Кїні: Пјні: ќазаќ јдебиеті Сыныбы: 9



жүктеу 2.08 Mb.
бет14/14
Дата21.04.2019
өлшемі2.08 Mb.
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Кітаппен жұмыс: Кітаптан « Жауқашарға », «Бәке» өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Үмбетей жыраудың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы : БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

Сабақтың мақсаты : а) Бұқар жыраудың еңбектеріне тоқтала отырып, шығармаларының идеялық мазмұнынын талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұқардың өз әкесі — Арғын руынан шыққан Қалқаман батыр. Бұқар жырау Баянауылда туып, Далба тауында дүние салған. Оның ұрпақтары да Баянауыл маңыңда.

Бұқар — XVIII ғ.екінші жартысында хандық құрған Абылайдың тұстасы, Абылайдан жасы үлкен. Ол Абылайды: "Абылайшам", "Абылайша", - деп сөйлейді екен. Бұқар өзінің "Ей Абылай" деген өлеңінде:

Ей, Абылай, Абылай! Түркістанда жүр едің.

Сені мен көргенде, Әбілмәмбет патшаға,

Тұрымтайдай ұл едің, Қызметкер болып тұр едің, —

дейді.

Осы өлеңінде ол Абылайды он бір жасынан бастап, ең ақырғы өміріне дейін білетін адам болып сөйлейді.



Бұқар — халқының, елінің тағдырына терең де ойлы көз жіберген, қабырғасы қайысып, тебірене толғау жыр төккен, парасатты ой түйген жырау, қазақтың ұлы ханы Абылайдың ақыл-кеңесшісі, ақылгөйі, поэзияның ірі өкілі. Бұқар аласапыран заманның тіршілік-болмысын, ел басына төнген қауіп-қатер, екі талай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына ортақтасқан.

Еліміз өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, тәуелсіздік алғаннан кейін Абылайдың, оның данагөй ақылшысы, философ ақын Бұқардың есімдері де халық сүйіспеншілігіне, ықыласына бөленді.

Қарағанды қаласының ең бір үлкен көшесіне, бір ауданына Бұқар жырау есімі берілді. Жыраудың дүние салған жеріне оның ұрпақтары зәулім күмбез тұрғызған.

XVIII ғ. бізге мәлім ақындардың ішінде әлеуметтік мәселелерді көбінесе басымырақ жыр еткен ақын - Бұқар. Өз кезіндегі әр алуан қоғамдық мәні зор мәселелерге үн қосып, өзінің көзқарасын білдіріп отырған.

Бұқар жыраудың өз сөздеріне және ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол хат білген адам болса керек. Бірақ оның "Керей, қайда барасың?", "Айналасын жер тұтқан", "Бірінші тілек тілеңіз", "Жал-құйрығы қаба деп", "Асқар таудың өлгені", "Ей, Абылай, Абылай", "Сен он бір жасыңда", "Қалданменен ұрысып", "Кәрілік", т.б. өлеңдерінің бәрі де бізге жазба түрде емес, ауызша жеткен.

Кітаппен жұмыс: Бұқардың «Айналасын жер тұтқан» деген өлеңіне талдау жасап, «Асқар таудың өлгені» деген өлеңін мәнерлеп оқыңдар.

Шығармашылық жұмыс: Бұқар жырау өлеңдеріндегі мақал-мәтел,нақыл болып кеткен сөздерді тауып, олардың бүгінгі біздер үшін қандай мәні бар екенін айтып беріңдер.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

1.Бұқар өмір сүрген кездегі қазақ елінің тарихи жағдайы қандай еді?

2. Бұқарды неге жырау дейміз?

3. Ақын толғауларында қандай әлеуметтік мәселелер көтерілген?

4. Ақын өз толғауларында халыққа өнеге боларлық қандай ойлы пікірлер ұсынады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Көрші елдермен достықта,татулықта болу-Бұқар жырының өзекті тақырыбы» деген атпен шығарма жазып келу.

Тереңдете оқитын сыныптар үшін билеттер (ІХ сынып)

І. 1. Ауыз әдебиеті туралы түсінік.

2. Бұқар жырау Қалқаманұлы,өмір жолы.

3. Қабағы тастай түйілген,

Лашын құстай шүйілген,

Жеңсіз берен киінген

Жалғыз қара көрінді.

Өлең жолдарында қандай көркемдік тәсіл қолданылған?



ІІ. 1. Мақал-мәтел деген не?

2. Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы.

3. От орнындай тұяқтан

Оймақтай-ақ қалыпты.

Етектейін еріннен

Екі елісі қалыпты.

Көркемдік тәсілдің қай түрі бар?



ІІІ. 1. Абай өмірі,шығармашылығы.

2. Күлтегін жырынан үзінді оқы.

3. Атам қалды дейтұғын

Өзімнен қалған бала жқ.

Балам қалды дейтұғын

Атам менен анам жоқ.

Бауырым қалды дейтұғын

Ағам менен інім жоқ.

Өлең неше тармақтан,неше буыннан тұр? Ұйқас түрін анықта.



IV. 1. Ертегілер.Ертегінің аңыз әңгімеден айырмашылығы неде?

2.Жүсіпбек Аймауытұлының өмір жолы,өскен ортасы туралы айт.

3. Сұр бұлт түсі суық қатпайды аспан,

Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан.

Мұнда көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?



V. 1. Ахмет Иассауидің өмірі,еңбектеріне шолу.

2. Тұрмыс-салт жырлары.

3. Аспанның аясында ән шалқытқан,

Бұлбұлмын даусы көкте дамылдаған ...

Тұлпармын топтан озған,тосырқаман,

Шаршы топ,шаршы өрім жоқ шабылмаған ...

VI. 1. Аңыз әңгімелер.

2. Соқ жігіт! Соқ! Соқ! Жігіт! Күйіңді тарт!



Тоқтатпа, «Тарт!» дегенім – қылғаным шарт.

Толғауы тоқсан күйдің бір-ақ күй бар.

Сылқылдат! Бастыр! Бастыр! Қадалт! Қадалт!

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған.



VII. 1. Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні.

2. Мұқағалидың «Райымбек,Райымбек» поэмасынан үзінді оқы.

3. Не керек,қалды кейін сүйген сәуле,

Сондықтан теңіз – түрсіз,тау – құр кеуде.

Сондықтан жәудіреп тау,толқын теңіз,

Құрғырлар,қылмаңдаршы көңілімді әуре.

Өлең неше тармақтан тұр? Ұйқас түрін анықта.



VIII. 1. Жамбылдың өмірі,шығармашылығы.

2. «Ер Тарғын» жырындағы Ақжүніс бейнесі.

3. Қыз емес,мынау тұрған қорқау сырттан,

Құтылар күн бар ма екен бұл қырсықтан.

Қыз емес,мұз ғой түсі қарауытқан,

Қай жері қызықтырып бой жылытқан?

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?



ІХ. 1. Сұлтанмахмұт өмірі,шығармашылығы.

2. Ертегілер,оның түрлері.

3. Ызғытып,өлке өрлетіп,баяулатып,

Соқтырып кейде боран,дауылдатып,

Көңілдің асқарынан тұманды айдап,

Артынан нөсерлетіп,жауындатып ...

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?



Х. 1. Махамбет өлеңдеріндегі Исатай бейнесі.

2. Бұқар жырау Қалқаманұлы. «Бірінші тілек тілеңіз» өлеңін жатқа оқы.

3. Не сыйласын,несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман,мен де аман.

Таулар – менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым – ұлан-ғайыр кең далам.

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?



ХІ. 1. Жиембет жыраудың бір өлеңін жатқа оқы.

2. Ыбырай Алтынсарин – шағын әңгіме шебері. (Әңгімелеріне шолу).

3. Е, мына қыпша бел,сұңғақ бойлы,қызыл шырайлы,торғылт келіншек шынар болар. (Ғ.Мүсірепов).Сөйлемде көркемдік тәсілдің қай түрі бар?

ХІІ. 1. Абайдың бір өлеңін жатқа оқы.

2. Ақтамберді жырау,өмір сүрген кезеңі.

3. Хамит – ұзынша бойлы,жауырынды,тіп-тік сұр жігіт.Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.жасы 25-26-лар шамасында.Үстінде мұздай қазақша киім.

Үзіндіде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?



ХІІІ. 1. Ыбырай Алтынсариннің аудармалары.

2. Ілияс Жансүгіровтың өмірі,шығармашылығы.

3. Ол жауына оқтай қадалды.Мен оның күндей күлген жүзіне қызыға қарадым.

Сөйлемдерде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?



ХІV. 1. Шешендік сөздер түрлері.

2. Махамбет Өтемісұлының балалық,жастық шағы.

3. Таңдырып ап маңдайын,

Тағы көйлек сұрап жүр.

Бақты кезіп тал-қайың,

Жалаң аяқ жылап жүр.

ХV. 1. мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңін жатқа оқы.

2. «Қыз Жібек» жырындағы Жібек бейнесі.

3. Күн шайдай ашық,жылы еді.Аспанда бұлт жоқ.Жел де жоқ.Айнала қалың иірім-иірім орман.Бойлап,таласа,жарыса шыққан қайың мен қарағай ...

Көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?



ХVI. 1. Ілиястың «Күйші» поэмасынан үзінді оқы.

2. Ертегінің аңыз әңгімеден айырмашылығы.

3. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та,бар,қалан.

Шумақта қандай ұйқас түрі қолданылған?



ХVII. 1. Шыңғыс Айтыматовтың өмірі,шығармашылығына шолу.

2. Мақал-мәтелдердің тақырыптары.

3. От орнындай тұяқтан

Оймақтай-ақ қалыпты.

Етектейін еріннен

Екі елісі қалыпты.

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?


ХVIII. 1. Бұқар жырау Қалқаманұлы. «Бірінші тілек тілеңізді» жатқа оқы.

2. Ғабит Мүсірепов – сөз зергері.

3. Домбыра,сенде мін бар ма,

Мінсіз болсаң – тіл бар ма?

Тіл жоқ деуге бола ма

Тілден анық үн барда.

Домбыраның күші мол

Көмейінде күй барда.

Ұйқас деген не? Өлеңдегі ұйқастың түрін анықта.



ХІХ. 1. Абайдың табиғат лирикасы.

2. Жұмбақтар,оның тәрбиелік мәні неде?

3. Күй,сені тәтті көрем жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай жаным күйіп.

Өмірдің сырын ашып жүрегіме,

Музаның әміріне басымды иіп.

Ұйқас деген не,бұл шумақ қай ұйқасқа жатады?



ХХ. 1. Аңыз әңгімелердің ертегіден айырмашылығы неде?

2. Мағжанның «Түркістан» өлеңінен үзінді оқы.

3. Сонда Бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді.

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі...

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?



ХХІ. 1. Ілияс Еснберлиннің өмірі,шығармашылығы.

2. Абайдың «Ескендір» дастаны,көркемдік ерекшелігі.

3. Қар – аппақ,бүркіт – қара,түлкі – қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...

Осы өлең жолдарында көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?



ХХІІ. 1. «Біржан мен Сара» айтысында қандай әлеуметтік мәселе көтерілген?

2. Мұқағалидың «Райымбек,Райымбек» поэмасынан үзінді оқы.

3. Балалық өлді,білдің бе,

Жігіттікке келдің бе?

Жігіттік өтті,көрдің бе,

Кәрілікке көндің бе? (Абай).

Өлең қандай әдіспен жазылған? Буын санын анықта.



ХХІІІ. 1. Мұқағалидың өмірі,шығармашылығы.

2. Асан қайғы – халық қамқоры.

3. Жоғары ерні көк тіреп,

Төменгі ерні жер тіреп...

Ұмтылғанда қысылып,

Бес жүз құлаш жазылды?

Шумақта көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?



ХХІV. 1. Ежелгі дәуір әдебиеті Күлтегін жырлары қайдан табылған?

2. Мұқағали – сыршыл ақын.

3. Шырқ айналар шіркін тауық

Жемің болса қолыңда

Қайдағысы сені тауып,

Топырлайды жолыңда...

Өлеңде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған?



ХХV. 1. Ілияс Жансүгіровтың өмірі,шығармашылығы.

2. Төле би Әлібекұлының өмір сүрген кезеңі.

3. Жел,құйын,ағын,бәйге көк,

Ұшқыр құс,құмай,атқан оқ.

Бәрі де жүйрік өзінше,

Көңілден бірақ жүйрік жоқ.

Өлеңде көркемдік тәсілдің қай түрі қолданылған.


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: «Райымбек,Райымбек!» поэмасы.

Сабақтың мақсаты: Поэмадағы қазақ хлқының бастан кешкен қиын кезеңдерінде азаттық үшін арпалысқан алып тұлға – Райымбек баба өмірі,жасаған ерліктері,жорықтары жайлы мағлұмат беру.

Елін,жерін қорғауға даяр болуға шақыру,батыр бабаларды қадірлеуге,құрметтеуге баулу,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.



С
Ойтолғау жүргізу

Ұйымдастыру кезеңі

Бағалау

Сөзжұмбақ шешу

Сабақтың тақырыбы: «Райымбек,Райымбек!»

поэмасы


Деңгейлік тапсырма беру

Бабаның ата-тегі туралы түсінік беру

Бабаның жорықтары жайлы анықтама, мәлімет беру

Оқушымен жұмыс,оқулықпен жұмыс
абақтың өткізілу сызбасы:


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. «Ару-ана» поэмасы бойынша «Құрмаш-Жамал тағдыры» тақырыбында ойтолғау жүргізу.

  3. Сөзжұмбақ шештіру арқылы сабақтың тақырыбын тапқызу.

а) Өлең арнаған қыз досы: Фариза

б) Жан серігі: Лашын

г) Мұқағали курсы бағдарламасының авторы: Жұмаш

ғ) өлеңі: «Үш бақытым»

д) поэмасы: «Атамекен»

з) Аветик Исаакяннан аударған аудармасы: Сократ

4. Райымбек бабаның ата-тегі жайлы түсінік беру.

5. Райымбек бабаның жорықтары жайлы деректер.

Төлен Қаупынбайұлының «Райымбек батыр» кітабы,Ж.Тұрлыбековтың «Тамыз таңы», «Райымбек» атты кітаптары бойынша мысалдар келтіру.

6.Мұқағалидың «Райымбек,Райымбек!» поэмасын мәнерлеп оқыту. Сөздікпен жұмыс жүргізу.

7. Үйге деңгейлік тапсырма беру.


Күшті топ



Орта топ

Әлсіз топ


Райымбек батырдың жорықтары, Райымбек батырдың «Райымбек,Райымбек»

ерліктері жайлы деректер жинау өмірі поэмасын оқу


  1. Бағалау.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы: Ш.Айтматов «НАЙМАН-АНА»

Сабақтың мақсаты: 1. Ш.Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасата отырып, «Найман-Ана» әңгімесінің сюжетін меңгерту.

2.Оқыта үйрете отырып,оқушының танымдылығын арттыру.жазушының идеясын түсіне білуге баулу.Білім дағдыларын дамыту.

3. Оқушының ой-өрісін кеңейте отырып,тіл байлығын дамыту.Мәңгүрттіктен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: модульдік оқыту технологиясы.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: оқыта үйрету тәсілі,сұрақ-жауап

Көрнекілік құралдар: Ш.Айтматовтың шығармалары,сызба-схема,карта,карточкалар және буклет.

Пәнаралық байланыс: тарих,география.

Сабақтың барысы.

1. Кіріспе бөлімі

Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – бауырлас қырғыз халқының ұлы жазушысы.Ол 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның Талас облысының Шекер аулында дүниеге келген.

Ш. Айтматовты біз қырғыз-қазаққа ортақ жазушы дейміз.Олай дейтін себебіміз,ол Мәскеудегі әдебиет институтында оқып жүрген кезде қазақтың білікті,білімді сыншысы Қалжан Нұрмахановпен бірге оқиды.Сол кісінің ықпалы,әсері көп болады.Кейін әлем жазушыларының бел ортасында жүретін Мұхтар Әуезов те оған қамқор болған,көп көмек көрсеткен.Ш.Айтматов еңбектері өте мол.


Проза саласында

«Әшім»


«Аспалы көпір»

«Бетпе-бет»

«Қызыл алма»

«Ақ жауын»

«Байдамтал бойында»

«Боранды бекет»

«Жан пида»

Әңгімесі

Повестері

Романдары



«Жәмилә»


«Алғашқы ұстаз»

«Ана-Жер ана»

«Қош бол, Гүлсары»

«Ақ кеме»

«Ерте қайтқан тырналар»

«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»


2. Сөйлесу бөлімі.



І тур.Мәтінмен жұмыс.

а) Оқушыларды бес топқа бөліп,соған сәйкес шығарманы да мазмұны бойынша бес бөлікке бөле отырып оқытқызу.

ә) Әр топтағы оқушы өзі оқыған абзацқа ат қоя отырып,мәтінге тезис жасау.

б) Мәтіннің әр бөлімдеріне қарай композициялық құрылымына талдау жасау.

«Найман – Ана».

І. Экспозициясы: Тарихқа көз жүгірту.

1.Құлдықта қалған тұтқындардың күні.

2.Аңызға айналған Ана-Бейіт зираты.

3.Ең ауыр жаза.

4.Ананың өз-өзімен сырласуы.

5.Тарихқа көз жүгірту.

ІІ.Басталуы: Саудагерлердің дастархан басындағы әңгімесі.

ІІІ.Дамуы: Найман-Ананың Сарыөзекке аттануы.

IV.Шарықтау шегі: Өз анасын танымаған жас жауынгер.

V.шешімі: Найман-Ананың өз баласының қолынан мерт болуы.

Қосымша қойылатын сұрақтар:

1.Сарыөзекті картадан көрсет.

2.Ананың маналогы мәтіннің қай бөлімінде кездеседі?

3.Жуан-жуандар деген кімдер? Олар туралы тарихтан не білесің?

4Ақ інгенді, Найман-Ананы суреттеген жерін мәтіннен тауып оқып бер.

5.Қожа Ахмет Иассауи және Түркістан қаласы туралы не білесің?

6.Жоламанның бейнесін тауып оқып бер.

7.Жазушы жуан-жуандардың бейнесін қалай көрсеткен?

ІІ тур. Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың танымдылығын және тіл байлығын дамыту мақсатында сұрақтар берілген карточкалар үлестіру.Әр топ мүшелері ақылдаса отырып,араларындағы жетекші оқушы жауап береді.Сол оқушының жауабына қарай,топтағы әр оқушыға да баға қойылады.

1 карточка

Ана-Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады?



Тапсырма: Мәтіннің мазмұнына жүгіне отырып жауап беру.

2 карточка

Мәңгүрт ұлын іздеп келе жатқан ана қандай психологиялық күйде болды?

Тапсырма: Мәтіннен тауып бер.

3 карточка

Жауыздыққа,оның асқан түрлі адамды ақыл-естен айыруға сендердің көзқарастарың қандай?

Тапсырма: Өзіндік ойын,пікірін айту.

4 карточка

Баласы тірі болса да ана не үшін жоқтау жырын айтты? «Жоқтау» туралы не білесің?

Тапсырма: ұлттық салт-дәстүр негізінде жауап беру.

5 карточка

Романдағы «Мәңгүрт» сөзінің астары неде деп білесіңдер? Қазіргі заманның «мәңгүрттері» деп қандай адамды айтуға болады?Найман-Анадағы мәңгүрттің олардан айырмашылығы неде?

Тапсырма: Өмірмен байланыстырып өз ойыңды айт.

ІІІ тур.Оқыта үйрету ойыны.

Оқушыларды сергіте отырып,сабақты бекіту мақсатында ойындар жүргізу.

«Мәтінді оқыта үйрету» ойыны.

а) Әр топ келесі топқа өздерінің оқыған бөлімдері бойынша ең қиын сұрақ құрайды.Оған келесі топ жауап береді.Сұрақ қойған топ қарсыласының жауабын өздері бағалайды.

ә) «Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны.

Әр топ өздерінің оқыған бөліктеріне конспект жасайды.Бірақ бірде-бір сөздер мен сөйлемдер пайдаланылмайды.Тек қана суреттермен немесе шартты белгілермен ойымызды жеткіземіз.Ал келесі топ соны түсініп оқып шығуы керек.Қарсыласын өздері бағалайды.

б) Найман-Ана мен баласының арасындағы кездесуді сахналандыру.

Мәтіннің сюжетімен толық танысқан оқушылардың арасынан қалаған екі оқушыны шығарып көрініс көрсеткізу.



  1. Қорытынды бөлім.

а) Мұғалімнің сабақты қорыту сөзі

ә) Оқушылардың білімін бағалау.

Сарапшылар «бағалау парағын» пайдалана отырып,оқушылардың жинаған ұпайларына қарай білімдерін бағалайды.

б) Үйге тапсырма: «Боранды бекет» романының кез келген өзіңе ұнаған бөліміне шағын сценарий жазып келу


Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Мақтымқұлы Фраги

(1733-1772)

Сабақтың мақсаты:

а) Әлем әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;

ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мақтымқұлы 1733 жылы Геркез ауылында дүниеге келген.



Венн диаграммасы: Ривера мен Дэниге салыстырмалы мінездеме беріңдер.









Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Шығармадан қандай ой түйуге болады?

  2. Ривераның намысын жанап, қажырын күшейткен қандай күш?

  3. Қазақ әдебиетінде спорт тақырыбына жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Джек Лондонның «Мексика ұлы» әңгімесін оқып,мазмұндап келуге беремін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет