Кусанова Б. Т., Бексеитов Т. К



жүктеу 408.68 Kb.
бет1/3
Дата21.04.2019
өлшемі408.68 Kb.
  1   2   3


УДК 636.22/.28.03 (07)

ББК 46.0 я 7

С-44
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесі ұсынған
Рецензент:

Мустафаев Б.А. – ауыл шаруашылығы ғылымдарның кандидаты, доцент


Құрастырушылар: Кусанова Б.Т., Бексеитов Т.К.
С-44 Ірі қара шаруашылығы, сүт және ет өндіру технологиясы. – Павлодар:

Кереку, 2008. – 29 с.

Әдістемеде курстық жұмыстың негізгі бөлімдері, ұсыныстар және жеке бөлімдердің орындалу әдістемелері, әдістемелік материалдар, курстық жұмыстардың тақырыптары және орындалуына қойылатын талаптар баяндалады.

УДК 636.22/.28.03 (07)

ББК 46.0 я 7
©Кусанова Б.Т., 2008

©С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2008
Кіріспе
Ірі қара мал өсіру ауыл шаруашылық өндірісіндегі өте маңызды салалардың бірі, өйткені бұл саланың басты мақсаты қоғам дамуына сай талабы күнбе-күн өсіп баратқан халықты, қажеттіліктері ет-заттармен толықтырылмайтын өнімдер, етпен және сүтпен қамтамасыз ету. Бұған қоса, ет және сүт өндіруде жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізаттар – тері, мүйіз және жүн алынады.

Дүние жүзінің дамыған елдерінде мал және өсімдік шаруашылықтары қарқынды және үнемді технологиялар игеру арқасында тұрақты дамуда және өсімдік, мал шаруашылықтарының өнімділігін арттыруда.

Осы айтылғанға сай, ірі қара мал шаруашылығын дамытудың басты мақсаты осы саланы қарқынды даму жолына бейімдеп, оның материалдық және техникалық негізін жетілдіріп, мол өнім өндіруге аз еңбек және материалдық шығындарды шығару жолымен жету. Бұл табиғаттың негізі мол және сапалы өнім өндіруді ғылыми-техникалық жетістіктерді жүйелі пайдалану, сүт және ет өнімін өндірудің үнемді технологияларын игеріп, оларды ғылыми жаңалықтарға, жетістіктерге сүйене отырып жетілдіру және төтенше жағдайлар кезіндеде тиімді өнім алуға мүмкіндік туғызауға бейімдеп пайдалануда.

Курстық жұмысты орындау оқу жүйесінің зоотехниктер дайындау саласының маңызды құрамы. Курстық жұмыстың мақсаты – білімін тереңдету, сүт және ет өнімін өндірудің озық технологияларын зерттеу, мал шаруашылығын ұйымдастыруда кездесетін кейбір жағдайларды дербес зерттеп, тұжырымдар істеу. Теориялық материалдарды пайдалануды үйрену, ұсыныстарды, анықтамаларды, оқулық және арнайы әдебиеттерді нақты практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалануды білу.

Курстық жұмыстың міндеттері – студенттерге малдың дене құбылысының сырт пішінінің, малдың дене бітімінің және интерьерлік ерекшеліктерінің олардың өнімділік бағытына байланыстылығы жайында, малдың тұқымдық, зоотехникалық өсуі, сүт және ет өндіру технологиялары туралы толық білім беру.

Курстық жобаның – дәріс беру, зертханалық, практикалық дербес жұмыстар жүргізу және курстық жұмыстар әзірлеу арқылы орындалады.




1. Курстық жұмыстың орындалу әдісі
Курстық жұмысты орындау барысында студент оқу мерзімінде алынған теориялық және практикалық ілім-білімін пайдалана отырып, өзінің зерделеу іскерлігін көрсете білуі қажет және шаруашылық жағдайында зоотехник мамандығын игере алатындығын көрсете білуі керек.

Курстық жұмыс студенттің алған білімін тереңдетуге әсерін тигізе отырып, оның ірі қара шаруашылығындағы сиыр етін және сүт өндіруге теориялық және практикалық мәселелерді дербес талдап қалыптастыра алатындығын көрсетуі керек.

Курстық жұмыстың тақырыбын зерттеушілік және реферативтік болуы мүмкін, ал мазмұны - өндірістік болуы тиіс.
1.1 Жұмыс тақырыбы мына кезеңдерден тұрады:

а) мақсатын анықтау және қалыптастыру;

б) курстық жұмыстың жобасын істеу;

в) зерттеу әдіс және оны жүргізу;

г) әдебиеттерді және зерттеу нәтижелерін реттеу, талдау, қорытынды шығару;

д) курстық жұмысты қалыптастыру.


2. Курстық жұмыстың жеке бөлімдерін орындау әдісі және ұсыныстар
Курстық жұмыстың баяндалу реті мына төменгі жобаға сәйкес орындалады:

Аңдатпа – курстық жұмыстың қысқаша нәтижесі.

Мазмұны - әр параграфтық бөлімнің аты, беті.

Кіріспе – курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты, жүргізген жері.
2.1 Әдебиеттілік шолу

Пайдаланған әдебиеттердің авторлары (аты, жөні,тегі) жарияланған жылдары (Б.А. Танабаев, 2001) көрсетіледі.

Бұл бөлімінде курстық жұмысты жүргізудің теориялық негіздері, мал шаруашылығы саласының басты бет алысы, зерттеу дәрежесі, мал тұқымы және мал тұқымын аудандастыру, малдың биологиялық, морфологиялық және шаруашылықтық қасиеттері, малдың бітімі және қара малдың типтері туралы мағлқматтар беріледі. Және де, малдың басқы қасиеттері, өнімдік көрсеткіштері, мал өсіру әдісі және мал тұқымын асылдандыру шаралары, төл өсіру, ірі қара шаруашылығындағы отандық және шетелдік мал өнімін өндірудегі жетістіктер, өнімділігіне байланысты тұқым стандарттары, өнімді есепке алу және өткізу, тапсыру, сақтау шаралары жайында жазылады.

Жоғарыда аталған теориялық, практикалық және технологиялық шаралар әдебиеттік шолу барысында реттеліп, іріктеліп жүйелі байланыстылықпен баяндалуы қажет және бұл сараптамада қай мәселелердің жетік зерттелгендігі, ал қайсысының кемістігі немесе келешекке сәйкестігі анық айтылуы керек. Өйткені, осыған сәйкес тұжырымдама жасалып, ол келешек зерттеу жұмыстарының жобасын айқындайды.


2.2 Ұжымның сипаттамасы

Бұл бөлім төменгі тақырыптарды баяндайды.

1) Ұжымның аты, кіретін климаттың орын тепкен жері, құрылу тарихы, облыс орталығынан, немесе өнімін тапсыратын мекемеден қашықтығы.

2) Табиғи жағдайлардың өзекті мәселелері (климат, жапырақ ерекшеліктері, өсімдіктері, жер қыртысы ылғалдылық, су қорлары).

3) Пайдаланылатын жер.

4) Мамандандыру және бөлімшелерді (салаларды) жүйелеп ұйымдастыру.


2.3 Өзіне меншікті зерттеу жұмыстары

Негізгі бөліміне жататындар: мақсаты, мақсатқа жету жолдары және зерттеу әдістері.

Есептеу (зерттеу) бөлімі – студенттің өзінің мамандығына сәйкес орындалатын дара тапсырмалары: малды бағалау, сауын сиырларды топтастыру үшін іріктеу, ірі қара малдың күйлілігін анықтау, азық мәзірін жасау, зоотехникалық тер және мал тұқымын асылдандыру жұмысын жобалау.

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау

Студенттің өзінің жүргізген (орындаған) зерттеу жұмыстарының нәтижелерін келесі салалар бойынша сипаттау – сиыр табындарын жобалау, оларды ет және сүт өнімділігі бойынша талдау, ірі қара малдың жастық және жыныстық топтарына дұрыс азық мәзірін дайындау, ірі қара малдарды өнімінің сапасына қарай бағалау, сүт және ет өндіруді жобалау, мекемеде орындалатын барлық технологиялық жүйелерді сараптап талдау.



Зерттеу жұмыстарының нәтижесін сараптауда өзінің нақтыланған деректерін осы саладағы ғылыми-практикалық жетістіктермен салыстыра отырып терең талдау жасалынады және келешекте пайдалануға берілетін экономикалық тиімді іс-шаралардың орындалу жүйесі анықталады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Төмендегідей жобамен алфавиттік қатармен орындалады: автордың тегі, аты, жөні (Бексеитов Т.К.); еңбегінің аталуы; басылып шыққан еңбектің аты; шыққан орны; шығарған баспаның аты (кітап, монография және т.б.); нөмірі (мерзімді баспалар, жинақ, том); шыққан жылы, басылған беті (мерзімді баспаларда, жинақ, том б.25-35), (кітап, монографиялар – 260 б.-480 б.).


Тақырыптарға үлгі
Үлгі 1 Сүт өндіру технологиясы
Кіріспе

Бұл бөлімде баяндалатындар: ірі қара шаруашылығындағы сүт өндіру саласының халық шаруашылығындағы орны, қазіргі кездегі жағдайы, мал шаруашылығындағы ғылыми-техникалық алға басу.Сүт өндіру саласын мамандандыру. Ірі қара шаруышылығының мамандандырылған зоналары.Ірі қара шаруашылығының жүргізу жүйесі.


1. Әдебиеттік шолу

Бұл бөлімде сүт өндіру саласының теориялық және практикалық негіздері баяндалады.


2. Шаруашылықтың көрсеткіштерін сипаттау

Бұл тарауда баяндалатындар: шаруашылықтың аты; тұрған жері; ұжымдастыру тарихы; облыс орталығынан және өнімін тапсыратын мекемеден қашықтығы. Қысқаша табиғи жағдайының сипаттамасы (климат, ылғалдылығы, топырағы, өсімдіктері, жер бедері, су қорлары). Пайдаланылатын жер, мамандандыру және бөлімдерді жүйелеп ұйымдастыру.

Көрсеткіштер кестелері
Кесте 1 – мал басының саны және табын құрылымы 2007 ж. 01.01. күніне


Жасына жеке жынысына байланысты топтау

2007

2008

мал басының саны, дана

табын құрылымы, %

мал басының саны, дана

табын құрылымы, %

Фермадағы барлық ірі қара мал

Оның ішінде:

Сиырлар


  1. жылдық және одан үлкен тайыншалар

1 және 2 аралығындағы тайыншалар

1 жылдық бұзаулар
















Кесте 2 – Мал өнімділігі


Өнім көрсеткіші

Өлшемі

жылдар

2007

2008

Жылдық орты сиырға шаққандағы сүт шығымы

Тәулік аралық тірі салмағы:

өсімтал бұзаулар

өсірін жетілдірудегі және бордақылаудағы малдар

100 бастан алынатын бұзау саны


кг
г

г

бас











2.1 Сиыр табынын сипаттау

Бұл бөлімде – мал тұқымы және оны тасымалдандыру барысы талданады, малды асылдық және өнімділік қасиеттері бойынша іріктеу. Өсімтал бұзауларды баптау. Қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру. Малды бағалау және асылдандыру шараларын есепке алу. Асылдандыру ісіне компьютер пайдалану.

Көрсеткіштер кестесі
Кесте 2.1 – Табындағы сиырларды сипаттау


Сүттендіру

кезеңі


Тірі салмағы,

кг


Малдың дене бітімін және тұғасын бағалау, балл.

Сауым, кг

Сүттегі май мөлшері,

%


Сүт беру жылдамдығы,

кг/мин


Желін индексі,%

Класс

белгілеу

Аты, бекітілген бұқаның №

(негізгісі және резервтегісі)































2.2 Жемшөп қорының жағдайы

Бұл тарауда талданатын мәселелер: жемшөп қоры мал шаруашылығының негізгі, жемшөп қорын және оны малға азық етін дайындау тәсілдерін сипаттау.Пішен. Сабан. Шөп ұнтағы. Пішендеме. Тамыржемістер.Жемдік дән. Ұн тартушы және май шығарушы мекемелердің қалдықтары. Құрама жем. Азықтық протеиннің орнына жүретін қоспа.



Көрсеткіштер кестесі
Кесте 2.2- Жемшөп қажеттілігі және қамтамасыз етілуі 2007-2008ж.



Жемшөп түрлері

2007

2008

өніммен өнім арасындағы жемшөп қажеттілігі

қамтамасыз етілуі,%

өніммен өнім арасындағы жемшөп қажеттілігі

қамтамасыз етілуі,%

1

2

3

4

5

Пішен













Сабан













Барлық ірі азық













Сүрлем













Тамыр-түйінжемістілер













Барлық шырынды мал азығы













Құрама жем













Басқа мал азықтар, а.ө
















  1. Ірі қара малдың өнімін өндіру технологиясы

    1. Жемшөп дайындау жеке үлестіру технологиясы

Бұл бөлімде қаралатын істер: жемшөп дайындау және азықты үлестірін беру, азықтандырудың биологиялық ерекшеліктері.Азықтың жемшөпті дайындау, тиеу және үлестіріп беруді механикаландыру. Малдарды азықтандыру кестесі.

Көрсеткіштер кестесі


Кесте 3.1 – Жемшөп мөлшерінің құрылымы


Жемшөп түрлер

Құрылым мөлшері (% барлық жемшөп қорынан)

2007

2008

Шырынды мал азығы:

Ірі азық:

Құрама жем:

Басқа мал азықтары:

Барлығы


100%

100%


3.2 Сүтті сақтау және оны алғашқы өңдеу технологиясы

Бұл тарауда талданатындар: сиырды сауу гигиенасы, сүтті тазалау, салқындату және сақтау. Сүтті зарарсыздандыру. Сүтті алғашқы өңдеу құралдарын күту.



3.3 Суғару және қи шығару технологиялары

Бұл бөлімде талданатындар: қи шығаруды механикаландыру, техникалық құралдардың түрлері (тұрақтылары жеке көшпелілері).Қи, көң қоймалар және қи, көңді зарарсыздандыру.

Көрсеткіштер кестесі
Кесте 3.3 – Қиды бір орыннан екінші орынға тасымалдаушылардың техникалық сипаттамасы


Көрсеткіштер

Тасымалдаушылардың маркасы
















3.4 Еңбектенуді ұйымдастыру

Бұл бөлімде талданатындар: ірі қара шаруашылығындағы сүт өндіру саласының ұжым ішіндегі еңбектенуді ұйымдастырудың ерекшеліктері, ұжымның көлемі және негізгі жұмыстарының сипаттамасы. Сүт фермасындағы күн тәртібі. Сменалық жұмыс. Сүт фермасындағы еңбек өнімділігі. Жұмысқа ақы төлеу.



3.5 Технологияларды жетілдіру

Бұл тарауда қаралатындар: сүт фермасына, комплекстерге сиыр іріктеу.Мал шаруашылығының өнімін өндірудің озат ұйымдастырушылық зооинженерлік, инженерлік және экономикалық іс шараларын талдау. Сүт фермаларындағы өндірістік процестерді комплекстік механикаландыруды жетілдіру.



    1. Ұсынылған шараларға экономикалық баға беру

Бұл бөлімде баяндалатындар:өнімнің өзіндік құны, мал шаруашылығы өнімін өндірудің шаруашылықтың есебі және қарымта қайтарымы.

Тұжырымдама және ұсыныстар

Бұнда сүт өндіру технологиясына, оны ұйымдастыруға және тиімділігін арттыруға бағытталған іс – шараларға түбегейлі талдау беріледі.



Әдебиеттер (Бексеитов Т.К., 2001,2006) немесе [22], [1], [14], [5] т.с.
Үлгі 2 Сиыр етін өндіру технологиясы
Кіріспе

Қазақстанның ірі қара шаруашылығындағы ет өндірудің қазіргі және шет елдегі жағдайлары.Сиыр етін өндіретін шаруашылықтарының түрлері:



1. Әдебиеттік шолу

1.1 Мал тұқымдарын сипаттау

Бұл тарауда қазақтың ақбас, қалмақтық, герефордтық, шортгористық ірі қара мал тұқымдары сипатталады.



1.2 Ет өнімділігіне әсер ететін күштер

Бұл тарауда баяндалатындар: ет өнімділігіне тұқым қуалаудың, малдың жасының, жынысының, азықтандыру типтерінің және мөлшерінің тигізетін әсерлері сипатталады. Ет өнімін өндіру әдістерінің әсерлері талданады.



1.3 Сиыр етін өндіру технологиясы

Бұл тарауда қаралылатын мәселелер: сиыр еттін өндіретін шаруашылықтарды мамандандыру, ірі қара еттін өндіру технологиясын зоналық ерекшеліктерге сәйкес жүргізу, малдың еттік тұқымын өсіру және ұдайы өндірісін ұйымдастыру, азық өндіру және малды қоректендіру, бағып-қағу түрлері мен жүйелері, сиыр еттін өндіру технологиясының «сиыр – бұзау» жүйесі, өсіріп жетілдіру технологиясы, бордақылау және жайын семірту.



2. Негізгі бөлім

    1. Шаруашылықтың өндірістік көрсеткіштерін сипаттау

Бұл бөлімде баяндалатындар: шаруашылықтың аты, орынтепкен жері, құрылу тарихы, облыс орталығынан немесе өнімін тапсыратын мекемеден қашықтығы, қысқаша табиғи жағдайлары (климаты, ылғалдылығы, топырағы, өсімдігі, жер қыртысы, су қорлары). Пайдаланылатын жерлері. Мамандандыру және бөлімшелерді жүйелеп ұйымдастыру.

Көрсеткіштер кестесі


Кесте 2.1 – Табынның құрылымы


Жыныстық және жастық

өсіп-жетілу кезеңдері

Басының

саны

1. Сиырлар




2. Тұқымдық бұқалар




3. Құнажындар екі жастан асқан




4. Тайыншалар бір жылдан асқан




5. Тайыншалар бір жылға толмаған




6. Тайынша бұқалар




Көрсеткіштер

1. Сиырларды сұрыптау

%

2. 100 сиырдан алынған бұзаулар

%

3. Бұзаулардың туғандағы тірі салмағы

кг

4. Соб бердегі жоспарлы тірі салмағы

кг


2.2 Ірі қара табынының құрылымын анықтау

Бұнда талданатындар: табынның жастық және жыныстық топтарының барлық табындағы мал санына пайыздық қатынастары, шаруашылық міндеті (мал тұқымын асылдандыру және сату), өнімділік бағыты (сүт өндіру, ет өндіру, аралас), мамандылық дәрежесі (мамандандырылған және мамандандырылмаған жалпы айналымдағы), өндіріс сипаттамасы (жай өндіріс және ұдайы өндіру), мал басының ұдайы өсуінің қарқындылығы, бұған қоса ет және сүт өндірудің өсуі.


Кесте 2.2 – Ірі қара мал табынының құрылымы


Жыныстық және жастық өсіп-жетілу кезеңдері

Басының саны

% барлық табындағы малдан

Сиырлар







Тұқымдық бұқалар







Құнажындар







Бір жылдан асқан тайыншалар







Бір жылға жетпеген тайыншалар







Тайынша бұқалар









2.3 Табынның жылдық айналымы

Бұнда қаралатындар: мал айналымының кірісі және шығысы, малдың жылдық басындағы және аяқталғандағы саны, малдың азықтанған күндері, табындағы малдың орта саны.

Көрсеткіштер кестесі

Кесте А-1 (қосымша кестелерді қара)


2.4 Ірі қара мал төлдерінің азық мәзірін жасау

Бұл тарауда талданатындар: ірі қара мал төлдерін өсіріп жетілдірудегі және бордақылаудағы азықтандыру мөлшерінің ғылыми негіздері. Бордақылау түрлері, азықтандыру типтері, жемшөп түрін жинастыру және қорын істеу.



Көрсеткіштер кестесі
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет