Лекция конспектісі 6В01403-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2021



бет3/34
Дата13.05.2022
өлшемі4.4 Mb.
#173850
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Қазақ қолөнер негіздері ЛЕКЦИЯ
Кәсіптік окыту әдістемесі лекция
Бақылау сұрақтары:

1. Сәндік-қолданбалы өнер деген не?

2. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері

3. Қазақ көркем мәдениетінің бастауы

4. Қолөнерді зерттеуде қазақ ғалымдарының қосқан үлесі
2 тақырып
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі
Жоспары:

1.Ою-өрнек ұғымына анықтама.

2.Оның сәндік-қолданбалы өнеріндегі маңызы мен ролі.

3.Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлері

4.Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, композициялық шешімі

5.Қазақтың ұлттық оюының түстік шешімділігі.

6.Ұлттық салт-дәстүрдегі және қазіргі заманғы нақыштағы ою-өрнектер
Ою-өрнек – ежелгі өнер. Оның ұзақ та қызық өзіне тән даму жолы, тарихы бар. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алған. Академик Ә.Марғулан ағамыз бұл өнер тұындысы сақ, ғұн, үйсін, түрік, қаңлы, қыпшақ секілді көне көшпелі тайпалардың өнері негізінде қалыптасты.

Ата-бабаларымыз жазу, сызуды білмей тұрғанда тау, тасқа белгі, таңбалар салған. Ол белгі, таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым – түсініктерді аңғарып, біліп отырған.

Қуанышын да, қайғысын да жан-жануар, аң-құс, ай, жұлдыз, күн, тау, тас, т.б. байланысты деп түсінген көшпелі қазақтардың сол сезімдері қолөнер тұындыларында да қалыс қалмаған. Дәл бейнесін бермей-ақ, кейбір сипаттары арқылы да таным-түйсіктерін баян етіп отырған. Бертін келе осы өрнектердің кейбір ұқсастығына қарай атауларға ие болған.

Ою-өрнек қазақ халқында әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі – мүйіз тектес болып, халқымыздың жиі пайдаланған заттарында, өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға, кілем, алаша, сырмақ, текемет, қоржын, ыдыс-аяқтарға, киім-кешектерге безендіріліп салынған.

Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жымдастырып, желімдеп, жапсырып, әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.

Қазақ ою-өрнегі ғасырлар бойы дамып, қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай жалғаса дамып келе жатқан, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Мысалы, әрбір қазақтың үйіндегі сандық, алаша, киіз, құрақ-көрпешелер, апаларымыздың зергерлік бұйымдары, ат әбзелдері. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздеріміз соның белгісі.



Бүгінгі таңда қолөнеріне қатысты өнертану, тарихи-этнографиялық, педагогикалық зерттеулер мен сөздіктерде «ою-өрнек», «қазақ ою-өрнегі» ұғымдарына төмендегідей анықтамалар беріледі.




Анықтамалар

Авторы

1

- үйлесімділік өнері;

А.В.Филиппов

2

- символдар байланысы;

С.В.Иванов

3

- жеке өнер туындысы бола алмайды, ол қандай бұйымға салынуына байланысты алуан түрлі материалдан әр түрлі техникалық тәсілдермен ғана іске асатын нақыш;

Т.М.Соколова

4

- бейнелеу өнерінің өте ертеден келе жатқан түрі;

И.Г.Ковалев

5

- геометриялық, өсімдік тектес немесе жан-жануар элементтерінен тұратын өрнектер; кескіндемелік, мүсіндік, графикалық әсемдеу;

И.С.Ожегов

6

-қандай да бір заттарды, архитектуралық құрылыстарды әсемдеу үшін белгілі бір тәртіппен үйлесімділікке құрылған элементтерден тұратын нақыштар;

Кеңес энциклопедиялық сөздігі

7

- бірнеше заңдылық жүйесінің негізінде белгілі бір ою-өрнектердің стилін немесе әр түрлі стильдің қосындысын (синтез) көрсете алатын, қандай да бір бұйымға ирек сызықты және геометриялық фигуралардың көмегімен стильдік қалыпқа түскен элементтердің бейнесінен тұратын алуан түрлі әшекей;

М.С.Мұқанов

8

- геометриялық және бейнелеу элементтері жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек, нақыштар;

Қазақ Кеңес энциклопедиясы

9

- адамға қажетті тұрмыстық идеяларды шартты символикалық пішінде суреттейтін бейнелеу өнерінің айрықша бір түрі;

Қ.М.Ибраева

10

- қазақ ою-өрнегі – көркем бұйымдарды әшекейлеудің ең басты көркемдік элементі;

Қ.К.Ералин

11

- қазақтың ұлттық өрнегі – қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы

Ж.Балкенов

12

- «Ою» деген сөз бен «өрнек» деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де «ою» дейді. Ал «өрнек» дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе «ою-өрнек» деп қосарланып айтыла береді.

С.Қасиманов

Айтылып өткен анықтамаларда Т.Соколова «ою-өрнек өнері өз алдына жеке өнер бола алмайды» деп тапса, И.Ко­валев керісінше «ою-өрнек — бейнелеу өнерінің бір түрі» екенін дәлелдейді. Осылардың ішінде ою-өрнектің бір ғана элементіне негізделген қысқа анықтамалардың қатарында оның бірнеше ерекшеліктерін қамтуға тырысатын күрделі ұғымдар да бар. Сондай-ақ олардың арасында дәлелдемені қажет ететін түсіндірулер де кездеседі. Мәселен, ою-өрнектің бейнелеу мотивтеріне, жасау тәсілдеріне қарай анықталған анықтаманы алатын болсақ, анықтамада көрсетілген өнер тәсілдері (кескіндемелік, мүсіндік, графикалық) ою-өрнек өнерінің басты тәсілі еместігі өнертану ғылымынан аян. Бұлай анықтау қажет болғанда бірінші кезекте тоқымалық, зергерлік, бедерлік және т.б. әсемдеулердің айтылғаны жөн болар еді. Ал, қазақ, кеңес энциклопедиясында «ою-өрнек – геометриялық және бей­нелеу әлементтері жүйелі ырғақпен қайталанып отыра­тын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек, нақыштар» делінген анықтамадағы «геометриялық элементтердің» өзі ою-өрнек өнерінде бейнелеу элементтерінің құрамына енетініне көңіл аударсақ, бұл түсініктердің де анық еместігі көрінеді.

Сонымен, әр автордың зерттеу нысанасына орай көрсетілген ұғымдарда ою-өрнектің құрылысы, қолданылу мақсаты, бейнелеу тақырыптары, символдың мағыналары, өзіне тән т.с.с. ерекшеліктері нақтыланады. Әрбір анықтама өз бетінен дербес қызмет атқара алады. Дей тұрғанмен, Ұ.Әбдіғапбарова «Қазақтың ұлттың ою-өрнектері» атты еңбегінде бұл анықтамалардың қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің атқаратын қызметінің ауқымын мазмұнды тұрғыда толық қамтып көрсете алмайтынына тоқталып, оның функцияларын төмендегіше бөліп көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет