Шымкент соты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін айыпты деп таныды. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі хабарлайды. 

 

Фото: Otyrar.kz

Қоқанбаевқа 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.

"Естеріңізге сала кетейік, бірінші сатыдағы сот мегаполистің әлеуметтік маңызды бағыттарында жолаушылар тасымалына субсидиялауға жәрдемдесу үшін ЖШС өкілінен 13 миллион теңге алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қоқанбаевты ұстаған", – деп жазады басылым.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.