Лекция 30 сағат Практикалық сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45сағат Барлық сағат саны 135 сағат


Атмосфералық ауаның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы



жүктеу 2.45 Mb.
бет9/22
Дата19.09.2017
өлшемі2.45 Mb.
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

Атмосфералық ауаның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы


4. Атмосфералық ауаны ластаудан қорғау жөнінде шаралар

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006



Лекция № 20

Тақырыбы : Ауаның физикалық және басқа ерекшеліктерінің

экологиялық маңызы

Лекцияның жоспары:


  1. Ауаның физикалық және басқа ерекшеліктерінің экологиялық маңызы

  2. Адамзат баласының айналасын қоршаған атмосфера – биосфераның сыртқы қабаты


Лекция мәтіні:

Адам биосфераның бір бөлігі болғандыкган, үнемі онымен тығыз байланыста тіршілік етеді. Адамның, жан-жануардың тіршілігі үшін ең қажетті нәрсе - ауа. Себебі Жер бетінде тіршілік ететін барлық тірі организмдер ауамен тыныс алады. Егер адам тәулігіне 4-5 литрдей су және тамак ішетін болса, дем алғанда 23-24 литрдей ауа жұтады. Тамақсыз адам бес жетіге, сусыз бес күнге және ауасыз бес минутке ғана шыдай алады. Тірі организмнің тіршілігі ауасыз мүмкін емес, міне, сондықтан да халық бір заттың маңызын көрсету үшін ауаға теңеп «ауадай өте қажет» деген.

Жердің айналасын қоршап тұрған газды қабат «атмосфера» деп аталады.

Атмосфераға адам, жануар және өсімдік дем алатын ауа ғана емес, сонымен бірге, оған Жер шарын коршаған газды қабат та жатады. Оның құрамы негізінен азот (78,09%) пен оттегінен (20,95%) тұрады. Оның кұрамында, сонымен қатар, аргон (0,3%), көмір қышқыл газ (0,03%) және аздаған мөлшерде инертті газдар (неон, гелий, криптон, ксенон) аммиак, метан, озон, күкірттің қос тотығы және басқа газдар кездеседі. Атмосферада газдармен қатар вулкандардың әрекетінде литосферадан түсетін қатты заттар және космостан түсетін космостық шандар және басқа да түрлі микробтар кездеседі. Сонымен қатар, атмосферада су буының аткаратын рөлі зор.

Жер шарының қазіргі кездегі атмосферасы біздің жер деп аталатын планетамыз жаралғаннан кейін, оның катты қабатынан, яғни литосферадан бөлініп шыққан газдардан пайда болды деп ғалымдар тошылайды. Жердің геологиялык даму тарихында, атмосфера біраз өзгеріске ұшырады. Ол өзгеріс, атмосферадағы газдардың космос кеңістігінде ұшуына (диссоциация), вулкан әрекеті нәтижесінде литосферадан газдардың бөлініп шығуынан, күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен ауа молекуласының ыдырауына (диссоциация), атмосфера компоненттері мен жер қабатын құрайтын тау жыныстарының арасындағы химиялық реакцияға байланысты. Сонымен қатар, атмосфераның дамуы геологиялық, геохимиялық құбылыстар мен организмдер тіршілігіне байланысты. Атмосферадағы газдар өз тарапынан литосфераның дамуына үлкен әсерін тигізеді. Мысалы, бір кезде ли-тосферадан бөлініп атмосфераға көтерілген көмір қышқылы, кейіннен бетіндегі карбонаттардың құрамынан табылған. Су тамшылары, , ауаның температурасы, атмосферадағы оттегі және тағы басқа элементтер - тау жыныстарын бұзатын негізгі факторлар. Жер бетіндегі барлық үгілу қүбылыстары атмосфераның әрекетінің нәтижесі.

Атмосфера Жер бетін космостан түсетін метеориттерден қорғайды, дәлірек айтсақ, олар атмосферанын тығыз қабатынан өткенде жанып кетеді. Атмосфераның өзі организмдердің тіршілігіне кауіпті күннің ультракүлгін сәулелерін өткізбейді. Атмосферада жануарлардың және адамның тыныс алуына қажетті оттегі мен өсімдікке қажетті көмір қышқыл газ синтезделеді.

Өсімдіктердің, жануардың, адамзат баласының экожүйе үшін атмосфераның құрамына кіретін үш газдың: оттегі, көмір қышкыл газ және азоттың маңызы өте зор. Бұл газдар негізгі биохимиялық циклдарға қатысады.

Оттегі - біздің жер деп аталатын планетамызда тіршілік ететін барлық тірі организмдердің тіршілігі үшін тыныс алуға қажетті манызды элемент.

Бос күйінде оттегінің ен көп мөлшерде кездесетін жері атмосфера: өсімдік фотосинтез процесі нәтижесінде жыл сайын 120 млрд т оттегін бөліп шығарады.

Оттегі жануарлардың, өсімдіктің және микроорганизмдердің атмосферада, суда, топырақта тыныс алуы үшін, тотығу реакциясына қатысады.

Атмосферада фотосинтез процесінін нәтижесінде пайда болған отгегі ультракүлгін сәуленің әсерінен озонға айналады. Озонның жиналуына қарай атмосфераның жоғарғы кабатында озон қабаты пайда болады. Озон кабаты жер бетіндегі тіршілікті, оларға зиянды радиациялық сәулелерден қорғайды.

Отгегінің негізгі қоры карбонаттарда, органикалық заттардың құрамында және темір тотығында, сонымен катар, оттегінің бір бөлігі суда еріген күйде кездеседі.

Кейінгі кезде адамдардың іс-әрекетінін нәтижесінде атмосферада отгегінің корының азаю қаупі бар. Әсіресе, озон қабатының жұқаруы өте үлкен қауіп туғызады.

Биосферадағы оттегінің айналымы өте күрделі, себебі, оттегімен көптеген органикалык және бейорганикалык заттар реакцияға түседі, сутегі оттегімен реакцияға түсіп, су түзіледі.

Көмір қышқыл газ - кеміртегі - жер бетіндегі тіршілік формалары мен органикалық заттардың алуан түрлілігі, биохимиялық процестердің касиеттері мен ерекшеліктерін анықтайтын химиялық элемент. Көміртегінің айналымы фотосинтез процесінің нәтижесінде жүзеге асады. Күн сәулесінің энергиясын пайдалана отырып, өсімдік көміртегін сіңіріп, зат алмасу процесі нәтижесінде көптеген заттарға айналдырады.

Өзінің тіршілік әрекеті нәтижесінде синтезделген органикалық затты тыныс алуға жұмсайды да, фотосинтез процесі нәтижесінде сіңірілген көмір қышкыл газ атмосфераға бөлінеді. Жануарлар мен өсімдіктер өлген соң, олар көптеген саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің қорегі болады. Топырақта тіршілік ететін бұл организмдер өз тіршілік әрекетінде көмір кышқыл газ бөледі. Тамыр жүйесі тыныс алу арқылы топырақта көмір қышқыл газдың мөлшерін көбейтеді. Кей кезде топырақта органикалық зат толық ыдырамай, қара шірік пайда болады. Мұхит пен атмосфера бір-бірімен көмір қышқыл газбен алмасады. Адамзат баласының іс-әрекеті де көміртегінің айналмауына өзгеріс енгізеді. Ландшафтар езгерсе, өсімдіктің түрлері өзгереді, биоценоздар мен олардың қоректік тізбегі өзгеріп, топырактың құнарлылығы төмендейді. Осының бәрі жер бетіндегі көміртегі айналымына әсер етеді. Адам отты пайдалана бастағалы ол ағаш өсімдіктер синтездеген органикалық затты пайдалана бастады. Ағашты жағу процесінде цикл қысқарып, көміртегінің айналым қарқыны күшейе түсті де, соның нәтижесінде орман жойылып, топырақ эрозиясы болып, өсімдік азайып, фотосинтез процесінде сіңірілетін көмір қышқыл газ азайды. Көміртегінің айналымына адам әсері, әсіресе, жанғыш жер койнауындағы заттарды жағьга, атмосфераға фотосинтездеуші организмдердің миллион жыл бұрынғы жиналған көміртегін қайтаруы болды. Соның нәтижесінде атмосферада көмір қышқыл газдың мөлшері 13 % өсті.

Соңғы кездерде атмосферадағы көмір қышқыл газдың мөлшерінің көбеюі жөнінде айтылып жүр.

Атмосферадағы көмір кышқыл газдың екі есе көбеюі Жердегі ауаның температурасын 3-4°С-қа көтереді деген жорамал бар. Ауанын температурасының өсуі дүние жүзілік мұхиттың суының температурасының көтерілуіне әкеледі. Мұздар еріп, мұхит деңгейі 50-60 м көтеріледі деп жорамалдануда.

Азот — өте кажетті биогенді элемент. Себебі, ол белок, нуклеин кышқылдарының құрамына кіреді. Атмосфераның 79% азоттан тұрғанына қарамастан, бүл өте зәру элементтердің қатарына жатады. Азоттың газ түріндегі түрінің химиялык жағынан активтігі аз, сол себеп-тен есімдік оны бірден пайдалана алмайды. Өсімдік азотты топырақтан аммоний немесе нитрат ионы түрінде бекітілген азот түрінде қабылдайды. Экологиялық жүйеге азоттың қоры күн күркіреп, найзағай ойнағанда электр зарядынын нәтижесінде пайда болған азоттың тотығы түрінде түседі.

Азоттың биологиялық жолмен қарапайым қосылыстарға айналуы өсімдіктердің тамырындағы тамыр бактериясы арқылы өтеді. Кейбір бактериялар мен көк жасыл балдырлардың да азотты жинау қабілеті бар. Сонымен катар, кейбір шырғанак, қандағаш сиякты өсімдіктердің тамырлары да азотты жинайды. Биосфераға азот айналымында тірі организмнің рөлі зор.

Азот атмосферада көміртегі айналымы мен тығыз байланысты. Азот айналымы көміртегі айналымына қарағанда күрделірек болуына карамастан тез жүреді. Азоттың басқа құрамдас бөліктері биохимиялык айналымға қатыспайды, бірак атмосфераны ластаушылардын көп болуының себебінен бүл айналымдарды бұзуға себепші болады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ауаның физикалық және басқа ерекшеліктерінің экологиялық маңызы

  2. Адамзат баласының айналасын қоршаған атмосфера – биосфераның сыртқы қабаты



Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 21

Тақырыбы : Антропоген факторлар



Лекцияның жоспары:

  1. Антропогендік әсерлер

  2. Радиациялық әсерлер

  3. Шу, вибрация және басқа да физикалық әсерлер


Лекция мәтіні: Антропогендік физикалық әсерлер және оларды нормалау

Радиациялық әсердің шетік рауалы деңгейі. Қоршаған табиғи ортаның сапа нормативтерінің ішінде ерекше орын алатын радиоактивті әсері. Бұл нормативті белгілейтін санитарлык-эпидемиологиялық кадағалау қызметтері белгілегенде негізге алатын шамасы адам денсаулығына, оның генетикалық фондына қауіптілік тигізбеуі қажет.

Радиациялык, әсер деп радиоактивті заттектерден шығатын иондаушы сәулеленуді айтады. Кейбір химиялык элементтердің және олардың изотоптарының атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырайды.

Иондаушы сәулеленудің үш түрі бар: 1) көп электр зарядын алып жүретін гелий ядросының альфа-бөлшектер ағыны; 2) электрондар мсн позитрондардың бета-бөлшектер ағыны; 3) қысқа толкынды электр магниттік гамма-сәулелері. Альфа-бөлшектер ауада не бәрі бірнеше сантиметр ғана ұшып, қағаз бетімен де үсталуы мүмкін. Олар адамның киімі аркылы да, тері эпителиі арқылы да өтпейді. Бұлар адам организміне тыныс алғанда немесе тамақпен бірге түскен жағдайда ғана зиянын тигізе алады, клеткалар радиациялық зақымдануға ұшырайды. Себебі оның салдарынан организмде жүретін биохимиялык процестер өзгеріп, физикалық, химиялық және физиологиялық патология орын алып, әр түрлі аурулар, соның ішінде сәулелену ауруы пайда болуы мүмкін. Альфа-бөлшектермен салыстырғанда бета-бөлшектердің ену қабілеттілігі жоғары, организм ұлпасына 1-2 см терендікте ене алады. Денеге ену салдарында бұл бөлшектер теріні күйдіреді, пигментация немесс денеде жара пайда болады. Рентгендік және гамма-сәулелері ең төмен иондау тығыздығы болғанымен ену қабілеті өте жоғары, оларды тек калың қорғасын қабатымен немесе бетон плиталарымен ұстауға болады. Бірақ та осы уш сәуле түрінің бірдей дозаларын карастыратын болсақ ең қауіпті болып альфа-сәулелер саналады, оның қауіптілігі басқа сәулелерден 20 еседей артық.

Адамды және коршаған табиғи ортаны сақтау мақсатында ең негізгі назар аударатын объектілер болып шекті ауалы деңгейден жоғары сәулелену дозасын беретін радиациялык көздер саналады. Оларға ядролық сынақтар, атом реакторлары (электр станцияларында немесе теңіз кемелерінде қондырылған), кәсіпорындарда, мекемелерде, т. б. жерлерде қолданылатын радиоактивті материалдар, аспаптар жатады.

Электр магниттік сәуле - энергия бөле отырып, заттектер арқылы оңай отетін және ауада ұзақ қашыктыққа дейін тарайтын иондалған гамма-сәулесі және оған жақын рентгендік сәуле.

Гамма-сәулелері тірі организмнің клеткалык, тобына оңай енеді, олар организм арқылы ешқандай әсерін тигізбей өтуі де мүмкін, немесе өткен жолында иондануды қоздыруы мүмкін. Олардың әсері мөлшерге және энергия түріне, сонымен қатар организм мен сәуле шығаратын көздің алшақтығына байланысты.

Иондайтын және кейбір иондамайтын электр магниттік (инфрақызыл, ультракүлгін және т. б.) сәулелердің әсерінен адамның белгілі бір органдары мен ұлпалары закымдалады. Мысалы, альфа-сәулелену беретін көздер — радий, уран, плутоний, бэта-сәулену көздері - стронций және иттрий, гамма-сәулелену көзі- цирконий сүйектердс жинақталады.

Иондайтын сәуле мөлшеріне карай адамды сәулелік аурудың жедел немесе созылмалы түрлеріне шалдыктырады. Организм арқылы откен сәуле мөлшсрі 100 рснтгеннен аспаса ауру жеңіл түрде байқалмай өтуі мүмкін, ал 100 рснтгеннен жоғары молшерлер аурудың белгілерін айқын көрсетеді. Ауруга шалдыққан адамның сүйек кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті және иммунитеттік қабілеті төмендейді.

Тірі организмдердің әр түрлі органдарының өздеріне ғана тән сәулелену сезімталдыктары бар.

Санитарлық ереже бойынша электр магниттік сәулелену бар жерде тұрақты тұруға болмайды. Құрылыс практикасында олардан қорғайтын материалдарды кеңінен қолдану қажет.

Иондайтын сәулелердің қарқындылығын жартылай төмендету олардың енетін ортаның табиғатына және қалындыгына байланысты келеді (кесте).
Гамма сөулелердің мөлшерін жартылай төмендететін қабат шамасы


Гамма-сәулеле-ң

энер-гиясы, МэВ



Жартылай төмендететін кабаттың шамасы

Ауа, м

Алюминий, см

Қорғасын, см


0,5

60

3,2

0,4


1,0

85

4,4

1,0


2,0


120

6,0

1,4


Шу, вибрация (діріл), магнит өрістері әсерлеріне және басқа да зиянды физикалық әсерлерге қатысты шекті рауалы деңгейлердің нормативтері. Шу, діріл, магнит өрістері және басқа физикалық әсерлер шартты түрде адамды коршаған ортаның акустикалық ластануына жатады. Бірінші кезекте акустикалық ластанудың әсер тигізетін объектісі болып адам және оның денсаулығы саналады.

Адамзат барлық уакытта дыбыс пен шу дүниесінде өмір сүріп келе жатыр. Адам құлағы кабылдайтын сыртқы ортаның механикалық теңселуін дыбыс деп атайды. Естілетін дыбыс 16 Гц — 20 Гц, инфрадыбыс - 16 Гц-тен төмен, ультрадыбыс — 21 кГц -1 Ггц. Инфрадыбыс пен ультрадыбыс адамның кұлағы қабылдамайтын дыбыстарға жатады.

Ультрадыбыстың жиілік диапазоны – төменгі жиілікті (20-100 кГц) және жоғары жиілікті (100 кГц-1000 МГц) болып бөлінеді. Ультрадыбыстарды газдар сүйықтықтармен салыстырғанда бірнеше есе жақсы сіңіре алады. Мысалы, ауада ультрадыбыстың сіңу коэффициенті сумен салыстырғанда 1000 есе жоғары.

Ультрадыбыс онеркәсіпте текссру-өлшеу (дефектоскопия, мұржалар кабырғаларының калыңдығын анықтауға және т. б.) мақсатында қолданылады, сонымен қатар әртүрлі технологиялық процестерді жүргізуге және күшейтуге (бөлшектерді тазалауға, пісіруге, дәнекерлеуге, үгітуге және т. б.) Ультрадыбыс диффузия процестерін, ерітуді және химиялык реакцияларды жылдамдатуға да пайдаланылады.

Ультрадыбыстың баска дыбыстар сияқты адам организміне тигізетін зиянды әсері бар. Ол нерв жүйесінің бұзылуына, тамырдағы қысым мөлшерінің, канның кұрамы мен қасиетінің өзгеруіне себебін тигізеді. Ультрадыбыс ауа, немесе сұйык және қатты орта аркылы өтеді. Адам организміне түйіскен байланыс арқылы өткен ультрадыбыс өте кауіпті келеді.

Қатты үздіксіз дыбыстарды шу дейді. Шу адамзаттың өмір серігі. Деңгейіне қарай шу адамға колайлы және колайсыз әсер тигізеді. Мысалы, табиғи нәзік шулар - жапырактардың сылдыры, өзен ағысының дыбысы, құстар әні, т. б. адамға қолайлы әсерін тигізеді, нерв жүйесінің ауруларын емдеуге қолданылады. Ал қатты шулардың пайда болуы адамдардың есту кабілеттерінің төмендеуіне және әр түрлі нерв жүйе ауруларының көбеюіне себеп болады. Ұзаққа созылған қатты шулар жүректің, бауырдың жұмыс істеу қабілеттерін бұзады және нерв клеткаларын тоздырады. Нервтік жүйе клеткаларының әлсіреуіне байланысты бүкіл организмнің жұмыс істеу қабілеті төмендеп, әртүрлі патологиялык, өзгерістер орын алады. Қатты шулар тек адамдарға ғана емес өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де қолайсыз әсерін тигізеді. Мысалы, шулы көшелерге жақын жерден ұя салған құстардың қанында холестерин мөлшері, тыныш жерде үясы бар құстардікінен анағұрлым жоғары болатынын биологтар талай рет тәжрибе түрінде дәлелдеп жүр.

Әр түрлі механикалык, аэродинамикалық және электр магниттік кұбылыстар шудың пайда болуына себеп. Машиналар мен механизмдер жұмыс істегенде олардың бөлшектері бір-біріне соғылысу мен кажалудың арқасында және өндірістерде қолданылатын соғылу процестерінің (штамптау, темір соғу) нәтижесінде шудың механикалық түрі орын алады.
Бақылау сұрақтары:

1. Антропогендік әсерлер

2. Радиациялық әсерлер

3. Шу, вибрация және басқа да физикалық әсерлер



Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006



Лекция № 22

Тақырыбы : Биосфера – ғаламдық экожүйе



Лекцияның жоспары:

  1. Биосфераның химиялық құрамы

  2. Биосфера құрылысы

  3. Атмосфера


Лекция мәтіні: В.И.ВЕРНАДСКИЙДІҢ БИОХИМИЯЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫ БИОСФЕРАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Сырттай қарағанда тірі организмдер мен өлі табиғат, ресурстарында үлкен айырмашылық бар ғой деп ойлайсыз. Зерттеп қараған кезде олардың бірінсіз-бірінің тіршілігі жоқ екенін көрсетеді. Қайта олар бір- бірімен жан-жақты және тығыз байланыста болатыны анықталды. Айналаны қоршаған өлі атмосфераның ресурсынсыз өмір сүре алмайды, себебі ол айналаны қоршаған ортаға да терең экологиялық және биологиялық өзгерістер енгізеді. Тірі ағзалар (өсімдіктер қалдықтары, жан- жануарлардың өліктері және тағы басқа органикалық қалдықтар) топырақтың қара шірігін құраушы, тіпті топырақтың негізін құраушы, тіпті топырақтың негізін құрайтын фактор болып есептелінеді. Топырақ өлі дене емес. Ол тіршілік ортасы. Жерді қоршаған атмосфера, бір жағынан, тіршілік ортасы болса, екіншіден, оның қазіргі физикалық құрамы тірі ағзалардың әрекеті арқылы пайда болған.

Жер бетін мекендейтін бүкіл тірі организмдердің жиынтығы сүретін ортасымен қосыла отырып, өзгеше қабат биосфераны құрайды.

В.И. Вернадский биосферадағы тіршілік үрдістерін жан-жақты зерттей келе биохимиялық элементтердің бір тобын "тірі заттар", екінші тобы биогенді, үшіншісін - биокосты, сирек кездесетін элементтер деп бірнеше категорияларға бөлді.

Биогенді заттарға сутек, оттек, көміртек, азот, фосфор және күкірт жататынын В.И.Вернадский анықтап берді. Ол геохимик және минералог еді. Биогенді элементтердің атомы тірі ағзалардың денесінде күрделі биоорганикалық қосылыстар жасап, көмірсулар, Жоғары молекулалы заттар-белоктар, нуклеин қышқылдар дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), рибонуклеин қышқылы (РНҚ), липиттерді синтездейді.

Бұл биохимиялық қосылыстар биосферадағы тірі организмдері негізгі құрамы тіршілік тірегі.

В.И.Вернадский биосфераның пайда болу, даму және қазіргі кездегі жағдайында тірі заттардың рөлін өте жоғары бағалады. Ол "Жердің сыртқы қабатында үнемі езгеріс енгізетін тірі организмдерден бас құдіретті химиялық күш жоқ" деп жазды өзінің "биосфера атты еңбегінде. Әсіресе тірі организмдер оған қоса адамзат баласының іс әрекеттерінің биосфера шетіндегі биогеохимиялық фактор ретіндегі рөлін бағалай келіп биосфера өзін-өзі реттеп отыратын биолог экологиялық және химиялық жүйе екенін делелдеді. Бір сөзбен айтқанда біздің жер деп аталатын планетамыздағы ең жоғарғы сатыдағы өсіп-дамыған жер бетіндегі барлық тіршілікті жүргізуші ұлы күш. Сондықтан да жер бетіндегі неше түрлі құбылыстар осы тірі ағзалармен байланысты екенін толық түсіндіре білді. Шынына келетін болсақ тірі ағзалар ғарыштық энергияны биосферадағы химиялық элементтер мен қосылыстардың миграциясы болып табылады. Бұл үрдістер биосферадағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі бүкіл дүние жүзілік зат пен энергияның алмасып отыратынына ең себепші құдіретті қозғаушы күш.

Алғашқы кезде проблема биосфералардағы зат пен энергия айналымының қалдықсыз жүруі нәтижесінде биосфера деп аталатын айналаны қоршаған ортада, тіршілікке қажетсіз еш қандай басы артық зат синтезделінбейді. Олар үнемі өзгеріп, бір түрден екінші түрге айналып отырады. Өмірге қауіптісі жойылып кетіп, пайдалылары қалады, сөйтіп биосфера езін-өзі тазартып отырады. Биосферада барлық тіршіліктің ең қозғаушы күші - күн сәулесі.

Биосфераға күннен секуңцьша 1.1.1025 калория энергия келіп сіңеді оның 42 процентін биосфераның әлемдік кеңістігіне тарайды да, ал қалған 57 пайызын өз бойында сақтайды. 1 пайыз энергия өсімідіктерге жиналады. Бұл энергия жердің жасыл желегінде болатын фотосинтез үрдісіне жұмсалады. Күн сәулесіне кейінірек тоқталамыз.

В.И.Вернадский биосферадағы зат және энергия айналымдарының тұрақты есіп-даму үрдісіндегі адамзат баласының рөліне ерекше көңіл аударады.

В.И.Вернадскийдің делелдеуінше адамзат баласы тендесі жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық күш екенін айтады. Келешектегі яғни XXI ғасырдағы биосфераның тағдыры адамзат баласының ақыл ойының сапасында немесе деңгейінде екенін болжай келе В.И.Вернадский өзінің өте маңызды теорияларының бірі -биогеохимиялық концепцияларын дүниеге келтірді. Сөйтіп, ноосфера ғылымының негізін қалады. Ол - биосфераның жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты - ноосфера туралы гипотезалар жасады.

Академик В.И.Вернадский өзінің 1944 жылы жазған ғылыми еңбегінде: "Болашақ планетаның ұсқыны мен тыныс тіршілігі адамзат баласының ақыл ойы мен парасатына байланысты өсіп дамиды және тәуелді болады. Ең бастысы адамзат баласының саналы ақыл-ойының нәтижесіне байланысты биосфера тағдыры шешіледі" - деп көрсеткен еді. Шынына келетін болсақ, қазіргі биоосфераның тұрақтылығы тек адамзат баласының қолында екенін әрбір саналы және сауатты адамзат баласы жақсы білуі тиіс. Еш бір дәйекті сөздерді қажет етпейтін ұлы қағида.

БИОСФЕРА ҚҮРЫЛЫСЫ

Биосфера - грекше биос - өмір және тіршілік, шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э.Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера жене оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И.Вернадский бодды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 градустан — 50 градусқа дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера негізінен үш қабаттан құралады: Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.



Атмосфера - жер шарын түгелдей орап тұрады. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында отгегі (20, 95 %), яғни 1,5.1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50%), яғни 3,8 . 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі.

Атмосфера негізінен - тропосфера, стратосфера жөне ионосфера қабаттары болып үшке бөлінеді.



Тропосфера – қазақша өзгермелі қабат деген мағына береді. Ол атмосферанының жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Оның орташа биіктігі 10-12 км дейін жетеді.

Стратосфера – теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Мұнда ылғал жоқ. Бұлт та болмайды.

Гидросфера табиғи су қоймаларынан құралады. Бұлар құрлықтың 70 процентін алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 миллион шаршы километр.

Литосфера Жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған.Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км 40 км дейін жетеді. Ал астыңғысы базальттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км.

Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шындарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатьр. Өсімдіктер әлемі мен жан-жануарлар дуниесінің кейбір түрлері жердің ең биік нүктесіне дейін таралған. Мысалы, шау қарға дейін дала құсының бір түрі Эверстің (Гималай тауының) басында 8 километрге жететін шындарда тіршілік етеді. Сол жер оның атам заманнан бергі табиғи мекені.

Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 километр биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш түқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың озон қабатында да өсіп-өнеді. Озон қабаты 20-25 километр биіктікте кездеседі. Ол жерді қоршаған экран сияқты. Адам баласына, жаңуарлар дүниесіне зиян келтіретін космостық және күннің әсірекүлгін сәулелерінің осы озон қабаты тұтып қалады. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.
Бақылау сұрақтары:


  1. Биосфераның химиялық құрамы

  2. Биосфера құрылысы

  3. Атмосфера



Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 23

Тақырыбы : Адамзаттың экологиялық байланыстарының тарихы



Лекцияның жоспары:

  1. Адамзаттың экологиялық байланыстарының тарихы

  2. Адамның эволюциясы
3. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынастарының кезеңдері


Лекция мәтіні: АДАМЗАТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

Жер ғаламшарының даму тарихын тәулікке тең уақыт аралығында қарастырсақ онда адамның дамуы шартты тәуліктің соңгы екі секундында жүріп өтті. Бірақ осынша қысқа өмірінде адам алдындағы 5 млрд. жылмен салыстырғанда орасан көп жердегі түрлердің санының жойылуының куәсі больш отыр.

Әлеуметтік экологияның негізгі заңдылықтарын анықтау үшін адам мен қоршаған ортаның өзара әсерін, өзара қарым-қатынасы мен өзара байланыстарын білу қажет.

Адамның эволюциясы

Қазіргі кездегі көзқарастар бойынша қазіргі адам неандерталдықтардың африкандық бұтағынан түр тармагы ретінде пайда болды. Қазіргі барлық адамзат шартты түрде бір еркек пен бір әйелдің генотипінен тарайтын тұтас генотиптен тұрады. Олар шамамен 150 мың жыл бұрын Шығыс Африка жерінде кездескен деген болжамдар бар.

Адамның ата-тегі бұдан ертеректе африканың ағаштарда мекендеген жоғары дамыған тартанаулы маймылдарынан бастау алады (дриопитек; 22—12 млн. жыл бұрын). Дриопитектен жүретін адамга дейін (архантрон) эволюцияланган. Аталган эволюция баспалдақтарының арасында бірқатар аралық формалар, мысалы австралопитектер туысы (5—1 млн. бұрын) болған. Адамның пайда болуы мен эволюциясын тірі табиғаттың эволюциясынан бөліп қарастыру мумкін емес және ол көбіне Жердегі экологиялық өзгерістерді анықтады.

Адам эволюциясының бірқатар ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:

1. Адамның маймыл тәріздес ата-тектерінде терең, морфологиялық, физиологиялық және экологиялық мамандануы болган жоқ. Бұл эволюциялық жағынан жоғары бейімдеушілік, бұтанған эволюцияга қабілеттілігінің болуына мінез-қүлқының бейімделгіштігі, әр түрлі экологиялың орталарды мекендеуіне мүмкіндік беретін еді.

2. Адам эволюциясы эволюцияның жылдамдау ережесінің дәлелдемесі больш табылады. Ол ірі сүтқоректілер үшін жогары жылдамдыпен (әсіресе антропогендердің соңгы кезеңдерінде) сипатталады.

3. Бейімдеушілігінің жоғарылығы консервативті инстинктерінің толық аяқталған жиынтығының болмауы және алуан түрлі құралдармен қызмет жасау адамның ата-тегінде мінез-құлықтың жоғары түрлерінің дамуына, инстинкт устілік сферасының және интеллектінің дамуын қамтамасыз етті.

4. Антропогенездің соңғы кезеңдері мәдениеттің - материалдық байлықтарды жасау құралдарының, тілмен, белгілермен ақпараттарды жеткізу сигналдық естің жиынтығының қалыптасуымен сипатталады. Мәдениет адам эволюциясының басым факторына айналып, табиғи сұрыптау факторларының қысымын кемітеді. Үйретуге байланысты іскерліктер, дағдылар мен білімдер бір үрпақтан екінші урнаққа беріледі, яғни мәдени мұра, дәстүрлер қалыптасады. Осы арқылы адам өзінің эволюциясында жүре пайда болған белгілерінің тұқым қуалауына табиғат салған тыйымды бұзады. Мәдениет, мәдени мұра қогам мен өркениеттің пайда болуының басты көзі болып табылады.

5. Қоғамдағы мәдениет пен ақпаратты игеру генетикалық ақпараттың тұқым қуалау арқылы берілуінен анағұрлым жылдам жүреді. Сондықтан қоғамдық прогрестің даму қарқыны мен материалдық мәдениеттің дамуы биологиялық эволюцияны басып озып қана қоймай табиғи сұрыпталудың әлсіреуіне байланысты оны баяулатады.

Адамның ата-тектерінің ағашта өмір сүретін түрлерден шығуы, адамның төмедегі биологиялық ерекшеліктерін: денесінің вертикалды күйде болуы, иіс сезудің өзгеруі, түрлі-түсті көру мүшелерінің өткірлігінің артуы, аналығының бір мезгілде өмірге келтіретін балалар санының кемуімен, анықтады. Көздерінің фронтальді орналасуы көру мүшелерінің стереоэффект пен жақсы ара қашықтықты өлшеу функциясын қамтамасыз етті. Жоғары дамыған ұстау қызметі мен тактильді сезімталдылық қолдың кейінгі көпфункционалды дамуын жеңілдетті.

Шамамен 10 млн. жыл бұрын Африкадағы тропиктік белдеудің ауа райы айтарлықтай өзгеріп, үлкен кеңістіктегі орман саваннамен алмасты. Бұл біздің ата-тегімізді жер бетінде өмір сүруге және тік жүрудің қалыптасуына әкелді. Алдыңғы аяқтарының босауы еңбек құралдарымен жұмыс істеуге және құралдарды пайдаланудың дамуына әкелді. Экотоптың және қоректену сипатының (тек өсімдіктермен қоректенуден аралас тамаққа көшу) өзгеруі қоректену территориясының артуына және тамақ өндіру кезінде көп қуат жұмсауға әкелді. Жануар текті азықпен қоректенудің артуы ас қорытудың, зат алмасудың өзгеруіне, дене мөлшерінің және агрессивтіліктің артуына әкелді. Жетілген құралдарды қолдану отты, жануарлардың сүйегі мен терісін пайдалануга әкелді.

Түкті жабынының жойылуы (экологиялық жағдайлардың, гормоналдық статусының езгеруі, эктопаразиттерден қоргану мен киімнің шығуына байланысты температураны реттеудің жетілуі мен тер бөлінудің дамуымен ңатар жүрді.

Ашық кеңістіктердің экотоптарын меңгеру мен қоректену территориясының ұлгаюы архантроптардың топтарының әлеуметтік ұйымдасуын өзгертті. Антропогенезде репродуктивті функцияның және жыныстық қатынастардың өзгеруі ерекше орын ала бастады. Бұл отбасының пайда болуының алғы шарты болды. Аталған барлық факторлар, ең алдымен құралдармен жұмыс істеу, эмоционалдық сфераның кеңеюі, инстинкт үстілік мінез-құлық бас миының жылдам дамуына, интеллекттің, естің, ойлаудың дамуына әкелді. Осының негізінде сөз пайда болды. Бұл сапалық жағынан жаңа ақпараттық ортаны жасап, ми арқылы өңделетін ақпараттың көлемін арттырды.

Антропогенездің соңгы кездері мен адамның таралу процесі ауа райының айтарлықтай ауытқулары мен сай келді. Солтүстік жарты шардағы мұздық кезеңдердің алмасуы. Тропиктік белдеуде ылғалды лықтын, жоғары болуы кезеңдері құрғақшылыпен алмасып отырды.
Бақылау сұрақтары:


  1. Адамзаттың экологиялық байланыстарының тарихы

  2. Адамның эволюциясы

  3. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынастарының кезеңдері

  4. Табиғи экожүйеден ауыл шаруашылық экожүйеге дейін



Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006
Лекция № 24

Тақырыбы : Жалпы экологиялық мәселелерді кейбір шешу жолдары



Лекцияның жоспары:

  1. Экологиялық мәселелерді шешудің кейбір жолдары

  2. Тұрақты даму концепциясы

Лекция мәтіні

ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КЕЙБІР ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Тұрақты даму концепциясы

Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамының алдында тұрган экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қогам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні — табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі — биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықтальш отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттың, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағ-дарыссыз дамиды. Мұндай дамуды — тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаган орта ушін қаіуіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырады.

Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырьш, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалдарынан).

1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «XXI ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бүл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция — климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қоргау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Казақстан Республикасының тұрақты дамуга көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауьш, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестірілуде. Олар:

• бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

• суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

• жерді пайдалану, ауыл шаруашылыгының түрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауга бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Үлттық баяндамасы қабылданды.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:

• қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;

• экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану; тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету. Бұл мәселелердің біздің Рес-публикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше.

Бұл мәселелерді шешудің міндеттері «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік» концепциясында қарастырылған (Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен бекітілген, 30 сәуір, 1996 жыл). Республиканың экологиялық қауіпсіздігі дегенде ең алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиғи әсердің нәтижесінде жеке адамға, қоғамға, табиғат пен мемлекеттің өмірлік маңызды қа- жеттіліктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесін түсінеміз. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған медициналық, биологиялық, экологиялық, құқықтық іс-шаралардың жиынтығы жатады. Алда тұрған маңызды мәселенің бірі адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялық қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары, қарым-қатынастары, олардың біртұтастығы сақталатын антропогенді фактордың әсер етуінің максималды деңгейін анықтау больш табылады.

Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсерге үшыраған. Арал маңы аймагы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта кайтымсыз өзгерістерге ұшыраган, Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімнің артуы байқалып отыр. Қазақстан Республикасының «экологиялық қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне» экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін жасау мен дамыту жатады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тұрақты даму концепциясы

  2. Экологиялық білім беру

  3. Экологиялық құқық



Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. И.М.Культиасов экология растений изд.Московского ун-та 1982

  2. Т.К.Горышина экология растений Москва Высшая школа 1979

  3. М.В.Бенаминова Воспитание детей м., 1981

  4. Ж.Жатқанбаев Экология және биология негіздері Алматы 2004

  5. Ж.Жатқанбаев Адам экологиясы Алматы 2005

  6. Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева Экология Алматы 2002

  7. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері Алматы 2004

  8. С.Ж.Колумбаева, Р.М.Білдебаева Жалпы экология 2006






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет