Лекция конспектісі 6В01403-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2021



бет8/34
Дата13.05.2022
өлшемі4.4 Mb.
#173850
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
Қазақ қолөнер негіздері ЛЕКЦИЯ
Кәсіптік окыту әдістемесі лекция
Бақылау сұрақтары:

  1. Киіз басудың мақсаты неде?

  2. Киіз шикізатының түрлері?

  3. Киіздің түріне байланысты нешеге бөлінеді?

  4. Киізден жасалған киіз үй атаулары қалай аталады?

  5. Киіз басудың реттілігінің түрлері қанша?

  6. Киіздің қолданыстағы қасиетінің ерекшелігі қандай?

5 тақырып



Тақырып: Сырмақ белгілері – сыру техникасы (тігу және қабу).

Жоспар:

1.Ұлттық қолөнерде сырмақтың алатын орны.

2.Сырмақ түрлері және оның қолдану мақсаты.
1. Ұлттық қолөнерде сырмақтың алатын орны. Қазақ халқы сонау ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Көркемдік талғам мен талапқа сәйкес олар рудың, отбасының, жеке бастың тұрмыстық және рухани қажеттерін қанағаттандыру, айырбас сауда жасау үшін ең қажетті заттарды дайындады. Атап айтқанда жүн өнімдері, ағаш, металл, қолданбалы өнер туындыларын жасайтын материалдарды өңдеудің әдіс айлаларын меңгеріп отырды. әрбір қолөнер бұйымдарын жасаудың жолдарын жастайынан көріп, көңіліне тоқып өскен балалар бірте-бірте бұл өнердің қыр-сырын меңгеріп, өз бетімен өмір жолын бастағанға шейін айтарлықтай тәжірибе жинақтап отырды.

Ұлттық өнер, ұлттық мазмұн тек мектептерде кәсіпке баулитын арнаулы пәнде ғана емес, балғын жасқа тәрбие беруде және оқу барысында кез келген сабақта ұлттық педагогикамен үндестік тауып жатуы тиіс. Міне, осы негізді басшылыққа ала отырып мектеп оқушыларын қолөнершілікке баулуда кәсіби білім беру– бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып – біліп, салт-дәстүріне, рухани мұрасына және сондай қажеттіліктердің бірі – халық қолөнеріне сүйіспеншілікпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет