Курстық жұмыстарды орындау және қорғау бойынша


Курстық жұмыстарға жетекшілік



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата22.09.2022
өлшемі0.97 Mb.
#175664
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
metod rekom kyrsov 2014 kz
ifk, Т-3,З-2.
 
Курстық жұмыстарға жетекшілік
Курстық жұмыс ғылыми жетекшінің – сәйкес кафедраның 
оқытушысының, магистр немесе доценттің жетекшілігімен орындалады.
Курстық жұмыс жетекшісінің функциялары:

курстық жұмыс тақырыбын, жоспарын және оны орындау кестесін 
жасақтауда студентке практикалық көмек беру;

зерттеу мақсаты мен міндеттерін түсіндіру;

әдебиеттер мен нақты материалдарды іріктеуге нұсқаулар беру;

жасақталған жоспарға сай курстық жұмысты орындау ретін жүйелі 
бақылау;

студенттің бекітілген жұмыс орындау кестесін орындамағаны 
туралы кафедраға ақпарат беру;

жұмыстың мазмұны бойынша біліктілікті кеңес беру;

курстық жұмысты оны орындауға қойылатын талаптарға сай 
сапасын бағалау.



Оқу жоспарының кеңес беруге бөлінген уақыты есебінен курстық 
жұмысты орындау кезеңінде кеңес беру кестесі жасақталады. Ғылыми 
жетекші студентке бірінші беретін ақыл кеңесінде курстық жұмыстың 
тақырыбын анықтап, оны аяқтау мерзімін белгілейді. Ол айына 2 рет 
студентке ақыл – кеңес ұйымдастырып, курстық жұмысты жазуға 
көмектеседі. Жетекші жазылған курстық жұмысты мұқият тексеріп, 
жазбаша пікірін жазған соң студент оны қорғауға әзірлейді. Талапқа сай 
жазылған курстық жұмыстары оқытушылар мен студенттердің ғылыми – 
практикалық конференцияларында, әдістемелік кеңес отырыстарында 
тыңдалады.
Мазмұны бойынша курстық жұмыстар реферативтік, практикалық
конструкторлық, технологиялық және тәжірибе-эксперименттік сипатта 
болады. Курстық жұмыс баспа түрде 25 беттен кем емес болуы тиіс.
Курстық жұмысты орындау кезінде реферативтік сипатта болса, негізгі 
бөлімдердің мазмұнын ашумен қатар, теория мен практика мәселелерінің 
зерттелу деңгейін сипаттайтын жұмыстың теориялық бөлігіне көңіл аудару 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет