Қазақстанның 9 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазавтожол

“ҚазАвтоЖол” мәліметінше, 11-ақпан сағат 7:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақтөбе облысында – 3 учаске 

1. "Самара-Шымкент" 773-855 км, Бекқұл Баба к.-Хромтау к. – 82 км

2. "Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай" 0-83 км, Қарабұтақ-Комсомол

3. "Самара-Шымкент" 842-1240 км, Хромтау-Қызылорда облысы шекарасы

Алматы облысы — 1 учаске

1. "Алматы-Ташкент-Термез" 59-143 км, Жаңақұрылыс-Жамбыл облысының шекарасы

Атырау облысы — 1 учаске

1. "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 616-847 км, Атырау-Құрманғазы

Шығыс Қазақстан облысында — 1 учаске

1. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары, 6-166 км, Ушановское-Алтай қаласы

Жамбыл облысы — 1 учаске

1. "Алматы-Ташкент-Термез" 143-593 км, Алматы обл.шекарасы-Түркістан облысы шекарасы

Қостанай облысы — 1 учаске

1. "Жезқазған-Петропавл", 252-335 км, Ұлытау обл-Арқалық

Қызылорда облысы — 1 учаске

1. ⁠"Самара-Шымкент" 1240-2055 км, Ақтөбе обл.шекарасы-Түркістан обл.шекарасы

Түркістан облысы — 2 учаске

1. "Самара-Шымкент" 2055-2257 км, Қызылорда обл.шекарасы-Шымкент

2. ⁠ "Алматы-Ташкент-Термез" 593-674 км, Жамбыл обл.шекарасы-Шымкент

Ұлытау облысы — 2 учаске

1. "Жезқазған-Петропавл" 137-252 км, Ұлытау-Қостанай облысының шекарасы.

"ҚазАвтоЖол" сондай-ақ республикалық маңызы бар жолдарда 191 бірлік техника мен 268 адам жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы тас жолда 30 шақырымдық көлік кептелісі пайда болғаны хабарланған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.