Лекция конспектісі 6В01403-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2021



бет7/34
Дата13.05.2022
өлшемі4.4 Mb.
#173850
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
Қазақ қолөнер негіздері ЛЕКЦИЯ
Кәсіптік окыту әдістемесі лекция
Текемет немесе киізге жабағы, күзем, қозы жүндерін араластырып пайдаланған кезде, бір тулақ жүн, яғни бір сабамға орта есеппен бір қойдың күзем жүні, бір қойдың жабағы жүнінің жартысы алынады. Бұл жүндерді араластырып немесе жеке-жеке сабауға да болады. Жүн тым лас немесе қоқымы көп болса, онда сабалап жатқан жүнді бөлек жинай тұрып, тулақты сілкіп тазалап алу керек. Өйткені сабаған кезде көң-қоқыстың бәрі бірдей жүннен ажыратылмай, араласып кетуі мүмкін. Әдетте тулақты айнала отырып 4 адам сабайды (8 сабау) . Жүн үлбіреп көпсіп, біріккені жазылған сәтте сабауды тоқтады. Бір киіз немесе бір текеметтің астыңғы бетіне осындай 7 сабам жүн керек. Ал үстіңгі бетіне қойдың өңкей күзем жүнінен 9 сабам жүн кетеді. Негізінен киіздің бетіне, текемет басу үшін күзем жүн пайдаланған дұрыс.

Сұрыпталған жүн сабаланып, реттеліп, келесі өңдеу жұмыстарына әзірленеді. Ол үшін ені жарым құлаштай 6 құлаш ши керек. Екі шиді қабысытырып бір-біріне шуда жіппен тігеді немесе шидің шеттік жіптерін байластырып қояды.

Шидің бір шетінен бастап аралас жүнді (күзем, жабағы) біртегіс жайып салады да мол етіп ыстық су шашып, ұқыптап орап отырады. Осы орауды аз уақыттан соң жазып, әлгі жайылып салынған жүн қабатының үстіне текеметтің бетіне арналған жүнді (күзем жүннің өзін) тегістеп жаяды немесе жүннен бетіне түр тартылады. Жүн жайылған соң бастапқы әдіспен қазанда қайнап жатқан судан ожаумен алып себелейді. Су барынша біркелкі себілуі үшін сыпырғыш немесе тегіс тақтайға шашырата құймалап тұру керек. Керекті мөлшердегі су құйылып біткендн, жүн суға қанды деп есептеліп, шиді орап, екі шетін тұйықтап жабады. Бұдан кейін шиді бес жерінен қатты буып байлайды. Әрқайсысы 7 құлаштан екі немесе үш қосымша арқанды шидің 2-3 жерінен айқастыра өткізіп, екі арқан болса – 4 адам, үшеу болса – 6 адам қарама-қарсы тұрып, әрлі-берлі тарта жүріп жүн бірігіп қатайғанша тебеді. Киіз тебуге қарама-қарсы 10-12 адамға дейін қатысады. Айқастырыла салынған арқанмен кезек тартып, ауната отырып әбден тепкілейді. Тебу бірнеше сағатқа созылып, ши сыртына жүн қылшықтары көріне бастағанда тоқтатылады. Киіз неғұрлым көп тебілсе, соғұрлым ширақ болады.

Егер текеметке түр салынса, шидің орауы жазылып, түрі қисаймауы қадағаланады. Осыдан кейін 7-8 адам киізді шидің тігісне қарсы жарты сағаттай білектеп, жарты сағаттай алақандайды. Білектеу дегеніміз 7-8 адам қатарына тізерлеп отыра қалып текеметті білегімен әрі –бері ырғап ұрғылау.

Білектеу киіз әбден ширап піскенше 4-5 рет қайталанылады. Сонан соң шиден шығарып, екі енін қарама-қарсы орап әкеліп соғады. Бір жағын екінші шетіне жеткенше ширата бүктеп, соқ-соқтайды. Бұл жұмыс 3 қайтара жасалады. Бұдан кейін кезекпе-кезек оң-терісін алмастыра отырып киізді ұзыны қалыптағыдай болуы үшін ұзындайды. Бұдан да 10-12 адам қатысады. Енді киіз жазылып, ұзыны екі бүктеледі. Екі басы біріктіре дөңгелектеліп, шуда жіппен тігіледі. Осыдан кейін сол 11-12 адам дөңгеленіп тігілген киізді сағат тілінің бағытымен тігіс ұшынан ұстап айналдыра қарпиды.

 Киіз қарпу 1 сағатқа созылады. Киіз қарпығанда бірікпей бос қалаған қыл-қыбырынан тазарады. Ал текемет киізге қарағанда азырақ қарпылады. Осыдан кейін жіпті сөгіп, енімен орайды да қайтадан 7-8 адам білектеп, алақандайды. Содан кейін киізді ұзынынан 3 қабаттап бүктеп, екі шетінен 2 адам (киіздің қақ ортасынан 1 адам отырғызып) кезекпе-кезек жерге ұрып тегістейді, себебі салынған өрнегі қисайып кетуі мүмкін.

Текеметті түр ойыстырып басу немесе түрді шүйкелеп салу деп екі түрлі әдіспен басады. Түр ойыстырып басатын текемттің астыңғы бетін киіз басудағыдай етіп бөлек дайындап алады. Киізге қарағанда жүні тегіс әрі жұқаау болады. Бұл жұмысты кей жерлерде талдыру (жұқа киіз) деп атайды. Үстіңгі бетін, яғни түрін бөлек, алдын ала талдырып, кептіріп алады. Содан соң әркімнің қалауынша үлгілермен қиып дайындалған оюды (түрді) текеметтің астыңғы беті деп аталатын талдырылған киіздің үстіне рет-ретімен орналастырып, су себелеп, шиге орайды да киіз басу одан әрі жалғасытырылады. Түрді шүйкелеп салу әдісінеде боялған жүнді күні бұрын біркелкі шүйкелеп созады. Текеметтің астыңғы бетін су бүркіп орап тастайды да қайта жайған кезде әлгі шүйкеленген түрден тездетіп қалаған ою-өрнекті келтіріп, су себелеп орайды. Түр жайылып, бояу оңбас үшін ыстықтау су себіледі. Одан әрі қарай киіз басу процессі қайталанады.

Далаға жайып кептірілген киізді шет-шетін тегістеп қияды да, қағып-сілкіп, төсеніш ретінде пайдалана беруге болады.

Ал текеметті жайып кептіргеннен кейін боялған жүннен жіңішкелеп жіп есіп (әркім шеберлігі мен қалауына қарай), екі түрден қосарлап, оны ширатады. Екі тінді бір бағытта ширатса оң ширату дейді. Ал, есілген жіптің бағытын қарама-қарсы (бірі оңға, бірі солға) ширатса, солақай ширату деп аталады. Пайдаланған кезде солақай ширатылған жіп тек құстаңдай деп аталатын өрнек шығарады. Ол өрнек былай шығарылады. Шеті тегістеліп, қиылған текемет ширатылған жіппен жиектеледі.

Жиектеуге, яғни ширатпаны текеметке бастырып тігуге боялған жіп немесе шуда жіп пайдалануға болады. Әуелі текеметті айналдыра жиектеп алады да содан кейін салынған ою-өрнектің шетін бастыра жиектейді. Жиектелген текемет әсемділігімен көз тартады әрі төзімді келеді. Сондай-ақ жиектеу салынған түрдің шетін түтеленіп, әлде көтеріліп кетуден сақтайды.

Текемет басудағы біраз жұмыстар көбіне жалпы киіз басуда туырлық, үзік, түндік, ақ киіздер және сырмаққа аранлған киіздерде қайталанылады. Түр салынбайтын киіздер бұл процестерден басқа кірлеу әдісі қолданылады. Мұнда киізді ұзынынан бір бүктеп, енінен дөңгелете 4-5 орап, тігінен қойып, үстінен қайнаған ыстық су құяды. Бұл киіздің әбден кірігіп, шымырлауында, бойындағы кір судан тазаруына, сөйтіп одан әрі кіріге түсуіне әсер етеді.

Кірлеу әдісі ақ-қара түсті текеметтер басуда да қолданылады. Ал, боялған жүннен түр салған текеметтерге бұл әдістің қажеті жоқ. Себебі, химиялық бояулар (анилин) кірлеу кезінде ыстық сумен бірге ағып кетеді де тез оңады. Текеметке түр салуға негізінен қызыл, сары, жасыл, қара бояулар пайдланылады. Соңғы кезде көк түстер де араластырылып жүр.

Текеметке түр салғанда оюды тек жиектеп салып, текеметтің негізгі фоны көрініп тұратын болса, ондай текеметтің түрі әбден ұсталғанша көмескі тарта береді. Оңтүстік облыстарда көп жағдайда текемттің ортаңғы бөлігін айқындап шымқай қызыл түске бояп,

Бірінші топ – жан-жануарлар дүниесін білдіреін ою-өрнектер. Бұл көбінесе киізден жасалған бұйымдарды өрнектеуге қолданылған. Тұрмыс-тіршілігі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғандықтан халық арасында қолөнер бұйымдарын көркемдеуде мүйіз тектес өрнектер кеңінен тараған. Олар: қошқар мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, тармақ мүйіз, бұғы мүйіз, марал мүйіз, арқан мүйіз, бұғы мүйіз, марал мүйіз т.б. Бұдан да басқа жан-жануарлар әлемін білдіретін өрнектер тобынан түйе табан, омырқа, ит құйрық, құсқанат, жарқанат, қарға, тұяқ сияқты өрнектер әр шебердің эстетикалық талғамына сай текемет бетінде ою-өрнектер орналстыру тәртібі бойынша кейде орталық бөлікке немесе жиек оюларына түсіп отырған. Қазақ халқы малды аса қастерлеп, қасиет тұтқан. Кездескен адамға «мал-жан аман ба?» деп бірінші саулықтарты малдан бастауы тегін болмаса керек. Демек, халық ұғымы бойынша әрбір ою-өрнек белгілі мазмұнға ие болған. Әсіресе, киізден жасалған бұйымдарда қошқар мүйіз өрнегі байлықты білдіретін, ал қырық мүйіз өрнегі мал басының көбеюін білдіретін белгі ретінде кең тараған.

Екінші топ – өсімідк тәрізді өрнектермен әсемдеу. Әрине, әрбір шебер туып-өскен жерінде кездесетін өсімдіктерді қолөнер бұйымдарын безендіруге қолданған. Бірақ текемет ою-өрнектерінде өсімдік тәрізді өрнектер кездеспейді. Олар тек обю арасында қосымша роль атқарады. Текеметке екі жағына бірдей ою түсірілгенде гүлді оюлар текемттің теріс бетіне салынған өсімдік тәрізді өрнектеледі. Ал гүл, жапырақ, бадам, анар, шырмауық, қияқ т.б. секілді өсімдікер өрнегі көбінесе сырмақ әсемдеуге кеңінен қолданылады.

Үшінші топ – жоғарыда аталған геометриялық ою-өрнектер. Текеметке түс салуда ою-өрнектерді орналастыру тәртібінің кең аараған тәсілі – оралық бөлікті төр бұрыштап бөліп алып, осы бөлікті ирек немесе су шыншыр өрнектерімен жиектеп, анық көрсету. Орталық бөлікке екі-үш айшық орналастыруға бұрышталып немесе үшбұрышталып келген қолтықша немесе үшбұрышталып келген қолтықша ою түседі. Осы композициялық жүйенің өзінде бірнеше геометриялық өрнектер қолданылады.

Төртінші топ – аспан әлемін, жер-дүние сырын суреттейтін ою-өрнектер. Текеметке әсіресе, жан-жаққа күн сәулесі секілді тармағын жайған шеңберлі ою жиі салынған. Киізден жасалған бұйымдарға салынатын ою-өрнектердің мән-мазмұны, түп-тамыры сонау ерте дүние тарихында жатыр. Қазіргі кезде текемет оюларында кездесетін өрнектерді біздің дәуірімізге дейінгі Ү ғасырда жасалынған (пазырық қорғанынан табылған текеметтерден кездестіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет