Курстық жұмыстарды орындау және қорғау бойынша


 кезең. Тәжірибе жұмыстарын дайындау және жүргізу



Pdf көрінісі
бет8/37
Дата22.09.2022
өлшемі0.97 Mb.
#175664
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
metod rekom kyrsov 2014 kz
ifk, Т-3,З-2.
2 кезең. Тәжірибе жұмыстарын дайындау және жүргізу 
Бұл кезеңде құрамына анықтаушы, жасампаз, қалыптастырушы, 
тексеру эксперименті енетін тәжірибе жұмыстарының кезеңдері 
анықталады. Анықтаушы эксперимент зерттеу жұмысының алғашқы 
кезеңінде өткізіледі. Міндеті зерттелетін құбылыстың практикадағы 
жағдайын білу. Мысалы оқыту процесіндегі деңгейлік тапсырмалардың 
тиімділігін анықтау үшін зерттеуші сабақ жоспарларын зерттеп
сабақтарды бақылап, оқушылармен және мұғалімдермен әңгімелеседі, 
жеке оқушылармен сұхбат жүргізеді, оқушылардың өздік жұмыстарын 
тексереді. 
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Ойын - тәрбие әдісі». Анықтаушы 
эксперимент тақырыбы: І-ІІІ сынып оқушыларының үзілісте жиі 
ойнайтын ойындары. Нәтижесі: 
 үлгерімдеріне қарай бөлінетін оқушылар
 дене бітістеріне қарай бөлінген оқушылар;
 көп балалы отбасыларының балаларының бірігуі;
 бір балалы отбасылары балаларының топтасып ойнауы;
 ойынға уақыттың, аптаның әсері; 
ойын тәртібінің сақталуы;
 ойын тәртібінің сақталмауы; оған оқушылардың қатынастары; 
 бір немесе бірнеше оқушылрдың мінез – құлқын бақылау.
Осы нәтижелерден студент мәселелерді анықтап, оны шешу үшін 
ұсынған жорамалын тексеріп, жаңа жағдайлардың оқыту мен тәрбие 
тиімділігін көтеруге ықпалын зерттеу үшін эксперименттің негізгі кезеңі 
болып табылатын қалыптастырушы немесе жасампаз эксперимент өткізеді. 
Оның төрт кезеңі бар:

эксперимент алдындағы кезең;

экспериментке дайындық жұмыстары

шаралар жүйесінің тиімділігін тексеру;

нәтижелерін шығару; 
 Бұл кезеңде тәжірибе жұмысының барысын және нәтижесін белгілеп 
отырудың, нәтижелерді талдау әдістемесін білудің, мәліметтерді сандық 
тұрғыдан өңдеудің, кесте, график құрастырудың зор маңызы бар.
Бақылау эксперименті қалыптастырушы эксперимент нәтижелерін 
нақтыландыруға, гипотезаның дұрыс немесе қате жерлерін көруге 
мүмкіндік береді. Эксперименттен кейін сабақтар, сыныптан тыс тәрбиелік 
іс–шаралар, өздік жұмыстар талданып, зерттеу барысындағы жетістіктер 
мен кемшіліктер қорытындыға жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет