Қазақстанда 2024 жылғы 22 қаңтарда қаржылық есеп тапсыру мен бірқатар салықты төлеу мерзімі аяқталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөз

“Параграф” ақпараттық жүйесі төмендегі салық есептерін 22 қаңтардан кешікпей өткізу керек екенін еске салды: 

  • КТС бойынша декларацияны тапсырғанға дейінгі кезең үшін төленуі керек 2024 жылғы КТС аванстық төлемдер сомасын есептеу (101.01-үлгі).
  • 2023 жылғы желтоқсан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-үлгі).
  • Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленген сомаларды есептеу (егер шарт немесе лицензия 2023 жылғы желтоқсанда алыyса) (851.00-үлгі).
  • 2023 жылғы желтоқсанда рұқсат алған кезде төлем көлемі 100 АЕК-ке дейін болған I және II санаттағы объектілердің қоршаған ортаға зияны үшін төлемақы декларациясы (870.00-үлгі).

Сонымен қатар 2023 жылғы желтоқсан айы үшін импортталған тауарларға Еуразиялық экономикалық одаққа қосылған құн салығын төлеу қажет.
 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.