Ѕл-Фарабидіњ математикалыќ трактаттарын зерттеу



бет1/5
Дата02.01.2022
өлшемі90.82 Kb.
#11114
  1   2   3   4   5

Әл-Фарабидің математикалық трактаттарын зерттеу

Рахтаев Е.Е. Отарбаев А.Ж.

9А, ДБМ «Мұрагер», Қарғанды қ.

мұғ. Сартаева Д.Қ.
Кіріспе

Маңыздылығы. IX-XV ғасырларда Шығыста математиканың қарқынды дамуы Европадағы қайта құру дәуіріндегі математика ғылымдары үшін дайындық болды. Еуропадағы қайта өрлеу дәуірінде Шығыс ғалымдарының алатын орны ерекше.

Сол заманнан шыққан ғалымдардың ерекше дарынды, әлемге танылған, көптеген ғылыми еңбектер жазып, әлемге әйгілі болған Әбу Нәсір әл – Фараби. Бір өкініштісі әл – Фарабидің көптеген еңбектері бізге жетпеді.

Осы кезге дейін оқулықтарда, тарихи энциклопедияларда, геометрия мен тригонометрия тек Грецияда дамыды және оның дамуына үнді математиктері үлес қосып, араб, өзбек математиктері де зерттеумен айналысты деп жазылған. Бір өкініштісі – математикада көптеген жаңалықтар ашып, синус, косинус, тангенс, котангенс функцияларын математикаға ең алғаш енгізіп, зерттеген қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстың екінші Аристотелі - Әбу Нәсір әл – Фарабидің есімі математик ретінде аталмауы.

Әл – Фарабидің математикалық трактаттары 1950 – 1960 жылдары Еуропа мемлекеттерінің архивтерінен ғана табылып, академик А.Машанов, профессор А.Көбесов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жарық көріп, көпшілікке таныла бастады. Бірақ та математикалық оқулықтарда оның ашқан математикалық жаңалықтарына, әсіресе «Математикалық трактатына» ешқандай сілтемелер жасалынбады.

Осы кезге дейін А. Көбесовтің 1960 жылдары «Білім және еңбек» журналында жарияланған мақалалары, «Математическое наследие Аль – Фараби» т.б. еңбектері жарық көрсе де, мектеп курсында оқушыларға Әбу Нәсір әл – Фарабидің математикада, оның ішінде геометрия мен тригонометрияда алатын орны туралы оқушылар түгіл, мұғалімдер де ешнәрсе айта алмайды. Қорыта айтқанда, ғылыми жобаның маңыздылығы:

1) «Математикалық трактаттардағы» әл-Фарабидің еңбектерін көпшілікке, ең болмағанда, мектеп оқушыларына насихаттау;

2) Мектеп математикасында тригонометрияны оқу барысында әл-Фарабидің математикалық трактаттарына сілтемелер жасау;

3) Геометриялық салу сабағында әл-Фарабидің идеяларын ұтымды пайдалана білу қажеттілігі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет