Лекция 30 сағат Практикалық сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45сағат Барлық сағат саны 135 сағат



жүктеу 2.45 Mb.
бет8/22
Дата19.09.2017
өлшемі2.45 Mb.
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

3. Табиғи ортаның ластануы


4. Әлемдік экологиялық проблемалар

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 16

Тақырыбы : Адамзат баласының жас ерекшеліктері



Лекцияның жоспары:

  1. Адамзат баласының жас ерекшеліктері

  2. Адам жасы қалай есептелінеді

  3. Адам қоғамының жас құрылымы


Лекция мәтіні

АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІТЕРІ

Адамдардың жалпы тірі организмдердің жасы дегеніміз - Тірі жан иелерінің (особьтардын) жарық дүниеге келгеннен бастап, тіршілік мезгілін аяктауға дейінгі уақыты.

Адам жасы қалай есептелінеді?

I) Организмнің көптеген параметрін аныктау өте манызды проблемалардын, бірі;

2) Организмнін жасын анықтау ауыл шаруашылығында өте маңызды проблемалардың бірі;

3) Адамзат баласының жасын анықтау халық шаруашылығында маңызды рол аткарады. Жұмысшылардың санын білу үшін өте кажет. Денсаулык сақтау органдары ішінде, демография үшін де маңызы өте зор.

Жас туралы биология ғылымдарында екі түрлі көзкарас бар.

1-биологиялық жас-организмнің зат алмасуы мен органдар және организмнің жағдайына карап анықтайды;

2- календарлык жас-уақыт бойынша анықталады. Туған кезден бастап есептелінеді.

Адам жасының классификациясы жас тобын анықтап (жастың периодтылығы). Өмірдің ұзақтығы мен белгіленеді.

Адамзат баласының тіршілік өмірін ұлы математик Пифагор (біздің жыл санау мезгілімізден IV ғасырда өмір сүрген) 4 периодқа (кезеңге) бөлген. Ол үшін жыл маусымын (көктем, жаз, күз және кыс) басшылыкка алған көктем 20 жасқа дейін;

Жаз - 20-40 жас; күз - 40-60 жас; кыс 60-80. Осыған қарағанда Розаның көктемі өтіп, жазы калғаны байқалады. Өмірінің көктемі кетіп қысы қалғанда дейді казак. - Қазіргі кезде түрлердің градациясы:

1 - күннен 10 күнге дейін.......жаңа туған сәби

10 күннен 1 жылға дейін.......емшектегі нәресте

1-3 жылға дейін.....балалық шақ

8-12 жастағы (ер балалар).........Бірінші балалық шақ

8-11 жасты (қыз балалар)......Екінші жастық шақ

13-16жастағы (ер балалар)

12-15 жастағы (қыз балалар).......жас өспірім

17-21 жастағылар.... Жасөспірім ербалалар

16-20 жастағылар.....Жас еспірім қыздар

22-35 жастағы (ер адамдар)........қыздар жетілген қыз

21-35 жастағы (әйелдер)......(І-жетілу кезеңі)

36-60 жастағы (ер адамдар).....

35-55 жастағы(әйелдер)..........(ІІ-жетілу кезеңі)

61-72 жастағы (адамдар).....

56-74 жастағы (әйелдер)......қарт адамдар

75-90 жастағылар.....қарт адамдар

90 жастан жоғары (ұзақ өмір сүргендер жас адамдар)



Адам қоғамының жас қүрылымы

Жас ерекшілігіне қарай адам коғамының жасы үш типке бөледі

1) Прогресивті тип (балалар, жасөспірімдер)

2) Станционарлы тип (өсу мөлшері шектелген; өсу мерзімі тұрақты)

3) регресивті тип (карт адамдар көп мөлшерде, өсуі шектелген). Қазіргі кезде халықтың өсуін диаграмма арқылы көрсетеді (прогресивті өсу пирамида түрінде көрсетіледі стационарлы қоңырау сиякты белгімен көрсетіледі, регресивті типті өсуі доғал белгілейді.

Қазақ елі жас ажыратуға келгенде алдарына жан салмайды.

5-жастағы баласын аткосшым деп еркелеткен;

10-жастағы баласын ақылшым деп мақтаған;

15-жастағы баласын отау иесі деп бағалайды;

30 деген жасыңыз, жарға ойнаған лақтай;

40 деген жасыңыз, таудан ақкан бұлақтай;

50 деген жасыңыз байлап қойған құр аттай;

60 деген жасыңыз көп ойлайтын дүние екен;

70 деген жасыңыз бұлда бір аскар тау екен;

80 де шал боларсың селкілдеген жел соқса, жел мен бірге елпілдеген

90 да шал боларсын томыртқадай;

Тастаған шала мұжып омыртқадай

Келгенде жасың жүзге жаның тәтті

Қойына қара жердің кергің кемей...
Қазактар онды козы жасы дейді, 15-ті тай жасы, 25-ті жылқы жасы, 40-ты патша жасы. Әрине, бұлардың осылай аталу себептері де айтылған. ¥лы бабаларымыз, карияларымыз адамзат баласының туғаннан бастап жүзден асқанға дейінгі биологиялык-психологиялык жағдайын бір-екі шумақ елеңмен дәл сипаттаған.

«Алпыс жас мерт екен ғой, Тіссіз тамақ ішуің куш екен ғой, Алпыс екі тамырдан куат кетіп, Бұл кәрілік даусыз дерт екен гой. Көз қайда, айнадай боп жайнайтұғын. Сөз қайда, бұлбұлдай боп сайрайтұғын. Тіс қайда қашырлатып шайнайтұғын. Тәбет қайда, ішкенде тоймайтұғын, Ақыл қайда, жер тубін ойлайтұғын, Қайрат-жігер бәрі де жастықта екен, Кәрілік бәрінен де жаман екен. Адамды урмай-соқпай кісендейді».

Немесе «Алпыс асып, жетпіске келгеннен соң»,



Тап-тақыр ел жайлаған жердей болдым, Жетпіс асып, сексенге келгеннен соң, Жігіттік, көрген түспен теңдей болдым, Сексен асып, тоқсанға келгеннен соң, Күнде қалып қураган көңдей болдым»,

(Бұқар жырау Қалмақанұлы. Шығармалары. Алматы, 1992. 94-6., және Ер Тарғын. Батырлар жыры. Алматы, 1987. 3 б.).

¥лы Сүйінбай ақынның «Акын боп жиырмада» деген әлемге әйгілі өлең жолдары бастан аяқ кәрілікке арналып кұрылған. Онда ұлы ақын адамзат баласының табиғатындағы жас болу, қартаю тәрізді биологиялык үғымдарды бұқара халыққа бұрын мәлімсіз формада қарастырылып, тым, жаңа өлең шумақтарымен биологиялық тұрғыдан кәрілік урдісін анық жеткізеді. Өлең жолдарының шебер шыққаны соншалык кәрілікті адамзат баласы кейінінде айқындауы тосып естіліп, сенімсіздік тудырмайды, қайта ежелден бар қазақтың аталы сөздерін төгілте жөнелтіп, қарапайым жатық, табиғи биологиялық зандылықтармен дәлелдейді.

«Әуелі кәрілік келіп түсімді алды, Онан соң аузымдагы тісімді алды. Өрге шықсамбеліме өрбіп шыгып, Төмен журсем, тіземнен кушімді алды. Таң атқанша тысқа айдап туні бойы, Куалап қайта-қайта қысымға алды... Ойга, қырга қашсамда бой бермейді. Қасыма жолдас болып журіп алды. «Суйінбай сенің жолың бул емес», — деп, Жолына кәріліктің бұрып алды. «Құдай қосқан жарыңнан бөлек жат», — деп, Қойыныма көрпемді ашып кіріп алды».

Адамзат баласының жасы ұлғайып, қартайған шағын зерделеп сыншы акын нақты фактілеріне сүйене отырып, өте қызық суреттейді.

Ұлы ақын қарттықты екі түрде түсінеді: біреуінде — ерте қар бейім, өмірдегі әлеуметтік тартыстан, коғамдық істен шеттеп, шығып, әлсіздік танытқан жатқаншақтықты көрсетсе, екіншісінде -тұжырымдап, кемеңгерлік пен данышпандықка беттеп, елдің халықтың тағдырына жанашырлықпен караған сол жолда күреске белсене араласкан қарт адамзат баласының суреттерін толык берген.


Бақылау сұрақтары:

1. Адамзат баласының жас ерекшеліктері

2. Адам жасы қалай есептелінеді


  1. Адам қоғамының жас құрылымы

4. Денсаулықты арттыратын иондар

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 17

Тақырыбы : Қазақстан территориясындағы қорықтар, заказниктер

және олардың табиғат қорғаудағы ролі

Лекцияның жоспары:


  1. Қазақстан территориясындағы қорықтар, заказниктер

  2. Олардың табиғат қорғаудағы рөлі

3. Қазақстанда жаңа қорықтар ұйымдастыру
Лекция мәтіні: ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ҚОРЫҚТАР, ЗАКАЗНИКЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУДАҒЫ РӨЛІ .

ҚОРЫҚТАР - ТАБИҒИ ЛАБОРАТОРИЯ

Биосфера - қоғам байлығы ол қашанда жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ жерінде тәуелсіз мемлекет орнату онай шаруа емес екіндігін халық сезеді. Мемлекет тәуелсіздігі табиғи ресурстарға тікелей байланысты екенін қазақ елі жақсы біледі. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану ісі мемлекетіміздің дамуының бірінші жағы. Ал биосфера компоненттерін қорғау тәуелсіз мемлекетіміздің дамуының екінші жағы. Осы екі міндетті комплексті түрде шешу нәтижесінде еліміздің бай табиғаты бұрынғыдан да гүлденіп, ол өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы дамыған аддыңғы қатарлы теуелсіз мемлекетке айналдырып жібереді. Осы кезде жер қойнауынан алуан түрлі қазба байлығы, мұнай, газ өңдіріліп сан мыңдаған кәсіпорындағы қайтадан өрлеу үстінде.

Биосфера қазынасы сарқылмайтын дүние емес. Оның адам игілігі үшін ұзақ мерізім пайдалану үшін өсіп-өнуі үшін адамның қамқорлығын керек етеді. Айналаны қоршаған орта тазалығы, орман- тоғай, қазба байлықтар, су байлығы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі ғалым биологтар назарында тұрған басты мақсаттың бірі. Табиғи ресурстарды рационалды түрде пайдалану, оны қорғау - өте күрделі мәселе. Ол үшін ең алдымен адам мен биосфера арасындағы өзара -қатынасты дұрыс шешу, биосфера байлығын ысырапсыз пайдалануға ат салысу, оның байлығын арттыра түсу ісіне қатынасу, күтіп-баптау шараларының дұрыс жолға қойылуы керек етеді. Бір сөзбен айтқанда биосферадағы экологиялық-биологиялық тепе-теңдік бұзылмауға тиіс. Олардың табиғи заңдылықтарын терең білуіміз керек. Бұл міндетті ойдағыдай шешуде табиғи лаборатория-қорықтардың рөлі өте зор. Қорықтарда көп жылдар бойы биосферада өтіп жататын өзгерістерге бақылау жүргізіліп, оның даму заңдылықтары үрдістердің дамуына, келешегіне болжам жасалады (экологиялық мониторинг).

Онда болатын өзгерістерді зерттеу нөтижелеріне қарай аддын-ала шамалауға болады. Сондықтан да қорықтар нағыз күрделі табиғи лаборатория болып табылады.

Қорықтар - биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман қорықтарды үйымдастыру күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жүмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөнінде үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар үйымдастыру бөлініп Қазақстанның шел-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының рөлі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы қүландар арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлтгық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.

Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары - солтүстігінен оңгүстігіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өнірлерді қамтиды. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикасыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі аңның, 150 қүстың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150 қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәнінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп бекерден-бекер аймаған болар. Бірақ, бүл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі - "жер жанатты" деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айландыру керек екенін емір көрсетіп отыр.

Бүл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдар ішінде қыруар ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізіп, келдік. 1962 ҚазақССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар - қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштері сақтау ережесі (1969). Сонымен бірге 1972 жылы ҚазақССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бүл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін үйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.

Қазақстан Республикасындағы қорықтардың жұмысын жақсартуынаа үлкен көңіл бөлінген. Оған бүрыңғы ҚазақССР Министрлер Советінің соңгы жылдары қабылдаған бірнеше арнаулы қаулы-қарарлары дәлел бола алады. 1969 жылғы 9 шілде де "Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы", 1972 жылғы 2 тамызда "ҚазақССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы", 1976 жылғы 12 шілдеде "Қазақ ССР-іңде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы" қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарыда айқын көрсетілген.

Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық (Ақсу-Жабағыны, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы "Гусиный перелет", шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда, бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығы және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мүғаджар далалы ауданында 15-ке жуық сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақдаладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і республикамыздың басқа жерлерінде кездеспейді. Сондай-ақ, Оңгүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін түрлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктері мен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу - жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған танғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зертгеу жүмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының қорықтарыңда алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану жөне олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компонеттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян.
Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан территориясындағы қорықтар, заказниктер

2. Олардың табиғат қорғаудағы рөлі



  1. Қазақстанда жаңа қорықтар ұйымдастыру



Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006



Лекция № 18

Тақырыбы : Экологиялық жағдай және адам денсаулығы



Лекцияның жоспары:

1. Экологиялық жағдай

2.Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі

3.Аурулар туғызатын заттар мен факторлар


Лекция мәтіні: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ

Адамның денсаулыгының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.

Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жагдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20- 25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы -қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.

Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаган ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда-бөтен), яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.



Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік экономикалмқ жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жагдай нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресттік құбылыстар арқылы әсер етеді. 9-кестеде халықтың өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.
Әр түрлі ауруардың әсерінен халықтың өлімінің себептері




Аурулар

Оның ішінде өлімнің себебі %

Өмір сүру салты

Қоршаған орта

Тұқым қуалаушылық

Денсаулық сақтау

1

Жүрек аурулары

54

9

25

19

2

Қатерлі ісік

37

34

29

10

3

Жол-транспорттық

68

18

1

12

4

Атеросклероз

49

8

25

18

5

Диабет

26

0

68

18

6

Бауыр циррозы

70

9

18

3

7

Өзін-өзі өлтіру

60

35

2

3

8

Барлық күтпеген қолайсыз жағдайлар

51

31

4

14

9

Орташа алғанда

48

16

25

11

9-кестеден адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады.

Ауру мен өлімнің қоршаган орта жагдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚШ-пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.

Американ ғалымдардың мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаган ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңгы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аууруларда жиі кездеседі.

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күш-фактор көміртегі тотыгы мен шу болып табылады.



Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларга қолайсыз әсер ететін және ауруларга әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға боліп қарастыруға болады:

1) концерогендер қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі күштілеріне бензо(а)апирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эпоксидті смолалар, нитриттер, нитрозаминдер, асбест т.б. жатады;

2) мутагендер — хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларга: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады.

3) тератогендер — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және. т.б. ластаушылар жатады.

Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогендер — эмбрионалды даму кезінде зақымдануларга әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мыс алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.

Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаган аурулар пайда болады. Мундай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен («минамата») және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Экологиялық жағдай

  2. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі

  3. Аурулар туғызатын заттар мен факторлар

  4. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 19

Тақырыбы : Атмосфералық ауа оның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы



Лекцияның жоспары:

  1. Атмосфералық ауа

  2. Атмосфералық ауаның ластануы

  3. Атмосфералық ауаның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы

  4. Атмосфералық ауаны ластаудан қорғау жөнінде шаралар

Лекция мәтіні:

Өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты және қалалар мен өнеркәсіптік қалалардың өсуіне байланысты атмосфераның тозандык және газдық құрамы өзгерді.

Атмосфераның табиғи кұрамының адамзат баласының іс-әрекеті нәтижесінде өзгеруінің өзі ауаның ластануы болып есептелінеді. Өнеркәсіптің дамуы, ормаңдардың жойылуы және көптеген жерлердің есепсіз жыртылуы, топырак бетінің үрленуі, ормандағы, даладағы өрттер, міне, осының бәрі ауадағы тозаңның көбеюіне әкеліп соғады. Атмосферадағы тозаңның көп бөлігі, қазіргі кезде жыртылған жердің желдің әсерінен үрленіп (қара боран) ауаға көтерілуіне байла-нысты. Сондықтан да, жел эрозиясына карсы күресу тек топырақ құнарлылығын сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар, ол шаралар ауаны ластанудан қорғаудың көрнекті проблемаларының бірі болып есептелінеді.

Жылу электр станциялары жұмыс істеген кезде атмосфераға көптеген мөлшерде күл бөлініп шығатыны өзінен өзі белгілі. Мысалы, Тараз ГРЭС-і жұмыс істеген кезде прайдаланылған қою қарамайды жағудан ай сайын ауаға 4 мың тонна күкірт қышқылы бөлінсе, Тараз фосфор зауыты жылына атмосфераға 35,5 т улы тозаң, ал калған өндіріс орындары ауаға 165 мың тонна зиянды тозаң шығарады. Әрине, бізде бірде бір ғалым мұны өлшеген жоқ, теориялык есептеулер ғой.

Сапалы газы мен мұнай арқылы әлемге әйгілі болған қазақ жеріндегі қарашығанақ пен құлсары мұнайына кімдер қызықпайды десеңізші. Өңіріндегі ауадағы күкірт пен оның қосындысының, кебеюі салдарынан сол аймактағы құстар мен жануарлар қырыла бастаған.

Дәл сондай қатерлі жағдай Атырау каласында да кең орын алып отырғанын жасыруға болмайды. Бір жылдың ішінде химия зауытынан 499 тонна ангидрид, аммиак т. б. заттар бар газдардың химиялык құрамын толық аныктай аламыз.

Қорғасын, цемент, химфарм зауыты бар Шымкент қаласынын жағдайы да ауыр. Жыл сайын ауаға 72 мың тонна күл аралас түтін мен зиянды заттар көтеріліп ауаны ластайды.

Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы Алматы қаласы да, республикамыздың экологиялық жағдайы нашар қалаларының біріне айналып кеткен. Қаланың ауасында адам денсаулығына зиянды заттардың мөлшері жыл өткен сайын көбейе түсуде. Оларға формальдегид, азот тотығы және күкірттің қос тотығы жатады. Ол заттар автотранспорт пен жылу электр өнеркәсіптерінің шығарған улы заттары болып табылады. Автотранспорт ауаға тәулігіне 500 тоннаға жуық улы заттарды бөледі.

Екібастұз жылу электр станцияларының мұржаларынан ыстық күл аралас түтін шығып, қала халкының өміріне қауіп төндіруде. Мысалы, 1986 жылы ауаға 2 миллион 190 мың тонна зиянды коспа, 1988 жылы 754 мың тонна күл, 5400 мың тонна күкіртті ангидрид бар, 133 мың тонна азот тотығы, 36 мың тонна көмір кышкылы, 21 мың тонна кемірсутегі ұшты.

Күкіртті газ ауадағы сумен күкірт қышкылының тамшысын түзеді. Ол кышқыл жаңбыр түрінде жерге түсіп металға, бояуға, синтетикалық қосылыстарға» өсімдік пен жануарларга да әсер етеді.

Көмір қышкыл газдың атмосферада концентрациясының өсуі «Парниктік эффект» «жылыжанлық» әсер береді. Оның мәні мынада: жер бетінен шыққан жылудың кері өтуіне көмір қьшқыл газы кедергі жасайды. Сондықтан атмосферада бұл газдың концентрациясының өсуі жер бетінің ауасының орташа температурасының көтерілуіне әкеп соғады.

Қаладағы шан-тозаң күн нұрының ұзақтығын азайтады, соның нәтижесінде ауру туғызатын бактерияларды өлтіретін ультракүльгін сәуленің қарқындылығы азаяды. Міне, сондықтан калалык жердің ауасында ауылдық жердің - ауасымен салыстырғанда жұқпалы ауру тарататын микроорганизмдердің мөлшері көп болады.

Ауадағы жүретін биохимиялық реакциялар түтін тәрізді туманның (смог) пайда болуына әкеледі. Олар белгілі жағдайларда пайда болады: біріншіден, қаланың ауасына көп мөлшерде бөлінген шаң мен газдың мөлшеріне байланысты; екіншіден, антициклональдық ауа-райы жағдайына байланысты ластаушылар атмосфераның жерге жақын жеріне орналасады.

Атмосфералық ауаны ластаудан қоргау жонінде шаралар

Ауаны ластаушылармен күресудің бір жолы - ол кейбір ластаушыларды кала мен селодан алысырақ жерге төгу. Зауыттар мен жылу электр станцияларына биік мұржалар орнату. Ол мүржалар күлді, газдарды ауаның ағыны арқылы жан-жаққа таратып жібереді. Кейінгі кездерде бұл мұржаларға сүзгіштер орнатылды. Бірақ бұл сүзгілер де толығымен ластағыш заттарды ұстап қала алмайды. Сондықтан да за-уыттар мен жылу электр станциялары жел жаққа салынуы керек.

Ауаның тазалығын сақтаудың еңбір тиімді жолы — тек қалдықсыз өнеркәсіпті ұйымдастырғанда іске асады. Мысалы, кейбір қалаларда өнеркәсіп қалдықтарын күкірт қышқылын алу үшін газды ұстап қалу аркылы тазалау жүйесін енгізген. Жылу электр станциясы көмір кышқыл газының концентрациясының өсуіне жағдай жасайды. Сон-дықтан да казіргі кезде жылу электр станцияларының орнына атом электр станциялары қолданылады. Бүл өте қауіпті. Чернобыль атом апаты. Атом электр станциялары ауаны шаңмен, күлмен, көмір қышқыл газымен ластамайды және оттегін қолданбайды. Атмосфераның ластануына автотранспорттың қосатын үлесі зор. Кейінгі кезде автомобильдерге бензиннің орнына газбен және электр қуатымен жүретін етіп ауыстыруда.

Ауаның тазалығын сақтаудың ең маңызды жолының бірі - жасыл өсімдіктерді көптеп өсіру. Өсімдіктер ауаны шаң-тозаңнан тазартып, шудан қорғайды. 1 гектар жерге отырғызылған ағаш күндіз 280-300 ки-лограмға дейін көмір қышқыл газды сіңіріп, 220-килограммға дейін оттегін-шанды ұстайтыны туралы қолымызда ғылыми деректер бар.




Бақылау сұрақтары:

  1. Атмосфералық ауа

  2. Атмосфералық ауаның ластануы



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет