Лекция конспектісі 6В01403-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2021



бет6/34
Дата13.05.2022
өлшемі4.4 Mb.
#173850
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Қазақ қолөнер негіздері ЛЕКЦИЯ
Кәсіптік окыту әдістемесі лекция
Тақырып Киіз басу технологиясы
Жоспар:

1.Шикізат және материалдар.

2.Киіз басудың техникалық процестері.

3.Киізден және жүннен жасалынған бұйымның маңызы мен негізі түрлері

4.Киізден жасалған бұйымдардың көркемдік ерекшеліктерін айқындауға әсер ететін өрнектілеу тәсілдері.

5.Текемет


Киіз басу реттілігі туралы түсінік.

Киіз пайдалану мақсатына байланысты қалың не жұқа, тығыз да мықты немесе босаң етіп басылады. Киіз үйдің сыртына жабылатын туырлық пен үзік, түндік суықта жылу ұстайтындай, шілденің аптабында ыстық өтпейтіндей қалың, жаңбырлы күндері су өтпейтіндей тығыз шымыр етіліп ерекше ұқыптылықпен асылады. Киіздің қазақ қолөнерінде тек құрлыс материалы ретінде практикалық жағы, сапасының мықты болуы ғана емес сонымен бірге әдемілігне де ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, дөдеге арнап жеке киіз басылған. Сонымен қатар киізден тұрмысқа қажетті текемет басып, сырмақ ойыстырып, түскиіз тігіп, әр түрлі аяққаптар, теңдер, дорбалар, шайкиіздер жасалынған. Жұқа басылған ақ киізден әр түрлі бас киімдер мен сырт киімдер тігілген.

Киіз сапасының мықты болып, көңілден шығуына киіз басуға алынған қой жүні мен қойдың тұқымы ерекше орын алған. Киіз басуға алынатын қой жүніні талшықтары және оның сапасына қойылар талап өз алдына бөлек әңгіме.

Киіз басу өнерінде залық арасында кең атарлағаны – текемет басу, сырмақ ою түрлері. Текемет басу тәсілінің негізгі ұзынырғасы бір болғанымен, оның бетін әр түске боялған жүнмен оюлау әдісі әр елдің өзіне тән белгілі бір жүйемен жасалынады.

Киіз басу, текемет ойыстыру ісі алдымен жүн сұрыптаудан басталады. Негізінен, киіз басуға көбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні қолданылады. Осы орайда жүн түрлеріне қысқаша анықтама бере кеткен жөн секілді.

Жабағы жүн қойдың күн жылып, мамыржай болғанда, яғни жазғытұрым қырқылады. Жабағы жүннің қырқылуы оны теріден тұтас көтеріле бастаған кезіне сай келу тиіс. Өйткені, қой терісінде жаңа түктердің өскіндей бастауы жабағы жүнді көтеріп, біріншіден, қырқым жұмысын оңайлатады, екіншіден, мал терісін зақымдаудан сақтайды, үшіншіден, ысырапқа жол берілмейді.

Күзем жүн қойдың күз мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да жергілікті жердің ауа райын ескере отырып, қара суыққа ұрындырмай, қойды бірнеше рет тоғытып, жүні кепкеннен кейін қырқады.

Қозы жүні – қозы туған жылғы бірінші қырқылған жүн. Сапасы жағынан талшықтары нәзік, ұйыспаған, күзем жүнге ұқсас келеді.

Текемет, киіз басу жұмысына осы жүндерден араластырып пайдалануға немесе бір маусымдық жүнді пайдалауға да болады.

Егер жабағы жүн шайырлы әрі лас болса, әбден жуылып, кептірілгеннен кейін ғана пайдаланылады. Жуылған жабағы жүн қайшымен ұсақтап қиылады. Өйткені оның талшықтары ұзын, ұйысып, қол байлайды.

Осы сұрыпталаған жүндерді одан әрі өңдеуге кірісу қажет.

Алдымен жүн сабалады. Жүн сабау да оңай жұмыс емес. Оған ең алдымен ұзындығы метрден артығырақ сабау таяқ керек. Сабауды жыңғылдың, ырғайдың бүрін тегістеп қабығын сыдырып, кептіріп жасайды.

Жүн сабайтын жер тегіс әрі кең болуы керек. Жүнді тулақ үстінде аула ішінде сабайды. Ал, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, бөлмедегі нәрселерді шаң-тозаң, қиқым түспейтіндей етіп түгел қымтап жауып тастаған соң ғана жүн сабауға кірісуге болады. Сабар алдында жүн 2-3 сағат күн көзінде жатса тіпті жақсы.



Тулақ – жүн сабауға араналып, ірі малдың терісін шикілей керіп, кептіріп жасалады. Кепкен тулақты пайдаланар алдында сүт бүркіп жібітеді. Сонда жүн сабау кезінде тулақ сынып кетпейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет