Лекция конспектісі 6В01403-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2021


Ою-өрнектердің мазмұны мен қолдану тәсілдері



бет4/34
Дата13.05.2022
өлшемі4.4 Mb.
#173850
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Қазақ қолөнер негіздері ЛЕКЦИЯ
Кәсіптік окыту әдістемесі лекция
2. Ою-өрнектердің мазмұны мен қолдану тәсілдері. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің атқаратын қызметіне (функциясына) мыналар жатады:

1.Тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдарды әшекейлеу;

- киіз үй жасауларын (баулар, құрлар, киіздер, текеметтер, тұс киіздер, сырмақтар, алашалар, кілемдер және т.б.);

- тұрмыстық заттарын (сандықтар, жүкаяқтар, ыдыстар, асадалдар, ер-тұрмандар, қоржын-қалталар, дастарқан және т.б.);

- киім-кешектерін (сәукеле, тақиялар, қалпақтар, етіктер, мәсілер, көйлектер, қамзолдар, шапандар, кимешектер, шалбарлар және т.б.);

- әйелдер әшекейлерін (білезіктер, жүзіктер, сырғалар, алқалар, белдіктер және т.б.);

2. Архитектуралық құрылыстарды әсемдеу:

- мазарларды (Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Айша бибі, Қарахан, Домбауыл және т.б.);

- мавзолейлерді (Арыстан баб, Ахмет Ясауи және т.б.);

- үй құрылыстарын (Баб Ата, Тараз, Қасрибас, Сығанақ, Құлан қалашықтары және т.б.);

- құлпытастарды (Қарағаш, Қамысбай және т.б.);

- моншаларды (Отырар, Тараз және т.б.);



3. Адам ойын бейнелі түрде жеткізу:

- ұзатылған қыздың ою-өрнек арқылы өз жағдайын ата-анасына хабарлауы;

- білезікке түсірілген ою-өрнек арқылы жігіттің қыз басының бос немесе бос еместігін білуі;

- құдағи жүзікке бейнеленген ою-өрнектерден қыз анасының жігіт анасына деген ризашылығын білдіруі;

- ұзатылған қыз жасауындағы өрнектерде әке-шешесі, ағайын-туғандарының қызына тілеген арман-тілектерінің берілуі және т.б.;

4. Ертедегі халықтың дүниетанымдық көзқарасын білдіру:

- дүниенің пайда болуы, жаратылысы жөніндегі ой-пікірлері (от, су, ауа, тау), оюдың төрт бітімді бұйымға салынуы («төрт-мүйіз», «шаршы ою» т.б).

- аспан әлеміне табынушылықты (космогониялық өрнектер);

- табиғат құбылыстарына сиынушылықты (өсімдік тектес, аң, құс тектес өрнектер және т.б.);



5. Халықтың наным, сенімдерін көрсету:

- көз, тілден сақтану (тұмар, нәйзекі оюлары);

- қасиетті сандарды қадір түту («жеті гүл», «қырық-мүйіз»);

- киелі зат, бұйым құбылыстарды қастерлеу («бауырсақ», «ботакөз» оюлары және т.б.);



6. Халықтың тұрмыс-тіршілігін бейнелеу:

- мал шаруашылығы («қошқар мүйіз», «түйетабан» және т.б.);

- егін шаруашылығы («арпабас», «бидайық» және т.б.);

- сауда-саттық («бұқар теру», «кежім теру» және т.б.);



7. Тек жақсылықтың нышанын білдіру:

- тоқтық, молшылықты (мүйіз оюлар және т.б.);

- тыныштықты («көгершін» өрнегі және т.б.);

- достық, сыйластықты (басқа ұлт өкілдерінің өрнегімен байланысы);

- еркіндікті («құсқанат», «құстұмсық» оюлары және т.б.).

Олай болса, «қазақ ұлттық ою-өрнегі» дегеніміз адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық-эстетикалың әсерін және ой-арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар.

Ал, «қазақ ұлттық ою-өрнек өнері» бұған қараған­да кең ұғым. Өйткені, жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктерінен басқа қазақ ұлттық ою-өрнектері қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің барлық түріне қатысады және әр түрінде әр түрлі өрнектелу әдістерімен ерекшеленеді. Сонымен, «қазақ ұлттық ою-өрнек өнері – қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері салаларының барлық туындыларында кездесетін ою-өрнек түрлері мен өрнектеу әдістерінің жиынтығы».

Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері-бейнелеу өнерінің, оның ішінде сәндік-қолданбалы өнердің үлкен бір арнасы. Дей түрғанмен, бейнелеу өнерінің түпкі бастауы халықтың қолөнерінен өрбігендіктен, оған қоса қазақ халқының ою-өрнектері ежелден-ақ қолөнерінің өркендеуіне сәйкес дамығандықтан, ою-өрнек өнері-қолөнерінің негізгі саласы болып табылады.

Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің қалыптасып, дамып отыруына әсер еткен жағдайлар былайша топтастырылады: әлеуметтік-экономикалық, табиғат, халықтың рухани өмірі.

Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің мазмұндық ерекшеліктерін былайша топтастыруға болады: мағыналық ерекшелігі, бояу түрлеріне қарай ерекшеліктері, құрылымдық жүйенің ерекшеліктері, өрнектеу әдістеріне байланысты ерекшеліктері.

ұл өнердегі дәстүрлі құбылыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет