Лекция 30 сағат Практикалық сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45сағат Барлық сағат саны 135 сағат



жүктеу 2.45 Mb.
бет3/22
Дата19.09.2017
өлшемі2.45 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 3

Тақырыбы : Адам экологиясының ғылыми анықтамасы, мақсаты мен

міндеттері, оның ғылым ретінде қалыптасуы

Лекцияның жоспары:


  1. Биосферадағы алғашқы шегіністер

  2. Адам экологиясының п.б., дамуы, және қазіргі кездегі жағдайы

  3. Адамзат баласының айналасын қоршаған сыртқы табиғи орта

  4. “Адам” – дегеніміз кімдер


Лекция мәтіні: Адамзат баласы жер бетіне алғашқы қадамынан бастап, биосферамен тығыз байланыста. Адамзат баласы өзі өмір сүретін биосфераға басқа биологиялық түрлерге қарағанда, әлде қайда артық экологиялық өзгерістер енгізгені белглі. Алғашында адамзат баласы жануарларға ұқсас биосфераның біртұтас бөлігі еді. Ол кезде оның көбеюі, өсіп - өнуі, таралуы толығымен айналаны қоршаған сыртқы табиғи ортаның экологиялық жағдайларына тәуелді болатын. Ұзақ уақыт бойы адамзат баласының биосфераға тигізетін әсері, негізінен алғанда халық санының аздығына және ғылым мен техниканың нашар дамуына байланысты тежеліп келді. Соның өзінде де адам баласы көлемді ықпал жасап үлгерді. Биосфераны алғаш танығаннан бастап – ақ, адамдар организмдердің тіршілігі үшін мекен ететін ортаның мәннің зор екенін ескеру керектігіне мәжбүр болды.

Адам экологиясын зерттеу 1960 жылдан басталды. Өткені адамзат баласының іс - әрекетінен айналасын қоршаған сыртқы табиғи орта арасы зор өзгеріске түсіп, олардың ара қатынасы өте үлкен шиленіске ұшыраған еді.

Басқада жаратылыстану ғылымдары сияқты адам экологиясының өзіндік пайда болу және даму тарихы бар. Жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруі, көбеюі және даму тарихы бар. Жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруі, көбеюі және таралуы айналаны қоршаған сыртқы табиғи ортамен тығыз байланыста болатындығы туралы деректер көбейе бастады. Осындай қарапайым деректерді қорытындылау және оны бір жүйеге келтіру әрекеттерін көне замандағы философ Аристотельдің еңбектерінде жазылған.

Экология деген терминді ғылымға ең алғаш рет, 1866 жылы енгізген немістің биолог – зоолог ғалымы Эрнест Геккель (1834-1919) болды. Ол экологияға мынандай анықтама берді. “Экология – бұл табиғаттағы өзара барлық күрделі қарым – қатынас пен өзара байланысты зерттейтін ғылым”. Э.Геккель экологияны биологиялық және табиғат туралы ғылымдарға жатқызады. Экология өз бетінше ғылым болып 20 ғ. басында қалыптасты. ХХ ғасырда, оның дамуына үлкен үлес қосқандардың қатарына Климент Аркадьевич Тимирязев, Василий Васильевич Докучаев, Фредерик Клементс және Владимир Николаевич Сукачев жатады.

ХХ ғасырда Ұлы орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера туралы ілімнің негізін қалады. Ол біздің жер деп аталатын планетамызға биохимиялық процестердің тірі организмдердің қандай рөл атқаратының көрсетті.

Вернадскийдің айтуы бойынша “биосфера” дегеніміз – біздің тіршілік ететін жер бетіндегі тірі организмдердің тіршілік ететін шегі – деп атап көрсетті. Қазіргі кездегі көзқараспен айтқанда, биосфера деген үлкен бір экосистема, ондағы биологиялық тепе – тендік кең ауқымды зат алмасу арқылы сақталып отырады. Вернадский “биосфера” жаңа деңгейге көтеріле, яғни “ноосфераға” айналады – деді.

Биосферада болып жатқан көптеген биохимиялық процестерді зерттеуде экспериментальдық әдістердің де көмегі зор. Лабораторияларда жасалатын тәжрибелерде организмдерге түрлі жағдайлардың әсер етуі зерттеледі. Жасанды жағдайда организмдердің тұрған ортамен қатынысан зерттей отырып, биосферадағы болып жатқан биологиялық құбылыстарды зерттеуге болады.

Экология – биология, химия, геология, физика, математика, медицина, агрономия, архитектура ғылымдарымен тығыз байланысты.

Экологиялық – биологиялық орта-табиғаттың бір бөлігі. Ол тірі организмдердің айналасын қоршап тұрғандықтан олармен тығыз байланыста болады. Организмге әсерін тигізеді.

Біздің жер деп аталатын планетамызда организмдер негізгі төрт ортаны мекендейді: су, жер беті, топырақ қабаты және басқа организмдердің денелері.

Тигізетін әсеріне байланысты: абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлар болып бөлінеді.

Абиотикалық факторларға өлі табиғаттың әсері – жылу, жарық қысым, ылғалдық, желдің әсері жатады.

Биотикалық факторлараға – организмдердің бір – біріне әсері жатады, экологиялық жүйеге, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне және табиғат байлықтарына тигізетін әсері жатады. Адамзат баласының биосфераға әсері, әсіресе соңғы кездері ғылыми-техникалық дамудың өзгеруіне байланысты күшейіп отыр.

Экологиялық факторлар тірі организмдерге әр түрлі әсерін тигізеді. Клиамттың өзгеруі, құрғақшылық, орман өрттері әсерінен организмдер өзі тіршілік еткен жерлерінен басқа жерге кетуге мәжбүр болады. Сонымен қатар, кейбір организмдердің осы экологиялық жағдайлардың өзгеруіне бейімделіп басқадай биологиялық қабілеті п.б.

Қоршаған сыртқы табиғи ортадағы (топырақ, су, ауа, климат) өзгерістер, организмдер бейімделген шамадан асса онда экологиялық биосферадағы үйлесімдлік бұзылады. Ландшафта, әсіресе табиғи жағдайдың күрт өзгеруімен немесе адамның әрекеті негізінде бүкіл экожүйенің бұзылуынан, әйтпесе экологиялық тізбектің бр бөлігінің жоғалуынан ауыр қиыншылыққа ұшырайды. Оған мысал ретінде, Калимантан аралында безгек масаларына қарсы өте күшті улы химикат ДДТ-ны қолданған кезде, ол у масаларды, жәндіктерді қырып жойған. Бірақ, жәндіктермен бақалар, кесірткелер қоректенетіні белгілі еді. Ал кесірткелерді мысықтар аулап қоректенеді. Сонда уланған масалармен, тарақандармен кесірткелер қоректенген, кесірткелерді мысықтар жеп, уланып қырылған. Мұның өзі ол жерлерде егеуқұйрықтардың көбеюіне алып келген. Сонда у қоректік тізбек бойынша тарақан – кесіртке – мысық беріле отырып, ақырында мысықтар қырылған. Осы тепе – тендікті қалпына келтіру үшін аралға басқа жатқан мысықтар әкелініп, жіберілген. Биосферада барлық тірі организмдер бір – бірімен байланыста, үйлесімде тіршілік етеді. Осы биологиялық, экологиялық, тепе – тендік, үйлесімдлік бұзылса, оны қайта қалпына келтіру қиынға соғады. Адам баласының іс - әрекеті айналаны қоршаған ортаға кері әсер ете отырып, жалпы тіршілікке, адамзаттың өміріне қауіп төндіреді.

Адам дегеніміз – үш түрлі күрделі жүйелерден тұратын, жаратылыстың ең жоғары сатысындағы тіршілік иесі. Бірінші жүйе – анатомиялық құрылысы, екінші жүйе – Жандүниесі, үшінші жүйе – анатомия мен Жанның дұрыс тәрбиесінен жетілетін адамның Рух болып табылады. Міне, осы үш жүйенің тәрбиесі дұрысталмай, адамзат ұрпағының азып – тозуы еш уақытта тоқталар емес.

Анатомия мен Жанды бөліп қарауға келмейтн біртұтас жаратылыс болғандықтан, олардың бірінсіз – бірінің күні жоқ. Бұл философиялық мәні бар мәселе. Әйтсе де, олардың әрқайсысының өзіне тән тәрбие тәсілдері бар екенін ескермей болмайды. Өйткені, бұл тәрбие тәсілдері бірін – бірі алмастыра алмайтындығымен де құдыретті. Осы сәтте еріксіз мойындауға тура келетін бір жағдай, бүгінге дейін жан тәрбиесін жүргізбек түгіл, тіпті оның не екеніне де көңіл аудармай келдік.
Бақылау сұрақтары:


  1. Адамзат баласы биологиялық және әлеуметтік түр

  2. Жан дегеніміз не Оның нәрестелерге қатысы бар ма

  3. Түйсіктен тыс құбылыстар

  4. Адамзат баласының биологиялық дамуы

  5. Биосферадағы адамзат баласы санының өсуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет