді. Социалдық коммукикативтік үрдісінде сөйлеуді адам қандай да болсын бір нәтижеге жету үшін қолданады. Ой білдіру бір ынтасыз, не белсенділіксіз сәтті бала алмайды. Сөйтіп, сөйлеу ең біріншіден өзінің социалдық қарым-қытнас функциясында көзге түседі және ол 2 түрде - өзіне және басқаларға сөз жеткізу мен әсер етуде іске асырылады. Бұның негізінде сөйлеу тағы да бір функцияға ие болады - өзінің және басқалардың іс әрекетіне бақылау функциясы сөйлеудің бақылау функциясы басқа да психикалық үрдістерді даярлау мен ұйымдастыруда көзге түседі.

Бақылау функциясынан ойымен тығыз байланысқан жоспарлау функциясы шығады – бұл адамның ұжымдағы өзіндік іс әрекеті мен оның айналасындағы адамдардың іс - әрекетін жоспарлау.

Сөйлеу іс-әрекетінде адамның тағы бір тілмен сөйлеудің маңызды функциясы – жалпылау. “Жалпылау, - деді А.С. Высотский, - ақылмен түсіну және ойлармен уайымдады. Әдейі тапсыру негізінде мендетті түрде бәрене мәліле құрал жүйесін керек етеді. Бұндай құрал “жалпылау” болып келеді. Ал жалпылау сөздің “мағынасы” болса ғана мүмкін болады.

Сөздердің ма,ынасына және онымен байланысты тіл мен сөйлеудің жалпылау функциясына бола, сөйлеу әәрекеті тағы бір маңызды – когнитивтік немесе танымдық функциясына ие болады.

С.Л. Рубинштейн сөз бір нәрсенің объективтік көрінісі бола тұрып, мазмұныны ортақ болған соң онымен ішкінен байланысты. Бұл байланыс сөздің ортааұ мазмұнымен – түсінік және ..............................................образ арқылы – қосылған.

Сонда сөз адам ойына нәрселердің көріністерін орнықтырады, оларды қабылдау объектілері ретінде орнықтырады, оларды әрдайым қабылдау және қолдау қажеттілігін жеңілденді, сөз нәрселерді олардың ерекшеліктерің, жақтарын орнықтырды. Бұндай сөзді “нәрселермен орнықтыру” сөйлеудің “номинативтік” функциясының алғашқы шығуының негізінде жасалады. Номинативтік функция сөйлеудің онтогинезінде нәрселердің заттық ерекшеліктерімен атаулары, ерекшеліктердің маңызы негізінде жасалады және көбінесе осы нәрсенің атау болып табылады.

Сөз, кем дегенде, екі бөліктен тұрады – 1 жағынан ол нәрсені атайды, 2-ші жағынан оны қаржылай байланыс жүйесіне еңгізеді. Сөздің бұндай құрылысы номинация үрдісін қиындатады. Бұл үшін негізгі 2 шарт бар.


  1. Нәрсенің нақты дефферинциалық көріністің болуы.

  2. Сөздің мағынасы болуы.

Тіл мен сөйлеуге ортақ функциялармен қатар сөйлеуге ғана тән біраз функциялар бар. Сөйлеу кейде мағынасына да маңызды бола алады.

Нақты, шынайы мағына тек қана сөздің маңызымен мағынасы арқылы емес, көбінесе экономикалық және ... .. .. .. . . . .. . . .. арқылы беріледі. (И: интонация, дауыс модуляциясы, пауза).

Сөйлеудің бұл ерекшелігің С.Л. Рубинштейн сөйлеудің эмоциялық – функциясы деп анықтаған.

Сөйлеудің эмоциялық – функциясы оның омантикалық мазмұныны кіреді.

Қарым-қатынас кезінде сөйлем мағынасын түсіну үшін жай сөздер аз болады, және сол кезде сөйлеудің мәнді компоненттері қажет болады. Оларға мимика, энтонация, ::.......... жатады. А.А. Леонтьевтің ойынша, сөйлеудің тағы функциялары көп, бірақ олар барлық сөздерде көріне бермейді оларға “эмотивтік” функция немесе “сөйлеушінің сөзімен қалауын білдіру функциясы”, “диакретикалық” функция; ол еңбек іс-әрекетінде танылады (м: “майна”, “вира” деген сөздер кеме жұмысшылары арасында қолданылады). Сонымен қатар сөйлеу іс-әрекетінде маркировтық функцияның маңызы зор: ол атаулармен байланысты (м: қала, көше, географиялық аудандардын атаулары). Фати функция немесе қатынас функциясы – қарым-қатынас орнастыру үшін қажет функцияның бірі.

Сөйлеу коммуникациясының қасиеттерінің көпшілігін алсақ, сөйлеу әрекетінің негізгі белгісін бөліп шығу қажет. Бұл белгі бір жағынан коммуникацияның спецификалық және спецификалық емес белгісін құрастырады, екінші жағынан оның барлық потенциалды мүмкінді сөйлесу ситуацияларын және олардың топтарының жай-жақты іске асуын қамтиды.

Сөйлеу коммуникациясының қарым-қатынас бірлігі және жалпылау қатынасы сөйлеу іс-әрекетінің міндеттемесі болып табылады.

Сөйлеу іс-әрекетіне тілдің құрамының бірнеше түрі енеді қарым-қатынас ортасында бұндай функцияға мінез-құлықтың бақылауы мен ақпаратты жіберу коммуникативтік функциясы жатады.

Сөйлесу іс-әрекетінде бұл функция келесі үш мүмкіндігі вариантта кездеседі:


  • Жеке – бақылаушы функция, яғни бір немесе бірнеше адамның мінез құлқына “таңдаушы функциясы”.

  • Коллективті – бақылаушы функция, ол үлкен және дифференциалдық емес аудиторияға арналған.

  • Өзін-өзі бақылаушы функция - өз мінез-құлқын және іс-әрекетін жоспарлау кезінде қолданылады.

Сөйлеу – іс-әрекетіне қажет қарым-қатынас ортасындағы екінші спецификалық функция, ол – адамзаттың жалпы – тарихи.

2 дәріс



Психолингвистиканың пайда болуы және дамуының тарихы.

  1. Психолингвистиканың пайда болуы және дамуының тарихы.

  2. Психолингвистиканың пайда болуы мен дамуының тарихы уақытының классификациясы.

  3. Психолингвистиканың зерттеулерінің динамикасы


1. Психолингвистиканың пайда болуы және дамуының тарихы.

Психолингвистиканың ғылым ретінде пайда болғанына дейін барлық психолингвисттер басқа ғылымдардың жұмыстарында ПЛ мәселесі болып кеткен пікірлерін айтты.

П.Л ғылымдарының бірі ғылыми лингвистиканың негізін қалаушысы Вильгельм фон Гумбольдт. Оған қоғам мен адам арасындағы байланыс ретінде сөйлеу іс-әрекетімен түсіну идеясы жатады. Гумбольдтың обьектілік шындылыққа адамның қатынасын тіл анықтайтйны, сыртқы дүниенің ішкі рухына айналдыратыны туралы идеясы неогумбольдианство деген атқа ие болған тіл білімнің негізгі философиялық саласына жатады.(Л.Витгенштеин, Л. Вайсгербер және т.б).

В. Фон Гумбольдттің шәкірті Г. Штейнталь тілді диалектикада қарастырған және оны үрдіс, дайын мәлімет және адамның психологялық іс-әрекетінің бір бөлігі және қоғамдық құбылыс ретінде қарастырған оның ұстазынан қарағанда, тілді тек үрдіс ретінде қарастырған.

Штейнталв: Біз сөйлеу кезінде үш жағдайды қарастыруымыз керек: оргоникалық механика, психикалық механика және білдіруге болатын түсіну мазмұны.

Біз органикалық механиканы-ағза ретінде, психикалық механиканы-органист ретінде, мазмұнын органист ретінде елестете аламыз.

Гумбольтдпен Штейнтальттың идеялары әигілі ғалым-Ингвист А.А Потебиннің жұмысында өз дамуын тапты.

А.А Потебиннің пікірі бойынша сөйлеу акті-тек қана психикалық құбылыс, ол тілжәне сөз осы актіге мәдени және қоғамдық бастау береді.”Тіл ойды.......”. Сөз арқылы ой сезімтал қабылдаудың тікелей әсерінен басталады... тіл халық дамуының шарты болад, соңдықтан ол жеке адамның ойлау мүшесі болып табылады.

И.А Бодуэн де Куртенэ деген әйгілі менгвист менгвистикалық ғылымның дамуына үлкен үлесін қосты, ол тілді күрделі обьекті психикалық құбылыс ретінде анықтайды.

И.А.Б де R ойы бойынша сөйлеу қарым-қатынас негізінде және ойын білдірудің негізінде қалыптпсады.

ХХ ғасырдың ленгвистиканың негізін қалаушысы, швейцариялық ғалым Фердинант де Соссюр тілді обстракттық индивидуалдық жүйе ретінде тіл қабілетін индивидтің функциясы ретінде, ол сөйлеуді индивидуалдық акт ретінде ажыратты.

Фердинанд де Соссюрдің концепциясы әйгілі ингвист Л.В Щербаның еңбектерінде одан әрі өз дамуын тапты. Щерба индивидтің психофизиологиялық сөйлеуді құрастыру түсінігін еңгізеді. Оның маңызы жұмысы – тіл біліміндегі тіл құбылысы мен тәжірибие негізінде келесі үш аспектілерде орын тапты:

Бірінші аспект – сөйлесу іс-әрекеті, бұл дегеніміз сөйлеу мен түсіну.

Екінші аспект – тіл жүйесі; ол сөздік пен грамматика.

Үшінші аспект- тіл құрамы.

Л.В. Щерба ғылымға “механизм” мен “үрдіс” және “үрдіс” пен “өнім” сияқты өте маңызды анықтамаларын еңгізді.

XIX-XX ғасырларда псехология ғылымында бірден бірнеше ғылыми концепциялар шығарылды, олардың негізінде П.Л пайда болуына әсерін тигізді. Бұл бәрінен бұрын М. Вертгейлер, К.Коффа және т.б ғылымдар ұсынған “гешталь-психология” мектебінің ғылыми әрекеттеулері болып табылады. П.Л жұмыстарының ең маңыздылары бұл мектептің 2-ші ұрпағына жатады. О. Нимейер тәжірбиесінде сөйлемді қабылдағанда оның грамматикалық жүйесі басынан бастап біртұтас болып келеді. 1913ж О. Дитрих жантану және басқа бір бөлек ғылымның қажеттігі туралы өз ойын айтты.

Әлем психологиясының екінші маңызды тармағы ХХғ II-ші жартысында орын тапты. Ол бихевиорист психологиясымен байланысты (Дм. Уотсон, Э. Борндайк) Психиканы сыртқы әсерлердің өнімі ретінде санаған бихевористер осы әсерді ағзаға әсер етуші, ынта ретінде, ал психиканың мазмұны ағзаның осы ынталарға жауабы және ынтаның жауаппен байланысты ретінде қарастырады. Бихевиористік көзқарасының көзге түсерлік жұмыстарының бірі Леонард Блумфилд еді. Ол адам өмірінің саласы қажеттіліктер және оларды қанағаттандыратын іс-әрекеттер деп болжаған.

П.Л-ң теоретикалық және методологиялық негіздерін қалыптастыруында маңызды мәні Л.С. Высотскийдің еңбектерінде орын тапты. Л.С. Высотскийдің айтуы бойынша сөйлеуді тудыратын алғашқы сатысы – мотивация.

Екінші сатысы – ой. Үшінші сатысы – ойдың сөз ішіндегі пан. Төртінші сатысы – ойдың сөз сыртындағы.? Бесінші сатысы – ойдың сөзде . ?

Высотскийдің шәкірті А.Р. Лурия мидың сөйлеу іс-әрекетінің бұзулуы кезіндегі әртүрлі афазияларды зерттеу мен қайта қалпына келтірген 1968 ж. Лурия “нейролингвистика” терминнің еңгізген.


  1. Психолингвистиканың пайда болуы мен дамуының тарихы уақытының классификациясы.

Псих-ка терминін алғаш рет 1946 ж. американдық психолог Н. Пронко еңгізді.

ПЛ бөлек ғылым ретінде 1953 ж. Индиана Штатындағы Университетте қоғамдық ғылымдар бойынша лингвистика және психология.

Зерттеу орталығының Комитеті даярлаған халықаралық семинарындағы жұмыс нәтижесінде шыққан. Бұл семинарды дайындаған екі әйгілі американдық психологтар Ч. Осгуд және Дж. Кэррол және лингвист, этнограф және әдебиеттанушы Т.Сибеок еді.

ПЛ пайда болуы және дамуы туралы бірыңғай пікір жоқ және ПЛ әртүрлі концепцияларының салыстыру мен айырмашылықтарының бірыңғай және әртүрлі егіздер бар. Үлгі ретінде келесі үш классификацияларды салыстырайық. Олардың бірі Е.Ф. Тарасовтың ПЛ даму тенденциялары кітабында бар.

Екіншісі – Дж. Кесстің “Psycholin – guistics: Psycholodgy, Linguistics end the study of natural language”

Үшіншісі – А.А. Залевскийдің “Психолингвистикаға кіріспе” кітабында баяндалған. Е.Ф. Тарасофтың классификациясын оның шәкірті А.А. Леонтьев нақты жазып толықтырған. Осы жұмыстары барысында ПЛ даму сатылары психолингвистикалық “ұрпағы” болып анықталған.



  • Ч. Осгудтің психолингвистикасы.

  • А. Миллер – Н. Хомскийдің психол-сы

  • “Екінші ұрпақ” психол-сы

  • Сөйлеу іс-әрекетінің теориясы.

ПЛ-дің алғашқы ұрпағының ілдері болып Ч. Осгуд, Дж. Кэррол, Т. Сибеок, Ф. Лансберн және т.б. жатады.

Ч. Осгудтің психологиялық концепциясының мәні, сөйлесу - адамның сөйлеу немесе сөйлеу емес ынтасына деген өзіндік немесе жанама түрдегі реакциясының жүйесі болып табылады.

4. Сөйлеу іс-әрекетінің түрлері. (стр 58-61)

Сөйлеу іс-әрекеті мынадай түрлер арқылы іске асады: хабарлау (сөйлеу), тыңдау, жазу және оқу (И.А. Зимняя [95,97,98] және т.б.). Сөйлеу іс-әрекетінің бұл түрлері ауызша (Вербальды қатынас) процессінде адамдардың өзара әрекеттесуінің негізгі түрлері ретінде көрінеді.

И.А. Зимняя пікірі бойынша, аударманың анықтамасы сөйлеу іс-әрекетінің түрі ретінде анық емес. Қалай болғанда да, оны сөйлеу «әрекетінің негізгі түрлерінежатқызуға болмайды, өйткені ол ойдың (сөйлеу әрекетінің пәні ретінде) қалыптасу және тұжырымдалу процесстері мен де, оның анализы, (бойынша жүретін әрекетімен) қайта өнделеуі бойынша жүретін әрекетімен де тура байланысты емес. Ол, негізінен, әртүрлі тілдерде сөйлейтін және жазатын (яғни, сөйлесіп қатынасуға әртүрлі (белгілік) тілдік белгілік жүйені қолданатын) адамдардың ортақ сөйлеу әрекетіне мүмкіндік туғызады.

Ерекше айтып кететін жайт-адамның саналы әрекетінің түрі, ол ойлану. И.А. Зимняяның ойынша, адамның өзімен-өзі әрекеті, қатынасының өзіндік түрі ретінде қарастыратың болсақ, ойлануды сөйлеу әрекетінің түрі ретінде анықтаған жөн. Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша ойлануды бірынғай сөйлеу әрекетінің түріне жатқызу онша дұрыс емес ойлану (думание) процессінің ең жеңіл, бірақ асығыстықпен ойланбаған анализі көрсеткендей, ол теңдей дәрежеде сөйлеу әрекетінің өзін де (әсірісе, сөйлеу айтылымдарын қабылдау және тудыру процесстерінде), сондай-ақ, адамның (аналитикалық – синтетикалық) талдап жинақтау әрекетіне, ойлау (мышление) процесстеріне де қатысы бар. Қазіргі заман психологиясында ойлану процессінің түсіндіруі (интерпретация) оның жүзеге асуының (?) Вербальды емес, яғни, ауызша емес түрлерін қарастырады. (көпшілік әрекеттік, кейбір жағынан көрнекілік – бейнелік ойлаудың негізінде) ойлану процессінің іске асуының Вербальды емес жолдары (сөйлеу ойлауының жолдарымен салыстырғанда) адамның талдау-жинақтау әрекетінде онша үлкен орын алмаса да ( 10 % -ға шамалас, көптеген психологтардың ойынша). Оларды елемеуге болмайды. Осындан келіп шығып, ойлану процессін адамның сөйлеу әрекетінің емес, сөйлеу ойлау әрекетінің бір түрі ретінде көбірек қарастыру керек. Сөйлеу әрекетінің іске асу шарттары мен түрлеріне үйлестіре қарап, ойлану әрекеті, бірдей болмаса да адамның ішкі сөйлеуіне тура қатысы бар. И.А. Зимняяның концепциясы бойынша, ойлану процессі адамның басқалармен өзара әрекеттесуінің негізгі түрлерінен (хабарлау, тындау, оқу, жазу) бұрын келеді, ол өзіндік бір (шимай) ойынша «шимай дәптердің» рөлін ойнап, «ішкі жоспарда» сөйлеу әрекетін дайындайды, хабарлау және жазу сияқты сөйлеу әрекеттерінің дұрыс орындалуын тексереді.

Сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің көптеген ортақ белгілері бар. Сонымен бірге бір-бірінен бірнеше өлшемдер арқылы айырмашылықтары да бар. И.А. Зимняяның ойынша, бұл өлшемдердің арасындағы негізгілері:

а) вербальды (сөйлеу) қатынастың сипаты;

б) вербальды қатынас кезіндегі сөйлеу әрекетінің рөлі;

в) сөйлеу әрекетінің хабар қабылдау немесе беруіне бағыттылық;

г) ойдың қалыптасуымен тұжырымдалуы тәсілімен байланыс;

д) сыртқы айқындылық (выраженность) сипаты;

е) сөйлеу әрекетінің процессінде іске қосылған кері байланыс сипаты. Осы параметрлерден (өлшем) келіп шығып сөйлеу әрекетінің түрлерінің ерекшеліктерін қарастырайық.


  • Өзінің сөйлеу қатынасының сипаты бойынша, сөйлеу әрекеті (СӘ) ауызша қатынас және жазбаша қатынас – (болып екіге) тарды іске асыратын түрлірге бөлінеді. Біріншісіне, хабарлау (говорени) жеке таңдау жатады. СӘ-нің дәл осы түрлері бірінші болып адамның басқалармен қатынасын іске асыру тәсілдері бетінде онтогенезде қалыптасады. СӘ-нің бұл түрлеріне адамды нәсілдік бейімділік (немесе «дайындық») бар, оның негізінде мыналар жатады.

Біріншіден, бұл психикалық интелектуалдық әрекетті іске асыру үшін (оның жемісі – СӘ) адамда спецификалық ерекше аппараттық болуы, яғни - бас миының қабығының үлкен жарты-шарлары. Бас миының жоғары (қабықты) бөлімдері адамға сөйлеу әрекетін меңгеруге мүмкіндік береді, ол туылу сәтіне қарай айтарлықтай дәрежеде (шамамен, үштен екі) қалыптасқан болып шығады. Олардың екпінді қалыптасуы бола өмірінің бірінші жолында сөйлеу әрекетінің қалыптасуының «сөйлеуге дейінгі периодында» болады, ал экспрессивті сыртқы сөйлеуді меңгерудің басына қарай, бас миының қабығы айтарлықтай дәрежеде морфофункционалды қатынасқа біріккен болып шығады. Екіншіден «нәсілдік дайындық» көп жағдайда, адам организмінің жеке онтологиялық бөліктерінің ерекше құрылысымен анықталады, бұл құрылыс «дыбысталатын бөлшектелген сөйлеуді меңгеруге жауап береді». Және перифериялық мөйлеу аппараты деген атқа ие болады. Баланың туылуындағы сәтте бұл анатомиялы – физиологиялық сөйлеу аппараты айтарлықтай дәрежеде қалыптасқын болып шығады және «сөйлеуге дейіңгі» кезеңде (өмірдің 1-ші жылы) оның «психофизиологиялық жөнге келуі (настройка) іске асады.

Жатыр ішілік даму кезеңінде немесе туу кезеңінде (емхана мәліметтері мен логопедияның бірдей көрсетуі бойынша) СӘ-нің көрсетілген құрылымдық аппараттары қалыптасуының бұзылуы, «қирауы, әрқашан сөйлеудің (СӘ) қалыптасуында бұзылыстарға» әкеліп соғады. Сондықтан, «психологиялық – педагогикалық» тестілеу мен бір қатарда, перифериялық тексері-міндетті түрде жинақты арнаты-педагогикалық (логопедтік) тексеру бағдарламасына кіреді.



СӘ-нің екінші – «қондырмалы» (надстроечные) түрлеріне – оқу мен жазу кіреді. СӘ-нің бұл түрлері алғашқы екеуінің – тындау мен хабарлау (жазу жүйе жағдайда, ауызекі сөйлеудің «жазбаша түрде» бейнесі ретінде анықталады). Негізінде қалыптасады шығуы жағынан екінші болып, жазу мен оқу СӘ-нің қүрделірек түрлері болып табылады. Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, баланың оларды меңгеруі үшін арнайы мақсатталған (оқыту белгілі бір бағдарлама бойынша жүйелі оқыту) қажет.

  • Қатынас процессінде орындалатын рөлдің сипаты бойынша СӘ-нің түрлері реактивті және инициалды болып бөлінеді. Хабарлау мен жазу сөйлеу қатынасының инициалды процесстері болып табылады, олар, өз кезегінде таңдаумен оқуды ынталандырады. И.А. Зимняяның назар аударғаны – психологиялық жағынан, таңдаумен оқу, СӘ-нің инициалды түрлері сияқты белсенді.

Кәдімгі жолмен, олар «ішкі психикалық белсенділік» ретінде көрінеді. Бұл жағдай, «методикалық жағынан» өте маңызды мағынаға ие және дамуында қиыншылықтары бар балалармен жұмыс істегенде дұрыстаушы педагогтар ескеріп отыру керек. Педагог – алдында тұрған мәселелердің бірі – оқумен айналысу процессінде оқушыларды тындау мен оқу әрекеттерінің жан-жақты психологиялық педагогикалық белсендендіру және осы СӘ түрлерінің ағымың үнемі бақылау.

  • Адам іске асыратын СӘ-нің сөйлеу хабарламасын қабылдау немесе жіберуге бағытталығы бойынша, СӘ рецептивті (яғни қабылдау, «рецепция» процессіне негізделген) және продуктивті болып анықталады СӘ-нің продуктивті түрлері арқылы (хабарлау, жазу) адам сөйлеу хабарламасын пайда болуын және жіберілуін іске асырады. СӘ-нің рецептивті тілдері арқылы (тындау, оқу) сөйлеу хабарламасының қабылдануы және әрі қарай қайта өнделуі іске асады. СӘ-нің бұл екі жұп түрі бір-бірімен өзінің психофизиологиялық ұйымдастыру тәсілдерімен ажыралады. СӘ-нің рецептивті түрлері іске қосылғанда, ең алдымен, тындау және көру анализторлары, ол продуктивті түрлерінде - негізінен тілдік әрекеттік және тілдік – тындау анализаторлары әрекетке келеді. Соған сәйкес, СӘ-нің рецептивті түрлері көптеген жағдайда есту және көру қабылдауының жағдайы мен ерекшеліктері ретінде анықталса, продуктивті түрлері қимылдау өрісі дамуының жағдайы және деңгейі ретінде анықталады.

  • СӘ-нің әр қилы түрлері ойдың қалыптасуымен тұжырымдауылының түрлері тәсілдерін, сөйлеу қатынасын ұйымдастырудың сан түрлі формаларын, соған сәйкес сөйлеу формаларын шамалап көрсетеді. И.А. Зимняяның анықтамасы бойынша, мұндай формалардың үшеуі болады: ішкі ауызша, ішкі жазбаша, сыртқы сөйлеу. Қатынас құралы және формасы болып, сөйлеу бұл функцияны сөйлеудің әрқилы түрлері және формалары көмегімен іске асырады. Сөйлеудің үш негізгі түрі бар: (1) ауызша (ішкі) сөйлеу экспрессивті (сөйлесу) сөйлеу және инпрессивті сөйлеу (яғни) сөйлеуді қабылдау және түсіну, (2) жазбаша сөйлеу, ол ішіне жазумен оқуды қамтиды, (3) алғашқы екі түрді – ауызша және жазбаша қамтамасыз ететін және ортақтастыратын ішкі сөйлем.

Ойлануды – ішкі сөйлеу арқылы ойдың қалыптасу процесстерінде, ал, хабарлау (говорение) және жазуды қатынастын ауызша және жазбаша түрінде ойдың қалыптасуы мен тұжырымдалуының сыртқы тәсілдері ретінде қарастыруға болады. Ауызша экспрессивті сөйлеудің бірнеше формасы бар. Олардың біреулері еріксіз және автоматтандырылған, ол басқа біреулері еріктірек және саналырақ. Біріншісіне: а) автоматтырылған сөйлеу (сөйлеу тәжірибесінде біріктелген фразеологизмдер, тұрақты «сентенциональды емес» айтылымдар – «ах», «қойшы!» «ойбай», «ала!» т.б.). б) «кезектегі сөйлеу», мұнда бірінші сөз кезектегі жалғасқан келесі сөзді рефлекторлы – түрде шақырады (санау, апта күндерінін аты, ай аты, т.б.) жатады.

Ауызша экспрессивті сөйлеудің негізгі формалары: монологтық, диалогтық және топтық сөйлеу (полеолог) бұларды «ойланбай (спонтанды) сөйлеу» деген жалпы түсінікпен анықтауға болады. Көрсетілген сөйлеу түрлері мен формалары жанды ауызекі сөйлеуді «бейнелейді». Бірақ ауызша сөйлеудің тағы да басқа формалары бар, олар қажетті жағдайлары болса да, ауызекі сөйлеуге тура қатыспайды. Бұл қайталанушы және коллективті деп аталатын сөйлеу. (Арыстанова)


Деятельность – қызмет

Действие - әрекет

Сөйлеу әрекеттері бір-бірінен және осы процесстерді қатағалайтын «кері қатынас» бабынша ерекшелінеді. Сонымен, сөйлеу әрекетінің (сөйлеу және жазу) екі өнімді түрінде жеке – бұлшықет кері қатынасы «орындау мүшесінен» (жазу жазатын қолдың артикуляциялық апаратынан) осы іс-әрекеті орындайтын бас миындағы «ұйымдастырушы» бағдарламасы жүзінде іске асырылады. Бұл кері қатынас («кері афферентация»механизмі арқылы) ішкі бақылау және түзету қатынасын атқарады. Балалардың дазуды алғашқы меңгере бастаған кезеңінде екі бұлшықет формасы (жазатын сөзді ішінен немесе дауыстап айту) қатысады. Сөйлеу әрекетінің өнімді түрлері ішкі кері қатынасымен қатар сыртқы кері қатынасымен (есту арқылы қабылдау) арқылы реттеледі. Сөйлеу әрекетінің екі рецептифті түрінде- таңдау және оқу кері қатынас негізінен мәнді бақылаудың ішкі жолдары және әлі де механизімі жеткіліксіз зерттелген және түсініксіз болып табылатын мәнді талдау арқылы іске асырылады. Егер оқу процесінде кері қатынас әсері көздің регрессивті қимылдары және назарды бекіту кідірісінің көмегімен анықталса, онда тыңдаған кезде бұл әсер ішкі кері жүике-бұлшықет қатынасы арқылы мүлдем бақыланбайды. Бұл сөйлеу әрекетінің берілген түрлері меңгеру және ұйымдастыру үшін үлкен қиындық туғызады. Арнайы тәжірибелік зерттеулер бойынша (Л.А. Чистовчик, А.Н. Соклов, В.И. Бельтюков т.б.) сөйлеу процесінің кері қатынас механизмі, ең алдымен тыңдау процестерінде, кейін сөйлеу әрекетінің рецептивті түрлерінде қолданылады. Зерттеулер көрсетткендей, тыңдау процесінде (сөйлеуді қабылдау және талдау) адам баласында ішкі «сөйлеу қимылының белсенділігі» байқалынады.

Сөйлеуді қабылдау процесі кезінде бұл екі форма бойынша беріледі: перифириялық (негізінен, артикуляциялық) сөйлеу аппаратының мүшелерінде бұлшықет тонусының көтерілуі және осы мүшелердің спецификалық микро қозғалыстары (ең алдымен, тілдің қозғалысы), өзінің «кинематикалық үлгісі» бойынша бұл микро қозғалыстар тыңдаушы қабылдайтын сөйлеушінің артикуляциялық мүшелерінің қозғалыстарына толығымен дерлік сәйкес келеді, яғни, тыңдаушы сөйлеушінің айтқанын қайталап айтады (ішкі сөйлеу қимылында). Бұндай кейін сөйлеуді қайта айту дәл және толық қабылдауды қамтамасыз етеді. Балалардың сөйлеуін қалыптастыратын (немесе ересектерде сөйлеуді қайта қалыптастыратын) мамандар сөйлеу әрекетінің түрі ретінде тыңдау процесінде бұл ерекшелікті ескеруге қажет. Осыған орай екі негізгі аспекті белгілеуге болады. Біріншіден, оқу процесі кезінде мәтіннің дауыстап және сыбырлап айту әдісінің, қарапайым айтылған сөйлеуді жақсы қабылдау мақсатымен қайталаудың әдістемелік дәйектемесі (сыбырлап айту және ішінен айту); кинестетикалық бақылауды қосу арқылы кері қатынасты «арттыру» және әдейі белсендету әдісінің дәйектемесі. Екіншіден ана тілінің фонетикалық ережелеріне сәйкестігі бойынша ғана емес, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің іске қатынастың әнбебап психофизиологиялық механизмінің қалыптасуының сапалы деңгейінің дұрыс айту «феноменанның» интерпретациясы. Сапалы қабылдауды бақылаудыңмеханизімін қалыптастырудағы дұрыс айту рөлін де ескере отырып, логопед сөйлеу кемістігі бар баланың ата – анасына орфоэпиялық ережелер мен бұндай айту дағдыларын меңгеру қажеттілігін түсіндіру қажет. Басқаша айтқанда, өзінің түзету жұмысында логопод келесі әдістемелік жағдайға да аса зор мән бере бермеу қажет: Бала өзі жақсы сөйлесе,онда ол басқа адамдардың оған қаратылып айтылған сөйлесу де жақсы қабылдайды.

Сөйлеу әрекетінің түрлері «сырттай білдіру» бойынша да ерекшеленеді. Сөйлеу мен жазу басқалар үшін ой міндеттерін қалыптастыру және айтудың (сонымен қатар ақпаратты жекізу) сыртқы процесстері ретінде беріледі. Тыңдау мен оқу (ішінен оқу) тіл құралдарының көмегімен сыртқы психикалвқ белсенділіктің сыртқы білдірілмейтін процестер болып табылады. Жағарыда айтылғандай түзету ұстаздары дамуында ауытқұлары бар балалармен жұмыс істегенде көрсетілген жағдайды ескеру қажет. Ұстаз жағына оның шәкірттерін,ің тыңдау және оқу әрекеттерінің дамуын қадайғалайтын тұрақты (үздіксіз) бақылау балалардың зейіні мен қабыдауын белсендіретін нұсқаулар, «анықтаушы» сұрақтар, оқулық пен ойын тапсырмалардыі көмегімен жүзеге асырылыуы мүмкін. Сөйлеу әрекетінің негізгі тгрлерінің сапалы ерекшеліктерінің талдауы бұл іс-әрекет барлық жағдайларда 2 субъект арқылы іске асырылатынын көрсетеді: бір асағынан, сөйлеуші мен жазушы арқылы (сөйлеу әрекетінің инициалды, өнімді түрлерін атқаратын индивид), ал екінші асағынан-тыңдаушы мен оқитын адам арқылы (сөйлеушінің немесе жазушының сөйлеуін, айтқан сөздерін қаблдацтын және талдайтын адам).

Сонымен бірге сөйлеу әрекетінің бірнеше ортақ сипаттамалары бар. Н.А. Зимнейдің тұжырымдамасына сәкес, оған кіреді: 1) фазалық немесе деңгейлік құрылым және операциялық структурасын енгізетін структуралық ұйымдастыру; 2) пәндік (психологиялық) мазмұны; 3) ішкі және сыртқы жақтың бірлігі; 4) оның орындалуының мазмұны мен формасының бірлігі; 5) сөйлеу әрекетінің алғашқы психологиялық механизмтеру ретінде берілетін қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял психологиялық процестердің қызметі арқылы адамның сөйлеу әрекетінің дәйектемесі.

Сөйлеу әрекетінің басты сипаттамасы ретінде ішкі және сртқы мазмұнның бірліг анықтайды. Сыртқы атқарушы орындаушы жағынан және сырттай да, іштей де бақыланбайды.

Әрекеттің ұйымдастырылуын, жоспарлауын, бағдарлама құрылуын атқаратын сөйлеу әрекетінің ішкі жағы ретінде ол атқарылатын психикалық қызметтері ақылы беріледі. Бұл қажеттілік пен эмоция, ойлау мен ес, қабылдау мен зейін. Олардың туынды бірлігі жалпы әрекет пен сөйлеу әрекеті қарастырылады. (А.А. Леонтьев, 1974; И.А.Зимняя, 1978 т.б.). Сонымен, «мәнді шешім» сөйлеу әрекетінің рецептивті түрлерінің ішкі асағы немесе негізгі психологиялық механизмі болып табылады; сөйлеу әрекетінің өнімді түрлерінің ішкі жағы – мағына білдіріп айту процесі, ойдың қалыптасуы.

Мағыналы мазмұн мен оны білдіру формасының бірлігі де сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің жалпы сипаттамасы болып табылады. Өз ойын білдіру сипаттамасы (сөйлеу әрекетінің өнімді түрлерінде) және қабылдайтын ақпаратта түсіну (оның рецептивті түрлерінде) осы процестердің мазмұнды жағын анықтайды. Жасалынаты және қабылданалатын сөздің дәл мағыналық ұйымдастырылуы сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің мазмұны болып табылады. Перцептивті (есту арқылы, көру арқылы қабылдау), ойлау (анализ бен синтез) және сенсомоторлы процестері оны орындау (білдіру) формасы реінде қызмет етеді.

§5. Пәндік (психологиялық) мазмұн.

Әрекет, соның ішінде сөйлеу әрекеті, структуралық мазмұнмен қатар пәндік немесе психологиялық мазмұнмен сипатталады. «Пән», «құрал», «аспал», «өнім», «нәтиже» эмемнттерімен анықталатын әрекеттің жағдайлары пәндік мазмұнға кіреді.

Іс-әрекет пән оның пәндік мазмұнының негізгі бөлшегі ретінде қарастырылды, өйткені ол іс-әрекет сипаттамасының өзін анықтайды. (Дәлірек, оның мақсаты, түрі, орындау формасы және т.б.). Іс-әрекет мотиві оның пәнінде, қажеттілік табуында іске асырылады. А.А. Леонтьев айтқандай, «ағзаның кез келген іс-әрекеті пәнге бағытталған, пәнсіздік іс-әрекет мүмкін емес» Іс-әрекеттің пәні я заттық, я материалды, я идеалды болу мүмкі. Сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін талдаганда, оның пәндік идеалдылығын атап көрсету қажет. И.А: Зимнейдің тұжырымдасына сәйкес, сөйлеу әрекетінің пәне бізіді қоршаған әлемнің құбылыстары мен заттардың қатынасы мен байланысының бейнесінің формасы ретіндей ой болып табылады. Сөйлеу және жазу сияқты сөйлеу әрекетінің түрлерінің мақсаты ойды қалыптсатыру мен білдіруде жатыр . тыңдау мен оқудың мақсаты, өз кезгінде , бөтен ойды дәл қайтадан жасау арқылы жүзеге асырылады. Адам баласының ойлап сөйлеу әректінде ойлау процесінің мақсаты ойды жасаудан (қоршаған шындықтың ойлау бейнесімен) немесе берілген ойды талдаудан (тыңдау және оқу процестерінде) құрылады, сөйлеу пәні туралы жаңа, өзіндік ойларын, қорытындыларды қалыптастыру нәтижесі болып табылады.

Берілген іс-әрекет пәнінің анықтамасынан (сөйлеу әрекетін қалыптастыру үшін балалық байында өз ойын адекватті, толық, дәл, анық түрде білдіретін дағдыларды қалыптастыру қажет) «практикалық шешім» сөйлеу қызметінің (соның ішінде логопедтік) қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыратын әдістемелік ереже болып табылмайды. Онда көрсетілген педагогикалық жұмыстың мақсаты жалпылай талқыланған.


Сөйлеу қызметінің теория негіздері


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет