Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 9



жүктеу 2.08 Mb.
бет12/14
Дата21.04.2019
өлшемі2.08 Mb.
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтың әңгімелерін оқып келуге беремін

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің романдары

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу,

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзімен қарап,жлдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ғабит Мүсіреповтың әңгімелерін сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Ғабит Мүсіреповтың қандай шығармаларын білесіңдер?

2.Ғабит Мүсірепов «ана» тақырыбына байланысты қандай шығармалар жазды?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жазушының «Қазақ солдаты» романы(1950) Кеңестер Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың өмірінен алынғанБас кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің балалық шағынан,ауылдан қалаға қашып келген оқиғадан басталып,азамат болып қалыптасуына дейінгі аралықты қамтиды.

«Оянған өлке» 1953 жылы жазылған.қазақ даласындағы капиталистік қатынастардың кіріге бастауы,өнеркәсіп,өндіріс орындарының бой көтеруі,жұмысшы табының қалыптасуы т.б. тарихи,саяси-әлеуметтік оқиғлар кеңінен суреттелген. «Жат қолында»(1984) романын «Оянған өлкенің» жалғасы деуге де болады.Жазушы ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Орталық Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік өмірді жазады.Романның бас кейіпкері – күрескер Кенжеғара Берікқарин. «Оянған өлкедегі» Игілік байдың ұлы,бірақ сол кезеңге лайықтала сомдалған жаңа бейне.

Ғ.Мүсіреповтың әйел-ана бейнесін жасаған бірнеше әңгімелері бар екенін жоғарыда айтып өттік Сол топты толтыратын туындысы - «Ұлпан» романы.Ұлпан – рухы күшті,мінезі кесек,жарқын тұлға.қазақ әйелінің асыл қасиеттерімен бірге ерге лайық мінезді бойына тұтқан Ұлпан ел-жұртының қамқоры,тағдыры қатпар-қатпарлы,мыңғырған мал,самсаған байлық иесі болғанымен ел ішінің қатал заңдары Ұлпанға қиындығы мен қасіретін де аз тартқызбайды.Соны жеңе білген,рухын түсірмеген,парасат,тазалығымен өмір кешкен Ұлпан өмірін үлгі етеді.


Романдары: «Оянған өлке», «Жат қолында», «Ұлпан»

Топпен жұмыс: романдағы басты кейіпкерлерге мінездеме беру

Семантикалық картамен жұмыс:

1902 жылы дүниеге келді

1917 жылы оқуға түседі

1923 жылы Омбы қаласында оқиды

1928-1938 жылдары жауапты орындарда қызмет атқарады.

1938-1955 жылдары әдеби жұмыспен айналысады.

1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы: Қыз Жібек

Сабақтың мақсаты:

а) лиро-эпостық жырлар туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;

ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

"Қыз Жібек" жыры— идеялық мазмұны, көркемдік сөз сапасы, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары жағынан лиро-эпостық дастандардың ішіндегі үздік туындылардың бірі.

Жырға өзек болған оқиға Төлеген мен Қыз Жібектің арасындагы шынайы махаббат. Олардың бірімен-бірі табысқан шуақты сәттері де, қайғылы-қасіретті күн

кешкен трагедиялық кездері де барынша шынайылықпен өрнектелген.

Дастандағы бейнелі сөз кестелерін жыршы өзінің нысаналы ойына орай толғап, екшеп ала білген. Мысалы, қазак аулының көшпелі тіршілігінің сән-салтанаты, Төлегеннің өлім алдындагы әуедегі алты казбен қоштасқан сәті, Жібектің асыл жары Төлеген қазасына егілген жан азасы ғажап сөз кестелерімен өрілген.

Дастанның басты кейіпкерлері — Төлеген мен Қыз Жібек.



Кітаппен жұмыс: Кітаптан Қыз Жібек жырын оқу,ойларын жеткізу.

Шығармашылық жұмыс: Төлеген мен Жібектің кескін-келбетін ,

адамгершілік,арлылық,жан сүйсіндірер қылық мінездерін екі ғашықтың шынайы махаббатын жырдағы нақтылы оқиғаға сүйене отырып айтып беріңдер.



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Лиро-эпостық жырының батырлар жырынан қандай айырмашылығы бар?

  2. Ғашықтық жырлардағы қайсысының киносын көргенсіңдер?

  3. Жібектің Сансызбайға қосылуына қалай қарайсыңдар?

  4. Төлеген алыс та азабы мол жолға неліктен бел байлады, оған не себеп болды,оны нендей арман жетеледі?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «Қыз Жібек» жырын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздердің түрлері

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;

ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Шешендік сөздер мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үшке бөлінеді.

Шешендік арнау. Өмірде сан алуан оқиғаларға сай әр түрлі мазмұнда айтылған. Қуанышқа үлкендер бата беріп, игі тілек айтып, қайғыда басалқалы ақыл айтылып, көңіл білдірулер тілекпен жалғасып отырған. Халқымыз "Жақсы сөз - жырым ырыс" деп жылы лебізге үміт артып келген. Үлкен кісілерден бата сұрап, сол баталардың құдірет-күшіне сенетін болған. "Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер" деген мақал осындай сенімнен туған болса керек.

Шешендік толғау. Айтушының табиғат құбылыстары мен әлеуметтік өзгерістерге өзіндік көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған ақылгөй, дана қариялар көрген-білгендерін қорытып, келер ұрпаққа айтар аманат-ақылын, өсиетін шешендік толғау түрінде білдіреді.

Шешендік толғаулардың көпшілігі өзінің тәрбиелік, дидактикалық мазмұнына сәйкес табиғат құбылыстары мен адам өмірін қатар алып салыстыру, шешендестіру тұрғысында келеді.

Шешендік дауға жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар-намысқа байланысты тапқыр сөздер жатқызылады. Ол кісілер арасындағы мал-мүлік үшін болатын дау талаптан бастап, екі ел арасындағы дипломатиялық-мәмілегерлік сөздерге дейін қамтиды.


Кітаппен жұмыс: Шешендік сөздерді оқу,ойларын жеткізу.
Шығармашылық жұмыс: Кез келген шешендік сөздерден сахналық көрініс көрсетеді.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Шешендік сөздерді оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: Төле би

(1663-1756)

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;

ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Төле би Әлібекұлы XVII—XVIII ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулиеата маңындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастай араб, парсы тілдерін жақсы білген. Шығыстың аңыз-әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр-тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, кесіп шешім айтып отырған.

Шешендік дәстүрінде жаңа талап жас баланың аты әйгілі билерден барып бата алатыны болады. Сол жүйемен Төле би атақты Әнет Бабаға барып сәлем беріпті. Жүзге келген қарт би ел бірлігі, ынтымақ жайында сөз айтып отырса керек. Сонда жас Төле: "Қалай еткенде бірлік болады, оның мәні қандай болмақ?" - деп сұрапты. Бұған би бір топ буылған шыбықты ұсынып, осыны сындырып көрші десе керек. Жас Төле оны олай бір, бұлай бір иіп сындыра алмапты. Мұны көрген қарт би: "Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы", — десе, ол бұл жеке шыбықтарды оп-оңай быртылдатып сындырып беріпті. Әнет Баба жас баладан: "Бұдан не түсіндің?", — деп сұрағанда, Төле: "Мұның мәнісі, ынтымағы, бірлігі бар елді жау да, дау да ала алмайды. Онсыз тірлік жоқ!", - депті. Сонда Әнет Баба: "Дәл таптың, балам! Ел билеу үшін, ең алдымен, ауызбірлік, ынтымақ қажет! Бақ қайда барасың — ынтымаққа барамын дегеннің мәнісі осы — депті.

Топтастыру стратегиясы:



Елші,мәмлегер заңгер психолог



ақын шешен





саясаткер,қоғам қайраткері тәрбиеші ойшыл,ғалым


Кітаппен жұмыс: Төле бидің шешендік сөздерін оқу,ойларын жеткізу.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Төлебидің шешендік сөздерін,толғауларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК

(1667-1764)

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;

ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Халқымыздың айтулы кемеңгер билерінің бірі - Қаз дауысты Қазыбек шешендігімен дараланып көзге түскен тарихи тұлға. Оның аты әйгілі Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Әйтеке билермен қатар аталады. Қазыбектің шын мәніндегі шешендігі мен жер жарған даңқы кешегі "Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама" атанған Жоңғар басқыншылығыша қарсы күрес жылдары бүкіл қазақ даласына жайылады. Ол халқымыздың басына ауыр күн туып, не ел болу, не құрып кету қаупі төнген қиын сәтте суырылған шешендігімен, алғыр да білгір көсемдігімен ел намысын қорғап қалады.

Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты мәмілегер ретінде мәлім.

Ұзақ сөзбен емес, ұрымтал оймен, ұшқыр қиялымен саралай отырып, дәлелді жеткізген сөздері шешеннің еш нәрседен қайтпайтын қайсар әрі шешен, әрі батыр екенінің делелі. Қалмақ ханына: "Егер бітімге келмесең тұрысатын жеріңді айт - дей келе, — атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен — қалмақ, біз — қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы, табысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен - қабылан болсаң, мен - арыстан, алысқалы келгенбіз"... , - деп өз ойын ашық білдіреді. Мұнда сөз бен сөз тіркестерін әлсін-әлсін қайталап, бір ұғымның төңірегінде бірнеше мәндес, мағыналас сөздерді шегелеп, , нығыздай (қазбалай) сөйлеп жалынды сөздерді бұршақтай жаудыртты. Мірдің оғындай екпінді сөздерімен Жоңғар ханның тіл-аузын аштырмай "айтқан сөзі — құрған қақпандай" болғанын анық байқаймыз. Биді халық "қазып айтқан Қазыбек" деп қастерлеген.



Кітаппен жұмыс: Қазыбек бидің шешендік сөздерін оқу,ойларын жеткізу.

Шығармашылық жұмыс: Мына сұрақтарға жауап беріп көріңдер.

«Кім жақын, не қымбат, не қиын?»

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Үш би қай жерде бас қосқан еді?

  2. Үш бидің бас қосқан жеріне үш елбасы қай жылы бас қосты?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қазыбектің шешендік сөздерін,толғауларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : ӘЙТЕКЕ БИ

(1664-1700)

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға шешендік сөздердің түрлері туралы түсіндіре отырып, тіл байлығын жетілдіру;

ә) Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру;

б) мақал –мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, дидактикалық материалдар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,география

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген шешендік сөздер туралы сұраймын оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақтың әйгілі де айбарлы билерінің бірі - Әйтеке. Ол Тәуке ханның тұсында емір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес косқан. Әйтеке би жастайынан-ақ әр түрлі дау-дамай, талас-тартыста суырылып шығып, көшелі сөз айтып, тілмар шешендігімен жұртты таң қалдырған.

Қазақ билерінің дәстүрімен Әйтеке де Қазыбек биге сәлем беруге келген. Әлі онша таныла қоймаған кезінің өзінде ұтымды жауабымен көзге түседі. Қазыбек Әйтекеге:

"Уа, балам, атадан жақсы ұл туса, елдің ту болады, жаман ұл туса, соры болады деуші еді, сен соның қайсысы боласың?!" — депті. Сонда Әйтеке бірден тіл қатып: "Ораздының қариясы қартайғанда, қазына болады, Шиыршының қариясы қартайғанда қазба болады дейтін еді, өзіңіз қайсысы боласыз?" — деп қарсы сұрақ қояды. Бұған Қазыбек: "Иншалла, қазынасы болармыз", — дейді. Сонда Әйтеке: "Біз де елдің туы болармыз", — деп жауап қайтарған.

Бұл бір жағынан, сәлем берушінің тапқырлығы мен ой-өрісін байқатады. Елге танымал белгілі шешеннің алдынан өткен жасты жұрт та мойындап, келешегінен үлкен үміт күткен.

Әйтеке басқа билермен бірге "Күлтөбенің басында күнде жиын" атанған тарихта белгілі ауыр кезенде қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болған.



Кітаппен жұмыс: Әйтеке бидің шешендік сөздерін оқу,ойларын жеткізу.

Шығармашылық жұмыс: « Билер шықты сайысқа» атты сайысқа сценарий құрастырыңдар

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Шешендік сөздерді неге шағын жанр дейміз?

  2. Би-шешендерге тән қасиеттер,олардың қоғамдағы,тарихтағы,өмірдегі орны мен рөлі қандай?

  3. Атақты шешен ,билерден кімдерді білесіңдер?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Әйтеке бидің шешендік сөздерін,толғауларын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : Айтыс туралы түсінік

Сабақтың мақсаты :

а) Айтыстың түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар.

Айтыс — халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдәуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.

Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.

Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын.

Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.

Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып — жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысыңда өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Табия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген жене тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған.

Топтастыру стратегиясы:

Бәдік айтысы жануарлар мен адамның айтысы



Жұмбақ айтыс салт айтыс



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Айтыстың түрлерін оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : "БІРЖАН МЕН САРА" АЙТЫСЫ

Сабақтың мақсаты :

а) Айтыстың түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

"Біржан мен Сара" айтысы — өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі.

Біржан мен Сара жайында. Біржан да, Сара да — көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1887 жылы қайтыс болған. Бейіті Степняк қаласынын, жанында. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі. Табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ, "әнші, ақын, сал Біржан" деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды.

Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарылғапберді, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан.

Біржан көптеген ән шығарды. Оның "Көкшетау", "Жанбота", "Ләйлім шырақ", "Айтпай", "Адасқақ", "Жамбас сипар" сияқты әндері — қазақ музыка мәдениетінің алтын қазынасына қосылған үздік туындылар.

Біржанның басқалардан ерекшелігі — ол жай ақын ғана емес, сонымен бірге әнші де. Оның даңқы әуелде әнмен жайылған. Бірақ, ол тек әнді шығарушы әрі тамаша орындаушы ғана емес, ол әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын да. Оның ән мәтіндері мазмұны, көркемдігі жағынан шебер.

"Біржан мен Сара" айтысындағы асқақ, әр сөздердің тұп-тамыры осы қысқа-қысқа ән мәтінінде жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет