Лекция конспектісі 6В01403-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2021



бет5/34
Дата13.05.2022
өлшемі4.4 Mb.
#173850
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Қазақ қолөнер негіздері ЛЕКЦИЯ
Кәсіптік окыту әдістемесі лекция
Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ оюлары мазмұнының түрлері қандай ұғымдарды бейнелейді?

2. Ою-өрнектің қанша түрлері бар?

3. Ою-өрнек өнерінің атқаратын қызметі (функция) қандай?

4. Ою-өрнектерінің мазмұндық ерекшеліктері қалай топтастырылады?

5. Ою-өрнектер мағынасына қарай қалай аталады?


3 тақырып
Тұрмыстық кәсіп және қолөнер.
Жоспары:

1.Ұлттық қолөнердің қайнар көзі.

2.Синкретикалық қолөнер және өнер.

3.Материалды өндіріс және рухани мәдениеттің өзара байланысы.

4.Сәндік қолданбалы өнердің қолөнерден айырмашылығы. Халық өнеріндегі дәстүрлер.

5.Этноаймақтық белгілер


Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады.Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.

Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.
«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық. Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра болып біздің заманымызғада жетті. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді.
Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті. Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады. Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді. Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарда кіреді. Осыған орай қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп өрнектеу (алқа, жүзік т.б. бұйымдар) Ағаш , тас қашау, тоқыма өнері кесте, және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т.б. Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады. Шебер-ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам. Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар. Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды айтады.Қазақтың ұста, зергерлерікөркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер-міне осы дәлелі.  Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық жасап кілем, сырмақ алаша, ши тоқу, түрлі бау-басқұрлар тоқып, кесте тігіп, арқан, жіп есіп, өрім-өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адал бақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеп отырды. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз бақылту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «ер адамдарға тән іс» және «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер адамдар атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, теріден киім тігу сияқты істерді әйел адамдар атқарады. Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын ерлер мен әйелдер бірлесіп атқарады.
ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды. (өрмек тоқу, кілем тоқу
4 тақырып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет