Лекция 30 сағат Практикалық сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45сағат Барлық сағат саны 135 сағат



жүктеу 2.45 Mb.
бет2/22
Дата19.09.2017
өлшемі2.45 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

«Химия және биология» факультеті

«Биология» кафедрасы.

“Өсімдіктер, жануарлар, адамдар экологиясы” пәні бойынша «Биология»мамандықтарының

студенттері үшін.

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ.

Жетісай 2008ж



9. Лекция сабақтары
Лекция № 1

Тақырыбы : Экология пәніне кіріспе



Лекцияның жоспары:

  1. Жалпы экология негіздері

  2. Экология пәні, оның мақсаты

  3. Экология пәнінің бөлімдері

  4. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы


Лекция мәтіні: Экология – сөзбе-сөз аударғанда – тіршілік мекені туралы ғылым.

Экология – организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейді.

“Экология” терминін 1866 жылы неміс биологы (зоолог, эволюция туралы зерттеуші), Ч.Дарвиннің ілімін жалғастырушы Эрнест Геккель ұсынған болатын. Ол былай деп жазған “Экология деп... біз жануарлардың оны қоршаған органикалық және органикалық емес ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз”.

Организмдердің тіршілік ортасымен қарым-қатынасын басқа ғылымдар да зерттейді. Мысалы, биология ғылымының бөлімдері өсімдік немесе жануарлар физиологиясы – сыртқы әсерге организмдердің реакциясын; этология-туралы ғылым-организмдер мен ортаның қарым-қатынасын; эволюциялық теория-әр түрлі компоненттердің әсерін таңдап алу факторы ретінде қарастырып зерттейді.

Экологияның мақсаттары:


  1. тірі организмдердің кеңістікте орналасуын зерттеу;

  2. организмдердің санының өзгеруін зерттеу;

  3. тірі организмдердің қатысуымен өтетін тірі жүйелер арқылы энергия ағымын, заттар айналымының заңдылықтарын зерттеу;

  4. тірі организмдердің санын реттеу;

  5. биологиялық ресурстарды пайдаланудың ғылыми негізін құру;

  6. табиғи орталардың ластануын және жағдайын экологиялық индикациялау

Экологияның бөлімдері. Табиғатта организмдер бір-бірімен байланыспай тіршілік етпейді. Жеке организмдердің (особи) бір түрлері популяция құрайды. Популяция – бір түрге жататын организмдер тобы, ал олар бір территорияда орналасып бір – бірімен еркін қарым-қатынаста болады. Әр түрлі популяциялар белгілі бір учаскелерде орналасып (мысалы, орман, көл) қауымдастық (бірлестік) құрайды. Қауымдастық өзі қарым-қатынаста болатын тірі емес ортаның компоненттерімен бірге (сәуле, топырақ, су) экожүйе құрайды. Көптеген әдебиеттерде В.Н.Сукачев енгізген биогеоценоз ұғымы таралған. Биогеоценоз-жер бетінің белгілі бір танабына қатысты қарастырылатын биогеоценоз бен биотоптың біртұтастығы. Ал экожүйе одан көлемді ұғым.

Бір түрге жататын дара (жеке) организмінің немесе организмдер тобының қоршаған орта жағдайларымен қарым-қатынасын зерттейтін экологияның негізгі бөлімі – аутэкология түрдің экожүйедегі орны мен маңызын, түр тіршілігінің экожүйе құрамына кіретін өзге түрлермен байланыстарды анықтайды.

Популяциялық экология – демэкология. Жекелеген түрлер популяцияларының құрылымы мен динамикасын зерттеумен айналысады. Оны аутэкологияның арнайы бөлімі деп қарауға болады. Организмдер санының реттелу механизмдері, түрлердің оптималды тығыздығы байланысты.

Синэкология - экологияның негізгі бөлігі. Ол бір-бірімен және органикалық емес тіршілік ортасымен тығыз қарым-қатынастағы өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің қауымдастықтары туралы ілім. Бұл экожүйелер туралы ғылым деп айтуға болады. Оны құрлық биоценоздарына қатысты биогеоценология д .а.

Қауымдастық орналасқан табиғи тірі кеңістік - биотоп. Биотоп қауымдастықпен бірге жоғарыда айтылған экожүйе құрайды. Онда ұзақ уақыт табиғаттың тірі және тірі емес элементтер арасында тұрақты қарым-қатынас қалыптасады. Экожүйелер шекаралық бөлінуі мүмкін, бірақ көбінесе шекара белгіленбейді. Жер бетінің ең үлкен экожүйесі-биосфера.

Биосфераны зерттеумен - глобальдік экология шұғылданады.

Экология биология ғылымдарына жатады, сондықтан негізі биологиямен тығыз байланысты екені айқын. Сонымен қатар басқа да табиғаттану ғылымдарымен байланысты. Мысалы, химия, физика, география, математика, геология, гидрология, топырақтану. Экологияның аутэкология бөлімі – физиология, этиологиямен байланысты болса, синэкология – геология, физика, топырақтану ғылымдардың зерттейтін проблемаларына жақын мәселелермен шұғылданады. Демэкология – популяциялық генетика әдістерін қолданады. Экология организмдердің таралу заңдылықтарын да зерттейтін ғылым. Бұл жағынан ол биогеографиямен тығыз байланысты. Бірақта ең нағыз байланыс – экология мен эволюциялық теорияның арасында.


Бақылау сұрақтары:

  1. Экология негіздері

  2. Экологияның қолданбалы аспектілері

  3. Аутэкология дегеніміз не

  4. Синэкология дегеніміз не

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006



Лекция № 2

Тақырыбы : Биологиялық жүйелердің экологиялық негіздері



Лекцияның жоспары:

  1. Ағзалар экологиясы (аутэкология)

  2. Популяциялар экологиясы (демэкология)

  3. Бірлестіктер экологиясы (синэкология)

  4. Биосфера – ғаламдық экожүйе


Лекция мәтіні: Жеке организмдер экологиясы (аутэкология). Биологиялық жүйе ретінде аутэкология жекеленген дара организмді – жануар, өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарым – қатынасын зерттейді.

Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз Жерде пайда болған табиғи орта мен адам қолымен жасалған техногенді орта кіреді.

Қоршаған ортаға бұл организмді қоршап жатқан, оның жағдайына, тіршілік қызметіне тікелей, не жанама әсер ететін нәрселердің барлығы жатады.

Тірі организмге әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар д.а. экологиялық факторлар организмдер мекендейтін ортасының жағдайын анықтайды.

Кез келген организмге қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктелу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөледі.

Абиотикалық факторлар – бұл тірі организмге әсер ететін қоршаған орта жағдайларының тірі емес компоненттері (температура, қысым, радиациялық фон, ылғалдық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы).

Биотикалық факторлар – бір организмдердің тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм).

Антропогенді факторлар – адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы).

Демэкологияның, яғни популяциялық экологияның зерттеу обьектісі популяция болып табылады. Тірі организм мен қоршаған ортаның арақатынасын, олардың эволюциясы мен биосферадағы орнын терең түсініп білу үшін, сонымен қатар табиғат күштерін дұрыс игеру үшін популяция туралы түсінік өте қажет.

Жеке организмдер өздерінің түрлерінің таралу ареалында біркелкі таралмайды. Олардың тығыз таралған учаскелермен қатар, сирек таралғандары да болады. Осындай тығыз мекендеген түрлердің “жиынтығын” популяциялар дейді.

Популяция – нақтылы кеңістікті алып жатқан бір түрге жататын организмдер тобы .

Түр – жалпы морфофизиологиялық, биохимиялық және тәртіптік көрсеткіштермен сипатталатын жеке организмдер тобы.

Популяциялардың алып жатқан территориясының көлеміне байланысты элементарлық, экологиялық және географиялық популяциялар бөлінеді.



Элементарлық популяция - біртекті кішкене учаскені алып жатқан бір түрдің жиынтығы. Экожүйеде біртекті жағдай көбейген сайын, элементарлық популяциялар аз болады.

Экологиялық популяция - элементарлық популяциялардың жиынтығы, яғни нақты биоценозға қатысты түрлер арасындағы топтар. Мекен ететін ортаға байланысты шыршалы, қайынды т.б. популяциялар д.а.

Географиялық популяциялар - экологиялық популяциялардан тұрады және географиялық біркелкі жағдайда тіршілік ететін организмдердің тобын қамтиды. Әр популяциялардың мынандай қасиеттері бар: бірнеше ұрпақта болуы; еркін шағылсуы; популяциялардың бөлектену деңгейі.

Популяциялардың белгілі экологиялық сипаттамалары бар. Ол сипаттамаларды 2 типке бөледі. Статикалық сипаттамасы: өздерінің ерекше мекені, нақтылы генофонд, жастық құрылымы, саны, тығыздығы, биомассасы. Динамикалық сипаттамасы – туылымы, өлімі, өсу жылдамдығы, тірі қалу қабілеті.

Синэкология (бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының ассоциацияларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі.

Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы халықаралық ботаникалық конгресте бөлініп шықты. Бұл ұғымды ғылымға енгізген К.Шретер болып есептеледі (швейцар ботанигі).

Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен – бірлестіктер немесе биоценоздар түзіледі.

Биоценоз (өмір+жалпы ортақ) – қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. “Биоценоз” ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К.Мебиус ұсынды. Биоценоз өмір сүретін орын – биотоп.

Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеоценозды түзеді. Биогеоценоз ұғымын 1940 жылы В.Н.Сукачев ұсынған.

В.Н.Сукачев (1880-197) биогеценозға мынандай анықтама берген – “жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компонеттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама – қайшылықты бір тұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық”.

Биогеоценоз ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А.Тенсли ұсынған экожүйе деген ұғымына жақын.

Экожүйе дегеніміз – зат, энергия, ақпараттар алмасу нәтижесінде бір тұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір – біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.

Экожүйелердің жіктелуі функционалдық және құрылымдық белгілері бойынша ерекшеленеді. Функционалдық жіктелуі экожүйеге келіп түсетін энергия көзі, мөлшері және сапасына негізделген.

Тірі организмдер қоршаған ортамен тығыз қарым – қатынаста екені ертеден белгілі болды. Биосфера туралы түсінік голланд ғалымдары Б.Варениус және Х.Гойгенс, француз табиғаттанушысы Ж.Бюффон еңбектерінде кездеседі. Француз табиғаттанушысы Ж.Кювье тірі организмдер тек қана сыртқы ортамен заттар алмасу арқылы тіршілік етеді деп есептеген. Биосфера туралы ілімнің басталуын “биология” терминін енгізген француз табиғаттанушысы Ж.Б.Ламарк (1744-1829) есіммен байланыстырады. Бірақ биосфера деген терминді 1875 жылы Альпі геогологиясы туралы еңбегінде алғашқы ұсынған австрия ғалымы Э.Зюсс. Бірақ ол биосфера түсінігінің мазмұнының айтпаған. Биосфера туралы ілімнің ғылыми негізін қалаушы В.И.Вернадский болды.

Владимир Иванович Вернадский – дарынды орыс ғалымы, 1863 жылы Петербургта туған. Өте эрудициялы, Жер ғылымдар саласында ірі маман болған. Бірнеше ғылымдардың негізін қалаған. Ол Петербург университетінің физика – математикалық факультетін бітірген. 1926 жылы “Биосфера” деген кітабы шықты, онда Вернадский биосфера туралы ілімнің негізгі қағидаларын айтады. Вернадский биосфераның үш геологиялық сферамен (литосфера, гидросфера, атмосфера) шектескен тіршілік тараған Жердің жұқа қабаты екенің айтты. Атмосферада ол 16-20 км шейін таралып, озон қабатымен шектеледі. Гидросферада ең терең қабатына шейін (Тынық Мұхиты, Мариан нүктесі 11 км), ал литосферада 3 км тереңдікке дейін таралған. Биосфераның негізгі ерекшелігі – онда тірі заттың болуы. Биосферада тірі организмдер арқасында үздіксіз заттар айналымы өтеді. Бірақ биосфераға энергия сырттан келетін болғандықтан ол ашық жүйе. Биосфераның шекарасы тіршілік шекарасы. Қазіргі тірі затты жер бетінде біркелкі етіп таратса, оның қалыңдығы небары 2 см. Бірақта оның ролі тіршілік жағдайын қалыптастыруда шексіз. Вернадский тірі заттың осы планетарлық ролін, олардың көбею қабілетімен, сол арқылы заттар айналымын белсенді қамтамасыз етуімен түсіндіреді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Экологиялық факторлардың жіктелуі

  2. Абиотикалық факторлардың әсерінің жалпы заңдылықтары

  3. Негізгі тіршілік орталары

  4. Популяцияның негізгі қасиеттері

  5. Биотикалық факторлар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет