Лекция: 15 сағат СӨЖ: 15 обсөЖ: 15 Барлық сағат: 45. Сынақ: Емтихан: Ағымдағы бақылау саны:



жүктеу 0.94 Mb.
бет1/5
Дата13.10.2017
өлшемі0.94 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5




Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

“Сырдария” университеті



“Педагогика” факультеті


“Педагогика және психология” кафедрасы

С И Л Л А Б У С




Кредит 1

“Психология” пәні бойынша

522500 “Қаржылар”, 520800 “Экономика”, 522400 “Есеп және аудит”

мамандықтарының студенттері үшін


1-кредит

І-бөлім


Оқу түрі: күндізгі.

Курс: 1,І-семестр, 3 кредит

Лекция: 15 сағат

СӨЖ: 15


ОБСӨЖ: 15

Барлық сағат: 45.

Сынақ:

Емтихан:


Ағымдағы бақылау саны: (кредит бойынша) 1

Барлық ұпай: 100 (кредитке).

Жетісай 2004 ж.

Құрастырған: оқытушы Ташкенбаева С. М.

Оқу- әдістемелік кешені

Психология пәні бойынша


522500 “Қаржылар”, 520800 “Экономика”, 522400 “Есеп және аудит”

мамандықтарының студенттері үшін әзірленген.


Оқу - әдістемелік кешені типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.


Типтік бағдарламаның индексі:

Оқу - әдістемелік кешені кафедра мәжілісінде талқыланған

№ Хаттама__________ “____________” 2004ж

Кафедра маңгерушісі _____________

Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған


№ Хаттама__________ “____________” 2004ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы________________________


Факультет Кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама__________ “____________” 2004ж

Факультет Кеңесінің төрағасы_________________________


522500, 520800, 522400 – мамандарын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісімен _____________________________

Мазмұны


1. Абстракт...................................................................

2. Куртың мақсаты......................................................

3. Курстың міндеті.......................................................

4. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме..........................

5. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет....

6. Студентке арналған ережелер.................................

7. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөлінуі...........................................................

8. Лекция сабақтарының жоспары, мазмұны.............

9. СӨЖ – жоспары, мазмұны.......................................

10. ОБСӨЖ – сабақтарының жоспары, мазмұны.......

11. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері:

а) тестілік сауалнамалар

б) жазбаша жоспар жұмысы

в) коллоквиумдар

г) сөзжұмбақтар

д) т. Б.

12. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік

бақылау жүйесі.......................................................

13. Пән бойынша оқу процесінің картасы..................



  1. Абстракт

Оқу - әдістемелік кешені - психология дисциплинасы бойынша - 522500 “Қаржылар”, 520800 “Экономика”, 522400 “Есеп және аудит” мамандарын дайындауға арналып, барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдардан құралып, осы курс бойынша дәріс беруші мұғалімнің жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Білім беруде кредиттік технологияны пайдалана отырыа, барлық құжаттарды бір жүйеге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген:

ПС – практикалық сабақтар, ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттердің өзіндік жұмысы, СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқытудың мұндай бағдарламасы (SYLLABUS), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себін тигізеді деп күтілуде.

СӨЖ-де зерттеліп отырған материалды студент өз бетімен меңгеруі мен үйге берілген тапсырманы орындау көзделеді: ОБСӨЖ - материалды сабақ үстінде мұғалімнің көмегімен оқып меңгеру (office hours). Оқу материалы барлық оқыту формаларының өрімделуі мен ерекшеленеді.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыптан қарастырылуда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдармен терминдерді енгізеді.

Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысынын барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.



2.Мақсаты: Жан қуаттарының пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын білу, психология ерте замандардан бері дамып келе жатқан білім салаларының бірі екенімен танысу, жан қуаттарының топтастырылуын үйрену, жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеу психикалық әрекетті бейнелеу теориясы негізінде түсіну, жанды зерттеу әдістерін үйрену, жантану ғылымының салалары мен тармақтарын білу, жантану тарихына қысқаша шолу жасау, Қазақстанда жантану ғылымының даму жолын зерттеу, психика және сана туралы, жануарлар психикасының түрлері мен ерекшеліктерімен танысу. Жеке тұлға мен оның қарым-қатынасындағы ерекшеліктерді білу.

3. Міндеттері:

  1. Жантану ғылымының оқыту пәні бойынша, олардың салалары мен тармақтарын, әртүрлі зерттеу мақсаттарын, әдістерін оқып үйрену.

  2. Жантану ғылымы – адамның ішкі жан дүниесін зерттейтін ғылым екендігі туралы түсініктерін қалыптастыру.

  3. Жантану ғылымының даму жолдарын білу.

4. Жеке тұлға мен оның қарым-қатынасы туралы білімдерді қалыптастыру.

4.Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.

Кредит саны



Жалпы сағат саны

Оның ішінде



Семинар

Қорытынды

бақылау


Лекция

СӨЖ

ОБСӨЖ

1 семетр

Емтихан


3

135

45

45

45

№1 кредит

45

15

15

15

№2 кредит

45

15

15

15

№3 кредит

45

15

15

15

5. Оқу сабақтарының құрылымы:

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен

жұмыс істеуі кажет

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды

орындайды, өз бетімен меңгереді.



ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды

сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа

сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

6. Студентке арналған ережелер (Rules):


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды

өшіріп қою керек.

3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа

анықтама әкелу керек.

5.Жіберілген сабақтар күнделіктіоқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.



6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырыбы бойынша бөліну кестесі.

І кредит



Лекция тақырыбы

СӨЖ

ОБСӨЖ

1.

Кіріспе. Жантану ғылымы және оның міндеттері мен маңызы

1

1

2.

Жанды зерттеу әдістері

1

1

3.

Жан тану салалары

1

1

4.

Жантанудың даму тарихы туралы мәліметтер.

1

1

5.

Жантанудың дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.

1

1

6.

Жан мен тән (Ми және психика)

1

1

7.

Психика және сана.

1

1

8.

Жеке тұлға.

1

1

9.

Іс-әрекет

1

1

10.

Дағды, икем, әдет.

1

1

11.

Қарым-қатынас

1

1

12.

Адами ортақтасудың жалпы сипаттамсы.

1

1

13.

Тулғааралық ортақтасу түрлері.

1

1

14.

Ортақтасудың коммуникациялық жағының сипаттамасы

1

1

15.

Ортақтасу барысындағы ақпарат алысу деңгейлері.

1

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті


“Педагогика” факультеті

“Педагогика және психология” кафедрасы


“Психология” пәні бойынша

522500 “Қаржылар”, 520800 “Экономика”, 522400 “Есеп және аудит”

мамандықтарының студенттері үшін



Лекцияның қысқаша курсы


Жетісай 2004 ж.



Лекция сабақтарының жоспары


  1. тақырып.

Жантану ғылымы және оның міндеттері мен маңызы
Қарастырылатын мәселелер:

1. Жантанудың ғылым ретіндегі анықтамасы.

2. Жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсіну.

3. Жан қуаттарының топтастырылуы.

4. Жантануды оқып – үйренудің маңызы.
Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б) көпшілігімізге өз тәжірибиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – “псюхе” (жан), екінші – “логос” (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.

Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көз қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамзат тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының ,сезімінің, еркінің) иесі де себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуынада алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.

Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде

яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірімен байланысын дұрыс ажырата-алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететіні, мәнгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың натижесі еді.

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б) аралас дамып келді.

ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылысьарын (түйсік, ес, ойлау, қиял, т.б) тәжіребие жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибиелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұнғыш енгізген неміс ғұламасы В. Вундт болды.

Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.

Осы қисынның іргетасы Әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған. Әл-Фараби “Философиялық трактактар”. Алматы ғылым 1973, 301-бет. Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде, мида, түйсік, қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп атайды.

Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер сәулеленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз, ал егер затты алып кетсек оның суретінің де айна бетінен жоғалып кететіні мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес яғни сыртқы орта әсер етпейінше мида еш қандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейнеде адам миындағы бейнеде “бейнелену” деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле “жансыз” сәуле болып табылады. Ал адам миындағы пайда болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі соңғы бейне өте күрделі, ол жүйке процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелігі – сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Бейнеленудің осы бір түрі ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесінде адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.

Айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүзеге асады. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, оның бейнеленуі ұғым, пікір, ой қорытындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттену негізінде, әртүрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелену – заттың миға әсер етуінен ғана болатын бір жақты процесс емес, субъект (адам) пен объектінің (сыртқы орта) өзара байланысының нәтижесі. Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама-шарқынша өңдеп, саналы түрде бейнелейді. Бейнелену ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады. Ғылыми түсінік бойынша, психика, сана зат емес, оны көруге де, суретін түсіріп алуға да болмайды. Сана - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Ол материалдық бейне емес, идеалдық бейне. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның басында, жүйке жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.

Жан қуаттарының күрделі ағымын аңғару үшін алдымен оларды белгілі топтарға жіктеуіміз керек. Мұны жан қуаттарының топтастырылуы деп атайды. Бұл топтастыру бойынша, психика бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі психикалық процестер деп аталса, екіншілері психикалық қалып, үшіншілері психикалық қасиеттер деп аталынады. Жан қуаттарының кейбірі (түйсік, қабылдау, елестеу, т. б) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып білуде, енді біреулері (ойлау, қиял т.б) бұлардың арасындағы күрделі байланыстарды, дәнекерлі қатынастарды, өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы дүние мен (объективтік шындықпен) үздіксіз қатынастағы белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері шешуші қызмет атқарады.

Психикалық кейіп (немесе қалып) адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, үрейлену, абыржу, сергектік, белсенділік т. б) тұрақты компоненттері. Жан қуаттарының осы екінші тобы ғылымда әлі де болса толық зерттелінбеген.

Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында адамның өскен ортасымен қатар, оның кейбір таптық, ұлттық, жас өзгешілік, мамандық ерекшеліктері де бірсыдырғы орын алады.

Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері. Бұлардың түрлері көп. Аспанда жұлдыздар жымыңдап, бір өшіп, бір жанып тұр. Оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып өскен лебі денеге тиеді, шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады, жас жусанның исі мұрын жарып тұр, кейде әлсін - әлі құрбақа бақылдайды. Осындайларды адам түйсік, қабылдау деп аталатын процестері арқылы сезінеді. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке саналары сәулеленетін болса, қабылдауда олар тұтастай, біріккен сапаларымен бейнеленеді.
2-тақырып
Жанды зерттеу әдістері.
Қарастырылатын мәселелер:

1.Байқау әдісі.

2.Тәжірибе (эксперимент) әдісі.

3.Әңгімелеу әдісі.

4.Сауалнама (анкеттік) әдісі.

5.Тест (сынақ, сынау) әдісі.


Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқвн. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс - әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.

Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады. Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдісі жатады.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай–ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез – құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай – ақ адамның ерік күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін обьектіні суретке түсіру үшін – фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т.б. пайдаланылады.

Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:


  1. Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;

  2. Зерттелетін обьектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау обьектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ, мақсатымыз – оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;

  3. Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқиятталдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.


Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет