Мазмұны
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………….3
1 бөлім. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығынан босатылған импорт……………………………………………………………………………………………………….4

1.2. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы………………..9

1.3. Дамыған мемлекеттердегі қосылған құн салығы…………………………14

2 бөлім. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУ
2.1. Қосылған құн салығының ставкалвры………………………………………..16

2.2. Қосылған құн салығын төлеушілер және обьектісі……………………..17

2.3. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация………………………………17

3 бөлім. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Қосылған құн салығын есепке алу әдісі………………………………………18

3.2. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі……………………..19

3.3. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу…………………………21

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..24
Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………………………………25
КІРІСПЕ
Қосылған құн салығы тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салық төлеушілердің мониторингтілеуіне тиіс болса, салық қызметі органдары осы берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екендігі ескеріле отырып қабылданады.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев 2006 жылы 1 наурызда Халыққа орнаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпілік жасау қарсаңында» жолдауында «2007 жылдан бастап қосылған құн салығы ставкасын 1 пайызған ао 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2 пайызға азайту керектігін» атап өтті.

1 бөлім. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығынан босатылған импорт
Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
1. Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) айналымы:

1) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;

2) акциздiк маркаларын;

3) уәкiлеттi органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызметтердi;

4) адвокаттық қызметтi, нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өткiзетiн тауарлар (жұмыстар, қызметтерді);

6) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру тәртiбiмен өткiзiлетiн мүлікті;

6-1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алынған мүлiк;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң немесе мемлекеттік кәсіпорындардың пайдасына өтеусiз негiзде негiзгi құралдарды берудi;

8) жарғылық капиталға жарналарды;

9) жарғылық капиталға жарна ретiнде алынған мүлiктi қайтарып алуды;

10) жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерiн, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерiн;

11) оларды өткiзу жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда, лотереялық билеттердi өткiзу бойынша айналымды;

12) банк карталарымен операциялар бойынша есеп-қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналымдар;

12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына «Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату» кеден режимінде әкелінген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;

12-2) халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметін көрсету; халықаралық рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша теңіз айлақтарында қызмет көрсету;

12-3) тұрғын-үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету;

13) жерге және тұрғын үй қорындағы ғимараттарға байланысты айналым, қаржылық қызмет көрсетулер, қаржы лизингіне берілген мүлік, коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер, геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстары, мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, медициналық және мал дәрігерлік қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсету;

14) ұлттық валюта банкноттары мен монеталары;

15) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдары мына шарттарға сәйкес келсе:

осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентi мүгедектер болса;

мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентi (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда — кемiнде 35 процентi) болса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың тауарлары (жұмыстары, қызмет көрсетулерi) бойынша айналымдар (сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу жөнiндегi айналымдардан және акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерiн өндiру мен өткiзу бойынша айналымдардан басқа);

17) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркiн қойма» кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн қазақстандық тауарларды;
18) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында өткізілетін, арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызмет түрлерін жүзеге асыру процесінде тұтынылатын тауарларды;

20) тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру жөнінде көрсетілетін қызметтер өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

2. Жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар

Тұрғын үй ғимаратын өткізу және (немесе) осындай ғимаратты жалға беру, оның ішінде қосалқы жалға беру мыналарды:
1) қонақүй қызметiн көрсету мақсатында пайдаланылатын тұрғын үй ғимаратын (ғимараттың бiр бөлiгiн) өткiзудi немесе жалға берудi;

2) қонақүйде тұру бойынша қызмет көрсетудi қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

Жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалға беру, жер учаскесiн автомобильдердi, сондай-ақ өзге де көлiк құралдарын қою немесе сақтау үшiн беру ақысын қоспағанда, қосылған құн салығынан босатылады.

3. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржы қызметтерiне мыналар жатады:

1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын peттeу мен қадағалау жөніндегі уәкiлетті мемлекеттiк орган немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын және банктердің және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн, сондай-aқ олардың қызметiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктер шегінде уәкiлеттi органның лицензиясынсыз реттейтiн өзге заңды тұлғалар жүргізетiн мынадай банктiк және өзге де операциялар:

депозиттердi қабылдау заңды және жеке тұлғалардың банктiк шоттарын жүргiзу;

банктердің және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

тазартылған қымбат металдардың монеталарының сол тұлғаға қатысты нақты саны көрсетілетiн жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;

аударым операциялары;

банктік заем операциялары;

сенiмгерлiк (траст) операциялары;

банкаралық клиринг;

касса операциялары;

шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

инкассоға төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) қабылдау;

аккредитив ашу (көрсету) және растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;

сенiмгерлiк операциялары: сенiм бiлдiрушiнің мүддесi және тапсырмасы бойынша банкiлер және ипотекалық компаниялар жүзеге асырып отырған ақшаны, тазартылған қымбат металдарды басқару;

ақшалай нысанда орындау көзделген банктiк кепiлдiктердi беру;

үшiнші тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделген банктiк кепiлдемелердi және өзге де мiндеттемелердi беру;

банктер жүзеге асыратын факторинг және форфейтинг операциялары.

2) бағалы қағаздармен операциялар, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының қызметi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген лицензиялар негізiнде бағалы қағаздар нарығында жүзеге асырылатын қызметтi ұйымдардың көрсетуi және олардың қызметiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясаты Қазақстан Республикасының заң актісiне сай iске асыруға уәкілеттi банктің лицензиясыз реттейтін өзге де заңды тұлғалардың бағалы қағаздармен жүзеге асыратын операциялары;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) жөніндегі операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау және орындау бойынша сақтандыру брокерлерінің (сақтандыру агенттерiнің) қызмет көpceтуi;

4) төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен операциялар;

5) зейнетақы активтерiмен, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтік қорының активтерiмен инвестициялық басқару жөнiнде қызмет көрсету;

6) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтарын басқару жөнiнде қызмет көрсету;

7) зейнетақы активтерiнен алынған инвестициялық кiрiстi бөлу және есепке алу жөнiндегi зейнетақы жарналарын тарту бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметi;

8) кәсiпорынның жарғылық капиталындағы қатысу үлесiн iске асыру;

9) микрокредиттер беру жөнiндегi операциялар;

10) ломбардтардың жылжитын мүлiктi кепiлге ала отырып қысқа мерзiмдi заемдар беруi;

11) кредиттiк серiктестiктердің өз қатысушылары үшiн көрсететiн мынадай операциялары бар:

аударым операциялары: ақша төлеу және аударым жасау тапсырмаларын орындау;

заем операциялары: ақшалай нысандағы кредиттердi төлемдiлiк, мерзiмділік және қайтарымдылық талаптары бойынша беру;

кредиттік серiктестiк қатысушыларының шоттарын ашу және жүргізу;

кредиттiк серiктестiк қатысушылары үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн кепiлдiктер, кепілдемелер және өзге мiндеттемелер беру;

12) тазартылған қымбат бағалы металдардың орнын ауыстырмай, солармен жасалатын операциялар.
4. Қаржы лизингiне берiлген мүлiк

1) қарды лизингіне беру талаптарына сай болса;

2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде алса, мүлiктi қаржы лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiс сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған құн салығынан босатылады.

5. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер

1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерi мен мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қызмет көрсетумен;

2) дiни ұйымдардың әдет-ғұрыптар мен рәсiмдердi жүзеге асыруына және дiни қажеттiлiк заттарын өткiзуiне;

3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша қызмет көрсетуге байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.

6. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары

Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын iске асыру бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары деп көмiрсутектi және минералдық шикiзат кен орындарын (кендерiн) iздестiрудi, барлауды, бағалау мен игеруге дайындауды қамтамасыз ететiн, өзара байланысты, белгiлi бiр кезекпен қолданылатын жұмыстардың жиынтығы ұғынылады.

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған:

жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) барлау жөнiнде жұмыстарды жүргiзуге;

барлау жүргiзу кезеңiнде жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған келiсiм-шарттың;

2) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеудi жүзеге асыру жөнiнде жұмыстарға мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың аясында салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердігер) жүзеге асыратын геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарына қатысты босату қолданылады.
Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары нақты түрлерiнiң, сондай-ақ геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарының құрамдас бөлiгi болып табылатын арнайы жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi және құны геологиялық объектiнi зерттеу мақсаты мен оның ерекшелiктерiн, ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi, геологиялық барлау және геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргiзуге қойылатын геологиялық-әдiстемелiк талаптарды, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптарды ескере отырып, әрбір геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектіге арналған жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс.

6-1. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жаңа объектілерді салу кезіндегі жобалау, жобалау-құрылыс, құрылыс-монтаждау жұмыстары жатады.

Салықтан босату салық төлеуші (мердігер, қосалқы мердігер) Қазақстан Республикасы Үкіметімен инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасасқан концессиялық шарт шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсететін қызметтерге қатысты қолданылады.

Инфрақұрылымдық жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітіледі. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақты түрлерінің тізбесі, олардың көлемі мен құны әрбір жоба бойынша жаңа объектіні зерттеу, жобалау, салу мақсатын негізге ала отырып және осы инфрақұрылымдық жобаны іске асыру үшін қойылатын ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиіс.
7. Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар
Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай:

1) шоу-бизнес саласындағы қызметтердi қоспағанда, театр-концерт қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi;

2) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру салаларында қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бiлiм беру;

3) мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына;

4) кiтапхана қызметiн көрсету жөнiндегi;

5) тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулерге, жұмыстарға жататын болса, қосылған құн салығынан босатылады.

8. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер

1. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша айналымдар:

1) кез келген нысандағы дәрi-дәрмектiк заттарды, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;

2) медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдарды, оның iшiнде протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;

3) косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық (мал дәрiгерлiк) қызмет көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығынан босатылады.

Қосылған құн салығының Қазақстан экономикасында алатын орны
Нарықтық қатынастар жүйесіне ену отандық салық салу жүйесін құру

қажеттілігін туғызады. Механикалық еліктеу мен нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің, сонымен қатар экономикасы транзитті мемлекеттердің салық жүйесін Қазақстан экономикасына көшіру қайта құрылған басқару жүйесі мен қадағалау құралдарының көрінісі ғана болатын еді. Сонымен қатар қайта құрудың қысқа мерзімдері басқа мемлекеттің салық салу жүйесін құру мен жұмыс атқару тәжіриесін максималды есептеуді қажет етеді.

Дүниежүзілік тәжірибеде бөлу қатынастарының эволюция процестерінде салық салу жүйесінің үш моделін бөліп көрсетугеболады. Оларға:

Салық салу обьектісі ретінде көбінесе табыстарды қарастыратын модель;

Салық салу обьектісі ретінде көбінесе шығыстарды қарастыратын модель;

Табыстар мен шығыстардың қатынасы салық функциялары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

Бұл модельдер салық салу жүйелерінің эволюциясын көрсетеді. Салық жүйесінің даму динамикасы экономикасы тоқырау, салық базасы тар мемлекеттерде салық салу ретінде көбінесе шығындар қолданылады, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде – табыстар. Кәсіпкерліктен түскен табыстарға немесе халық табыстарына тікелей салық салынады. Үшінші модель экономиканың тұрақты даму теориясына әлдеқайда сай келеді. Салық салу жүйесіне қалыптасқан әлеуметтік –экономикалық жағдайға сай уақытылы енгізілген түзетулер жанама және тікелей салықтар арасындағы тепе-теңдікті максималды орнату арқылы экономиканың тұрақты және қалыпты дамуын қамтамасыз етеді. Бұл мемлекеттік бюджетті қалыптастыру процесінде салық төлеушілер мен мелекет мүдделерін қосылуына әкеледі. Салық базасының қысқаруына және нақты салық формаларының оңтайлық мүмкіндігінің қысқаруына әкеліп соғатын экономикалық дағдарыс кезінде мүдделердің сәйкестігіне жету өте қиын.
Жанама салықтардың құрасында ең маңыздысы қосылған құн салығы болып табылады.

Салықты француз экономисты Лоре шығарған. Лоре қосылған құн салығын 1949 жылы ұсынған, бірақ Франция үкіметі бұл салықтың экономикалық мазмұнын талдап, гипертрофиялық экономика, өндірістің құлдырауы мен тауарлы аштыкден мінездемеленген сол тарихи кезеңде оны енгізудің маңызы жоқ деп шешті. Бірнеше жылдар өткен соң ғана мемлекеттегі экономикалық жағдайы жақсарғаннан кейін қосылған құн салығы қайта қарастырылып енгізілді. Лоре сол кезеңде мемлекетте айналымнан алынатын салықты ауыстыра алатын қосылған құн салығының әсерінің үлгісін көрсетті. Мұндай қажеттілік айналым салығына сай қарқынды әсерін жою мақсатымен туындады. 1968 жылы Францияда осы салыққа толықтырулар жүргізілді. Бұған дейін салық таза күйінде қолданылып көрген жоқ. Бірақ, 1968 жылдан бастап салықтың тартылуы интенсивті қарқын алды. Оған әсер еткен 1967 жылдың сәуірінде Европалық одаққа кіретін мемлекеттерде қосылған құн салығын жанама салығы негізі түрінде енгізуді қабылдаған бірінші және үшінші Еуропалық Одақ Директивасы болды және енгізу мерзімі анықталды. Болашақта қауымдастыққа кіруге мүдделері бар мемлекеттерге қосылған құн салығы жүйесінің жұмыс істеуі міндетті болды. Қосылған құн салығын қолдану нұсқаулары төртінші Директивамен анықталды.

Салық базасын кеңейту мен өз бюджеттерін толтыру мақсатында Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттері қосылған құн салығына сәйкес салық базаларының мөлшерлері келісілді. Қосылған құн салығынан 1%-мөлшеріндегңі жылдық аударымдар арқылы толтырылатын ортақ қаражат қорын құрды. Орташа алғанда Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің бұл салықтан түсетін табыс бөлігі ортақ салық түсімдері де 15-17 немесе ЖЮ-дің 7 құрайды. Қосылған құн салығы мемлекеттің фискалды саясатын жүзеге асыру барысында қолданылады.

Қосымша құн салық салуы – жанама салықтың маңызды формасы. Көп жағдайларда қосылған құн салығын Батыс Еуропалық интеграция процессінің дамуы мен орнатылуында алатын роліне көңіл бөліп Европалық Одақ мемлекеттерінде қосылған құн салығы Европалық Одақ бюджетін базасының табыс көзі болып табылады. Бұл мемлекеттерде салық мөлшерлемелері 5-дан 33-ға дейін ауытқуда. Айналыс қосылған құн салығын қайта құру негізінде Францияда енгізілген қосылған құн салығы басқа мемлекеттерде өндіріс салығы ретінде қолданыла бастады. Қосылған құн салығы фискалды саясатты іске асыруда қолданылуына қарамастан, оған нақты ынталандыру функциялары да тән. Европа мемлекеттерінде негізгі капиталға инвестицияланған қаражаттар босатылады. Банктер, қаржы мекемелері,дәрігерлер мен қорғаушылар, тұрғынүйлерді зайымға беру салықтан босатылады. Қосылған құн салығы «нейтралды» салық болып табылады. Көптеген сырт мемлекеттердің үкіметтері бюджет дефицитын жабу ең алдымен қосылған құн салығынан түсетін түсімдердің көлемін ұлғайту арқылы жүргізеді. Себебі бұрын табыстарға прогрессивті түрде салық салу қорлану процессі мен қызмет белсенділігіне негативті түрде әсер етті.

Еуропалық Одақ мемлекеттерінің салық жүйесін өзгертудің негізгі уәждеуі:

қосылған құн салығы жаңа техника арқылы салық операцияларын құжат айналым жүйесінің реттелуін және тез жүргізуге мүмкіндік береді;

ортақ нарыққа мемлекеттердің кіруіне қосылған құн салығын енгізу міндетті;

тауарлар мен қызметтердің бір түріне салықтардың жеңілдікжағдайын жасау сақсатында қосылған құн салығын бөлшек сауда сатуларынан салық пен салыстырғанда әлдеқайда тиімді;

қосыслған құн салығы бюджеттік түсіәмдерді әлдеқайда көтереді;

сонымен қатар, осы факторлардың ішінде саяси аргументтер болып – ортақ нарыққа кіру шарты табылады. Дәл осы аргумент еуропалық мемлекеттер арасында осы салықтың кең тарауына түрткі болды. Қазіргі кезде Еуропалық Одақ мүшелерінің барлығы көрсетілген салықты енгізеді.

Мемлекеттердің қосылған құн салығына көшу макроэкономикалық тұрғыдағы ортақ нарық форма кезінде іске асырылады. Көші процесінің өзі мыналапрды қажет етеді:

Салық жүйесінің есебінің тиімділігі;

Жанама салық жүйесінің түбегейлі талдауы;

Шетел мемлекеттерінден жұмыс істеу стажы бар кәсіби мамандарды дайындау;

Жаңа жүйеге көшу мерзімін анықтау;

Әр сату операцияларына счет-фактура толтыру міндеттілігі;

Ақпараттар мен құжаттарды өндеуді автоматтандыру;

Қосылған құн салығын есептеуді банк функциясына тіркеу;

Кеден есебін компьютеризациялау;

Қосылған құн салығын талдау еуропалық мемлекеттердің және басқа мемлекеттердің көбінде жанама салық салудың кең тарағанын көрсетті. Осы салықтың артықшылығы туралы сұрақ біртекті болып табылмайды. Қосылған құн салығына өту базасы болып табылатынжақсы дамыған жанама салық салу жүйесі барлық елдерде бірдей емес. Бұл салық түріне көшу, өз есебінен шешімнің әбден қабылдандығын және үлкен дайындықтан өтуді қажет етеді. Мысал ретінде АҚШ мемлекетін алсақ болады. Бұл шешімді қабылдау үшін, олар 2 жыл бойы конгрессте дайындық жүргізді. Соңғы нәтиже шығарғанда, барлық кемшіліктер мен артықшылықтарды салмақтағанда, АҚШ-қа бұл салық түрінің тиімсіздігін көрді. Бұндай шешімге Жапония да келді.
Қосылған құн салығының ролі сен орны біқалыпиһты емес: тәжірибелер жүогізушілердің ойынша, бұл салық түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығының басым бөлігін толтырады деп есептейді, ал аналитиктер ойы бұл салықтың тіпті жоғары фискалдығын, салық базасының дайындылығының жоқтың қасы және пайыздық мөлшердің тіпті жоғары қарқындылығын көздейді. Қосылған құн салығы Қазақстан экономикасында өтпелі кезеңде тіпті тәуекелінің жоғары болуын көздейді, өйткені ол оның салық жүйесіндегі кемшіліктері мен қосылған құн салығының есептеудегі техниканың жетіспеушілігін қамтиды. Қосылған құн салығы тауарған деген сұранымды реттеп отырады. Бұл модель батыс экономикалық жүйелерінде үлкен роль атқарады. Бұл салық түрі дүние жүзінің 60 мемлекеттерінде салық жүйесінің құрама элементі болып табылады.

Қазақстан Республикассында қосылған құн салығы 1992 жылы қаңтарында енгізілді. Советтік қоғам кезінде жүріп жатқан процесстерге бұл салық түрінің енгізілуі, артынан із қалдырады. Нақ осы кезде Қазақстан егемендігі туралы статус алған еді. Қаржы-Несие Кеңес үкіметінен мұра болып қалған қаржы-несие жүйесі нарықтық даму жолына түскен жас мемлекеттің талабына сай келмеді, себебі ол әкімшілік бұйрыққа негізделген болаьын. Сондықтан ең бірінші заңдық актілердің, Республиканың жоғары кеңесімен қабылданған «Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы» және «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы» заңдарымен, қаржы жүйесі реформалары қоймай, сонымен қатар дүниежүзілік тәжірибеде прогрессивті тенденцияларға қарсы сәйкес жаңа салық жүйесі қалыптасты. Жанама салықтың механизмін зерттеуде көп мүшелерде Қазақстанның жанама салығының дамуын,әсіресе қосылған құн салығына көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені бұл Қазақстан экономистердің қосылған құн салығына көз қарастары емес. Кей экономистер қосылған құн салығының бағаның өсуі мен «құнның натуралдық түсіндірмесіне ә сүйенеді. Сонымен қатар 1996-1997 жж салықтың айналымынан қайтарылуы және салық кодексінің түзетулерді көздеді.

Қазақстанда қосылған құн салығын енгізу ұсынымының қысқаруына әкеп соқты және өзесебінен өнеркәсіптің құлауы біріншіден, келешекте ұсыныс бағасының жоғармалауына әкеледі, екіншіден сұранымның төмендеуіне және сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде өндірістік және ауылшаруашылық кәсіпорындар өзін-өзі қаржыландыруға немесе қайта өндіруге қабілеттері төмендейді. Осыдан мемлекеттік бюджеттен көптеген қаржылық ресурстарды бөлу нәтижесінде дефицит пай да болды және жоғарғы қарқынды инфляцияға тура әкеп соқты. Бұдан біз өтей алмай кризисін, инвестициялық бағдарламалардың тоқтатылуы, өндірістік өнімнің, яғни экспорттың қысқартылуы және жұмыссыздықтың өсуін және тағы басқа ны көруге болады. ұл экономиклық сана жүйелерінің және бөлек компоненттердің балансының болмауынан туып отыр. Қосылған құн салығының қарсылығын білдірушілер үшін бұл өте күрделі католизатор болып табылады. Нақ осы жерде олар қосылған құн салығының табиғаты мен жұмыс жүргізу механизмін түсінбейді. Бюджетке неғұрлым қосылған құн салығынан көр түсім түскен сайын, соғұрлым ол экономикаға зиянын тигізеді. Әсіресе, қосылған құн салығы «қарсылығын білдірушілер» ойынша, жаңа жоғары қарқынды технологияға кері әсерін тигізуде. Техникамен қамтылмаған және артта қалған кәсіпорындарға қарағанда, өздері шығаратын өнімнің құны қосылған құн салығынан жоғары. Қазіргі кезде жоғары қарқында кәсіпорындар үшін қосылған құн салығы пайдасыз болып отыр. Мониторлық саясат пен қосылған құн салығының арасында байланыс жоқ, өйткені инфляцияның болуы, қаржы ресурсының тыстани асып кетуінен оны өндіру үшін материалдың жоқтығынан болады. Осының негізінен қосылған құн салығын алып тастауды талап еткен , оның орнына, өндірісте өнімді шектеп шығаруды ұсынады. Экономика жүйесінің дамуындағы ең маңызды сәт болып айналымға салынатын салықтың орнына өндірілген қосылған құн салығы болды. Бұған әртүрлі әсерлер болды. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің түрлерінің көбеюіне әкелелі, шаруашылық серіктестерді дамытты, аралас өндіріс түрлерін құруға әкелді, осыған байланысты бұрынғы салықтың түрінің алынуы қиын болды. Делдалдық қызметтердің өсуі де әмбебеап салықты керек етті. Ол осы өсімнен мемлекеттік қазынаға тартуды керек етті.

1.3. Дамыған мемлекеттердегі қосылған құн салығы

Ұлыбританияның қосылған құнға салынатын салық кемелеттік бюджеттің орта есеппен 17-20 пайызын құрайды және үлесі жағынан табыс салығынан кейінгі екінші орынды алады. Қосылған құнға салынатын салық бойынша обьекті болып тауарлар (қызмет, жұмыс) өндірісіндегі әрбір кезеңіндегі қосылған құн табылады. Салық ставкасы 17,5 пайыз. Азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, импорт-экспорт тауарларына, тұрғын үй құрылысына, балалар киіміне, көлік тасымалына, пошта, жерлеу және қаржы қызметтеріне, сақтандыруға қосылған құнға салынатын салық салынбайдв.

Қосылған құнға салынатын салық Германиядағы негізігі салықтардың бірі болып саналады. Бюджет кірісіндегі үлесі 28-30 пайызға жуық. Салық салу обьектісі болып айналым саналады. Салық бюджетке түскен соң үш бюджет арасында бөлінеді.

Салық екі түрлі ставкамен алынады:

7 пайыз – азық-түлік, газет-журнал, кітаптарға, ауылшаруашылығының өнімдеріне, жолаушы тасымалы қызметіне қолданылса;

жоғарғы аталғандардан басқалардың барлығына 15 пайыздық ставка қолданылады;

аталмыш салықтан ауыл және орман шаруашылығының өнімдері, экспортқа шығарылған тауарлар босатылған.

Канадада қосылған құнға салынатын салық 1991 жылдан бастап енгізілді. Негізгі салық ставкасы – 7 пайыз. Азық-түлік, медициналық препараттар мен жабдықтар, денсаулық сақтау мен білім беру қызметтері салық төлеуден босатылған.
Франция елінде қосылған құнға салынатын салықтың ставкалары:

негізгі салық ставкасы – 18,5 пайыз;

автокөлік, кинотауарлы, темекі бұйымдары, парфюмерия, бағалы былғары өнімдеріне 22 пайыздық жоғарылатылған ставка;

азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдеріне, кітап, дәрі-дәрмектерге, сондай-ақ туристік және қонақ үй, жүк және көлік тасымалдары қызметтеріне 5,5 пайыздық төмендетілген ставкалары қолданылады.

Осы салық түрі бойынша жекелеген салық жеңілдіктеріқарастырылған. Экспорт операциялары қосылған құнға салынатын салықтан босатылған. Экспорт операциясын жасаған және қосылған құн салығын өтеу құқығы бар. Әкімшілік, әлеуметтік, тәрбие, мәдени және спорт саласында жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелер, ауыл шаруашылық өндірістері, жеке білім беру, емдек, рухани салада қызмет көрсететін тұлғалар салық төлеуден босатылған.
Италияда қосылған құн салығы 1973 жылы 1 қаңтардан бастап енгізілді. Қазіргі кезде салық сомасы барлық жанама салықтың 65-70 пайызын құрауда. Қосылған құнға салынатын салық түскен табыс пен өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмадан есептеледі. Салықты тұтынушы төлейді, бюджетке сатушы аударады.

Үш түрлі салық ставкасы қолданылады:

мемлекеттік кәсіпорындарға – 4 пайыз;

азық-түлік өнімдеріне – 13,9 пайыз;

басқаларына – 19 пайыз;

Экспортқа шығарылған тауарлар, халықаралық қызмет және онымен байланысты операциялар, денсаулық сақтау, білім беру және мәдиенетке жұмсалатын шығындар салық төлеуден босатылған.
Швецияда қосылған құнға салынатын салық ставкалары:

азық-түлік өнімдеріне – 21 пайыз;

қонақ үй қызметтеріне – 12 пайыз;

қалғандарына – 25 пайыз;

Бұл салыұы төлеуден экспорт операциялары, медициналық қызмет, сақтандыру, банк операциялары, пошта, кино өндірісі, мәдениет мекемелеріне босатылған.
Данияда қосылған құнға салынатын салық 25 пайыздық ставкалармен алынады.

Испанияда экспорт операциялары, медициналық қызметтер, білім беру, банк және қаржы қызметтері, сақтандыру, жылжымайтын мүліктерді қайта сату, қайырымдылық қызмет, пошта қызметі аталмыш салықты төлеуден босатылады.

Қосылған құнға салынатын салық ставкалары:

азық—түлік тауарларына , дәрі-дәрмектерге, газет, кітап, журнал өнімдеріне, мейрамхана, мейманхана, көлік тасымалы кәсіпорындарының қызметтеріне – 4-7пайыздық төмендетілген ставка;

сәндік бұйымдар мен автокөліктерге 28 пайыздық жоғарылатылған ставка;

аталғандардан басқаларына барлығына 16 пайыздық салық салынады.

Жапонияда тұтынуға салынатын салық 1989 жылы 1 сәуірден бастап енгізілді. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет кірістеріндегі үлесі жағынан заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығынан кейінгі үшінші орынды алады. Салық ставкасы – 5 пайыз. Бұл Еуропа елдеріне қарағанда едәуір төмен.
2 бөлім. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУ
2.1. Қосылған құн салығының ставкалвры
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар қосылған құн салығын төлеуді белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарға бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін мына қызмет түрлерін:

ет және ет өнімдерін өндіруді;

жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;

өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;

сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;

ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;

жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;

нан өндіруді;

балалар тағамын және диеталық тағам өнімдерін өндіруді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға тиіс (алынған) табыстар құрайтын;

2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;
3) акцизделетін өнімді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.

Есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.

Қосылған құн салығының ставкалары

Қосылған құн салығының ставкасы 13 процентке тең болады және салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.

Қосылған құн салығының ставкасы 12 процентке тең болады және салық салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.

Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерiнiң 13 процентiне тең болады.

Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерiнiң 12 процентiне тең болады.

Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
2.2. Қосылған құн салығын төлеушілер және обьектісі
Салық салу объектiлерi:

1) салық салынатын айналым;

2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.

Төлеушiлер:

1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:

жеке кәсiпкерлер;

мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;

қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

2) заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.

2.3. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация
Қосылған құн салығын төлеушi әрбiр салық кезеңi үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер әр тоқсан үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

Декларациямен бiрге салық кезеңi iшiнде сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмi табыс етiледi. Шот-фактуралар тiзiлiмiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

3 бөлім. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1. Қосылған құн салығын есепке алу әдісі
Енгізілген өзгерістердің маңызы Салық кодексінің 234-бабына немесе халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың импорты жөніндегі мәліметтерді көрсетуде болып табылады.
«ҚҚС-нан босатылатын импорт» бөлімінде Салық кодексінің 234-бабына сәйкес ҚҚС төлеуден босатылатын импорт бойынша айналымдар көрсетіледі. Мұндағы жолдар жүк деген декларациясында көрсетілген мәліметтер негізінде толтырылады.

300.09.002-жолының көлемі: 300.09.002А, 300.09.002В, 300.09.002С, 300.09.002D, 300.09.002E, 300.09.002F, 300.09.002G, 300.09.002H, 300.09.002I, 300.09.002J, 300.09.002K-жолдарының сомасы ретінде айқындалады, оларда мыналар көрсетіледі.

300.09.002А-жолында – Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 234-бабының 1 тармағының 3-тармақшасына сәйкес ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың импорты;

300.09.002В-жолында – Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 234-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдардың желілері бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелінген тауарлар импорты;

300.09.002С-жолында Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 234-бабы 1-тармағының 5-тармақшасын сәйкес шетелдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ солармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорты;

300.09.002D-жолында – Қазақстан Республикасның 234-бабының 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес салық төлеуден босатуды белгілейтін кеден режимдерінде декларациялануға тиісті тауарлар импорты;

300.09.002E-жолында – Қазақстан Ренспубликасының Салық кодексінің 234-бабының 1-тармағының 7-тармақшасына сәйкес дәрі-дәрмектік заттардың, оның ішінде субстанция-дәрілердің импорты;

300.09.002F-жолында – Қазақстан Республикасының 234-бабы 1-тармағ ының 9-1-тармақшасына сәйкес төлем карточкаларымен қызмет көрсету үшін жабдықтар импорты, меншікті өндірісті мұқтаждар үшін әкелінетін бағдарламалық қамтамасыз ету және оның қосалқы бөлшектері;

300.09.002G-жолында – Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 234-бабы 1 тармағының 11-тармақшасына сәйкес мемлекеттердің, мемлекеттің үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар иморты;

300.09.002H-жолында – Қазақстан Республикасыныің Салық кодексінің 234-бабы 1 тармағының 12-тармақшасына сәйкес қаржы лизингі шарты бойынша қаржы лизингіге беру мақсатында лизинг беруші әкелегн мүлік импорты;

300.09.002I-жолында – Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 234-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберінде әкелінген тауарлар импорты;

300.09.002J-жолында – жер қойнауын пайдалану үшін жасалған келісім-шарттарға сәйкес ҚҚС-тан босатылған тауарлар импорты;

300.09.002K-жолында – Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығынан босатылған тауарлар импорты.

300.09.002-жолдың көлемі 300.00.013-жолға ауыстырылады.
3.2. Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі
Шот-фактура барлық қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат болып табылады. Қосылған құн салығы салынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзудi жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы тұлғаға қосылған құн салығы көрсетiлген шот-фактураны беруге мiндеттi.

Қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада:

1) шот-фактураның реттiк нөмiрi мен толтырылған күнi;

2) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi, сондай-ақ өнiм берушiнiң қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi;

3) өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) атауы;

4) салық салынатын айналымның мөлшерi;

5) қосылған құн салығының ставкасы;

6) қосылған құн салығының сомасы;

7) қосылған құн салығы ескерiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны көрсетiлуге тиiс.

Шот-фактура өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кешiктiрiлмей жазылады және берушiнiң басшысы мен бас бухгалтерiнің, не осыған уәкiлеттi өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырылады. Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ сатуды, байланыс қызметтерін, коммуналдық қызмет көрсетулерді, темір жол тасымалдарын, көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуді, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушілер салық кезеңінің қорытындысы бойынша шот-фактуралар жазып беруге құқылы. Салық салынатын айналымның мөлшерi шот-фактурада тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) әрбiр атауы бойынша бөлек көрсетiледi. Егер мұндай шот-фактураға өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тiзбесi көрсетiлген құжат қоса тiркелген болса, айналымның жалпы мөлшерiн көрсетуге жол берiледi. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмiрi мен күнiне, сондай-ақ оның атауына сiлтеме болуға тиiс. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері оған сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгізілместен қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы ескеріле отырып көрсетіледі.

Жүкті жөнелтушілер немесе алушылар үшін жүктерді тасымалдауға шот-фактураның жазбасын, егер аталған тасымалдау көлік экспедициясы шартына сәйкес жүргізілсе, экспедитор жүзеге асырады. Мұндай шот-фактураларда салық салынатын айналымның мөлшері тасымалдаушылар және басқа да жеткізушілер көлік экспедициясы шартының шеңберінде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер құны ескеріле отырып көрсетіледі.

Шот-фактуралардың жазбасы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша шот-фактуралар жазады.

Қосылған құн салығын төлеушiлер табыс бойынша есептелген салық сомасынан аспайтын жалпы сомаға қосылған құн салығын қоса отырып шот-фактуралар жазады.

Сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.

Шот-фактураны ресiмдеу мынадай жағдайларда:

1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуде негiздеме болатын бастапқы құжаттарды қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетiлген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерi үшiн есеп айырысуды жүзеге асырғанда;

2) жолаушыларды тасымалдау жол билеттерiмен ресiмдегенде;

3) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегін бере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізген жағдайда;

4) қосылған құн салығынан босатылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) табыс еткен кезде талап етiлмейдi.

Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету кезiнде қосымша шот-фактура жасалады, онда:

1) қосымша шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi;

2) қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi;

3) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi;

4) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;

5) қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi.

Қосымша шот-фактураны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi жасайды және аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы растайды.

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде анықталады.

3.3. Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиiс салық сомасын анықтау кезiнде, негiзгi құралдарды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
1) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы қосылған құн салығын төлеушi болып табылса;

2) шот-фактура жазылған күнге қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тауар берушi Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) шот-фактурасын немесе берілетін басқа да құжат табыс еткен болса. Егер тауар берушi қосылған құн салығының төлеушiсi болып табылмаса, берілетін шот-фактура немесе басқа құжат «ҚҚС жоқ» белгiсімен жазылады;

3) тауарлар импорты жағдайында — қосылған құн салығы бюджетке төленген болса;

4) қосылған құн салығын төлеу жөнiндегі салық мiндеттемесi орындалса, олар үшiн төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.

Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуымен байланысты шығыстары салық салынатын айналымның мақсаты үшін шеккен шығыстар ретінде қарастырылады.

Мыналар:

1) қосылған құн салығы бөлiп көрсетiлген шот-фактуралар бойынша өнiм берушi төлеуге тиiс салық сомасы;

1-2) қаржы лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ лизинг берушінің айналым жасау күніне айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспауға тиіс салық сомасы;

1-3) қайтарымды лизинг шарттары бойынша жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге тиiс салық сомасы;

2) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес ресiмделiп, кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген және белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық сомасы;

3) қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжатында немесе салық органы берген құжатта көрсетiлген салық сомасы;

4) темiр жол немесе әуе көлiгінде тасымалдаушының салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн көрсете отырып берiлетiн жол жүру билетiнде жеке жолмен бөлiнген салық сомасы;

5) есеп айырысулары банктер арқылы жүргiзiлетiн, коммуналдық қызметтер көрсетушi қолданатын құжаттарда көрсетiлген салық сомасы;

6) расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнге жасалған тауарлардың қалдықтарын түгендеу тiзiмдемеде көрсетiлген салық сомасы;

7) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) фискальды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып және бақылау чегін бере отырып сатып алғанда бақылау-касса машинасының чегінде көрсетілген салық сомасы есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.

Қосылған құн салығы тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынған салық кезеңiнде есепке жатқызылады.

Қосылған құн салығы төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi орындалған салық кезеңiнде есепке жатқызылады.

Егер шот-фактураның жазбасы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым жасау күнінен кейін жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактура жазу күнінің сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.

Қосылған құн салығын төлеушiде салық салынатын және салық салынбайтын, оның iшiнде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы есепке жатқызылады.

Қосылған құн салығы, егер:

1) қосылған құн салығын төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiне жатпайтын шаралар өткiзумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi);

2) қонақүй ретiнде пайдаланылатын ғимараттарды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы ғимараттарды (ғимараттың бiр бөлiгiн);

3) негізгi құралдар ретiнде сатып алынған жеңiл автомобильдердi;

4) жалдау шартына сәйкес жөндеу шығыстарын жалға берушi өтеген және жөндеудi жүзеге асырған жалға алушының салық салынатын айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы жалға алынған ғимараттарды жөндеуге пайдаланылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетудi);

5) өтеусiз алынған мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi), осындай мүлiк Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден әкелiнген және осы мүлiктi алушы импорт кезiнде қосылған құн салығын төлеген жағдайларды қоспағанда, алумен байланысты төленуге тиiс болса, есепке жатқызылмайды.

Бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:

1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмаған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша;

2) негiзгi құралдарды қоса алғанда, тауарлар бүлiнген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған реттердi қоспағанда), олар бойынша;

Негізгі құралдар бүлінген, жоғалған жағдайда, қосылған құн салығы негізгі құралдардың теңгерім құнына жататын құн бөлігінің есебінен алып тасталады;

3) табиғи монополиялар субъектiсi нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;

4) белгiленген ережелер сақталмаған жағдайда;

5) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік күшін жойған кезде есептен шығарылып тасталуға тиіс.
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

Салық салынатын импорт мөлшеріне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгіленген импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ импортқа қосылған құн салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары енгізіледі.
Қосылған құн салығының ставкасы өзгерген кезде туындайтын мәселелердің бірі, өткен жылдардың тәжірибесі бойынша, салық есебінде, мәселен, 13 ставка бойынша өткізілген тауарлардың қайтарылуын және салық ставкасы 12-ке дейін төмендетілген кезеңде қайтарылатын тауарларды көрсету болып табылады.

Импортталатын тауарларды тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды көлік ұйымының көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалдарға жатады.

Салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатынтауарлар, жұмыстан, қызмет көрсетулербойынша өнім берушіге төленуге тиіс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды. Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдісі күнтізбелік жыл ішінде өндірілмеуге тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» кодексі (Салық кодексі). Астана, 2008жыл.

А.Д. Үмбеталиев, Ғ.Е. Керімбек «Салық және салық салу»,Алматы, Экономика, 2006ж.

Худяков А.И., Г.М. Бродский «Теория налогооблажения»- Алматы, 2002

Бухгалтер бюллетені №30

Бухгалтер бюллетні №28

Бухгалтер бюллетні №33

Бухгалтер бюллетні №11


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.