Курсы және оқу семестрі: II- курс, IV- семестр Құрастырған: оқытушылар



жүктеу 0.67 Mb.
бет1/5
Дата21.04.2019
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3   4   5




ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена – 2 кафедрасы



044 -53/18( )

44 беттенбет



«Жалпы гигиена» пәні бойынша дәрістер кешені



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«Гигиена-2» кафедрасы
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ


Пәні –«Жалпы гигиена»

Пән коды – OG 2227

Мамандық – 5В110200- Қоғамдық денсаулық сақтау

Оқу сағатының көлемі (кредит) - 135 сағат/5 кредит

Курсы және оқу семестрі: II- курс, IV- семестр

Құрастырған: оқытушылар

Толеуова А.Е., Бекжан Е.У.

2014 жыл
Дәрістер кешені «Гигиена – 2» кафедрасы мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № «_____» ____________ 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. ________________ Ескерова С.Ө.

1.



1.Тақырыбы: Гигиена негізгі профилактикалық пән ретінде қарастыру. Мақсаты, міндеті және методологиялық негіздері. Жалпы гигиенаның пропедевтикалық маңызы. Гигиенаның даму тарихы.

2.Мақсаты: студенттерді гигиенаның мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістерімен таныстыру.

3.Дәріс тезистері: Гигиена термині ежелгі гректің hygienos-денсаулықты алып келетін деген сөзінен шыққан. Ежелгі грек мифологиясы бойынша емшілік құдайы Асклепийдің (Эскулап) қызы Гигейя аурудың алдын алу шараларын жүргізуге көмектескен. Ежелгі гректер оны денсаулық падишасы деп есептеп, медицинада аурудың алдын алуға бағытталған ғылым-гигиенада дамыған.

Медицина ғылымының басты мақсаты-адамдар денінің саулығы, ал оны қалыптастыру екі жолмен іске асырылады.



  1. Профилактикалық (аурудың алдын алу)

  2. Қайта қалпына келтіру (ауруды емдеу)

Гигиенаның негізгі міндеттері:

  1. Табиғи және антропогендік факторларды зерттеу.

  2. Табиғи және антропогендік факторлардың адам ағзасына әсер ету

заңдылықтарын зерттеу.

  1. Денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған, ғылыми тұрғыда

негізделген гигиеналық нормативтерді, ережелер мен іс-шараларды тұжырымдау.

  1. Гигиеналық нормативтерді, ережелер мен іс-шараларды денсаулық

сақтау саласына енгізіп, оның эффективтілігін бағалау.

  1. Санитарлық жағдайларды алдын-ала болжау.

Гигиенаның зерттеу нысандары. Гигиенаның зерттеу нысандарына қоршаған орта мен адам денсаулығы жатады. Қоршаған орта дегеніміз табиғат қана емес, адамның бүкіл өмір сүру ортасы, яғни еңбек пен демалыс, өндіріс күштері мен қатынастары және осы процеске байланысты әртүрлі факторлар жатады.

Гигиенаның зерттеу әдістері. Гигиена ғылымы химия, физика, биология, физиология, клиникалық медицина, медициналық статистика және басқа да ғылымдармен тығыз байланысты.

Химиялық әдіс арқылы температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы, шу, діріл деңгейі анықталады.

Бактериологиялық әдіс ауаның, судың, топырақтың, азық түліктің т.б. нысандарда ауру қоздырғыш микроағзаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Жануарларға жүргізілетін экспериментті-токсикологиялық әдіс арқылы ауадағы, судағы және азық түліктегі т.б. нысандардағы улы заттардың ШРЕК белгіленеді.

Клиникалық әдіс арқылы қоршаған орта факторларының адам ағзасында қандай өзгерістер тудыратындығы анықталады.

Статистикалық әдіс қоршаған орта жағдайының тұрғындардың денсаулығына, аурушаңдығы мен мүгедектігіне, физикалық дамуына, туу және өлім көрсеткіштеріне, табиғи өсім деңгейіне т.б. әсерін анықтауға мүмкіндік береді.



Гигиенаның бөлімдері. 1. Коммуналдық гигиена –табиғи және әлеуметтік факторлардың ағзаға әсерін зерттейді.

2. Тағам гигиенасы –тағамдық заттардың ағзаға әсерін, еңбек ету және тұрмыс жағдайына қарай ағзаның тағамдық заттарға қажеттілігін анықтап, алиментарлық аурулардың алдын алу шараларын белгілейді.

3. Еңбек гигиенасы –еңбек процесі мен өндіріс ортасы факторларының ағзаға әсерін зерттеп, еңбек жағдайын жақсартуға, кәсіби аурулардың алдын алуға бағытталған гигиеналық нормативтер мен іс-шараларды тұжырымдайды.

4. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы-қоршаған ортаның өскелең жас ұрпақтың ағзасына әсерін, баланың физикалық дамуы мен ойлау жүйесін толық қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаға қойылатын гигиеналық талаптар мен нормативтерді белгілейді.

5. Радиациялық гигиена-иондық сәулелердің адам ағзасына, қоршаған ортаға әсерін зерттеп, радиоактивті заттар мен иондық сәуле көздерімен жұмыс істейтін адамдардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық-гигиеналық шаралар мен нормативтерді тұжырымдайды.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар.

5. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2007., 144 б.

2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, 1997. – 29 б.

3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004. – 277 б.

4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. – 656 б.

5. Торгаутов, Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. –Шымкент: «Нұрдана –LTD», 2011. -432 бет.

6. Бектұрғанов Р.С. Жалпы гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. - Шымкент, 2010.

Қосымша:

1. Габелев А. Неке гигиенасы: монография. –Алматы, 1992.

2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : Учебник-М.: Медицина, 2001-384с.

3. Беляков В.Д. Жук Е.Г: Военная гигиена и эпидемиология -М. Медицина, 1988.

4.Трушкина Л.Ю Гигиена и экология человека: учебное пособие.4- е изд М: Проспект,2006

5.Крымская И.Г.Гигиена и основы экологии человека : учебное пособие Ростов на Дону

6.Шарманов Т.Ш.Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути решение : Астана, 2008

7.Барановский А.Ю.Болезни нарушение питания. Лечение и профилактика: Наука и техника , 2007




Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред.акад.РАМН Г.И.Румянцева. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000-608с.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человекав., 4-е исп. и доп.- Ростов- на Дону «Феникс», 2008-415с.

3. Гончарук Е.И. и др. Общая гигина: пропедевтика гигиены. – 2-е изд., перераб. И доп.- К.: Вища шк., 1999-652с.



Қосымша:

1.Голубев В.В.и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста.- М.: Издательский центр «Академия».2000.-200с.

2.Коммунальная гигиена/ Под.ред. К.И.Акулова, К.А.Буштуевой.-М.: Медицина,2001-607с.

3.Королев А.А. Гигиена питания.- М-.: Издательский Центр «Академия».2006-528с.

4.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.-М.: Медицина.2001.-384с.

5.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена- Алматы: НИЦ «Гылым», 2003.-464с.

6.Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология.- М.: Медицина, 1988.

7.Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов-М.:Издательский Центр «Академия»,2005.-288с.



Электронды ресурстар:

1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.

2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009

3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009

4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009

5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006

6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010

7 . Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008



6. Қорытынды сұрақтар:

  1. Гигиена пәні нені оқытады?

  2. Гигиенаның мақсаты және міндеттерін атаңыз.

  3. Гигиенаның негізгі зерттеу әдістерін атаңыз.

  4. Гигиенаның қандай бөлімдері бар?

  5. Ескертпелі және ағымдағы санитарлық бақылау дегеніміз не?

2



1.Тақырыбы: Ауаның гигиеналық маңызы. Ағзаға ауадағы физикалық және химиялық факторлардың әсер етуімен байланысты аурулардың профилактикасы. Климат пен ауа райы. Акклиматизацияның қазіргі замандағы мәселелері.

2.Мақсаты: студенттерді ауа ортасының гигиеналық мәселелері және атмосфералық ауа ластануымен байланысты туындайтын аурулардың алдын алу шараларымен таныстыру.

3.Дәріс тезистері:

Атмосфералық ауаның гигиеналық сипаттамасы және денсаулыққа әсері.

Атмосфералық ауа жер бетіндегі тіршілікті, ағзаның қалыпты өмір сүруі және оның еңбекке жарамдылығын қамтамасыз етіп тұратын жер шарын қоршаған газ тәрізді қабат.



Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттері.

Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттері адамның денсаулығына және атмосфералық ауаның өзін-өзі тазартуына өте үлкен әсерін тигізеді. Ауаның физикалық қасиеттеріне барометрлік қысым, температура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы және оның электрлік жағдайы жатады.



Атмосфералық қысым. Жердің тарту күші ауаны жерге тартады, сөйтіп қысым пайда болады. Температурасы 00 жағдайындағы теңіз деңгейінің ауа қысымы қалыпты деп есептелінеді, ол сынап бағанасымен 760мм-ге тең (1атмосфера) немесе 101,3 КПА. Сыртқы қысым ішкі қысыммен тең, сондықтан адам ағзасы атмосфера ауырлығын сезінбейді.

Төменгі атмосфералық қысым. Жер бетінен жоғарылаған сайын, ауаның қысымы төмендей береді, әрбір 10,5м-ге биіктеген сайын қысым сынап бағанасы бойынша 1мм-ге төмендейді. Атмосфералық қысымның төмендеуі оттегінің парциалды қысымының төмендеуіне әкеп соғады.

Жоғарғы атмосфералық қысым теңіз деңгейінен төмен әр түрлі тереңдікте байқалады. Оған метро жұмысшылары, су астында жұмыс істейтіндер, сүңгуірлер ұшырайды. Әрбір 10м тереңдікте ауаның қысымы 1атмосфераға артады. Жоғарғы атмосфералық қысым жағдайында жұмыс істеу үшін арнайы скафандрлер, камера-кессондар болуы қажет. Кессондарда жұмыс істеу 3 кезеңге бөлінеді:

1.Компрессия

2. Жоғарғы атмосфералық қысымда жүру

3. Декомпрессия



Температура. Ауаның температурасы географиялық жазықта орналасуына байланысты әр түрлі болып келеді.

Ылғалдылық –ауаның су буларымен қанығуының көрсеткіші. Ылғалдылықтың 3 түрі бар.

1.Абсолютті ылғалдылық

2.Максимальды ылғалдылық

3.Салыстырмалы ылғалдылық



Атмосфералық ауаның химиялық құрамы.

Газ

Химиялық

құрамы %

Газ

Химиялық құрамы %

Азот

78,09

Метан

0,00022

Оттегі

20,95

Криптон

0,0001

Аргон

0,93

Азот тотығы

0,0001

Көмір қышқыл газы

0,03

Сутегі

0,00005

Неон

0,0018

Ксенон

0,000008

Гелий

0,00052

Озон

0,000001

Ауаны ластаушы көздер.

Атмосфералық ауаның ластануы туралы өзекті мәселе XX ғасырдың II-жартысында өндіріс орындарының, техника, транспорт дамуымен байланысты өзінің шыңына жетті.

Қазіргі кезде атмосфераға жылына жүздеген, миллиондаған тонна өндіріс қалдықтары шығарылуда.

Ауаның бактериалды ластануы.

Ауаны ластаушы негізгі көз-топырақ. 1г топырақта миллиардтаған микроағзалар бар. Олардың ауадағы мөлшері тәулік, жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Суық кезеңде ауа тазалау, ал ыстық кездерде олардың мөлшері күрт артады.

Халық көп жинаған жерде олардың саны да көп. Мысалы, қалада 1м3 ауадағы микроағзалар саны 30-40 мың болса, қала сыртында 1м3-те 100мың.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар.

5. Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2007., 144 б.

2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, 1997. – 29 б.

3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004. – 277 б.

4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. – 656 б.

5. Торгаутов, Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. –Шымкент: «Нұрдана –LTD», 2011. -432 бет.

6. Бектұрғанов Р.С. Жалпы гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. - Шымкент, 2010.

Қосымша:

1. Габелев А. Неке гигиенасы: монография. –Алматы, 1992.

2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : Учебник-М.: Медицина, 2001-384с.

3. Беляков В.Д. Жук Е.Г: Военная гигиена и эпидемиология -М. Медицина, 1988.

4.Трушкина Л.Ю Гигиена и экология человека: учебное пособие.4- е изд М: Проспект,2006

5.Крымская И.Г.Гигиена и основы экологии человека : учебное пособие Ростов на Дону

6.Шарманов Т.Ш.Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути решение : Астана, 2008

7.Барановский А.Ю.Болезни нарушение питания. Лечение и профилактика: Наука и техника , 2007



Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред.акад.РАМН Г.И.Румянцева. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000-608с.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человекав., 4-е исп. и доп.- Ростов- на Дону «Феникс», 2008-415с.

3. Гончарук Е.И. и др. Общая гигина: пропедевтика гигиены. – 2-е изд., перераб. И доп.- К.: Вища шк., 1999-652с.



Қосымша:

1.Голубев В.В.и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста.- М.: Издательский центр «Академия».2000.-200с.

2.Коммунальная гигиена/ Под.ред. К.И.Акулова, К.А.Буштуевой.-М.: Медицина,2001-607с.

3.Королев А.А. Гигиена питания.- М-.: Издательский Центр «Академия».2006-528с.

4.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.-М.: Медицина.2001.-384с.

5.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена- Алматы: НИЦ «Гылым», 2003.-464с.

6.Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология.- М.: Медицина, 1988.

7.Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов-М.:Издательский Центр «Академия»,2005.-288с.



Электронды ресурстар:

1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.

2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009

3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009

4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009

5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006

6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010

7 . Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008



6. Қорытынды сұрақтар:

1. Ауа ортасының гигиеналық маңызын неде?

2. Ауа ортасының физикалық факторларын атаңыз.

3. Ауаның химиялық құрамын атаңыз.

4. Атмосфералық ауаның ластануының гигиеналық маңызын неде?

5. Атмосфералық ауаны қорғау бойынша шараларды атаңыз.


3

1.Тақырыбы: Су денсаулық факторы ретінде қарастыру. Су факторымен байланысты аурулардың профилактикасы. Сумен қамтудың гигиеналық негіздері.

2.Мақсаты: студенттерді су сапасына байланысты аурулармен таныстыру және су сынамасын алу мен су сапасының талдау нәтижелеріне гигиеналық қорытынды беруді үйрету.

3.Дәріс тезистері:

Ауыз судың гигиеналық және физиологиялық маңызы.

Су планетамыздың 3/4 бөлігін алып жатыр және ол жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың негізгі бөлігі болып табылады.

Өсімдік пен жануарлар ағзасының орта есеппен 50%-ы судан тұрады. Нәресте денесінің 75%, ересек адам денесінің 60-65%, қан құрамының 83%, май тіндерінің 29%, қаңқаның 22%-ын су құрайды.

Жердегі су қоры 1,34млрд км3, бірақ оның тек 0,3%-ы (5млн км3) ғана тұщы су. Көптеген елдерде оның ішінде Республикамызда да қазірдің өзінде тұщы судың тапшылығы байқалып отыр, бұл негізінен ауыл шаруашылығы мен өндіріс орындарының қажеттілігіне байланысты. Мысалы, 1 тонна вискоза жібегін алу үшін шамамен 1100м3 су, 1 тонна шойын алу үшін 20-50 тонна, 1 тонна болат өндіру үшін 150 тонна, 1 га күріш егістігіне 20 мың м3 су қажет. Қазіргі кезде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді. Егер ерте кезде 1 адамға шаққанда тәулігіне 12-18л пайдаланса, қазір бұл көрсеткіш 400-600 литрге дейін жетіп отыр.

Қазақстанның аймағында 2 мыңнан аса өзендер бар, оның төртеуінің ғана ұзындығы 1 мың км-ден асады: Ертіс, Сырдария, Есіл, Орал.

Ашық су көздері атмосферамен тікелей байланысты, сондықтан санитарлық тұрғыдан сапасы төмен болып есептелінеді. Күн сәулесі тікелей түсетіндіктен су өсімдіктері мен жәндіктерінің өсуіне жақсы жағдай жасалған. Судың өзін-өзі тазалау қасиеті жоғарғы деңгейде, бірақ химиялық заттар мен микробтармен ластануға бейім. Судың химиялық және бактериологиялық құрамы тұрақсыз және жыл мезгілдеріне байланысты. Сондықтан оларды арнайы стансаларда тазартудан және заласыздандырудан кейін ғана пайдалануға болады.

Топырақтық сулар жер бетіне жақын орналасқандықтан жиі ластанады және оның құрамы ауа-райына байланысты. Көктемде жиналып, жазда кеуіп кетеді, сондықтан ауыз су ретінде қолданылмайды.

Грунт суы – су жиналатын табақшасы болады және су тірелетін төбесінің жоқтығымен сипатталады. Грунт суы-жауын, еріген қар суының немесе жер бетіндегі су нысандарының сүзіндісі.

Грунт суының орналасу тереңдігі бірнеше ондаған метрге жетеді. Олардың сапасы топырақтың санитарлық жағдайына байланысты. Грунт сулары неғұрлым терең жатса, соғұрлым олардың санитарлық сапасы жоғары болады.



Пластаралық сулар – су тірелетін табақшасының және жабындысының болуымен сипатталады. Егер су тірелетін табақшасы мен жабынды арасындағы кеңістік сумен жартылай ғана толса, ол қысымсыз деп, ал кеңістік суға толы болса қысымды су немесе артезиан суы деп аталады. Егер пластаралық қысымды сулар жер бетіне шығатын болса олар бұлақ деп аталады. Жер асты сулары гигиеналық тұрғыдан тұтынуға ең қолайлы деп саналады, бірақ олардың да ластануы мүмкін. Олар негізінен суды бұрғылау, тасымалдау барысында ластанады.

Сумен қамтамасыз етуді 2 түрге бөледі.

1. Жергілікті (орталықтандырылмаған)-суды тарату құбырларының жүйесінcіз, тікелей су көздерінен (құдықтан, суаттардан) алынады.

2. Орталықтандырылған-су көздерінен суды механикалық жолмен алып, құбыр тораптары арқылы тұтыну орындарына жеткізеді.

Суды тұтыну түрлері:

1. Қайтарылатын, яғни пайдаланылған су жер бетіндегі немесе жер астындағы ағыспен су торабтарына қайтарылады.

2. Қайтарылмайтын, ауыл шаруашылығының қажеттілігіне пайдаланатын, негізінен егістікті суғаруға шамамен судың 80% қайтарылмай (булану нәтижесінде) жұмсалады.

Ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптар.

Ауыз судың сапасын қалыпқа келтіру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету-гигиенаның негізгі міндеттерінің бірі. Ерте кездің өзінде су сапасының нашарлығы адам денсаулығына зиянын тигізетіндігі белгілі болған. Бірақ су сапасын қалыпқа келтіру жөніндегі алғашқы жұмыстар тек XIX ғасырдың екінші жартысында ғана басталды. Су сапасына арналған алғашқы стандарт АҚШ-та 1912 жылы, екіншісі-1937 жылы КСРО-да жасалды.

Ауыз суы органикалық қасиеті бойынша қолайлы, химиялық құрамы бойынша зиянсыз, ал эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз болуы қажет.

Судың физикалық немесе органолептикалық қасиеті.


Иісі (баллмен )

6 балдық бағана бойынша бағаланады.

0

Иісі болмайды

1

Өте әлсіз

2

Әлсіз-көңіл аударылмайды

3

Иісі байқалады – оңай байқауға болады

4

Иісі айқын – суды ішу мақсатында пайдалануды жағымсыз етеді

5

Иісі өте күшті-суды ішу мақсатында пайдалануға болмайды

Ауыз судағы химиялық заттар.
Ауыз судың бактериологиялық көрсеткіштері мынадай талаптарға сай болуы қажет.

  1. Жалпы микробтар саны 1мл құбыр суында 50-ден аспауы тиіс.

  2. Коли индекс (1л судағы ішек таяқшаларының саны) О-ге тең.

  3. Ауыз суда ішек құрттарының жұмыртқалары (яйца глист) болмауы тиіс.

Суды ластаушы көздер.

  1. Өндіріс орындары

  2. Ауыл шаруашылығы

  3. Елді мекендердің ағынды сулары

  4. Атмосфералық жауын-шашындар

  5. Су көлігі

Судың эпидемиологиялық маңызы.

Әлемнің көптеген елдерінде су факторы салдарынан пайда болатын жұқпалы ішек ауруларының жаппай өріс алуы тұтастай тежелгенімен, осы аурулар әлі де ауқымды сипат алуда.



Суды тазарту, заласыздандыру әдістері.

Суды тазарту дегеніміз-судағы қалқыма заттардан арылту. Суды тазарту үшін механикалық (тұндыру), физикалық (сүзгіден өткізу) және химиялық (коагуляциялау) әдістері қолданылады.

Суды мөлдірлендіру-ондағы майда қалқып жүретін бөлшектерден тазартудың негізгі әдістерінің бірі. Ол үшін суды арнайы тұндырмаларда тұндырады. Тұндыру ірі дисперсті бөлшектер үшін қолайлы, ал коллоидты және майда бөлшектердің тұну жылдамдығын арттыру үшін коагулянттар қосады.

Суды тұндыру үшін көлденең, тік және радиалды тұндырғыштар пайдаланады.
Суды тазартудың арнайы әдістері

Судың сапасын жақсартудың қарапайым әдістерімен қатар арнайы әдістері де қолданылады.



Суды дегазациялау.

Суды жұмсарту.

Денитрофикациялау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет