Қарағанды облысы Приозерск қаласының прокуратурасы әлеуметтік желіде пайда болған жергілікті полиция бөлімінің бастығы мен мейрамхана әкімшісінің әңгімесі түсірілген видеоға қатысты жауап берді. Полицей тексеру жүргіземіз деп қорқытып, мекеме әкімшісіне жаңа жыл түні жұмыс істеуге тыйым салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Прокурорлар тексеріс жүргізіп, конституцияның 26-бабы (кәсіпкерлік қызметпен айналысу бостандығын шектеу) бойынша бұзушылықты анықтады. Аталған факті бойынша Қарағанды ​​облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді.

"Нәтижесінде тәртіптік комиссия Приозерск полиция бөлімінің бастығын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ішкі істер министрлігіне жолданды", — делінген хабарламада.

Бастықтан бөлек аталған полиция бөлімшесінің бес қызметкері де қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, бұған дейін мейрамхана басшысылығына Приозерск қалалық ІІБ бастығы Сәдібеков Ерлан Сәулебайұлы 2023 жылдың 31 желтоқсанында негізсіз қоңырау шалып, "Ас-Сафи" кафесін жабуды талап етіп, егер талабымен келіспесе, зорлық-зомбылық көрсетіп, мекемені жабамыз деп қорқытқан.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.