«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан»



жүктеу 31.43 Kb.
Дата18.01.2018
өлшемі31.43 Kb.

«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан»

Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ.Біз бірде-бір соғыс өртін бастаған емеспіз.Біз бірде-бір елдің жерін жаулап,даламызға қосып алған емеспіз.

Нұрсұлтан Назарбаев

Осыдан 69 жыл бұрын, 1945 жылдың 9 мамырында фашистік Германиямен болған Ұлы Отан соғысы совет халқының жеңісімен аяқталды. Бұл біздің халықтарымыздың өз еркіндігі мен тәуелсіздігі жолындағы қасіретті де қастерлі, қатал да ымырасыз күресінің заңды қорытындысы. 1945 жылдың көктемі өз туған жерін, өз Отанын қорғаған халықты еш уақытта жеңуге болмайтынын тағы да көрсетті.

Біздің жеңісіміздің маңызды факторлары арасында сөз жоқ жоғары патриотизм ұлтына қарамастан адамдардың бірлігі мен топтасқандығын айтуға болады.Майдандағы жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің жаппай қаһармандығы- осыған дәлел.Мыңдаған және миллиондаған қазақстандықтар ортақ жеңіске өздерінің лайықты үлестерін қосты.Солардың әрқайсысы батыр деп аталуға лайықты.

Батыр дегеніміз - ел басына күн туған кезде ел-жұртын жанын аямай қорғай білетін, ер мінезді, қайсар рухты, жүрегі «елім», «жерім»деп соғатын жандар.Батыр - елі үшін туылып, елі үшін өледі.Міне, солардың ішінде мың жылда бір-ақ көрінетін кометалардай аты аңызға айналған батыр бабаларымыз өте көп.Олар: Баубек Бұлқышев,Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебеков, Талғат Бигелдинов, Рамазан Амангелдиев,Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев және өзге де ағаларымызбен қатар майданға ержүрек қазақ қыздары да аттанды.Олар қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк апаларымыз. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316- шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы атты әскер дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 209- Зайсан, 219-минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа бөленді. Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия, 328-дивизия 30-гвардиялық дивизия болып, 75-теңіз бригадасы 27-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.

Майданға Қазақстаннан - 1 196 164 адам аттанды. Ал республиканың еңбек майданына 700 мың адам тартылған. Жинақтап айтсақ, Ұлы Отан соғысында Қазақстандағы 1,9 миллион адам аяғынан тiк тұрып, жеңiс туын көтеру үшiн жан берiп, жан алысты. Өкініштісі осы аттанған жерлестеріміздің тең жартысы еліне қайта оралмады.

Бүкілхалықтық бірлік пен тұтастық бізге аға ұрпақтан, соның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері- майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінен қалған ұлы мұра. Олардың лайықты қарттығы мен бейбіт аспанын қамтамасыз ету-біздің перзенттік борышымыз.Өскелең жас ұрпақ Расул Ғамзатовтың «Өткеніңе құм шашсаң, болашағың саған тас атар» деген мына бір сөзін көкейіне тоқып алғаны абзал деп ойлаймын.Біз соғысты көрген жоқпыз десекте, қан майданды белшесінен кешкен, біздің еркіндігіміз үшін жанын қиған батырларымыздың есімін мәңгі жадымызда ұстауға міндеттіміз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр жыл сайын келетін 9 мамыр- жеңіс күнін лайықты атап өтіп, біздің даңқты ардагерлерімізге құрмет көрсетуді әр жыл сайын міндеттейді. Ұлы жеңіс күні- бұл әртүрлі ұрпақтар өкілдерін біріктіретін жарқын мереке.Мамыр айының осынау мамыржай күнінде әрбір жеткіншек ұрпақ барлық ардагерлердің, майдан және тыл батырларының алдында алғысымызды білдіріп, иіліп тағзым етеміз.Ол мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны ерекше. Бұл ізгі ниетті адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Ұлы жеңісті жақындатуға абзал арыстарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Аяулы апаларымыз бен ардақты ағаларымыздың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақта жалғастырып келеді.Осы аға-апаларымыздың арқасында қазір еліміз күннен-күнге өркендеп, дамып келеді. Еліміз жетіліп елу елдің қатарына қосылды. Ендігі кезекте Қазақстанымызды одан әрі дамытып «Орта Азия барысына» айналдыру үшін қазақ жастары жұмылып жұдырық болып, бір жеңнен бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек деп ойлаймын.

Заманның заңғар тұлғаларының бірі – Міржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе, мақтанамын», – деп айтқанындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастарымыз жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақпен мақтанғанымыз да дұрыс шығар. Ертеңгі еліміздің тірегі - біз жастар. Еліміздің болашағы- біздің қолымызда. Ал, осындай жарқын болашаққа жеткізген дара тұлғалардың ерліктері мен қаһармандықтары еш уақытта ұмытылмақ емес, елге мұра, ұрпаққа ұран болып қала бермек!

Кереева Гүлзада

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы.

Хромтау №5 мектеп-гимназиясының



11- класс оқушысы.
Каталог: media -> upload -> 1385 -> 2014
upload -> Кеңестік тарихнамада 1917 жылғы қос революция тұсындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік жағдайы туралы аз жазылған жоқ
upload -> Утверждено
upload -> Тарих-и алфи шығармасындағы деректердің Қазақ хандығы тарихын зерттеудегі қҰндылығы жайында
upload -> Бөкей ордасында алғАШҚы мектептердің ҚҰрыла бастауы с. А. Сарсенов
upload -> К вопросу об идентификации погребенных
upload -> Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған типтік шартты жасасу ҚАҒидалары
upload -> Телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шартты жасасу
upload -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет