Лекция 30 сағат Практикалық сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45сағат Барлық сағат саны 135 сағат



жүктеу 2.45 Mb.
бет7/22
Дата19.09.2017
өлшемі2.45 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 7

Тақырыбы : Тамақтанудың адам денсаулығына әсері



Лекцияның жоспары:

  1. Тамақтанудың адам денсаулығына әсері

  2. Тамақтың күн сайын пайдаланылатын мөлшері

  3. Ас тұзы


Лекция мәтіні: Организмнің қалыпты тіршілігі үшін тамақ керек екенін әрбір адамзат баласы біледі. Адам организміне әр уақытта да органикалық зат және энергия алмасу болып отырады. Организмге керекті энергия мен құрылыс материалдарының көзі болып тамақпен бірге айналаны қоршаған сыртқы табиғи ортадан түсетін түрлі қоректік заттар жатады. Егер ағзаға тамақ түспесе адам ашығады. Осы аштықтың өзі адамға, оның организміне қандай қоректік зат керектігін және оның мөлшерін айта алмайды. Біз күнделікті тұрмыста тәтті және тез дайындалатын тағамдарды пайдаланамыз, бірақ осы пайдаланған тамақтың пайдалылығы, қауіпсіздігі туралы ойланып қоймаймыз.

Дәрігерлердің айтуынша адамдардың денсаулығын сақтау, ересек адамдардың жұмыс істеу қабілеттілігін күшейту, ал балалардың организмінің дамуы мен өсуіне өте қажетті жағдай, ол тиімді тамақтану болып табылады.

Қалыпты өсіп даму, үшін және тіршілігін қолдау үшін оған белок, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералды тұздар керек.

Адамның дені сау болу үшін қырыққа жуық әр түрлі қоректік заттар керек. Оларға витаминдер, минералды тұздар, аминқышқылдары, негізгі май қышқылдары (өсімдік, жануар майлары) және энергия көздері (көмірсудан, белок пен майлардан алынатын калориялар). Міне, осы қоректік заттар күнделікті біз пайдаланып жүрген тамақтың құрамында болуы керек.

Көптеген тамақтың құрамында бірнеше қоректік заттар бар. Мысалы, сүттің құрамында басқа қоректік заттармен қатар белок, май, қант, рибофлавин және де басқа витаминдердің В группасы, А витамин, кальций мен фосфор бар.

Құрамында барлық қоректік заты бар тамақ кездеспейді. Сүттің құрамында мысалы, С витамині жетіспейді. Сондықтан да әр уақытта әр түрлі тамақты жеу керек.

Тамақ әр түрлі болса денсаулыққа қажетті қоректік затпен организм толық қамтамасыз етіледі. Сондықтан да күн сайынғы тамақ рационында жеміс – жидек, көкөніс, нан және астық тұқымдас өсімдіктердің өнімдері, ет, құс еті, жұмыртқа мен балық, кепкен бұршақ пен атбас бұршақ: қытай бұршағы, үрме бұршақ, жасымық сияқты өсімдік белогына бай заттар және сүт, ірімшік пен йогурт болуы керек.

Жеміс-жидек пен көкөністер әсіресе С мен А витаминдерінің көзі болып табылады. Нан тағамдарында В витамині, темір бар және ол энергия көзі болып есептелінеді. Еттің құрамында белок, май, темір және көптеген тиамин мен В12 витамині сияқты витаминдер бар.

Кальций мен қоректік заттардың негізгі көзі сүт тағамдары болып саналады.

Біз мынандай себептерден тамақтанамыз: өмір сүру үшін, өсу үшін, деніміз сау болуы үшін, энергия алып жұмыс істеп, дем алу үшін.

Сөйтіп қоректік заттарды біздің денсаулығымызды сақтау үшін керек. Бұл химиялық заттар бір-бірімен әрекеттесе отырып біздің организмде мынандай қызметтерді орындайды: организмдегі бұлшық ет пен сүйек ұлпаларының қызметіне қажетті құрылыс материалы болып табылады; организмнің зат алмасу процесіне қатысатын заттардың көзі; организм үшін энергияның көзі болып табылады.

Ас қорыту процесі кезінде қоректік заттар біз жеген тағамнан қорытылып, қоректік зат пен дем алған кездегі оттегі бүкіл денеге тарайды.

Әрбір топтағы тамақтың күн сайын қандай мөлшерде керек екенін мына кестеден көруге болады.

Тамақтардың топтары

Порция саны

Негізгі қоректік заттар

Негізгі қызметі

Көздері

Жеміс-жидек және көкөніс

5

Көмірсулар, витаминдер, минералды заттар

Энергияның көзі, зат алмасуды реттейді, сау терінің пайда болуына және көздің жақсы көруіне көмектеседі.

Барлық жеміс -жидек пен көкөніс

Нан және жарма құймақ, тамақтар

6-11

Көмірсулар, витаминдер, минералды заттар

Энергия көзі, дені сау жүйке жүйесінің п.б. себін тигізеді.

Сұлы ботқасы, күріш, ұннан жасалған тағамдар

Сүт

3

Кальций , А және В витаминдері

Тіс пен сүйектің өсуіне көмектеседі. Бұлшық етпен жүйке жүйесіне көмектеседі.

Сүт, балмұздақ, ірімшік, йогурт, сүзбе

Ет

2

Белок, темір

Бұлшық ет, қан, сүйек және тері ұлпасын қалпына балық келтіруге қатысады

Тауық, үндік еті, ет, бұршақ, жаңғақ майы


Осы бес топқа кірмейтін қосымша тағамдар да бар. Олар: тәтті сулар, конфеттер, қуырылған картоп. Бұл тағамдар біздің организмге ешқандай пайда келтірмейді, қайта керісінше зиян келтіреді.

Әрбір адам күн сайын көкөністің екі түрін тамаққа пайалануы керек. Оның бірі – адамды А витаминімен, екіншісі –С витаминімен қамтамасыз етуі керек. Ол витаминдер дені сау тері ұлпасының пайда болуына, өсуіне және түрлі жұқпалы аурулармен күресуге көмектеседі. С витамин жараның жазылуына себебін тигізеді, қан тамырлары мен қызыл иекті әлдендіріп, тіс пен сүйекке беріктік береді.

Әр тамақ рационында міндетті түрде клетчатка болуы қажет. Клетчатка тамақтың ішекте жылжуына себін тигізеді; ол қара нанда көп болады.

Енді, осы бес топқа кірмейтін тамақтың бірі – қантқа тоқталайық. Қант қоректік затқа жатпайды. Ол тіске зақым келтіріп, тістің кіреукесін бұзады. Қантты шамадан тыс көп пайдаланғанда, ол организмге май болып жиналады. Қант диабеті ауруы көбінесе, массасы ауыр толық адамдарда кездеседі. Мұндай аурулар жүрек ауруымен де ауырады.

Ас тұзы – тұздың құрамында натрий мен хлорид бар. Егер натрий адам организмінде көп болып кетсе, адамның қан қысымы көтеріледі.

Біздің күнделікті организмге қабылдайтын тамақтардың үлкен мәні бар екенін білдік. Міне, сондықтан да дұрыс тамақтануға да үлкен мән беру керек. Дұрыс тамақтанбаудың өзі диабет, семіздік, тіс кіреукесінің бұзылуы, қан қысымының ктерілуі, инсульт, қатерлі ісік сияқты ауруларға әкеліп соғады.

Тиімді тамақтану зат алмасу ауруларының ғана емес, басқадай аурулардан сақтайды. Ол тек алдын алып қана қоймайды, сонымен қатар кптеген ауруларды емдеу де үлкен мәні зор. Емдік тамақтандыру көптеген зат алмасу және асқазан, ішек ауруларын емдеудің міндетті бір ережесі болып саналады.

Кейбір синтетикалық дәрілік препараттар организмде аллергия сияқты ауруларды туғызады. Сондықтан да, ауруларды емдегенде осы емдік тамақтандыруды пайдаланған жөн.

Міне, сондықтан да бұрынғы заманнан бері адамдар көкөніс, жеміс-жидек, тұқымды, көк шөпті түрлі ауруларды емдеуге пайдаланған.

Көптеген азық – түлік тағамдарының бактерицидтік қасиеттері бар, олар түрлі микроорганизмдердің өсуі мен дамуын тоқтатады. Мысалы, алма шырыны стафилококктың дамуын тоқтатса, анардың шырыны сальмонелланың дамуын тоқтатады; мүкжидектің шырыны әр түрлі ішектің шіріту және басқа да микроорганизмдердің жұмысын тоқтатады. Пияз бен сарымсақтың микробтарға қарсы қасиеті бәрімізге белгілі. Өкінішке орай, осы жасыл дәріхананың бай қоры қолданылып келе жатқан жоқ. Әрбір тамақты дайындағанда санитарлық тазалық ережесін қатаң сақтау керек. Жеміс- жидекті болсын, ет тағамдарын болсын жақсылап жуып, қайнатып, пісіріп пайдалану керек. Бұл шаралар адам организміне биологиялық ластаушылар-ауру туғызатын бактериялар мен паразиттердің түспеуі үшін жасалады.

Қазіргі кезде тамақтардың химиялық ластану қауіпі туды. Осыдан келіп экологиялық таза тағам деген түсінік пайда болды.

Азоттың өсімдік үшін де, жануар организміне тіршілігі үшін де өте маңызды екенін сіздер білесіздер. Өсімдікке азот топырақтан келіп түседі, содан барып азық-түлік және жем-шөп арқылы жануарлар мен адам организміне түседі. Қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдары минералды азотты химиялық тыңайтқыштан алады, себебі, азот жетіспейтін топырақтарды органикалық тыңайтқыштар азотпен көп мөлшерде азотты сіңіру нәтижесінде нитратты азоттың өсімдіктің органдарына жиналуына әкеледі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тамақтанудың адам денсаулығына әсері

  2. Тамақтың күн сайын пайдаланылатын мөлшері

  3. Ас тұзы

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 8

Тақырыбы : Өсімдіктер экологиясы пәнінің мақсаты, міндеттері



Лекцияның жоспары:

  1. Өсімдіктер экологиясы пәнінің мақсаты, міндеттері

  2. Өсімдіктер экологиясы пәнінің даму тарихы

  3. Өсімдіктер экологиясының басқа пәндермен байланысы және әдістемелері


Лекция мәтіні: Қазіргі ғылым – техника прогрессі дәуірінде адамзаттың табиғатқа әсері артып баруы нәтижесінде, жаратылыстың өзара байланыстары бұзылуда. Соның үшін басқа биология пәндері қатарында экология пәнінің маңызы артуда.

Экология термині бірінші рет Э.Геккель 1866 ж. “Ососбая морфология организмов” деп аталған ғылыми еңбегінде қолданған. Ол экологияны организмдердің оны қоршаған сыртқы ортамен байланысы туралы пән ретінде сипаттаған.

Тірі организмдердің сыртқы ортаға байланысы кәдімгі замандарда мәлім болған. Сондай өсімдіктердің өмір сүру жағдайына байланысы туралы мәліметтер эрамызға дейінгі 372-278 ж Теофраст және эраның 23-79 жылдары үлкен плинийлер еңбектерінде келтірілген. Олар Азия, Африка, Еуропа өсімдіктерін өзара салыстырып, соң өсімдіктердің формалары, өсуі, ауа – райына, топырақ жағдайына байланысты екенін жазған. ХІІІ – ғасырда ұлы Альберт экологиялық мәселелерге тоқталып өсімдіктердің қысқы тыным дәуірінің себептерін олардың қоректенуі, топырақ жағдайларына байланысты екендігі туралы пікірлер айтқан. ХVІ – ХVІІІ ғасырларда ботаниктер Чезальпино Турнефор, Джон Рей, К.Линнейлер жұмыстарында экологияға тиісті көптеген мәліметтер кездеседі: ХІХ ғасырларда орыс ғалымдары С.В.Крашенников, И.Гмелин, П.С.Паллас, И.М.Лепехин, А.Г.Болотовтар түрлі экологиялық классификациялар жаратты.

ХІХ ғасырдың бастарында өсімдіктер географиясы пәні дүниеге келуде. А.Гулебольдтың қызметі үлкен болды. Ол “Идеи географий растений” (1807) еңбегінде сімдіктердің тарқалуында температураның маңызын көрсетеді.

Өсімдіктер географиясы саласында француз ғалымы О.П.Декандолдың жұмыстары өте маңызды. Ол “Очерк начальной географий растений” деп аталған кітабында жасау жайы, тұрар жайы түсініктеріне анықтық кіргізді. Сондай – ақ ол экология, аутэкология деген пәнге негіз салды. Оның баласы А.Декандоль “География растений” деп аталған кітабында температура, жарықтық, намдық, топырақ сияқты сыртқы орта факторларына негізделген классифкацияны баяндайды. Сондай етіп, А.Декандольды өсімдіктер экологиясы пәнінің негізін салушылардан бірі есептелінеді.

Ресейде өсімдіктер экологиясы пәнінің дамуында ботаник географияның негізін салушы А.Н.Бекетовтың жұмыстары маңызды роль ойнайды. Ол “География растений” деген кітабында өсімдіктердің сыртқы орта жиындысына әсеріне бейімделуі яғни биологиялық комплекс туралы түсінік береді. Ол ізденулер арқылы өсімдіктердің экологиялық – физиологиялық классификациясын ендірген. Ол сыртқы факторларға негізделіп, түрлердің экоогиялық таралуы туралы мәселені ортаға қояды.

Өткен ғасырдың соңдарына келіп, экология саласында екі бағыт дүниеге келді. 1895 ж Даниялық ғалым Е.Варминг “Plantesamfund” атты кітабында өсімдіктердің географиялық бағытын жалғастырып, экоогия мәселелеріне анықтама ендірді. Экологиялық географияны флоралық географиядан ажыратты. 1910 ж. Брюссельде ІІІ Халықаралық ботаниктер конгресінде экология ботаниканың дербес саласы деп хабарландырылды. Е.Варминг өсімдіктер экологиясының негізін салушы есептелінеді.

Ресейде іне тиісті бағытта дамыды. 1868 ж Н. Ф.Леваковский өсімдік тамырларының пішішіне сыртық ортаның әсері, К.А.Тимирязев фотосинтез процесінде сыртқы ортаның әсері туралы мәліметтер берген. Академик Б.А.Келлер өсімдіктерді үйренуде экологялық методтар баяндады.

Кейінірек экологиялық физиология саласында Л.А. Иванов жарықтың әсері, Н.А.Максимов құрғашылық және шыдамдылық әсері жұмыстарын дамытты. В.И.Сукачевтың классикалық еңбектерінде фитоценология, биогеоценологияда экоогиялық бағыттар дамыған.

Қазақстанда өсімдіктер экологиясы мәселелері жайлау өсімдікеріне әр түрлі сыртқы ортаның әсерлері үйретілген.

Республика экологиясының дамуында Н.О.Байтулин, байтенов қызметтері үлкен. Экологиялар кейбір факторларды, яғни температура, күн сәулесі, ылғалыдқтарды үйрену үшін белгілі әдістемелерден пайдаланады. Соның үшін барлық уақыт физика, химия, метерология, климатология, топырақтанумен байланысты жұмыс істейді. Кейінгі уақытта математика, ЭВМ пайдалану қолған алынды.

Өсімдіктер экологиясы биология пәндерінен физиологиямен сыбайлас. Экологтар биогеограяфиямен байланысты себебі экология фитогеографиядан ажыралып шыққан. Фитогеографтар түрлерін таңдап алған екі мекен-жай ортасындағы айырмашылықты үйренсе, экологтарға тіршілік ету жерінің өзіндегі айырмашылықтар қызықтырады. Егерде фитогеографтар систематикалық бірліктермен алып барса, экологтар өсімдіктердің тіршілік формалары, экобиоморфтар, экотиптерге көңіл бөледі.

Өсімдіктер экологиясы геоботаника пәнімен де байланысқан. Геоботаниктер өсімдіктерді үйренуде экологиялық мәселелерді приборлар жәрдемінде үйренуде экологиялық мәселелерді приборлар жәрдемінде үйренуге үлкен көңіл бөле бастады. Кейінгі он жылдықта өсімдіктердің экологиялық анатомиясы және экологиялық морфологиясы дүниеге келді.

Экологияның негізгі әдістемесі дала жағдайында өткізіледі. Салыстырмалы экологиялы-географиялық әдіс бұл салада эксперименталь жұмыстарында маңызы күшті. Экология ауыл шаруашылығында маңызды роль ойнайды. Бұл салада барлық мәслелер экологиямен байланысты бірлескен.
Бақылау сұрақтары:

  1. Өсімдіктер экологиясы пәнінің мақсаты, міндеттері

  2. Өсімдіктер экологиясы пәнінің даму тарихы

  3. Өсімдіктер экологиясының басқа пәндермен байланысы және әдістемелері

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 9

Тақырыбы : Қоршаған орта тіршілік жағдайлары



Лекцияның жоспары:

  1. Қоршаған орта туралы түсінік

  2. Өсімдіктерге әсер етуші негізгі факторлар

  3. Өсімдіктердің қоршаған ортаға әсері


Лекция мәтіні: Қоршаған орта дегенде тірі организмдерге әсер ететін және олар мен бірге болатын сыртқы орта жағдайының комплексі түсініледі. Тірі организмдермен оларды қоршап тұрған ортасындағы өзара әсер заттар және энергия алмасуы және организмдердің әр дайым өзгеріп тұратын тіршілік жағдайына бейімделуі түсініледі. Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайы мен өзара байланысы экологияның негізгі мазмұның иелейді. Соған байланысты экологияның негізгі міндеті организмдермен оны қоршап алған сыртқы орта факторларының өзара байланысын үйрену, анықтау, көрсету.

Өсімдіктерді қоршаған орта көп санды элементтерден құралған болып олардың барлығы өсімдіктерге бір түрде әсер етпейді. Өсімдіктерге әсер көрсететін сыртқы орта факторлары үш топқа бөлінеді:

    1. Өсімдіктер үшін өте керекті болған экологиялық факторлар оларсыз өсімдіктер тіршілік ете алмайды, өспейді, дамымайды. Бұл факторларға жарықтық, ыстықтық, су, минерал тұздар, көмір қышқыл газы және оттегі.

    2. Өсімдіктер үшін өте керекті болмаған факторлар: түтін формадағы газар, самал, радиактивтілік факторлар.

    3. Өсімдіктер әрдайым немесе уақыт – уақытымен өзгеріссіз қатынаста болатын факторлар: мыс, атмосферадағы инерт газдар, азоттың болуы т.б. Бұл факторлар өсімдіктердің түрлеріне түрлеше әсер етеді.

Сондай етіп өсімдіктерге орта факторларының бір уақытта әсер көрсететін күрделі комплекстері арқылы өседі, дамиды. Әдетте абиотик және биотикалық экологиялық факторлар ажыралып тұрады. Абиотикалық факторлар климаттық, жарықтық, температура, ылғалдық, ауа, топырақ, топырақтың механикалық, физикалық ерекшеліктері топырақ химизмі және микробиологиясы, орографикалық жердің теңіз деңгейінен биіктігі, қиялығы экспозициясы факторларға бөлінеді.

Биотикалық фитоген өсімдіктердің өзара бір-біріне әсері трансбиотикалық бір өсімдік түрінің түрлі организмдер арқылы басқа түр өсімдікке әсері және жанама трансбиотикалық өмір сүретін ортаның химиялық және физикалық ерекшеліктерінің өзгеруі нәтижесінде әсер ететін факторларға бөлінеді. Сондай-ақ биотикалық факторларға зооген факторлар да енеді. Олар өсімдіктерге таралған ортада түрлеше әсер етеді.

Антропоген факторларға адамзаттың өсімдіктер түрлеріне және олардың жабындыларына, олар тіршілік ететін ортаға әсерлері түсініледі. Өсімдіктер қоршап тұрған ортадан здерінің тіршілігі үшін өсіп, дамуы үшін керекті болған барлық нәрсені алады. Өсімдіктер ортадан әр түрлі керекті заттарды алады, оларды ассимиляция жолымен денелеріне сіңіреді. Өсімдіктермен оларды қоршаған орта аралығында заттар және энергия алмасуы өтеді. Өсімдіктер жасушалары және ұлпалары, органдары ортасында организмде тіршілік тоқтайды.

Өсімдіктердің өсуі және дамуы оларды қоршап алған орта жағдайының ерекшелігіне байланысты болады. Бірақ өсімдіктердің өздері де фотосинтез процесінде суды буландыру, тіршілік процесінде эфир майларын шығару. Өсімдік тамырлары бактериялар арқылы шіруі нәтижесінде топыраққа әсер етуі арқылы сыртқы ортаға әсер етеді.

Жер жүзіндегі өсімдіктер жабындыларының бір бүтіндігі іздеп шыққан жағдайларда ортада пайда болған өзара байланыстар бұзылады. Жасыл өсімдіктер дүниесі өскен жерінің су режиміне әсер етеді, себебі трансипрация процесі және жапырақтар деңгейінің булануын, кеткен су көлемін реттеп тұрады. Ормандарда ағаштардың жалпы кесілуі климаттың және эдафикалық жағдайдың кесікн згеруіне алып келеді, бұлақ, сулар жоғала бастайды, ауаның ылғалылығы төмендеп кетеді. Шөлдерде шаң-тозаң көтеріледі және топырақ эрозиясы болады. көтеріледі және топырақ эрозиясы болады. Нәтижеде өсімдіктер мен жануарлардың өмірінде өзгерістер болады. Осыларға байланысты ортаның ыстықтық режимі ауа топырақтық ылғалдылығы, күн сәулесі, топыраққа баратын процесстер барлық уақытта өзгеріп тұрады. Бұлардың барлығы өсімдіктерді сыртқы ортаға бейімделуін мәжбүр етеді.

Өсімдіктер сыртқы ортаға әр түрлі бейімделеді. Мұндай бейімдеулер түрдің сақталып қалуына ыңғайлық тудырады. Мысалы шөлдердегі эфемерлер топырақтың жоғарғы қабатында тарқалған болып, көктем мерзімінде жауын шашынды мезгілде өседі. Ұзақ уақыт жазғы ыстық мезгілде, құры кезең басталысы мен өсімдіктердің жер үсті транспирация етуші органдары құрып қалады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қоршаған орта туралы түсінік

  2. Өсімдіктерге әсер етуші негізгі факторлар

  3. Өсімдіктердің қоршаған ортаға әсері

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006



Лекция № 10

Тақырыбы : Биотикалық факторлар



Лекцияның жоспары:

  1. Биотикалық факторлар туралы түсінік

  2. Өсімдіктердің өсімдіктерге әсері

  3. Жануарлардың өсімдіктерге әсері


Лекция мәтіні: Әдетте өсімдіктер топ түзіп, басқа компоненттерімен бірге яғни жануарлар микроорганизмдер, топырақтар мен бірге белгілі дәрежедегі экосистемаға енеді. Өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің өзара әсері ерекше топты құраушы биотикалық факторларды келтіріп шығарады. Биотикалық фактор дегенде барлық тірі организмдердің өмір сүру процесінде өзара бір – біріне байланысы. Соған байланысты табиғатта өсімдік не жануарлар немесе микроорганизмдер түрі жалғыз жасай алмайды, бір-біріне әсер етеді.

Биотикалық факторлар төмендегі топтарға бөлінеді:



  1. Өсімдіктердің өсімдікке әсері

  2. Жануарлардың өсімдіктерге әсері

  3. Микроорганизмдердің өсімдіктерге әсері

  4. Өсімдік жануарлар микроорганизмдердің өзара әсері.

Топтағы өсімдіктер әрдайым басқа өсімдіктер әсерінде болады. Өсімдіктердің өсімдіктерге әсері турадан – тура көрсететін әсері төмендегіше паразитизм, симбиоз, бір өсімдіктің басқа өсімдікке меаникалық әсері, бір өсімдіктің басқа өсімдікті сығып шығаруы, лианалар, эпифиттер.

Паразитизм – бір өсімдік басқа өсімдік есебінде өмір сүреді. Көпшілік төменгі сатыдағы өсімдіктер жоғары сатыдағы өсімдіктер де паразиттік өмір сүреді. Олар: саңырауқұлақтар, бактериялар. Бұл өсімдіктер негізгі өсмдіктерге залал келтіреді. Көпшілік жағдайда құтырып қояды.

Жасыл жапырақтарын жоғалтқан негізгі өсімдік есебінен қоректенетін өсімдіктерді толық паразиттер деп атайды. Бұлардан басқа шала паразиттер болады. Бұлар хлорофилге ие болып өздері көмірсулар, түзеді бірақ ие өсімдіктер есебінен тұз, суларды сіңіреді. Шала паразиттерге мысалы ақ омела ол ақ қарағайда, алмада, текте болады.

Симбиоз-бұл өсімдіктердің бірге жасауы мысалы лишайник балдырлармен бірге өмір сүреді. Саңырауқұлақ топырақта минерал тұздарды сорып алады. Саңырауқұлақ ретімен балдырлардан кейбір қоректік заттарды алады. Мысалы микрози саңырауқұлағының жоғарғы сатыдағы өсімдіктер тамырында өмір сүруі. Ішкі эндотроф, сыртқы экзотроф микоризалар болады.

Эндотроф микоризада саңырауқұлақтар тамырының ұшында болады. Экзотроф микоризада өсімдік тамырларының ұшын қабықпен орап алған болады, эндотроф микоризалар арқылы. Көпшілік өсімдіктер мысалы архидея, аршагүл масақты өсімдіктер нитрат тұздары аз топырақтарда өсуі мүмкін. Бұлардан басқа ризосферадағы саңырауқұлақтар өсімдіктер азотты бірікпелі тұздардан пайдаланады.

Экзотроф микоризада саңырауқұлақ гифтері арқылы тамырда орын алмастан, тамыр клеткаларының ортасына еніп, олардағы шырындыларды сорады. Саңырауқұлақтардың сыртқы гифалары тамырдан ажыралған заттармен қоректенеді. Саңырауқұлақтардың дербес гифтері топыраққа еніп, ондағы су және еріген заттарды сіңіреді. Бұл өсімдіктердің өсіп-дамуына ықпалын тигізеді.

Лианалар басқа өсімдіктерден таяныш есебінде пайдаланып өсетін өсімдіктер. Лианалар жарық сүйгіш өсімдіктер. Жапырақтарына жарық жақсы түсуі үшін олар басқа өсімдіктерден жоғары тұрады. Лианалардың сабағы нәзік болып, вертикал жағдайда өсе алмайды, соның үшін олар басқа өсімдіктерге ағаш-бұталарға ілесіп өседі. Лианаларға жабайы жүзім, лимон шөптер жатады. Тропикалық ормандар лианаларға бай, олар бұл жерлерде жақсы өсіп, дамиды.

Эпифиттер басқа өсімдіктерде өсуші өсімдіктер. Олар өскен өсімдіктерден таяныш ретінде пайдаланады. Бірақ оларға залалдық келтірмейді. Әдетте олар ағаштарда, бұталарда, лианаларда, сабақтар арасында өседі. Эпифиттер ауасы ылғалды болған тропикалық облыстарда көптеп кездеседі. Өсімдіктердің өсімдіктерге әсері топырақ, температура, жануарлар, микроорганизмдер арқылы өтеді.

Фитоценозда бір өсімдік басқаларға қарағанда, жоғары болады. Белгілі – бір орта құрушы болып есептелінеді. Бұл негізгі өсімдік жайлап ортаны өзгертіріп бір түрдегі өсімдіктер үшін қолайлы жағдай, екінші түрдегі өсімдіктер үшін қолайсыз жағдайларды келтіріп шығады.

Жануарлардың тарқалуында белгілі топтағы фитоценоздары мен байланысты болады. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара қарым-қатынасын үйренуде жануарлардың өсімдіктерге әсерін білу керек. Жануарлардың өсімдіктерге келтіретін зарары өсімдіктерді жеп тауысу және майқандау. Көпшілік жағдайда өсімдіктерді жеуі пайдалы болады, ескі өркендері азаяды. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара әсері ашық шынжыр арқылы болады. Өсімдіктер және олардың жемісін жануарлар жегенде, өсімдік жабындысына үлкен әсер етеді. Жануарлар өсімдіктердің көптеп ұрығын жоғалтады. Шегірткелер өсімдіктерге үлкен залал келтіреді. Жануарлар өсімдіктерге топырақ арқылы әсер етеді. Түрлі жануарлар өсімдіктерге топырақты өңдеу мысалы: тышқандар, топырақты кеулестіріп, топырақты өңдейді нәтижеде өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Мыс: жер қазушы кроттер зымыран қазық тышқандар.



Бақылау сұрақтары:

  1. Биотикалық факторлар туралы түсінік

  2. Өсімдіктердің өсімдіктерге әсері

  3. Жануарлардың өсімдіктерге әсері

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 11

Тақырыбы : Жылу экологиялық фактор, оның өсімдіктер тіршілігінде маңызы



Лекцияның жоспары:

  1. Жылулықтың өсімдік өмірінде маңызы

  2. Өсімдіктердің жылулыққа бейімделуі

  3. Өсімдіктердің жоғарғы температураға шыдамдылығы

  4. Өсімдіктердің төменгі температураға және суыққа шыдамдылығы


Лекция мәтіні: Барлық физиологиялық, химиялық процестер белгілі – бір температура шамасында болады. Соның үшін ыстықтық факторы өсімдіктердің географиялық тарқалуына үлкен әсер етеі. Ыстықтық үш бірлік: радиация, ыстықтық алмасуы, және конвенция түрінде таралған.

Радиация деп – күн немесе күн сәулесінен ысыған дененің әр түрлі ұзындықтағы толқындар таралуын түсінуге болады. Атмосфера күн радиациясының белгілі-бір бөлімін ұстап қалады қалған бөлігі жерге түсіп, оны ысытады.

Өсімдіктердің ыстықтық режимі үшін белгілі-бір мөлшерге түскен жылулықтың энергиясын одан қайтқан жылулықты энергиясына салыстырмалы бөлігі түсініледі. Бұл бөлікті процессі есебіндегі көлемі “альбедо” деп аталады.

Ыстықтық энергиясының өлшем бірлігі Джоуль Ж мен белгіленеді. 1 каллория 4,86 ж-ге тең.

Температура термині (заттың ысығандық дәрежесін) заттардың мокуляр активтілігін белгілейді. Температура сипат, ыстықтық көлем көрсеткіші есептелінеді. Жер шарындағы кездесетін барлық өсімдіктер әр түрлі температурада тіршілік етуге бейімделген.

Жер шарында ыстықтық көлемінің түрлі дәрежеде болуына байланысты, қазіргі уақытта 6 климаттың зонаға: арктикалық, тундра, орман, сахара, субтропикалық, 6 тропикалық зоналарға ажыратылады.

Өсімдіктерде белгілі климаттық зонаға бліп үйреніледі. Экватордан Солтүстікке қарай әр 100 км ұзындықта температура 0,5 – 0,60С – ға төмендейді. Жер шарының барлық тегістік және таулы жерлерінде температура бір сындырғы болмағандығы себепті өсімдіктер бір мөлшердегі ыстықтықпен қамтамасыз етіле алмайды.

Өсімдіктер тіршілігі түрлі мөлшердегі температура әеріне өтеді. Жалпы алғанда өсімдіктер тіршілігі 00 дан 1000 С өтуі мүмкін. Температура 00 дан төмен және 1000 С дан жоғары болғанда өсімдік денесіндегі су қатары немесе газ түрінде буланады.

Нәтижеде өсімдік өледі. Көпшілік өсімдіктерде тіршілік 00 дан 45-500 С ортасында актив өтеді. Өсімдіктер жер шарының климаттық жағдайы температура әсерінде өмір сүруге бейімделген. Бұл бейімдеулер ұзақ эволюцион даму нәтижесінде пайда болған. Мысалы жоғарғы градустарға бейімделген өсімдіктерде

    1. суды өзінен буландыру күштілігі;

    2. қорғаныш органдары мүктер, еріндерінің терең жайласуы, жапырақтарының тікенге айналуы, жапырақ пластинкасының кіші болуы, тамыр системасының ұзын болуы;

Төменгі температураға бейімделуі үшін оларда жер бауырлап, розетка түрінде өсуі, өсу денесінің шар тәрізді домалақ тәрізді жапырақтарының майда кесілуі клетка шіресінде қант мөлшерінің арту ерекшеліктері пайда болған.

Өсімдіктер тіршілігі үшін жылдың ең ыстық және суық айларындағы орташа оқтайлы темпертура жиындысы түрлі нүктелерде түрліше мыс: Малай архипилагінде 95000, Ташкентте 50000, Астраханда 40000, жаңа жер аралында 4000, мәденилескен өсімдіктерді жер шарының бір бұрышынан, екінші бұрышына өсіру үшін ол жерлердің жылдық оңтайлы ыстықтық мөлшерін есепке алу температураның минимал, оптимал, максимал нүктелері жыл мезгілдерінде қалай өзгеріп тұруын білу керек. Мұның үшін бірнеше жыл деңгейінде бір географикалық пункт деңгейінде бақылаулар алып барылады. Оған өсімдіктердің өсуі, жапырақ пайда етуі, гүлденуі т.б. енеді. Бұларды фенологиялық бақылаулар деп атайды.

Даниялық ғалым Раункиэр барлық өсімдіктердің қыстау ерекшелігіне қарап бес топқа: фанерофиттер(ф), хамефиттер (х), гемикриптофиттер (г), криптофиттер (к) және терофиттер (т) бөледі.

Сондай етіп өсімдіктер тіршілігі үшін жылдың ең ыстық және суық айларындағы орташа оңтайлы температураның жалпы мөлшері және жылдық орташа температура көлемі маңызды роль ойнайды.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жылулықтың өсімдік өмірінде маңызы

  2. Өсімдіктердің жылулыққа бейімделуі

  3. Өсімдіктердің жоғарғы температураға шыдамдылығы

  4. Өсімдіктердің төменгі температураға және суыққа шыдамдылығы



Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 12

Тақырыбы : Жарық экологиялық фактор, оның өсімдіктер



тіршілігіндегі маңызы

Лекцияның жоспары:

  1. Жарықтық факторының жалпы сипаттамасы

  2. Өсімдіктердің жарықтыққа байланысты топтарға бөлінуі

  3. Өсімдіктердің тарқалуында жарықтықтың маңызы


Лекция мәтіні: Жасыл автотроф өсімдіктер үшін жарықтың негізгі факторлардың бірі есептелінеді. Бұл фактор күн сәулесінің өсімдіктерде болатын фотосинтез процесінде яғни өсімдіктердің өсуі және дамуы үшін керекті органикалық заттарды қарауда қатынасады. Өсімдіктер тіршілігінде керек маңызды нәрсе фотосинтез процесінде, тыныс алу үшін көлемде емес одан да көбірек органикалық заттар құралады. Бұл өсімдіктер құрамындағы заттар балансына оңтайлы әсер етеді. Әдетте ауыл шаруашылығы немесе орман шаруашылығы үшін фотосинтез процесі қызықтырады. Жарықтың экологиялық факторы жер жүзінде бір сыдырғы таралған. Тәуліктің негізгі бөлігінде түн болатын белдеулерде өсімдіктер өспейді, өсседе баяу өсуі жарықтықтың жетіспеуіне байланысты. Соның үшін өсімдіктерді зоналар және кіші зоналар бойынша ажыратады.

Планетамыздың түрлі зоналарында жарық түрлеше болады. Өсімдіктер тарқалған түрлі зоналарда жарықтың интенсивтігі түрлеше болуынан басқа, жарықтың спектрінің құрамы өсімдіктерді жарыту мерзімі, жарықтықтың тұрақтылығы немесе уақытша тарқалуының ерекшеліктері бар. Жарықтың талабына қарай өсімдіктер үш негізгі топқа бөлінеді: жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер), көлеңкеде өсетін өсімдіктер (сциофиттер) және жарыққа шыдамды өсімдіктер, жарық және көлеңке сүйгіш өсімдіктер. Экологиялық оптиумына қарай бірнеше айырмашылқтары болады. жарық сүйгіш өсімдіктер күн сәуесі әсер ететін жарықтықта нормал өсіп, көлеңкеге шыдамсыз болады. Соған байланысты бұл топтағы өсімдіктер ашық жайларда, жарықтығы мол мекен – жайларда өседі.

Көлеңке сүйгіш өсімдіктер жарықтар аз түсетін облыстарда өздерінің оптиумын табады. Олар күшті дәрежедегі жарықтықта баяу өседі. Бұл өсімдіктерге аранжея, үй өсімдіктері жатады. Жарықтың дәрежесі өсімдіктердің анатомиялық - морфологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді. Жарық сүйгіш өсімдіктердің жапырақ пластинкасы көлеңке сүйгіш өсімдіктермен салыстырғанда ұсақ болады. Өсімдіктердің жапырақ пластинкаларының өсімдік денесінде орналасуы жарықтың күшіне, олардың түсу дәрежесіне қарай өзгеріп тұрады. Мысалы: жарық сүйгіш (гелиофиттер) әдетте жапырақ пластинкаларына жарықтың күшті түсетін күндізгіуақыттарда горизонтқа үлкен бұрыш пайда етіп, вертикал жағдайда тұрады. Мұндай жағдайлар шөл өсімдіктерді және акацияларда байқау мүмкін.

Өсімдіктердің жарыққа бейімделуі, жарықтықты қабыл етуші негізгі органы есептелген жапырақтардың құрылысынан байқау мүмкін: мысалы көпшілік гелиофиттерде жапырақ пластинкалардың бетінде оларға түсетін сәулелерді қайтаратын жылтырауық болады. Лавр, магнолия өсімдіктері өсімдіктер қатарына жатады. Кактус өсімдіктерінің жапырағы ашық түсті, қалың қапталған болады. Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырағында мұндай еркешеліктер болмайды.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырағында жарық сүйгіш өсімдіктерге қарағанда хлорофилл көп болады. Жарықта өскен өсімдіктердің 1 гр жапырағында 1,5-3 мг хлорофил болса, көлеңкеде өскен өсімдіктерде 4,6,7 мг – ға дейін хлорофилл болуы мүмкін.

Жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер) – бұл топтағы өсімдіктер негізінен ашық жерлерде өмір сүреді. Олардың жарықтықпен қамтамасыз етілуі 100 % құрайды. Жарық сүйгіш өсімдіктер тобына Оңтүстіктегі шөлдерде тарқалған өсімдіктер түрлері жатады. Бұл зонада өсімдіктер сирек кездеседі. Гелиофиттерге тундра және биік тауларда өсетін бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер енеді. Орман зонасындағы бірінші ярус өсімдіктері негізінен ағаштарда гелиофиттерге жатады. Кейбір гелиофиттер біраз көлеңкеленген мекен – жайларда да өседі. Олар арасында көлеңкелі мекен – жайларда өсе алмайтын факультатив және өсе алатын облигат түрлері де кездеседі.

Көлеңкеге шыдамды өсімдіктер – бұл топқа күндізгі толық жарықта өсе алатын, бірақ көлеңкелі мекен-жайларда жақсы өсетін өсімдік түрлері енеді. Оларда көлеңкеге шыдамды гүлді өсімдіктерде, гүлдемейтіндерге қарағанда жоғары болады. Бұл топқа орман зонасындағы өсімдіктердің көпшілік түрлері енеді. Тропик мемлекеттерден келтірілген үйде өсірілетін көпшілік өсімдіктер де жатады.

Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сцирофиттер) табиғи жағдайда толық жарықтықта өсе алмайды. Жарықта немесе көлеңкеде өсу қабілетіне қарап, сциофиттер арасында факультатив және облигат түрлері болады. Сциофиттер тез хлорофилл пайда ете алмастығына байланысты кейбір түрлері жарықта баяу өседі. Жарықтың хлорофильді ыдыратуына байланысты өсімдіктерде қанша хлорофилл ыдыраған болса, сонша мөлшерде хлорофилл пайда болып жасыл реңді болады. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер толық жарықта траспирация арқылы суды тез жоғалтады.

Радиация интенсивтігі және жарықтың спекторының құрамы географиялық жағдайға байланысты мысалы: Солтүстікте жарықтың интенсивтігі күшсіз болып, бірақ жаратылу мерзімі ұзаққа созылады. Оңтүстікте күн қысқа (экваторда 12 сағат) жарықтың интенсивтігі жоғары болған, қысқа толқынды жарықтық жоғары болады. Демек солтүстікте өсімдіктер вегетация дәуірінде ұзын күн жағдайында, оңтүстікте қысқа күн жағдайында өседі. Күн ұзындығының өсімдіктеріне әсерін 1920 ж Америкалық ғалымдардан Гарнер мен Аллард күн ұзындығының әсерін және күн мен түннің алмасуының, жарықтық пен қараңғылықтың өсімдіктер үшін маңызын тәжрибеде дәлелдеп берді және мұны фотопериодизм немесе актиноритмизм деп атады. Олар актиноритмизм белгілері бойынша өсімдіктерді 3 топқа бөледі: ұзын күн өсімдіктері (күн ұзындығы 12 с кем)- бұлар қысқа күн жағдайында гүлдемейді: нейтраль яғни аралық өсімдіктер – бұлар ұзын күнде және қысқа күнде де гүлдейді. Экологтар және геоботаниктер пікірінше географиялық ерекшеліктер болған фотопериодизм маңызды роль ойнайды. Мұны күн мен түн ұзындығының өзара қатысты жердің географиялық кеңдігіне байланысты болады. Қысқа күн өсімдіктерін белгілі критин дәуірден біраз ұзын болған күн вегетатив органдарының көбеюі (гигантизм) және гүлдеудің тоқтауына алып келеді, мысалы: қысқа күн өсімдігі болған соң 12 сағатты фотопериодизм дәуірінде жүзінші күні гүлдесе, 5 сағатты фотопериодизм дәуірінде 37 күн гүлдейді.

Экватор зонасында күн ұзындығының маусымдық өзгеруі үлкен емес. Бұл жерлерде ыңғайлы ылғалды және температура жағдайында өсімдіктер жыл бойы ритмикалық активтікте болдаы және күн ұзындығының аз әсері болады. Ұзын күн өсімдіктерінде күннің критик ұзындығы температураның төмендеуіне байланысты қысқаруы мүмкін.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жарықтық факторының жалпы сипаттамасы

  2. Өсімдіктердің жарықтыққа байланысты топтарға бөлінуі

  3. Өсімдіктердің тарқалуында жарықтықтың маңызы

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006



Лекция № 13

Тақырыбы : Бірлестіктер экологиясы



Лекцияның жоспары:

  1. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.

  2. Биоценоздардың түрлік және кеңістік құрылымы

  3. Экожүйедегі энергия ағымы және химиялық элементтер айналымы

  4. Экологиялық пирамидалар және биоценоздардың өнімділігі


Лекция мәтіні: Синэкология ( гр. бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының ассоциацияларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі.

Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы халықаралық ботаникалық конгресте бөлініп шықты. Бұл ұғымды ғылымға енгізген К.Шретер болып есептеледі (швейцар ботанигі).

Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен – бірлестіктер немесе биоценоздар түзіледі.

Биоценоз – (гр. өмір+жалпы ортақ) – қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. “Биоценоз” ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К.Мебиус ұсынды. Биоценоз өмір сүретін орын – биотоп.

Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеоценозды түзеді. Биогеоценоз ұғымын 1940 жылы В.Н.Сукачев ұсынған.

В.Н. Сукачев (1880-1967) биогеоценозға мынандай анықтама берген – “жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама-қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық”.

Биогеоценоз ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А.тенсли ұсынған экожүйе деген ұғымына жақын.

Экожүйе дегеніміз – зат, энергия, ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.

Әрбір биоценоз өзіне тән түрлік құрамымен сипатталады. Онда біреулерінде көп түрлі популяциялар болса, кейбіреулерінде аз популяциялар болады. Сондықтан да барлық биоценоздарда оның негізгі келбетін сипаттайтын бірнеше басым түрлерді анықтауға болады. Бұл түрлер доминантты деп аталады және олар биоценозда басым таралады. Жер бетіндегі биоценоздарды доминантты өсімдіктер түрлерімен атайды. Мысалы-жапырақты орман, сфагналық батпақ, ақселеу-жусанды дала. Биоценозда оның басқа түрлеріне тіршілік ету жағдай туғызатын эдификатор деген түрлерін ажыратады. Биоценозды құрайтын барлық түрлер доминантты түрлермен және эдификатор түрлермен байланысты. Биоценоз ішінде эдификатор өсімдіктерге немесе биоценоздың басқа элементтеріне тәуелді бір-бірімен тығыз байланыстағы топтар, популяциялар кешендері қалыптасады. Олар биоценоз бірлігі – консорция. Консорция - бір экожүйе аумағында тіршілігі трофикалық немесе тропикалық түрмен орталық түравтотрофты өсімдікпен байлансыты организмдер популяцияларының жиынтығы. Әдетте, орталық түр – эдификатор болады. Ол биоценоздың ерекшеліктерін анықтайды, консорцияның басқа популяциялар түрлері оның ядросын құрайды.

Биотопта организмдердің алғашқы мекен ете бастауы оның экологиялық қажеттілігімен анықталады. Тірі организмдер абиотикалық және биотикалық факторларға бейімделіп, бір – біріне зиян келтірмей тіршілік ететін болып биоценозда белдеу қабаттары түрінде таралады. Белдеулік (ярусность) – бұл биоценоздың қабаттарға, белдеулерге қабаттық құрылымдарға бөлшектенуі. Белдеулік өсімдік қауымдастықтарында (фитоценоздарда) айқын көрінеді. Осыған байланысты өсімдік қауымдастығындағы қабат бөлігі, оның әр түрлі қызмет атқаратын органдары өсімдік (жер бетіндегі-жапырақтары мен бұталары, түйнектері); өсімдіктердің жер бетіндегі органарының экобиоморфалық қабат кріністері – шөптер, екінші қабатында – бұталар, ал үшінші қабатында – ағаштар және соларға сәйкес кездесетін дайын органикалық заттарды тұтынушылар (консументтер) мен оларды ыдыратушылар (редуценттер) тіршілік етеді. Фитоценозда белдеулік жағдай биіктігімен ажыратылатын өсімдіктер болғанда ғана болады. Биоценоздағы белдеулік тек қана биіктігімен емес, ондағы организмдер түрлерімен ажыратылады. Бірақ мұндай заңдылыққа жатпайтын да организмдер болады. олар бір белдеуден екінші белдеуге ауысып тіршілік етеді (паразиттер, лианалар, эпифиттер, жануарлар).


Бақылау сұрақтары:

  1. Экожүйедегі динамикалық процестер

  2. Биоценоздың трофтық құрылымы және трофтық деңгейлер

  3. Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік.

  4. Биоценоздардың түрлік және кеңістік құрылымы

  5. Экожүйедегі энергия ағымы және химиялық элементтер айналымы

  6. Экологиялық пирамидалар және биоценоздардың өнімділігі



Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006



Лекция № 14

Тақырыбы : Организм және орта



Лекцияның жоспары:

  1. Организм және орта

  2. Жер бетіндегі негізгі биомдар

  3. Су экожүйелері


Лекция мәтіні: Біздің планетамызды миллиондаған тірі организмдер түрлері мекендейді. Түрлердің биогеографиялық облыстарының сандық және сапалық құрамы бірдей емес. Ол аумақтың геологиялық тарихы мен климаттық жағдайларына байланысты. Палеозой эрасында біртұтас суперматерик Пангея болған, кейін жер қыртысының бөлінуімен және құрылықтық плиталардың жылжуымен байланысты бірнеше бөліктерге бөлініп, қазіргі құрлықтар пайда болған. Кайнозой эрасының төрттік кезеңінде қазіргі құрлықтар белгілене бастаған. Оған дейін, олардың арасында жануарлардың түрлері ауысып тұрған, сондықтан кейбір бір-бірінен үлкен қашықта және сумен бөлініп жатқан құрлықтарда жануарлардың бір түрлері кездеседі. Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы айырмашылықты түсіндіретін екінші фактор – климаттық жағдайлар. Климат – физика-химиялық факторлардың кешені, соның ішінде күн, жел, су, ылғал, топырақ бір-бірімен күрделі қарым-қатынаста.

Жер бетіндегі организмдер алуан түрлілігіне ең бай биом – ол тропикалық орман. Бұл биом биік емес экватор ауданында орналасқан, жылына түсетін ылғал мөлшері 400 см. Ылғалды тропиктік ормандардың негізгі таралу аймақтары:



  1. Оңтүстік Америкада Амазонка және Ориноко зендерінің бассейіндерінде және орталық-америкалық аралдарда;

  2. Орталық және Батыс Африкада Конго, Нигера, Замбези өзендерінің бассейіндерінде және Мадагаскарда;

  3. Үндістан облыстарында – Малайи, Борнео, Жаңа Гвинея.

Бұл облыстардың бір-бірінен түр құрамымен айырмашылықтары болғанымен, құрылымымен экологиясы ұқсас. Ылғалды ормандардың флорасы мен фаунасы түрлерге өте бай. Мысалы, 15 шаршы км Барро-Колорадо ауданының Панам каналы зонасында жақсы зерттелген ылғалды орман учаскесінде 20 мың түрлі насекомдар бар. Ал олардың саны бүкіл Францияның территориясында небары бірнеше жүз ғана. Орталық және Оңтүстік Америка, Африка және Азияның ылғалды ормандары соңғы 20 жылда адамның іс-әрекетінің нәтижесінде бұзылуда.

Тропикалық далалар мен саванналар. Бұл құрғақ және ылғалды кезендермен сипатталатын аймақтар. Өсімдіктері сирек ағаштар мен шөптер. Бүл биомдар ылғал мөлшері көп түсетін 100-150 см жылы аймақтарда орналасқан, бірақ өте ұзақ құрғақ мерзім болады, сол кездерде жиі өрт болып түрады. Осы типті биомдардың ең үлкен көлемі Африкада, сонымен қатар Оңтүстік Америка және Австралияда кездеседі. Өсімдіктер түрлері аз, бірақта оларға жалғасып тұрған экваторлық ормандардан өте қатты ажыратылады. Африка саваннасының тұяқтылар популяцияларына еш жерде тендесі жоқ. Олар әр түрлі киіктер, зебралар, керіктер, буйволдар т.б.

Шөлдер. Бұл биом жауын-шашын мөлшері 10 см аз түсетін облыстарда кездеседі. Көпшілік шөлдерде жыл бойы әйтеуір бір жауын-шашын түседі және сирек те болса өсімдік болады, егерде эдафикалық (топырақ) жағдайы қолайлы болса. Жаңбыр түспейтін абсолютті шөлдерге Орталық Сахара және Чилидің солтүстігіндегі Атакома шөлі жатады.

Шөлдерді суару жағдайда, су шектеуші фактор болмайды, сондықтан топырақтың типінің маңызы бірінші орынға шығады. Биогенді заттардың және құрылымының қолайлы жағдайында шөлдің өнімі жоғары болуы мүмкін. Бірақта ирригациялық жүйелерді құру және пайдалану бағасы жоғары болғандықтан, алынған өнімнің құны қымбат болады. Суарылған шөлдер мәңгі жасыл болмайды. Шөлдің шөпті өсімдіктері және жануарлары аридті (құрғақ) жағдайға бейімделген. Мысалы, шөлдің жануарлары ылғалдың аз жағдайында метаболдық суды құру қабілеті жоғары. Жаңа Свет шөлдерінің кенгуралық тышқан, қалталы тышқан деген жануарлары және Ескі Светтің қос аяғы құрғақ дәндермен қоректене алады және суды қажет етпейді.



Чапарраль. Бұл биомдар жұмсақ қоңыржай, бірақ жазда құрғақ, қыста жаңбырлы климаттық облыстарда тараған.

Өсімдіктері мәңгі жасыл ағаштар мен қатты жапырақты бұталар. Чапарраль биомдары Калифорния және Мексикада Жерорта теңізі және оңтүстік Австралия жағалауларында кездеседі. Ағаштарға қарағанда бұталардың басым болу себептерінің экологиялық факторы - өрт. Жауын-шашын қарашада басталып майға дейін созылады. Жаздың аяғында, құрғақшылық басталғанда жиі болады. Өрттен кейін алғашқы жаңбырдан соң бұталар қайта өсе бастайды. Өрт шөпті өсімдіктердің тұқымдарының өсуіне мүмкіншілік береді, со себептен флора құрамында кейбір есімдіктердің түрлері сақталып қалған.



Дала. Бұл биомдар өте үлкен кеңістікті қамтиды және адам тіршілігінде өте маңызды рол атқарады. Бұл шөпқоректі жануарлар үшін табиғи жайылымдар. Көптеген ауылшаруашылық дақылдары даланың дәнді өсімдіктерінен жасанды түрде алынған. Ылғалды далаларды ауылшаруашылықты нанды дақылдар егістігінде пайдалану, бұл экожүйелердің құрылымын және функциясын аз өзгертті. Бірақта жайылым ретінде пайдалану бұл биомдардың бұзылуына әкелді. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде ең бір зиян шеккен осы биомдар. Соның салдарынан мыңдаған гектар дала алқаптары құнарсыз шөлге айналуда.

Жапырақтары тусуші ормандар. Жапырақтары түсуші биомдар көп және біркелкі тараған жауын-шашын (75-150см/ж) мөлшері және қоңыржай маусымдық ырғалатын температура жағдайындағы аумақтарда тараған. Бұлар солтүстік жартышарда кездеседі, ал оңтүстік жартышарда мүлдем жоқ. Жапырақтың түсуі қыс кезінде судың қатуынан өсімдіктер пайдалана алмайтынына байланысты. Бұл ормандар мәңгі жасыл ормандардан жыл сайынғы өсу циклімен ажыратылады. Топырақтар биогенді элементтерге кедей, сондықтан бірнеше жыл пайдаланғаннан кейін құнарсыз болады. Бұл жердегі топырақтарға қарағанда дала топырақтары қүнарлы және тұрақты егіншілікке қолайлы.

Аралас ормандар. Бұл ормандарда жапырақтүсуші ағаштармен қатар қылқан жапырақты ағаштар оседі. Бұл биомдар суық қысты аймақтарда таралган. Оны оңтүстіктегі жапырақ-түсуші ормандар мен солтүстіктегі тайга арасындағы ауыспалы зона ретінде қарауга болады. Бұл ормандар АҚІІІ-тың оңтүстік-шығысында, Батыс Европа, солтүстік жәпе шығыс Маньчжурияның шекаралық аудандарында және Сібірге қосылып жатқан шектес аймақтарда, шығыс Корея және солтүстік Жапония бөліктерінде орналасқан.

Солтустік қылқан жапырақты ормандар - таига. Бұл биомдар қыста тұрақты қар жамылғысымен және салқын қыс климатымен сипатталады, әсіресе полюсқа жылжыған сайын. Мәңгі жасыл ормандар Евразия (Ресей, Скандинав елдері мен Солтүстік Американың (Канада) үлкен кеңістігін алып жатыр. Тайга ормандары моно немесе олиго-доминантты. Әдетте қарапайым және анық бөлінген зоналық қүрылым тән. Сібір шыршасы, кәдімгі қарағай, сібір қарағайы, еуропалык балқарағай өседі. Өсетін ағаш түрлеріне қарай тайганы мынадай типтерге бөледі: күңгірт-қылқанды шыршалы, ақшылқылқанды шыршалы және ақшылқылқанды балқарағайлы. Жауын-шашын мөлшері 30 см-ден аз, көбінесе жазда болады; қыста ауада ылғал аз, құрғақ болады. Булану деңгейі төмен, сол себептен бұл зонада көлдер мен батпақтар көп. Солтүстік тайганың белігі мәңгі тоң астында. Солтүстігінде тайга тундра зонасына ауысады.

Тундра. Бүл тайганың солтүстігінде солтүстік жартышарды белдеу болып қамтыған ормансыз биом. Топырақтары қоректік элементтерге кедей, егіншілікке жарамсыз. Жылына 25 см жауын-шашын мөлшері түседі, оның көп бөлігі топырақ бетінде қалады, сондықтан жер ылғи ылғалды. Бірақ кейбір тундра аудандары құрғақ болып, полярлы шөлдерді құрайды. Бұл биомның шектеуші факторы болып төмен тсмпература мен қысқа жаз мезгілі есептеледі. Өсімдіктері қыналар, қияқтар және кішкене ағашты есімдіктер. Жануарлары бұғылар, кеміргіштер, полярлы жапалақтар, сарышұнақ т.б. Қысқа жаз кезінде көптеген маусымдық құстар мен насекомдар кездеседі.

Су экожүйелері

Жер бетіндегі қауымдастықтармен қатар көптеген әр түрлі теңізде немесе тұщы суларда болсын су қауымдастықтары бар. Оларда жер бетіндегі қауымдастықтар сияқты орналасқан жеріне тәуелсіз. Су организмдердің де таралуы физикалык және химиялық факторларға тәуелді. Су ортасында ең маңызды ролді температура және сәуле атқарады. Тірі организмдердің кобеюі суда ерігіш минералды элементтердің мөлшерімен шектелуі мүмкін.

Су қоймаларында, теңіздер мен мұхиттарда тіршіліктің екі зонасы бөлінеді. Судың беткі қабаттарында тіршілік ететін планктон - майда су ағымының көмегімен қозғалатын организмдер жиынтығы. Өсімдіктер планктоны (балдырлар) майда планктонды жануарларға қорек болады, ал олармен ірі балық, кит сияқты жануарлар қоректенді. Судың беткі қабатын құрайтын организмдер өлген кезде, олардың денелері судың түбіне түсіп басқа организмдерге қорек болады. Судың түбінде мекендейтін организмдер жиынтығын бентос деп атайды. Ол фитобентос, зообентос, бактерио-бентосқа бөлінеді.

Теңіздегі және мұхиттағы тіршілік басымырақ олардың балық аулайтын - апвеллинг аумағында таралған. Судың жоғары беткі және терең ағымдары жоқ, су көтерілмейтін жағдайда өлі жануарлардың денесі, өсімдіктердің қалдықтары судың түбіне түсіп жатады, сондықтан заттар айналымына біраз уақытқа шейін шығып қалады.

Суы терең емес және теңізге сумен әкелінетін қоректік элементтерге бай континенталды шелфте де (қүрлықтардың шеттері) көптеген әр түрлі организмдер мекендейді. Әсіресе тропикалық теңіздердің терең емес коралл рифтері өте бай келеді. Бірақ, қазіргі кезде теңізге туристік орталықтардан немесе мұнай қондырғыларынан әр түрлі ластаушы заттардың келуінен көптеген коралл рифтеріне қауіп төнуде.

Тұщы су және теңіз экожүйелерінің бірнеше типтері бар тұщы су экожүйелеріне жататын: 1) ленталық (ағынсыз сулар) – көлдер, тоғандар; 2) лоталық (ағынды сулар) - өзендер мен бұлақтар; 3) батпақтар. Теңіз экожүйелеріне жататын 1) ашық мұхит немесе пелагиялық зона; 2) континенталды шелф сулары немесе жағалау зоналары; 3) апвеллинг ауданы

4) лимандар мен эстуарийлар немесе жағалау бухталары мен өзен қүйылатын жерлер.
Бақылау сұрақтары:


  1. Организм және орта

  2. Жер бетіндегі негізгі биомдар

3. Су экожүйелері

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 15

Тақырыбы : Табиғи ортаның қазіргі экологиялық жағдайы



Лекцияның жоспары:

  1. Табиғи ортаның қазіргі экологиялық жағдайы

  2. Экожүйелердегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы

  3. Табиғи ортаның ластануы


Лекция мәтіні: Экожүйелер өздерінің даму кезеңіңде әр түрлі өзгерістерге шалдығады, соның нөтижесінде салыстырмалы (динамикалық) тепе-тендіктік жағдайға келеді. Табиғи экожүйелер түрақты жағдайларын көптеген ішкі өзін-өзі реттейтін механизмдер арқылы сақтауға тырысады. Өзін-өзі реттеу, немесе гомеостаз, экожүйелердің абиотикалық және биотикалы компоненттерінің өзгерістеріне қарсы түрып көптеген уақытқа дейін өзіне тән органикалық заттарды өндіргіш жөне ыдырау, қасиеттерін сақтау қабілетін сипаттайды. Популяцияға зиян тигізетін қандай да болсын антропогендік әсер, сол популяцияның жойылуына әкеледі. Мысалы, топырақтарда көп мөлшерде минералды тыңайтқыштар қолдану жауын қүрттарын өлтіреді, немесе оларды егістіктен кетуіне мәжбүр етеді.

Әрбір экожүйені стресс жағдайына әкелетін қысым өзі қарсы орнын толтыратын процесс тудырады. Табиғи экожүйе техногенез факторларына белсенді қарсы түрады. Мысалы, Қазақстанда шөлді өзен алаптарының ирригациялық қүры- лымдарды салу, каналдардың лайлануына әкеледі, ал оның нөтижесінде мелиоративтік жүйенің қызметі тоқталады. Бірақ мүндай қарым-қатынас әрекетінің шегі болады.

Экожүйенің түрақтылығы сыртқы антропогендік факторлар салдарынан болған дағдарыс жағдайда күрт өзгереді. Мысалы, су ағынының азаюынан Арал теңізінің экожүйесінің түрақтылығы бүлініп, су деңгейі төмендеп, қүрғаған теңіз түбінде сапа жағынан басқа геожүйе - сорланған жаңа шөл қалыптасуына әкеледі. Арал теңізінің қауіпті жағдайы 1961 жылы осы су қоймасының табиғи жүйесінің қүрылымы қайырылмастай өзгере бастаған кезде көрсетілген.

Экологиялық тепе-тендіктің бүзылуы жоғарыда айтылғандай негізінен антропогендік факторлармен байланысты. Оның әсері тікелей қысқа уақытта болатын түрде (мысалы, су жүйесінің өндіріс шығымдары бірден жіберілуі) немесе тұрақты әсер түрінде (су артериясына химиялық тыңайтқыштардың үрдіс шайылуы).

Биосфера өзін-өзі тазалай алатын жөне өзі қалпына келетін табиғи ортаның идеалды жүйесі. Қоршаған ортаның өндіріс қалдықтарымен ластануды төмендету үшін табиғаттың осы механизмін модельдеп пайдалану керек. Биосфераның функционалдық қызметі мен ортаның өзін-өзі тазалау қабілеті жабық өндіріс циклі - өндірістік материалдық ресурсты қайтадан қолдану (айналымды сумен қамтамасыз ету) маңызына үқсас.

Экологиялық мөселелер адамзат қоғамының пайда болған күндерінен-ақ басталды. Бірақ тек соңғы екі жүзжылдықта, әсіресе 20 ғасырдың 50-ші жылдары, экологиялық мәселелер биосфераның түрақтылығына қауіп төндірді. Экологиялық проблемалар қоршаған ортаның, ауа бассейнінің, Әлем Мүхитының ластануымен, табиғи қорлардың азаюымен байланысты. Ол табиғатты қорғау жөне табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін қамтитын ғаламдық проблема. Бүл жср планетасының алты миллиардтан астам халықтың, барлық мемлекеттердің, әр адамның көкейтесті мөселесі. Сондықтанда ғылыми негізделген медициналық, экологиялық және басқа қоршаған ортаның талаптарын бүзатын әрбір экономикалық және саясаттық шешімдер қолайсыз болады.

Экологиялық проблемалардың үш негізгі қүрамдас бөліктерін анықтайды: биологиялық, техникалық, әлеуметтік - экономикалық. Биологиялық қүрамдас бөліктерінің негізінде экожүйелердің бүзылуы, тірі организмдердің өлуі, табиғаттың өнімділігінің төмендеуі, адамның тіршілік жағдайының нашарлауы; техникалық қүрамдас бөліктерінің - қазіргі өндірістің жетілмеген технологиясы, шаруашылық кешендерінің интенсификациялауының жоғары деңгейі; әлеуметтік-экономикалық шаруашылықты бақылаусыз жүргізу, артық пайда қуу; табиғатқа түтынушылық көзқарас, әкімшілікті -шаруашылықты басқару түрі, табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми принциптерін бүзу.

Әлемдік экологиялық дағдарыс бар деп айтуға болады. Оған тек аймақтық емес, бүкіл планетарлық көлемінде болып жатқан қолайсыз экологиялық жағдайлар дөлел. Бүл мөселелерді тек әлемдік қауымдастықтарының барлық мемлекегтер бірігіп қатысуымен шешуге болады.

Табиғи ортаның ластануы - барлық организмдер қоршаған ортаға өздерінің тіршілік ету кезінде пайда болган ыдыраушы заттарды шығарады. Олар көмірқышқыл газы, экскременттер, қорытылмаған тамақ қалдықтары және т.б. Шыққан қалдықтар қоршаған ортада мекендейтін организмдердің жағдайын нашарлатады. Бірақта тепе-теңдік сақталған экожүйелерде бір организімдердің шығарған заттары, екіншіге қорек болып табылады сондықтанда табиғи ортада ондай пайда болған заттардың өнімі жиналмайды. Ал, егерде ыдырап шығарылған заттар пайда болу қарқындарымен жойылмаса, онда олар ортаны ластайды. Ластану - ортадағы әр турлі заттардың мөлшерін табғги деңгейден асып кетуі және ортага тән емес жаңа заттектердің келіп тусуі.

Тірі организмдерге тигізетін әсерлері бойынша ластаушіы заттар физикалық жене химиялық болып бөлінеді. Физикалық ластаушы заттарға жататын: радиоактивтік элементтер жылылық ластану (температураның үлғаюы), шулар жөн төменгі жиілік дірілдеу (инфрадыбыс); химиялық - көмір күкірт, азот, фтор туындылары, қатты қоспалар, кір жуғыш заттар, пластмассалар, пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, органикалық заттар, ауыр металлдар. Пайда болған жағдайлары бойынша барлық ластаушы заттар тегі табиғи және антропогендік болады.

Жер беті суларын көп ластайтын металлургиялық, химиялық, целлюлоза - қағаз, мүңай өңдеу өндірістері жатады. Осы өндірістердің шығаратын ағынды суларындағы ластаушы заттар мүнай, түсті металлдар, күрделі химиялық қосылыстар. Мұнай жөне мұнай өнімдері биологиялық ыдырауға тез берілмейді, уылдырық шашуға, майда шабақтардың дамуына су экожүйелерінің бірлестіктер санына және сапасына кері әсерін тигізеді. Су ортасын ластаушы заттардың ішінде ерекше орын алатын әр түрлі кіржуғыш заттар (микроорга низмдер ыдырата алмайтын синтетикалық заттар) - детергенттер, олардың өндірісі барлық елдерде қарқынды дамып жатыр. Детергенттерді қолдану кезінде су қоймаларында өзендерде фосфаттардың мөлшері үлғаяды, соның салдарынан, су экожүйелерінде балдырлар көбейіп, суқойманың оттектік режимінің нашарлауына әкеледі. Бүл судың "гулденуіне" жөне эвтрофтануына өкеледі.

Су бассейндерін ластайтын тағы бір көз ол түрмыстық ағынды сулар. Егерде өндірістік ағынды сулардың мөлшерін өндірістің технологиясын өзгертіп азайтуға болса, коммуналды ағынды сулардың көлемі ұлғаюда, себебі халықтың саны өсуде.

Жердің эволюциялық процесінде, оның әр түрлі газдардан тұратын газ төрізді қабықшасы қалыптасқан (атмосфера). Оның қүрамында азот - 78 пайыз, оттегі 21 пайыз, көмірқышқыл газы, инертті газдар кіреді. Бүл компоненттер шашылған инфрақызыл (жылылық) сәулелерді ұстамайды, сондықтан Жер бетіндегі тіршілікке қолайлы жағдай туғызады. Бірақта қазір табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен атмосфера ластануда. Әсіресе көмірқышқыл газының мөлшері артып отыр.

Оның мөлшері 0,028 пайыз (1950), 0,034 пайыз (1985) құрайды. Мүндай жағдай атмосфераның газдық қүрамының балансын өзгертеді.

Коптеген ластаушы заттар өте улы келеді, олардың салдарынан тірі организмдерде, соның ішінде адамның да организмі бұзылып, әр түрлі ауруға үшырайды. Ал, ауыр металдар, пестицидтер, детергенттер жөне т.б. мутагенді жөне канцерогенді белсенді, олар түқым қуалаушылық патологияға және ісік ауруларына өкеледі.
Бақылау сұрақтары:

1. Табиғи ортаның қазіргі экологиялық жағдайы

2. Экожүйелердегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет