Баланы ұрған әйелдің мекемеде аспаз болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба көпшіліктің ашуын туғызды.

“Бұл – Түркістандағы балабақша. Баланың балабақшаға барып жүргеніне бар-жоғы екі күн болған. Үйренісе қоймағаны анық. Бала жылаған шығар. Бірақ бұл оны ұрып-соғуға себеп емес. Аспаз әйел баланы соққыға жыққан. Онда балаға қарайтын тәрбиешілер мен күтушілер қайда қарап отыр”, – деп жазба қалдырды видео авторы. 

  • Атыраудағы балабақшада жарғанаттар табылды
  • Атырауда балабақша қызметкерлері жұмыс орнын ішімдік ішетін жерге айналдырған

Басылым журналистері болған жағдайға қатысты Түркістан облысы әкімдігінен пікір білдіруді өтінді. Алайда әкімдіктегілерден әзірге жауап келген жоқ.

Бұған дейін Алматыдағы балабақша тәрбиеленушілері қатарластарын соққыға жыққаны туралы жазған едік.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.