Лекция конспектісі 6В01403-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2021


Сырмақ түрлері және оның қолдану мақсаты



бет10/34
Дата13.05.2022
өлшемі4.4 Mb.
#173850
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
Қазақ қолөнер негіздері ЛЕКЦИЯ
Кәсіптік окыту әдістемесі лекция
2. Сырмақ түрлері және оның қолдану мақсаты.

Сырмақтар ұсталатын орынына қарай аталды. Олар: от киіз (от сырмақ), от басы сырмағы, тізе сырмақ, маяуза (қарт адамдарға арналган төсеніш) сырмақ, төр сырмақ, іргелік (ірге киіз), аяқжол т.б деп аталады.

От киіз. Көшпенді өмір кешірген халқымыз киіз үйлерінің ортасына от жағып, ошақ қойып тамақ асып, мосыға шәугім іліп, шай қайнатып, ас-су дайындады. Өте ерте кездерде көшпенді тұрмыс кешірген халқымыз күз, көктем, қыс күндерінде де осы киіз үйлерінде отырды. Таулы өңірлерде түнгі салқында, күз, қыс, көктем мезгілінде ортаға отты мол жағып, от басын аинала, қоралана отырып, отқа жылынып, тамақтанатын болған. Міне, осылай отыру үшін от басына төсеніш қажет еді.

Ата-бабаларымыз астынан сыз өтпеудің қамы үшін қыс күндері киіз үйдің ішкі еденіне құрғақ топырақ, қүм төгіп тегіс-теп, оның үстіне қоға немесе құрғақ шөп, сабан салып, оның үстіне ши төсеп, бұларды от ағашпен айналдыра көмкеріп немесе дөңгеленте тақтай еден жасап, туырлықтарды осы от ағаштарға жеткізе отты айландыра салатын болған. Туырлықтардың қарқасы дөңгеленіп бір немесе екеуін төсегенде үй ішінің көп бөлімін қамтып жатты. Оның үстіне басқа да төсеніш сырмақтар, көрпелер салынып от басында отыруға қолайлы болды. Бірақ туырлықтар үлкен әрі ыс сіңген болатындықтан қағып-сілку қолайсыз, тазалыққа үйлесімсіз болды да, кейін келе от басына, үй ішіне лайықталып, дөңгелентіп киіздер жасалды. Бұл киіздер отқа ең жақын салынатындықтан «от киіз» болып аталып кетті.



Төр сырмақ

Төр сырмақ төрге төселетін сырмақ болғандықтан өте әсем жасалады. Төр сырмақтар әдетте киіз үйлердің төріне үнемі салынбайды. Ол шиыршықталып алып қойылады да сыйлы меймандар келгенде төрге төселеді. Үстіне көрпе салынады. Төр сырмақтар әдемі етіліп жасалуымен бірге көлемі де үлкен жасалады. Ықшамдары 200 см не 250см болса, үлкендері 300см-ден 600 см-ге дейін жасалады.



От басы сырмағы. Киіз үйдегі от киіздердің (от сырмағының) үстінен және бір қабат сырмақ салынады. Үнемі төселетін бұл сырмақтар «от басы сырмағы» деп аталады. От басы сырмағы от киіздердің үстінен от басынан шегіндіріп салынады.

Киіз үйде қазан жақтан отағасы төсегіне дейінгі аралыққа от басы сырмағынан үшке дейін, төр жаққа отағасы төсегінің алдынан жалғастыра үш сырмақ, келін төсегі жаққа, яғни оң жаққа екіден үшке дейін сырмақ орналасады. Бір үйде отбасы сырмағынан 5-9-ға дейін болуы қажет Тізе сырмақ. Тізе сырмақ – отбасы адамдарының екі бүктеп салып отыратын (бүктемейтін ықшам түрі де болады) төсеніші.

Қазан жақтан отағасы төсегі алдына дейін тізе сырмақтан бірнешеуі төселеді. Әрбір отбасы мүшесінің өз сырмағы болады. Бұл сырмақтарды көбінесе әйелдер қол ісін істегенде (үйдің іші-сыртында) орнынан жылжытуға ыңғайлы болғандықтан жиі пайдаланады.

Қазақ әйелдері үй ішінде үнемі бір тізерлеп отыратындықтан және сырмаққа тізелері көбірек тиетіндіктен «тізе сырмақ» атанған. Тізе сырмақтар отбасы сырмағының үстінен салынады. Олар алуан пішінде шаршы, төртбұрыш, дөңгелек, ұзыншақ т.б. түрде жасалады.



Бөстек. Тізе сырмақтардың аңның, малдың терісінен жасалған түрі – «бөстек» деп аталады. Бөстек те жұмсақ төсеніш. Бөстекті малдың, аңның терісін илеп жұмсақ етіп жасайды. Кей отбасылар бөстекті киізбен астарлап істейді. Бөстек үстінен жамбас көрпе салынып қарттар, отағасы, әжелер, аналар отыратын орынға төселеді.

Көш сырмағы. Көш-қонда артқан түйе жүгінің үстіне жабылатын сырмақ - «көш сырмағы» делінеді. Аналарымыз көш сырмақтарын көлемдерін 3-4 метрге дейін жасап, көштің сәні ретінде істеген. Аса сәнді істелген көш сырмақтары кілемнен кем түспеген. Ондай көш сырмақтарының шетіне жібектен, жіптен түрлеп, зерлеп шашақ төгіп те сәндеген. Көш сырмақтары төрге ара-тұра бір салар ретінде де пайдаланылған



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет