Құтқарушылар алматылықтарды жер сілкінісі кезінде метроға жиналмауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: metroalmaty.kz

Алматы метрополитенінің мәліметінше, 4 наурызда болған жер сілкінісі кезінде төтенше жағдайлар жоспарына сәйкес жолаушылар эвакуацияланып, метро қозғалысы тоқтатылған.

"Қалалық төтенше жағдайлар департаментінен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарына кіруге рұқсат алғаннан кейін метрополитен мамандары туннельдерді тексерді, метро аумағында ешқандай зақым болған жоқ. Метро сағат 16:30-да жұмысын жалғастырды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ хабарламада Алматы қаласы сейсмикалық аймақта орналасқандықтан, метро құрылысы кезінде сейсмикалық қауіпсіздікке баса назар аударылатыны айтылған.

"Жер асты қабатының қауіпсіздігі жер сілкінісіне төзімді туннельдік құрылыстарды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Жобалау кезінде құрылыс алаңдарында жүргізілген гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер, құрылыс әдістері, тереңдік және құрылыс алаңының сейсмикалық деңгейі ескерілген. Есептелген сейсмикалық төзімділігі  – 9 балл", – делінген Алматы метросының хабарламасында.

Алайда құтқарушылардың айтуынша, метро жер сілкінісі кезінде халық жиналатын қауіпсіз орын деген пікір қате. Алматы қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Нұрлан Атығаев кез келген жер сілкінісі болған жағдайда газ, энергетика және метро мекемелерінің қызметі тоқтатылатын айтты.

Еске салсақ, 4 науыз күні Алматыдағы жер сілкінісінен кейін метро жабылғаны туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.