Лекция конспектісі 6В01403-«Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы үшін Шымкент-2021


Сырмақ түрлері және оның қолдану мақсаты



бет9/34
Дата13.05.2022
өлшемі4.4 Mb.
#173850
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
Қазақ қолөнер негіздері ЛЕКЦИЯ
Кәсіптік окыту әдістемесі лекция
Сырмақ түрлері және оның қолдану мақсаты

Сырмақ – халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған аса сәнді төсеніші, әрі өнер туындысы. Сырмақ еденге төселетін бірден-бір жарасымды жабдық. «Сырмақ» сөзі – «сыры» етістігіне «мақ» жалғауы жалғану арқылы «сырымақ» болып айтылып, кейін келе «ы» әрпінің түсіп қалуынан «сырмақ» болып қалыптасқан.

Кесек киіздер, текеметтер сол замандарда алғашқы қажеттікті өтегенімен, қоғамдық құрылымның біртіндеп дамуы мен тұрмыс мәдениетінің қалыптаса түсуіне сай, тазалыққа тиімсіз, тұтынуға ептейсіздігі байқалған. Адамдар санасындағы талғам-талап, қажетсінудің қол-өнерге ықпал етуімен, қолдануға ыңғайлы, жеңіл-желпі, әрі көркем төсеніштер туындады. Осылайша сырмақ пайда болды. Сырмақтың өмірге келуіне күнделікті тұрмыстағы қарапайым нәрселер себеп болса керек.

Мәселен, көнерген киіздерді қабаттап төсену одан соң оны қобырай бермеуі үшін қабаттап көктеу. Осыдан бара-бара қабаттауды белгілі пішінге келтіріп, ықшамды етіп төсеніп, көктеуді де бірте-бірте жиі тігістерге, одан сыруға өзгерткені мәлім. Сөйтіп алғашқы сырмақ пішіні қалыптасқан. Бұдан соң кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып қабаттап сырып, шағын төсеніштер істеле бастаған. Бұл сырмақтар алғашында, әрине ою салынбай жасалды. Бүтін күйінде ығына қарай сырылуы, сондай-ақ сол кезгі таңба белгілер, нанымдар бойынша өрнектер түсірілді. Сырулар кейін қабат киіздердің жиектерін жөрмеу, төрт шетін бойлап қабаттарын беріктеп, сырудан түскен сызықтарға сәйкесті сыру түсіру арқылы сырмақ ортасынан табиғи төртбұрыш шығарылды Мұндай сырмақ киіздер бір түсті (ақ не қара) болды. Осыдан кейін сырмақ шеттерін беріктей түсу үшін жуандау жіп есіп, сырмақ шетін жию қалыптасты.

Кейін ақ, қара жүндерді пайдаланып қарама-қарсы түстерді шабыстырып қолдану арқылы сырмақтың шетін жиектеу енгізілді. Ішкі жағына да сәйкесті жиек басып, сулар тарту арқылы сырмақтың бетіне ішкі-сыртқы төртбұрыштар түсірілді де осы жиектердің ара-арасы сырылып отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет