Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет1/72
Дата15.11.2022
өлшемі293.64 Kb.
#178803
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц.
Қазақ тіл грамматикасы, Ëåêöèÿ òåçèñòåð³. ¹1 ëåêöèÿ. Òà?ûðûáû Ñ?çæàñàì-ò³ë á³ë³ì³í³? æå, практ, Морфология Лекция Жапбаров

ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ


Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәні бойынша

ББ: 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау, 6В01704 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының


күндізгі бөлім студенттеріне арналған

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ


Кредит: 6


Лекция тезистерін құрастырған
ф.ғ.к. Бейсенбаева Р.Х.
______________

Шымкент, 2022 ж.




1-лекция. Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай және қазақ әдебиеті


2. Лекция жоспары:
1. Қазақстан жерін отарлау жұмыстары.
2. Осы кезеңдегі ұлт-азаттық күрес жырлары
3. ХІХ ғасыр әдебиетінің өзіндік ерекшелігі
4. ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі және өкілдері


3. Лекцияның мақсаты: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеттенің дамуын сол кездегі тарихи жағдайлармен байланыстыра отырып, әдебиеттегi жаңа ағым, бағыттар, дамуындағы идеялық көркемдiк iзденiстерді түсіндіру. ХlХ ғасыр әдебиетiнiң зерттелуi туралы ғылыми деректер бере отырып, оның тарихи мазмұн-мәнін игерту.
4. Лекцияның мазмұны:
1. Қазақстан жерін отарлау жұмыстары.
ХІХ ғасырдағы Қазақстаннның тарихи-әлеуметтiк жағдайына Ресей патшалығында, Европа елдерінде болып жатқан тарихи оқиғалардың, саяси, әлеуметтік жағдайлардың әсері, мәдениет пен әдебиеттiң дамуына өз ықпалын тигізді.
Отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық көтерілістер өріс алды. Ел билеу жүйесінде өзгерістер болды.
ХІХ ғасырда Қазақстан жерін отарлау жұмыстары төмендегідей бағытта жүргізілді: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хандықтарының жойылуы, аға сұлтандық (округтық), болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі т.б . Ресей империясының қазақ елін отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары жасалды: “Сібір қазақтарының Уставы” (1822), “Орынбор қазақтарының Уставы” (1824).
ХҮІІІ ғ. аяғында Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы /1787-1797/ болды, олХҮІІІ – ХІХ ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұраларда көрініс тапты.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан /1797-1814/, Арынғазы сұлтан /1816-1821/, Исатай-Махамбет /1936-1838/ бастаған көтерілістер, олар әдебиет шығармаларда бейнеленді. Бұған дәлдел сол кезеңде шыққан тарихи жырлар.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс /1824-1847/ осы жылдар арасында жүргізілді,бұл қозғалыстаәдебиеттекөрініс тапты. Кенесары, Наурызбай және олар бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар дүниеге келді. Нысанбай жыраудың “Кенесары-Наурызбай”, Доскей Әлімбаевтің “Кенесары”, Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының “Қисса Наурызбай төре” дастандары, Досқожа ақынның “Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны” өлеңі, “Кенесарының өлеңі”, “Кенесары жырының бірнеше ауызы” атты халық өлеңдері, т.б.
Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығының отаршылдығы ХІХ ғ. екінші жартысында күшейе түсті. Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа, Қоқан хандықтарының басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер туындады: Есет батыр /1853-1859/, Жанқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867, 1868, 1870 жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқының көтерілістері туралы тарихи жырлар дүниеге келді.
Әдебиеттің даму сипатында жаңа ағым, бағыттар, идеялық-көркемдiк iзденiстер мол көрініс тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет