Аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Абай Жалал Octagon 55 турнирінде жеңілмеген әзірбайжандыққа қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: abay_zhalal Instagram парақшасынан алынды

ММА-ден жас талантты спортшы Абай Жалал 16 ақпан күні Octagon 55 турнирінде жеңілмеген Мехеммед Исмаиловқа (3-0 ) қарсы жұдырықтасады. 61 келіде сынға түсетін Абай үшін бұл кәсіби мансабындағы төртінші жекпе-жек болмақ. Ол осы уақытқа дейін Octagon тұжырымында 3 жекпе-жек өткізіп, барлығында уақытынан бұрын жеңіске жеткен еді. 

  • Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды
  • Елена Рыбакина Australian Open чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін алғашқы кездесуін жеңіспен бастады

Айта кетейік, Абай Жалал Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан сияқты саңлақтарды жаттықтыратын Дәнеш Дүнгенбаевтың қол астында дайындалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзірбайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасында Еуропа чемпионаты өткені туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.