2.Арнайы жаттықтыру үрдісін жоспарлау
Арнайы дайындық кезеңіндегі циклді спорт түрлерінің микро-циклдегі жаттықтыру міндеттері:
А) техника қозғалыстарын жетілдіру;
Б) жылдамдық мүмкіндіктерін тәрбиелеу;
В) арнайы төзімділікті дамыту;
Г) қалпына келтіру жаттығулары;
Д) жарыс жағдайында қолданылатын арнайы төзімділікке тәрбиелеу;
Жоғарыда берілген жаттықтырулар әсері спортшының жалпы өмір сүру тәртібін (оқу бітіру,еңбек ету) толықтырады, күшейтеді, жұмыс қабілеттілігін арттырады.
Жаттықтыру сабағы жаттықтыру процесін ұйымдастырудың негізгі түрі болып келеді. Ол дайындық, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |