Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев диқаншылардың шығынға ұшырағанын және Алматы, Жетісу облыстарындағы жүгері өсірушілердің қордаланған мәселесін айтып, депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: senate_kz / видеодан скриншот

Депутат 2023 жыл елдегі диқаншылар үшін күрделі жыл болғанын атап өтті. Жауын-шашынның жаумауы, су тапшылығы, ауыл шаруашылығы нарығындағы өнімдердің түсіп кетуі және басқа да себептер көптеген шығындарға әкелгенін айтты.

“Біз жақында ауылдарды аралап, тұрғындармен және шаруалармен кездестік. Кездесуде шаруалар алған өнімдерінің өтпей отырғанын, сақтау орындарының тапшылығын, азық-түлік бағасының өсуін тілге тиек етті. Біз Алматы және Жетісу облысындағы жүгері өсірушілердің мәселесіне назар аударғымыз келеді. Жүгері – азық-түлік, жем-шөп және техникалық мақсатта пайдаланылатын маңызды дақылдардың бірі. Жетісу мен Алматы облыстары жүгеріні 700 жылдан астам уақыт бойы өсіріп келеді. Қазақстанда ғана емес, көршілес елдер арасында негізгі өндірушілердің біріне айналды”, – деді сенатор.

Десе де сенатор былтырғы қолайсыз ауа райының салдарынан егіс алқабында жүздеген гектар өнім жиналмай қалғанын атап өтті. 

“Қоймалардың жоқтығы немесе оны ұсынып отырғандардың бағаларының көтеріңкі болуы өнімдердің өтпеуіне әкелуде", – деп түсіндірді депутат.

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев ауыл шаруашылығы өндірушілерін шығындардан  сақтау мақсатында іс-шара жоспарын шұғыл енгізуді сұрады.
 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.