Лекция мінез мінез туралы жалпы ұғым Мінез бітістері Мінезді тәрбиелеу жолдары



бет1/2
Дата06.06.2022
өлшемі47.5 Kb.
#174430
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
5 лекция Мінез


5-лекция МІНЕЗ

1.Мінез туралы жалпы ұғым


2.Мінез бітістері
3.Мінезді тәрбиелеу жолдары

1.Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық-әрекеттерінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.


Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілділігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар әртүрлі жағдайларда көрініс беретін жеке адамның қасиеттері. Мінез адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер енгізуге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады.
Алайда жеке тұлға ерекшелікке бай келеді, ал олардың бәрі де адам мінезін танытады деу қате. Мінез көрсеткіші – адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері. Егер адам қандай дау-дамайлы жағдайда дөрекілік көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы төл қасиеті деу жөн емес. Жайдары мінезді, көңілді адам кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуі мүмкін. Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз бетінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамның әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу,тәкаппарсыну сияқты, мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераменттінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез бітістері өте көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез-келгені мінездің бітістері болып саналмайды. Мінез бітістері, сонымен бірге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерімен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгеріске түседі.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез—кең мағыналы ұғым.Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындылығы, салмақтылығы—оның негізгі сапалары болып есептелінеді. Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өз міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық—мінездің осы сапасының негізгі компаненттері.
Әл-Фарабидің айтуы бойынша, «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты». Сондықтан рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Мінез сапаларының бірі-оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйытқып тұратын, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзінің мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы «Бойда қайрат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз»,-деп тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам, сондай-ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды, өйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады. Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерін атап айтқанда, қабілет,темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді.
2.Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы—шапшаң, екіншісі—асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшіншісі—іске ойланбастан артыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер—

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет