Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 9



жүктеу 2.08 Mb.
бет13/14
Дата21.04.2019
өлшемі2.08 Mb.
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Кітаппен жұмыс «Біржан мен Сара» айтысын рөлге бөліп оқиды .

Топпен жұмыс: 1- топ: Сараның өз бейнесін,өнерін сипаттаған жеріндегі ақындық шеберлікті көрсетіңдер

2- топ: Сараның «билігі болмаған соң бір басының», «берген соң тері-терсек ит те алады» деген сөздерінің мәнін ашыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. «Біржан мен Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?

  2. Айтыста екі ақынның әншілік,ақындық,адамгершілік сипаттары қалай көрінген?

  3. Біржан өзін сипаттау үшін қандай көркем сөз образдарын қолданған?

  4. Жиенқұл айтыста қалай бейнеленген?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Біржан мен Сара» айтысын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Осы күнгі айтыстар

Сабақтың мақсаты :

а) Осы күнгі айтыстар туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



  1. «Біржан мен Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?

  2. Айтыста екі ақынның әншілік,ақындық,адамгершілік сипаттары қалай көрінген?

  3. Біржан өзін сипаттау үшін қандай көркем сөз образдарын қолданған?

  4. Жиенқұл айтыста қалай бейнеленген?



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Кейінгі жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні зор екенін айқын сипаттайды. Айтулы оқиғаларға байланысты-Қазақстанның 60 жылдығына араналған ,Кенен Әзірбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген,Абайдың,Жамбылдың 150 жылдығына арналып өткен т.б республикалық айтыстар әдебиетімізде лайықты орын алады.



Топтастыру стратегиясы:

Парасат,білім сөзге тоқтау


Намыс,жігер,қызу шабыт талант,арқа



Тапқырлық,ұтымды ой қолма-қол суырыпсалушылық



Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Қазіргі ақындар айтысының өзіне тән ерекшелігі неде?

  2. Айтыстың болашағы жайында не ойлайсыңдар?

  3. Қазіргі ақындар айтысынан кімдерді білесіңдер?


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «Айтыскер қыздардың әсемдік әлемі» тақырыбына эссе жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

а) ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, —дейді М. Әуезов, - ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария — Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған.

Халқымыздың осы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкерім де ден қойған. Ол "Ескі ақындық" деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған:

Топтастыру стратегиясы: Жырау мен Жыршыға сипаттама береді

Жырау Жыршы




Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.



Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы : Асан Қайғы

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету.

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

Б) Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдылындыру



Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың көрнекілігі : cуреттер,аңыз әңгімелер туралы кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : қазақ тілі,тарих

Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру

Асан-өз заманының асқан ақылгөйі.Одан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек,бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен ірі сөз зергері,терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына «қайғы» деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның желмаяға мініп ,еліне шұрайлы,жайлы қоныс ,шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған.

Мал баққан көшпелі елге керегі –бейбіт тіршілік. Бірақ ол кезде жаугершілік ,басқыншылық,соғыс,құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұрған.

Олар ел берекесін кетіріп ,күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген осы ауыртпалықты көре білген.


Кітаппен жұмыс: Кітаптан «Бұл заманда не ғаріп» өлеңін мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Асан Сәбитұлының тарихта болғаны

2.Жерұйықты іздеудегі мақсаты,арманы

3.Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні,оның шындыққа қатысы туралы қосымша түсінік беру.


Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына ,ынтасына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Асан Қайғының жерұйықты іздегені» әңгімесін оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы : Қазтуған жырау

Сабақтың мақсаты : а) Қазтуған жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Ол өзін "айдаса қойдың көсемі", "сөйлесе қызыл тілдің шешені", "буыршынның бұта шайқар азуы", "бидайықтың көл жайқаған жалғызы" деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған. Қазтуған жырларының арқауы - туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. Оны ақын тебірене жырға қосады.



"Салп-салпыншақ анау үш өзен,

Салуалы менің ордам қонған жер",

"Жабағы менен тайы тең,

Жары менен сайы тең",

"Ботташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,

Балығы көлге жылқы қаптырмас,

Сөйткен менің, Еділім" , —



деп, Еділіне перзенттік қалтқысыз сезімін емірене өрнектейді. Ақын өз жырларында батырлықты, ерлікті, елдікті дәріптейді. Оның жырындағы:

Балдағы алтын құрыш болат,

Ашылып шапсам деп тартар,

Сусыным қанға қанар деп,

Азамат ердің баласы

Жабыққанын білдірмес,

Жамаңдар мазақ қылар деп, —

деген жолдардан мұны байқау қиын емес.

Өзі де қылышын "сары жүн оққа толтырған" батыр болған.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан «Салп-салпыншақ үш өзен». өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Қазтуған жыраудың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы : Доспамбет жырау

Сабақтың мақсаты : а) Доспамбет жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Доспамбет өз заманында жақсы тәрбие алған, парасатты білгір адам болған.

"Азаулының Стамбулдан несі кем" деген жолдарына қарағанда Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз.

Өз толғауларында ақын өзін "Ер Доспамбет" деп әр тұста таныстырып отырады. Демек, ол "астына қарт күреңді мініп", "болат қылыш асынып" жаумен талай шайқасқан батыр жігіт болған. Ол "күңіреніп күн түбіне жортқан", "садақ толған сайгез оқ өткеріп", "арғымақтың талдай мойнын талдырып" көп жорықтарға бастаған. Сол жорық-шайқастарда батыр басына талай қауіп-қатер төнген. Оқ тиіп өлім аузынан қайтқан. Ол жайында ақын:

Айдаметке оқ тиді,

Отыз екі омыртқаның буынынан.

Зырлап аққан қара қан,

Тыйылмайды жонның уақ тамырынан...

Жара бір қатты, жан тәтті,

Жара аузына қан қатты...

Жағдайсыз жаман қалып барамын,

Жанымда бір туғанның жоғынан, —

деп, сол бір қатерлі шақты бейнелеген.

Доспамбет "Айналайын ақ Жайық" деп, туған Жайығын, бетегелі Сарыарқасын, елін, жерін шексіз сүйген:

Екі арыстан жау шапса,

Оқ қылқандай шаншылса...

Бетегелі Сарыарқаның бойында,

Соғысып өлген өкінбес! —

деген жолдардан жыраудың еліне, жеріне перзенттік ыстық сезімін тану қиын емес. Ақын "Еділдің бойын ең жайлап, шалғынға бие біз байлап, орындықтай қара сабадан бозбаламен күліп-ойнап қымыз ішер күн қайда?" - деп, сол еліне тыныштық, бейбіт күн іздер шақты армандайды.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан «Айналайын, ақ Жайық» өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Доспамбет жыраудың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Жиембет жырау

Сабақтың мақсаты : а) Жиембет жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік мінезі, ерен батырлығы айқын көрінеді. Жырау өлеңдеріндегі:

Менімен, ханым, ойнаспа,

Менің ерлігімді сұрасаң.

Жолбарыс пенен аюдай,

Өрлігімді сұрасаң,

Жылқыдағы асау тайындай

Беріктігімді сұрасаң

Қарағай мен қайыңдай...—

деген жолдар соған кепіл.

Жиембет алған бетінен қайтпайтын өжет, қайсар жан болған. Хан-әкімдерге бас имеген. Айтарын батыл айтқан, бас кетер деп тіл тартпаған, бүлікшіл, қанішер ханның теріс, жауыздық мінезін әшкерелеген, қаһарынан қорықпаған.

Әмірің қатты Есім хан, Қанын ішіп қаңбаққа,

Бүлік салып бұйырдың. Жанын отқа салмаққа...

Басын бер деп батырдың Хан ие ісің жол емес, —

деп, қалың еліне арқа сүйеген батыр ханға өктем сөйлейді. Жырау бейбіт күнде батырсынған ханның "қалмақтың Бәрі ханы келгенде, соқыр бурыл байталға жайдақ мінгенсің", "тас қалаға жан сақтап"деп бас сауғалаған жүрексіз, қорқақ мінезін әшкерелейді. Сол опасыз хан қылығына зығырданы қайнай, ызалы үн көтереді. "Арқаға қарай көшермін, алашыма ұран десермін, ат құйрығын кесермін" деп қайсар мінезінен батыр еш қайтпайды.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан « Қол-аяғым бұғауда » өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Жиембет жыраудың шығармаларын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : Шалкиіз жырау

Сабақтың мақсаты : а) Шалкиіз жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясыңдағы орны ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған. Шалкиіз талай жорықтарға қатынасқан. Оның жырларынан ерлік сарыны айқын сезіледі. Ол "дулығамның төбесі туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді", "дулығалы бас кескен, ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма!" деп, батырлықты жоғары бағалаған. Елін жауынан, дұшпанынан тек "жалаңаш барып жауға тиер" ер ғана қорғай алады деген түйін жасайды. "Батыр жігіт қол бастар" деп, ерлікті, батырлықты жырына ту еткен.

Жырау жырларында адамгершілік жайында толғаныстар мол. Ол адамды жақсылыққа сүйсіндіріп, жамандықтан бездірген. Ақын жақсы деген не, жаман деген не, ізгілік, парасаттылық неде, адамгершілік қасиет адамның қандай әрекет, қылық-мінезінен көрінеді, міне, осы тақырыпта жыр толғаған, ұрпағына өсиет қалдырған. Ақын жырындағы сол тақырыптарға байланысты жолдар парасаттылық ой тереңдігімен ерекшеленеді. Онда ақын жастарды адал достыққа, қалтқысыз жолдастыққа үндеген. Осы бір пікірлер — оның жырының өзегі.

Ақын өз ойын жақсы мен жамаңды, жарық пен күңгіртті салыстыра өрнектейді.

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас-тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Күндердің күні болғанда

Бар ғаламға күлкі етер, —

Кітаппен жұмыс: Кітаптан « Жауынды күні көп жүрме » өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Шалкиіз жыраудың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Ақтамберді жырау

Сабақтың мақсаты : а) Ақтамберді жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Ақтамберді жырау басынан талай қилы-қилы кезеңдерді кешіреді. Қолына желекті найза ұстап жаулармен шайқастарға, қатынасады, ерлік көрсетеді. Сол шайқастардың біріңде жау қолында қалып, өлім аузынан қайтады. Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен қызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сәттерді жыр-толғауларында өрнектеген.

Жапанға біткен терекпін,

Еңсемнен жел соқса да теңселмен,

Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,

Балталасаң да айырылман,

Сыртым — құрыш, жүзім — болат

Тасқа да салсаң, майырылман! —

деген жолдардан оның ерлік, батырлық қасиетін әрі қайсар мінезін қапысыз танимыз. Ақын өзінің бар өмірін елі, халқына, оның елдігін, бүтіндігін сақтап қалу жолына арнаған. Жыраудың "ел-жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап" деген жолдарынан мұны айқын аңғарамыз.

Ақтамберді өз толғауларыңда ерлікті, батырлықты жырлаған. Өйткені, елдің ерлігін сақтар, оны сыртқы жаудан қорғар - батыр ұлы. Ақынның әйгілі Бөгембай батырға жыр арнауы да осыған байланысты. Ол жігіттің жігіттігі де қанды шайқаста сыналады деп біледі.



Кітаппен жұмыс: Кітаптан « Ағайының көп болса » өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ақтамберді жыраудың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Үмбетей жырау

Сабақтың мақсаты : а) Үмбетей жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Үмбетей жырау -дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жолдағы алғашқы ұстазы — өз әкесі. Ол халықтың ауыз әдебиетін, ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болған. Сонан соң халық шежірелерінен, шешендік сөздерінен, халық дастандарынан көп тағылым алған.

Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. "Бөгембай өліміне", "Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол" Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген. "Қапшаған қандай ұрыстан" қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай" деп қастерлейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін— Баянауыл, Қызыл тау, Абыралы, Шыңғыстау — бүкіл Сарыарқа атырауын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей:

Қалмақты қуып қашырдың, Ақшәуілге қос тігіп,

Қара Ертістен өткізіп. Ауыр қол жидырып алдырдың,

Алтай тауға асырдың! Қалмаққа ойран салдырдың,

—деп, халқына Бөгембайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді. Жырау тек Бөгембайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың — Қаракерей Қабанбайдың, Қаз дауысты Қазыбектің, Керейде батыр Жәнібектің, Сары, Баян мен Сағымбайдың ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.

Үмбетей жырау "Бәкеге", "Жауқашарға" өлеңдерінде жаман қылықтан сақтандырған, жақсы қылыққа адамгершілікке, адалдыққа үндеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет