Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні



бет7/9
Дата10.03.2018
өлшемі1.78 Mb.
#20498
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пәндер циклдары және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)


Циклдің,пәннің индексі

Пәндердің, практикалардың атаулары және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар

Қалыптаса

тын құзыреттер коды

ЖГП.00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП.01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

Қазақ тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша тілді дамыту. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу іскерлігі. Қазақстан Республикасының іс-қағаздарының нормативті құжаттарын білу. Аударма (сөздікпен) техникасы, кәсіптік қарым-қатынас. Орыс тілінің синтаксисі. Кәсіптік лексика. Орыс тіліндегі техникалық кітаптармен жұмыс жүргізу. Мамандық бойынша сөздіктерді пайдалану. Тілді дамыту және кәсіптік қарым-қатынас жасау.



          1. Білімдер:

- қазақ (орыс) тілін үйреніп, кәсіптік бағыттағы мәтіндермен жұмыс істеуге және оларды талдауға қажетті лексикалық және грамматикалық минимумды меңгеруін;

Іскерліктер:

- әр саладағы терминологияны қолданып құжаттар оқуды, диалог жүргізуді;

- өзінің ауызша және жазбаша сөйлесу кемшілігі мен қателіктерін жоюды;

- мамандық бойынша анықтамалық қолдана алуды;


БҚ 1,3, 6


ЖГП.02

Кәсіби шетел тілі

Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіптік лексика, фразеологиялық орамдар мен терминдер. Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. Кәсіптік сөйлесу, сөйлесу, тыңдап түсінуді, оқу мен жазу, ауызша және жазбаша аудару, тыңдап ауызекі тілді түсіну міндетті деңгейлерін білу.



Білімдер:

- кәсіптік қарым-қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды;



Іскерліктер:

- тілдік іс-әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік);

- шет тілінде қатынас жасаудың қарапайым іскерлігін игере алу;


БҚ 1,2,3

ЖГП. 03

Қазақстан тарихы:

Өзінің орнауында қазақ халқының тарихи және мәдени даму жолдары;

көшпенділердің өркениеті; көшпелі мемлекеттің пайда болу жолдары;

көшпенділердің рухани мәдениті;

Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында ішкі саяси жағдайы;

ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстар;

ХХғ басындағы саяси партиялар мен ағымдардың мәні;

ХХғ 20-30 жылдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы;

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында этнодемографиялық жағдайлар;

коммунистік пария және комсомол;

Ұлы Отан соғысында және соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның рөлі;

50-80 жылдары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайы;

Қазақстан КСРО-ның кризисі және құлауы кезеңінде;

Тәуелсіздік алған соң Қазақстан Республикасының саяси және қоғамдық өзгерістері.



Білімдер:

- Қазақстанның негізгі тарихи периодтарындағы хронологиялық жолдары;

- қазақ халқының қалыптасуы; көшпенді өркениетің пайда болуы;

- Ұлы Жібек жолын және оның тарихи маңызы;

- Қазақстанның Ресей құрамына қосылуы;

- ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ жоңғар шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық күресі.

- ХХ ғ.ғ 20-80 жылдағы қозғалыстар мен көтерілістер;

- ХХ ғ 20-30 жылдары Қазақстан мәдениетін; қазақтардың бүкіләлемдік құрылтайы;

- Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы;

- тамыз бүлігі және оның құлауы;

-ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі;

Іскерліктер:

- қысқаша археологиялық әңгіме құру;

- көшпелі мал шаруашылығының пайда болу себептерін ашу;

- қөтерелістердің құлау себептерін талдау;

- ЖЭС мәнін ашуды, коллективтендіруді;

- картамен жұмыс істеу;

- қазақ даспорасының пайда болу себептерін ашу;

- Ұлы Отан соғысында және соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның рөлін ашу.ашу;

- жастарға қазақстандық патриотизм рухында тәрбие берудегі Қазақстанның жастар ұйымдарының рөлін ашу.


БҚ 1,2,3,4,5,6,7,


ЖГП.04


Дене тәрбиесі

Дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы; дене тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеу жүйесінің негіздері; салауатты өмір сүруді анықтайтын себептер; жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіретін әдістер; жұмыс қабілеттілігі мен қозғалу белсенділігінің тәртіптері; өздігінен жетілудің физикалық негіздері; кәсіби-қолданбалы іс-жүзінде қолданылатын дене дайындығы – дене тәрбиесінің бағыты мен қажеттілігі.



          1. Білімдер:

- салауатты өмір салтының негізгі құрамдарын білу;

- дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін;



Іскерліктер:

- спортпен айналысу, физикалық белсенділікті жүйелі түрде қолдана алу;

- денсаулығын нығайту және өздігінен жетілу үшін дене шынықтыру жөнінде алған білімдерін қолдану;


БҚ 1,3


ӘЭП.00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП.01

Мәдениеттану

Дүниежүзілік және отандық мәдениет. Қазақстан мәдениетінің тарихы. Дінтану негіздері. Мәдениет түсінігі; мәдениет пен өркениет;

қазіргі кездегі мәдениет. Қазақстан территориясын мекендейтін халықтар мәдениеті. Қазақстан территориясындағы ежелгі өркениеттер мәдениеті. Тайпалық одақтар мен ІХ-ХІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының ортағасырлық мәдениеті. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдениеті. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің дамуы. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Ресей империясының құрамындағы отарлық жағдайдағы (ХІХ ғасырдың 2-жартысындағы және ХХ ғасырдың басындағы) Қазақстан мәдениетінің дамуы. Қазақстан революция мен Кеңес өкіметінің орнау жылдарында. 20-30 жылдардағы мәдени құрылыс. Ұлы Отан соғысы жылдарында ғылым, халыққа Білімдер беру, әдебиет пен өнер. 40-жылдардың ортасы мен 80 жылдардың басына дейінгі Қазақстан мәдениетінің дамуы. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі мәдениеті мен ғылымы. Дін-қоғамдық құбылыс ретінде. Діннің мәні мен рөлі. Діннің пайда болуы мен оның тарихи түрлері. Христиандықтың негізгі тарихи жағдайлары. Қазақстан территориясындағы христиандық қоғамдар. Ислам.


          1. Білімдер:

- негізгі түсініктер,

- түсініктер: конфуцианство, даосизм, Қытай өнері;

- үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның негізгі жетістіктері;

- түсініктер: Ислам, курайш, Мұхаммед, Құран, Аллах, Мекке;

- христиан дінінің негізгі принциптерін және оның құндылықты бағыты;

- Франция мәдениетін: Ашель мәдениеті, проманьондықтарды, галдарды, франктарды, әдебиетті, философия;

- көшпенділердің өмір сүру дағдысын және құндылықтар жүйесі;

- орта ғасыр кезеңіндегі қазақ этносының мәдени негізі туралы білімдерді қалыптастыруды;

- түрік-араб мәдениетінің орта ғасырдағы Қазақстан мәдениетіне тигізген әсері;

Іскерліктер:

- дүниежүзілік мәдениет тарихының негізгі кезеңдерін және олардың өркениет мәдениетін аша білу;

- мәдени мұраны пайдалану;

- мәдениеттану түсініктерін еркін қолдана алу;

- көшпенділер мәдениетінің материалды және рухани өзгешелігін көрсете алу;

- діннің пайда болуы мен оның тарихи түрлерін талдай алу.


БҚ 1,2,5

ӘЭП.02

Философия негіздері

Философия пәні, әлемдік философиялық ойдың негізгі елеулі кезеңі. Адам табиғаты және оның қалыптасу мәні.

Адам және Құдай. Адам және Ғарыш. Адам, қоғам, өркениет, мәдениет. Тұлғаның еркіндігі және жауапкершілігі. Адамзаттық ұғым және әрекет. Ғылым және оның ролі. Адамзат жаһандық проблемалар алдында.


          1. Білімдер:

- әлемнің философиялық, ғылыми және діни көріністері туралы түсінік болу, адам өмірінің мәнін;

- ғылым және ғылыми танымдар ролі туралы түсінікті, оның құрылысын, әлеуметті және этикалық мәселелердің түрлері мен әдістерін білу.



Іскерліктер:

- биологиялық және әлеуметтік, дене және рухани бастамаларындағы адам іс-әрекетін, оның сана мәнін, саналы және санасыз әрекеттерін анықтай алу;

- қоғамдағы адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастар нормаларын реттей алу.

БҚ 1,2,5



ӘЭП.03

Саясаттану мен әлеуметтану негіздері

Пәні, негізгі түсініктері мен категориялары. Саяси ойдың тарихы мен қазіргі кездегі саяси мектептер. Саясат. Саяси билік. Демократия билікті жүзеге асыру түрі ретінде. Саяси жүйе. Мемлекет оның негізгі құрамдас бөлігі ретінде. Саяси партия мен партия жүйесі. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Саясат жүйесіндегі адам. Саяси қызмет: мәні мен мақсаты; саяси қызметтің құралдары мен әдістері; тоталитарлықтан демократиялық қоғамға өтудің өзекті мәселелері. Сыртқы саяси қызмет пен әлемдік саяси үрдіс.




          1. Білімдер:

- заңдылықтарды әлеуметті тұрғыда түсіну туралы түсінікті;

- әлеуметтік құрылымдар туралы түсінікті, әлеуметтік жіктелуді, әлеуметтік әрекеттестікті;

- тұлғаның әлеуметтену үрдісінің ерекшеліктерін, реттеу формаларын білу;

Іскерліктер:

- әлеуметтік өзгешеліктер мен дамудың әлеуметтік қозғалыстарын және басқа факторларын дамыту;

- билік мәнің, саясат субъетілерін, саяси қарым-қатынастар мен үрдістерді (Қазақстанда және әлемде) ашып білу;

- саяси жүйелер мен саяси тәртіптер туралы түсінікті қалыптастыру.


БҚ 1,2,5


ӘЭП.04

Экономика негіздері

Мақсаттары, негізгі ұғымдары, мәні, қағидалары. Меншік нысаналары мен түрлері. Жоспарлар түрлері, олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлауы. Жоспарлардың экономикалық негіздеулерінің және болжауларының әдісі. Бизнес-жоспарлау. Экономикалық талдау. Халық тұтынатын тауарлар нарығының және қызметінің жағдайын талдау.



          1. Білімдер:

- экономикалық теорияның негізгі ережелері;

- елде және шетелдегі экономикалық жағдайлар;

- макро- және микроэкономиканың, салықтық, ақшалай-несиелік, әлеуметтік және инвестициялық саясат негіздері;

Іскерліктер:

- нарықтық бағаның қалыптасу механизмдерін сипаттау;

- өзінің кәсіптік қызметін бағдарлау үшін қажетті, экономикалық ақпараттарды табу және пайдалануы.

БҚ 1,2,5,7





ӘЭП.05

Құқық негіздері

Құқық, ұғым, жүйе, дерек-көздер. Қазақстан Республикасы Конституциясы – құқықтық жүйесінің өзегі. Адам құқығының жалпылай декларациясы, тұлға, құқық, құқықтық мемлекет, заңды жауапкершілік және оның түрлері, құқықтың негізгі салалары, Қазақстан Республикасының сот жүйесі, құқық қорғау органдары.



          1. Білімдер:

- адам және азаматтың құқығы мен еркіндігі, оларды жүзеге асыру механизмі;

- кәсіптік қызмет саласында құқықтық және адамгершілік-этикалық нормаларды білу;



Іскерліктер:

- жеке бас бостандығы мен қадір-қасиетін қорғай алу;

- маманның кәсіптік қызметті реттеуші, нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдана білу.


БҚ 7


ЖКП.00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП.01

Кәсіби қазақ тілі

кәсіптік тілдің рөлі: мамандық бойынша терминология; кәсіптік бағдарлы мәтіндерді оқу және аудару техникасы (сөздікпен); кәсіптік қарым-қатынас; мамандыққа бағытталған мәтіндер бойынша әңгіме, сұхбат құрастыру; іс жүргізу бойынша сөздікпен жұмыс істеу; құжаттау және шаблондау мен стандарттауды құжаттармен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттарды, құжаттарды шаблондаудан түсінік, әкімшілік-ұйымдық құжаттардың тізіміне кіретін құжаттарды құрудың ережелерін; офистік және құжаттамалық жұмыс негіздерін; техникалық құралдардың көмегімен құжаттау технологиясы.



Білімдер:

-мемлекеттік тілді және кәсіптік бағдарлы мәтіндерді (сөздікпен) оқып, аудару үшін қажетті лексикалық (1200-1400 лексикалық бірлік) және грамматикалық минимумды меңгеру;

- мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу;

- құжаттау қызметінің құрылымы, лауазымдық құрылымды, техникалық құралдардың көмегімен құжаттау технологиясы;



іскерліктер:

- кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану, өзінің кәсіптік іс-әрекетінде қазақ тілінен біліктіліктерін пайдалану;

- әкімшілік-ұйымдық құжаттарды, мемлекеттік тілде қызметтік хат алысуды құрып, ресімдеу;

- келіп түскен сәттен іске ресімдеуге дейін құжаттармен жұмыс істеу;

- анықтама әдебиетпен жұмыс істеу;

БҚ 1,2,6



ЖКП.02

Инженерлік графика

Геометриялық сызу; сызбалардың орындалу ережесі; геометриялық құрылым және деталдардың техникалық контурларын сызу ережелері; проекциялық сызу; техникалық сурет салу; конструкциялық құжатнамаларды рәсімдеу және әзірлеудің ережелері; машина жасаудағы сызу; сызбалардағы кескіндер катергориясы; инженерлік графиканың құралдары; мамандық бойынша бұйымдардың сұлбалар мен сызбаларын орындалу тәсілдері және әдістері; көркемдік конструкциялаудың элементтері; графикалық ақпаратта бейнеленген техникалық құралдар туралы негізгі ұғымдар; компьютерлік графикалы жүйелер туралы ұғымдар;



          1. Білімдер:

- сызудың тәсілдері мен ережелері;

- конструкторлық және технологиялық құжаттарды оқудың, рәсімдеудің және құрастырудың негізгі әдістері;

- графикалық тапсырмаларды шешудің әдістерін;

Іскерліктер:

- нобайлары және көшірмелері арқылы бұйымдардың, жалпы көріністің сызбаларын, орындау;

- конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды әзірлеу үшін қолданбалы бағдармалар пакеттерiн қолдану;


БҚ 1,2

1120043


КҚ

3.4.1. 3.4.12.

3.417.

112005 3



КҚ

3.5.10


ЖКП.03

Техникалық механика

статика; статика аксиомалары, күш жүйелері, материалдар кедергісі; деформацияланған күйдің түрлері: созылу (сығылу), ығысу, айналдыру, тура иілу, күрделі деформация; беріктікке есептеу; механизмдер мен машиналардың тетіктері; механизмдер мен машиналардың кинематикалық сұлбаларын оқу және құру; әртүрлі беріліс буындарының негізгі өлшемін геометриялық есептеу.



Білімдер:

- статиканың негізгі ұғымдары, күштердің жазықтық жүйесі; күш моменттері;

- кинематика және динамика элементтері;

- основы сопротивления материалдар кедергісінің негіздері;

- машина бұйымдарының негіздері;

Іскерліктер:

- механикалық жүйелердің беріктіктігін есептеуді орындау;

- механизмнің қажетті түрін таңдау;

- механизмдер мен құралымдардың құрама бірліктерінің конструкциялық ерекшеліктерін талдау.



1120043

КҚ

3.4.4.



3.4.6.

3.4.7.


3.4.8.

3.4.15.


3.4.16

.

112005 3



КҚ

3.5.10. 3.5.12. 3.5.14.



ЖКП.04

Жалпы электротехника электроника негіздерімен

Электротехника: электрлік өріс; тұрақты және айнымалы тоқтың электрлік тізбегі; электрмагн; электрлік өлшеуіштер; тұрақты және айнымалы тоқтың электрлік машиналары; трансформаторлар; электрлі жетек негіздері; электрлік энергияның берілісі және үлестірімі; электроника; электрониканың физикалық негіздері; электрондық аспаптар; электрондық түзеткіштер, тұрақтандырғыштар, күшейткіштер, генераторлар және өлшегіш аспаптар; автоматика мен есептеуіш техникалардың электрондық жабдықтары; микро ЕТМ және микропроцессорлар;



          1. Білімдер:

- электрлік тізбектің жұмыс тәртібін және электрлік тоқтың сипатын өлшеуге арналған аспаптарды;

- тұрақты тоқтың сызықты және сызықсыз тізбектерін есептеудің негізгі әдістерін;

- ауыспалы процестердің туындау себептерін;

Іскерліктер:

- тұрақты токтың құрылысы және тізбектер жұмысының берілген шарттары бойынша элементтер параметрін таңдай алуды;

- жай электрлік және магниттік тізбектің негізгі параметрлерін өлшеуді, есептей алуды;


1120043

КҚ

3.4.14.



3.4.18.
112005 3

КҚ

3.5.1.



3.5.2.

3.5.4.


3.5.6.

3.5.7.


3.5.8.

3.5.9.


ЖКП.05

Материалтану

Материалдардың қолданылу аумақтары; құрылымдық материалдар, олардың қасиеттері мен қолданылуы; қара және түсті металдар мен қорытпалардың өндірісі жөнінде негізгі мәліметтер; темірдің көміртегімен қорытпалары; көміртекті болаттар, шойындар, легирленген болаттар, қатты қорытпалар; түсті металдар қорытпалары; құйма өндірісі; металдарды термиялық өңдеу негіздері; болатты беттік беріктендіру; бөлшектерді балқытып қаптастыру (наплавка) арқылы қалпына келтіру және беріктендіру; металдар коррозиясы және онымен күрес шаралары; пластмассаның физикалық-химиялық қасиеттері мен құрылымы;



          1. Білімдер:

  1. - материалтанудың физикалық-химиялық негіздерін;

  2. - материалдардың құрылысы мен қасиеттерін;

Іскерліктер:

- материалдардың параметрлері мен қасиеттерін өлшеу;

- металдарды сынау тәсілдерін тексеру;

- металдарды қысыммен өңдеу: илемдеу (прокатка), баспақтау(престеу), сымдау (волочение), соғу (ковка) және қалыптау(штамповка) жұмыстарын жүргізу;

- металдарды пісіру, кесу, дәнекерлеу жұмыстарын орындау;

- металдарды алу мен өңдеу кезінде энергияны сақтау технологиясын түрлендіру.



1120043

КҚ

3.4.7.



3.4.10.

3.4.16.


112005 3

КҚ

3.5.6.



ЖКП.06


Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

Метрология: негізгі ұғымдар мен анықтамалар; өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ететін метрологиялық қызметтер; мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау. Стандарттау: сапаны басқару және стандарттау облысындағы негізгі терминдер мен анықтамалар; өнімді сынау және бақылау; сапа жүйелері. Сертификаттау: сертификаттау жүйелері; сертификация ережелері және реті; шектер және қондыру жүйелері;

техникалық өлшеулер.


Білімдер:

- стандарттау, сертификаттау және метрологияның міндеттерін, маңызын, принциптерін, объектілерін, субъектілерін, әдістерін, құқықтық негіздерін;

- халықаралық және аумақтық стандартттардың құрылымын;

- шектер мен техникалық өлшеулерді;

Іскерліктер:

- өлшеуіш құралдарын дұрыс таңдап, оларды қолдана білуді;

- сапа жүйесіндегі құжаттарды қолдануын;


1120043

КҚ

3.4.4.



3.4.8.

3.4.10.
112005 3

КҚ

3.5.3.


3.5.4.

3.5.12.


ЖКП.07

Гидромеханика

Гидростатика, гидростатикалық қысым, ыдыстардың түбіне және бүйір қабырғаларына түсетін гидростатикалық қысым; гидростатика заңдары және гидростатикалық қысымның негізгі қасиеттері; гидростатикалық машиналар; гидравликалық аккумуляторлар; гидродинамика; сұйықтықтың қалыптасқан және қалыптаспаған қозғалысы; үзілмеушілік теңдеуі; Вентури шығынөлшегіші; сұйықтықты араластырғыштар, инжекторлық құрылғылар; «шүмек-жапқыш» элементі, шүмектің жапқыштан қашықтығына байланысты дроссельаралық камерадағы қысымның өзгерістері, элементтің сипаттамасы, «шүмек-жапқыш» типті элементті гидропневмоавтоматика құралдарында пайдалану; құбырлардағы гидравликалық соққы, гидрожетектердің гидросоққыдан қорғаныс тәсілдері; гидротаран, жұмыс істеу принципі, сұйықтықтың гидротаранмен берілуін есептеу; сифон, сифонның жұмыс істеу принципі, сифонның есептелуі; көлемді типті гидравликалық сораптар мен моторлар, анықтамасы; көлемді сораптар мен моторлардың топтастырылуы; пластиналық, шестернялық, радиальды-поршеньдік, аксиальды-поршеньдік типті сораптар мен моторлардың міндеттері, құрылымы және жұмыс істеу принципі.




          1. Білімдер:

- гидромеханиканың құрамдас бөлімдерін;

- бұйымдардың гидравликалық жетектерінің жұмыс сұйықтығын топтастыруды, жұмыс сұйықтықтарының физикалық қасиеттерін;

- қысым түрлерін, қысымды өлшеуге арналған аспаптарды, Д.И.Бернулли теңдеуін;

- гидромашиналардың негізгі сипаттамаларын;

- гидроберілістің, гидрожетектің қолданылу аумағын, міндеттерін

Іскерліктер:

- сұйықтықтардың қозғалыс режимін өлшеу;

- сұйықтықтардың құбыр бойымен қозғалысы кезіндегі арын шығынын есептеу;

- арынның сызықтық және жергілікті шығындарын есептеуді жүргізу;

-сұйықтықтардың тұрақты арын кезінде саңылау арқылы ағуын тексеру;

- қондырмаларды орналастыру;

- сұйықтықтардың айнымалы арын кезінде саңылаулар және қондырмалар арқылы ағуын тексеру;

- деңгей астына ағуды қадағалау, сұйықтық тасқынының қатты тосқауылмен өзара әсері, сұйықтық ағысының тосқауылға әсер күшіне есептеу жүргізу;

- гидродинамикалық типті гидравликалық сораптар мен маторлады, қалақты гидромашиналардың жұмыс приципін тексеру;

- гидродинамикалық берілісті, бөліген және бөлінбеген гидродинамикалық берілісті бақылауды жүзеге асыру;

- гидродинамикалық муфталардың жұмыс принципін тексеру;

- гидро трансформаторлардың жұмыс принципін тексері;



1120043

КҚ3.4.1.

КҚ 3.4.9.

КҚ 3.4.14.

КҚ 3.4.15.

КҚ 3.4.18.



Каталог: images -> ebiblateka -> 1kaz
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет