Алматыда кешке кешкі уақыттан бастап жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты. Салдарынан ери жауған қарды көтере алмаған ағаш тұрақта тұрған 7 көлікті басып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға көліктерін ағаш астында қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ тұрғындарға бүгін таулы аймаққа бармауды ескертті. Өйткені 13 ақпанда жел екпіні 15-22 метрге дейін жетеді деді.

Ауа райының қолайсыздығынан әуе рейістері де белгіленген уақытынан кешігіп жатыр. 

Мәселен, Алматы әуежайына ондаған рейс ұшып шыға алмай уақытынын кешігуде. Ұшақтардың келу уақытында да кідіріс байқалады. Бірақ әуежай тарапы бұл рейстердің уақыты ауа райымен байланысты емес деп түсіндірді. Ұйым Алматы халықаралық әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр деп ресми хабарлама таратты.

Бұған дейін Ақтөбе облысында еріген су республикалық маңызы бар тас жолды басып қалған еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.