Лекция конспектісі 6В01403-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2021


Қазақ халқы қолөнерінің пайда болу тарихына сипаттама



бет2/34
Дата13.05.2022
өлшемі4.4 Mb.
#173850
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Қазақ қолөнер негіздері ЛЕКЦИЯ
Кәсіптік окыту әдістемесі лекция
Қазақ халқы қолөнерінің пайда болу тарихына сипаттама
Жоспары:

1.Материалдық мәдениет және оның құраушы бөлімі ежелгі дүниедегі сәндік-қолданбалы өнер.

2.(Палеолит дәуірінен VІ-VІІ ғасырға дейін; орта ғасыр өнері (VІІ-ХVІІ); ХVІІІ ғасырмен ХХ ғасырдың басындағы өнер; жаңа және жаңару заманы өнері
«Сәндік-қолданбалы өнері» пәні болашақ мамандарды бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен таныстыра отырып, сәндік қолданбалы өнерінің дамуымен бірге көркем өнер туындыларының жасалыну жолдарын қарастырады. Киіз үйдің ішкі жабдықтары, тұрмыста қолданылатын бұйымдарды жасау, көркемдеу тәсілдері меңгеріледі. Қазақ халқы сонау ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Кәсіп пен өнердің түрлері олар үшін күн көріс көзі ғана емес, рухани қажеттілік тәрбие құралы болған. Еңбек тәрбиесі екі түрлі мақсатқа: баланы еңбек етуге қабілет икем дағдысын дамытуға немесе сол негізінде оның бойында халықтық игі қасиеттерді дарытуға бағытталған. Оқыту барысында технологиялық білім практикалық дағдыға үйренуге сипат алып, қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке белсене қатысуға жол ашады.

«Cәндік-қолданбалы өнер» курсы болашақ «Дизайн» мамандығы үшін негізгі оқу пәндері қатарында саналады. Пәннің мазмұнында қазақ халқының көркем және мәдени мұрасын зерделеп, ғасырлар бойы жинақталған тұрмыстық қолөнер бұйымдарының көркем және эстетикалық сапасын, олардың тұрмыста сән үшін әрі әрбір заттың қолдануға ыңғайлылығы жөнінде мәліметтер беріледі.

Курсты оқыту мақсаты – студенттерге сәндік-қолданбалы өнер материалдарды өңдеудің маңызы мен өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру. Қоғамдағы рухани және материалдық өмірдің ролі мен тарихи негізін қазақ халқының ұлттық бай мұрасы жөнінде мәліметтер беру.

Курсты оқыту міндеттері: сәндік-қолданбалы өнерге танымдық қатынасын қалыптастыру, халық шеберлерінің туындыларын халықтың қолданбалы өнері мен салт дәстүрін кәсіби маман ретінде бағалауға үйрету; материалдарды өңдеудің маңызы мен ерекшеліктері жөнінде студенттерге жан-жақты білім беру, жастардың бойында ұлттық сана сезімді қалыптастыруға әсер ету, мәдени салт-дәстүрлерді меңгерту, жалпы адамзаттық және рухани құндылықтар мен идеяларды игеруге баулу; тұрғылықты жердегі көркем өнер дәстүрін қолдана отырып студенттердің композиция құрастыруда көркем-шығармашылық қабілетін дамыту; ұлттық салт-дәстүрді зерделеудің маңыздылығы мен қазіргі әлеуметтік жағдайда оларды қорғау, жаңарту әрі оны дамыту жөнінде ұғымдарын қалыптастыру.

Cәндік-қолданбалы өнер материалдарын өңдеу пәнінің бағдарламасына сай Лекциятарда ұлттық салт-дәстүрді қолдана отырып қазақтың ою-өрнек композициясын құрастыруға үйренеді, материалдардың күнделікті қолданыстағы ерекшелігін ескеріп қолөнер бұйымдарын әзірлеу технологиясын меңгереді. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі заңдылықтарымен ерекшеліктерін зерделей отырып, ұлттық нақышта сыйлықтық бұйымдар әзірлейді және басқада шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Лекциятарда студенттер халық өнері үлгілерін көшіріп қана қоймастан шығармашылық қабілетін пайдалана білген дұрыс. Студенттердің көркемдік талғамы мен эстетикалық мәдениетін қалыптастыру үшін реферат жазу, баяндама жасау, мұражайлар мен көрмелерге саяхаттар жасау, шығармашылық тапсырмалар орындау және т.б. арқылы өзіндік жұмысын орындау іске асады. Ұлттық салт-дәстүрмен тұрмыстық қолөнер бұйымдарын ескере отырып студенттер практикалық тапсырмаларды орындауы қажет.

Студенттердің білім деңгейін бағалау үшін олардың дайындаған шығармашылық жұмыстарынан модулді рейтинг бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады.

Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері курсы қазақстан тарихы, мәдениеттану, костюм композициясы, көркем еңбек теориясы мен технологиясы, костюм тарихы және т.б. пәндермен пән аралық байланыста.

Қазақстан ежелгі өркениетті жер. Бұрыңғы ата-бабаларымыз көшпелі және жартылай көшпелі заманда жер және мал шаруашылығы арқылы мәдени дәстүрді жетілдіре түсті.

Қазіргі күнге дейін жеткен, жоғары көркем шешімділігімен көз тартатындай тұрмыста қолданылатын әр түрлі заттарды белгісіз шебер-лер мен суретшілер ғасырлар бойы жасаған еңбектердің нәтижесі.

Қазақ халқы өзінің күнделікті тұрмысына қажетті және өзіндік талғамына сай түрлі бұйымдарды әзірледі. Алғашында олар тұрмыста және жан-ұяда жеке қажетіне қолданылатын бұйым, кейінірек тіпті сауда саттықта зат алмастыру көбіне, мал өнімдерін өңдеу арқылы тұрмыстық қол өнер бұйымдарын әзірледі. Мысалы: жүн немесе теріден: киіз төсеніш бұйымдарың, ши, белдік, дорба, қоржын, перде, жамылғы және басқаларын әзірледі.

Қазақ халқының қол өнерімен танысу үшін алғашында оның ою-өрнектерін зерделеуді қажет етеді және осы ою-өрнектерді зерделеу арқылы тұрмыс тіршілігін, тарихын эстетикалық идеалын байқауға болады ою-өрнектер арқылы түрлі заттарды, киімді, құрал-жабдықтарды, киіз үй ішін әшекейледі. Сонымен қатар сәулет өнерінде де ою-өрнек үлгілері кеңінен пайдаланды. Ою-өрнектердің композициялық шешімдердің түсі, суреті, ырғақтылығы мен нәзіктілігі қазақ халқының қол өнерінде өзіндік мәнге ие болды.

Бүгінгі күнге дейін жеткен сәулет өнерінің құрылыстарында ескерткіштер мен құлпы тастардағы архитектуралық ою-өрнектер құпиясын зерделеу ғылым саласында маңызды орынға ие болып отыр.

Қазақ халқының көркем өнері мен мәдени құндылықтары сақталған мұражай мен көрмелерді зерделеу арқылы қазақ халқының этногенезін айқындауға болады. Әсіресе ру, арасындағы өзгешеліктер мен басқа халық қолөнерінің әсері, әрі оның бүгінгі әлеуметтік жағдайға сай сақталу жөнінде зерделеу жұмыстары үлкен маңызға ие болып отыр.

Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері пәнінің бағдарламасына сай Лекциятарда ұлттық салт-дәстүрді қолдана отырып қазақтың ою-өрнек композициясын құрастыруға үйренеді; Қолданылатын материалдың ерекшелігін ескере отырып қол өнер бұйымдарын әзірлеу технологиясын меңгереді. Қазақтың ұлттық және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі заңдылықтарымен ерекшеліктерін зерделейді. Ұлттық нақышта сыйлықтық бұйымдар әзірлейді және басқада шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Лекциятарда студенттер халық өнері үлгілерін көшіріп қана қоймастан шығармашылық қабілетін пайдалана білген дұрыс. Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері пәнін оқытуда студенттердің көркемдік талғамы мен эстетикалық мәдинетін қалыптастыру үшін жүйелі түрдестуденттердің зіндік жұмысын ұйымдастыру маңызды орынға ие. Реферат жазу, баяндама жасау, сценари дайындау, мұражайлар мен көрмелерге саяхаттар жасау, шығармашылық тапсыр-малар орындау және т.б. арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға болады. Ұлттық салт-дәстүрмен тұрмыстық қол-өнер бұйымдарын ескере отырып студенттер практикалық тапсырмаларды орындауы қажет.

Студенттердің білім деңгейін бағалау үшін олардың дайындаған жұмыстарынан шығармашылық көрме ұйымдастырудың модулді рейтинг бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады.

''Қазақстанның сәндік -қолданбалы өнері'' пәні ''қазақстан тарихы'', ''мәдениеттану'', ''әлеуметтану'', және т.б. пәндермен пән аралық байланыста.

Студенттер Лекциятарда халықтың өнер үлгісін көшіріп қана қоймай соны шығармашылықта қолдануды үйрену қажет. Жалпы білім мазмұнына сүйене отырып, көңіл күй, эмоциялық мінез, халықтық шығармашылықтағы өзгерістерді тиянақты бағалау, оны тура түсіну және өзгерту.

“Қазақстандағы сәндік-қолданбалы өнері” курсын оқу барысында студенттердің эстетикалық мәдениеті мен талғамын қалыптастыруда жүйесі өзіндік жұмысты ұйымдастыруына зор мән беріледі. Ол жұмыстар әр түрлі формада орындалады: реферат жазу, баяндама оқу, сценарийлерді түзу және көрме залдары мен мұражайларға саяхат ұйымдастыру, шығармашылық тапсырмаларды орындау және т.б. Практикалық тапсырмалар халықтық дәстүрді және тұрмыстық бұйымдардың функционалды қолданылуын есептей отырып орындалуы тиіс.

Студенттердің білімін модульді-рейтингтік бақылауы бірнеше кезең, оның ішінде ең негізгісі олардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет