Лицензиялау туралы Мұрағаттық версия



жүктеу 0.61 Mb.
бет2/3
Дата21.04.2019
өлшемі0.61 Mb.
1   2   3

3-тарау. ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

      12-бап. Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
      1) тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
      қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;
      қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау;
      қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру;
      ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
      кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;
      пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жару жұмыстарын жүргiзу;
      кенiштер мен шахталарды жабу бойынша жою жұмыстары;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
      мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
      мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
      ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
      ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
      ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткізу және игеру;
      мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
      құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
      мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
      мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау;
      магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану;
      2) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу;
      3) заңды тұлғаларда өз өндірісі барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүліктік кешенді сатып алу нәтижесінде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және лицензиаттарға өткiзуi.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті


               лицензиялау

      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:


      1) атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      ядролық қондырғылар, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймалары құрылысы;
      ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтар сақтау қоймаларын пайдалану;
      ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдаланудан шығару;
      ядролық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдаланудан шығару кезінде жұмыстарды және жобаларды басқару;
      2) ядролық материалдармен жұмыс істеу.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      ядролық материалдарды өткізу;
      ядролық материалдарды пайдалану;
      ядролық материалдарды сақтау;
      3) радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
      радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;
      радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау;
      радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу;
      табиғи уранды өндіру және қайта өңдеу;
      4) иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды дайындау;
      иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптарды және қондырғыларды пайдалану;
      5) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу;
      иондаушы сәулелену көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптардың, жабдықтардың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау;
      аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау;
      өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің барын анықтау, радон және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу;
      персоналды дозиметрлік жеке бақылау;
      6) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      радиоактивті қалдықтарды жинау және сұрыптау;
      үй-жайларды, жабдық пен материалдарды залалсыздандыру (радиоактивті ластанудан тазарту);
      радиоактивті қалдықтарды өңдеу;
      радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму;
      аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту, өңдеп қалпына келтіру;
      7) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау;
      8) ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызмет;
      9) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету;
      ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды тасымалдау кезінде оларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету;
      10) ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметті


               лицензиялау

      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:


      1) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою;
      уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану;
      уларды сатып алу, сақтау, өткізу.
      Нормативтік құжаттарға сәйкес сынақтар, зерттеулер және дезинфекция жүргізу үшін қажетті көлемде улы заттарды пайдаланатын аккредиттелген зертханалардың қызметі улар айналымы саласындағы лицензиарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен, удың жылдық қажеттілігі туралы ақпарат және оларды пайдалану туралы жыл сайынғы есеп бере отырып, лицензиялаусыз жүзеге асырылады;
      2) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау);
      пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану.
      Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-бап. Техникалық қауіпсіздік саласындағы қызметті


               лицензиялау

      Ескерту. 15-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Көлік саласындағы қызметті лицензиялау

      Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.


      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      17-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың


               айналымы саласындағы қызметті лицензиялау

      Есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.


      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою;
      құрамында есірткі және психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау;
      денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою.

      18-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету


               саласындағы қызметті лицензиялау

      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:


      1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру).
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу;
      ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізу (оның ішінде өзге де беру);
      3) ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған


               арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті
               лицензиялау

      Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.


      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру;
      жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу.
      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      20-бап. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару


               түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып
               жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметті
               лицензиялау

      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі: 


      1) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу. 
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      1) монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру;
      монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды жөндеу;
      монтаждауды, реттеуді, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткізу;
      2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу. 
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өздерінің өндірістік қажеттіліктері үшін сатып алу;
      3) босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу. 
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      босатылған оқ-дәріні жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
      босатылған қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
      4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау;
      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау;
      5-1) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу;
      6) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату;
      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану;
      7) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу.
      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      21-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті


               лицензиялау

      Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, өндіруді, пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жер үсті инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенін, стендтік базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңістігін пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі. 

      22-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы
               қызметті лицензиялау

      1. Байланыс саласында қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметпен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi.


      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      қалааралық телефон байланысы;
      халықаралық телефон байланысы;
      спутниктік жылжымалы байланыс;
      ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып).
      2. Мынадай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу талап етілмейді:
      1) меншікті не жалға алынған желілік немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиісті лицензиялар негізінде әрекет ететін басқа байланыс операторларының қызметтерін ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі.
      Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледі, олардың құрылымы лицензиармен келісілуге тиіс. Делдалдар қызметтерді шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға міндетті. Бұл ретте, тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап береді;
      2) өндірісішілік қызметті және технологиялық процестерді, оның ішінде үшінші тұлғаларға байланыс қызметтерін ұсынбай радиожиілік спектрін пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерін пайдаланбай, басқаруға арналған желілерді құру және пайдалану жөніндегі қызмет;
      3) байланыс қызметтерін көрсетумен байланысты емес, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосылмаған және негізгі қызмет түрін жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілерін құру және пайдалану (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтік және пейджингтік байланыс) жөніндегі қызмет.
      Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жиілік, радиожиілік жолақтарын (радиожиілік арналарын) пайдалану үшін байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат береді.
       Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      23-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау

      Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
      Қызметтің бұл түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:
      бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламалары;
      техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;
      орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламалары;
      діни білім беру бағдарламалары.
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы


               лицензиялау

      Теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін  лицензияның болуы талап етіледі.


      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      25-бап. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті лицензиялау

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:


      1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      2) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;
      3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету;
      4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
      1) медициналық қызмет.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, жедел медициналық көмек;
      диагностика;
      патологиялық анатомия;
      клиникалық зертханалық диагностика;
      қан мен оның компоненттерiн дайындау, консервациялау, өңдеу, сақтау және өткiзу;
      ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
      акушерлiк және гинекология;
      педиатрия немесе терапия: жалпы, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсiптiк патология, отбасылық дәрiгер; инфекциялық аурулар; фтизиатрия;
      хирургия: жалпы, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бетсүйек хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия;
      анестезиология және реаниматология;
      дерматовенерология (дерматокосметология);
      психиатрия: жалпы, наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
      онкология;
      стоматология;
      дәстүрлi медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, рефлексотерапия;
      медициналық реабилитология;
      сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама;
      еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiптiк жарамдылық сараптамасы;
      санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын өндiру, қайта өңдеу және өткiзу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызмет түрлерін өткізу;
      2) фармацевтикалық қызмет.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      дәрiлiк заттар өндiрісі;
      медициналық мақсаттағы бұйымдар өндiрісі;
      медициналық техника өндiрісі;
      дәрiлiк препараттарды дайындау;
      медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
      дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
      дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу.
      Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      27-бап. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету


               саласындағы қызметті лицензиялау

      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:


      1) адвокаттық қызмет;
      2) нотариаттық қызмет;
      3) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда);
      4) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау;
      5) аудиторлық қызмет;
      6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсетумен айналысу.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау;
      шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін экологиялық аудит;
      7) лотерея ұйымдастыру және өткізу;
      8) заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыру;
      9) туроператорлық қызмет;
      10) жеке сот орындаушыларының қызметі.
       Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      28-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау

      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі: 
      1) казино қызметі;
      2) ойын автоматтары залының қызметі;
      3) букмекерлік кеңсе қызметі;
      4) тотализатор қызметі.

      29-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау

      Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру;
      жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу.
      Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      30-бап. Сот-сараптама саласындағы қызметті лицензиялау

      Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.

      31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті лицензиялау

      Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етіледі. 

      32-бап. Қаржы саласындағы қызметті және қаржы


               ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті
               лицензиялау

      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:


      1) банк операциялары:
      заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;
      жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;
      банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
      банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдар мен қымбат металдардан жасалған монеталарының физикалық мөлшері көрсетіледі;
      кассалық операциялар: банктер мен Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруі;
      аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемі мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға ғана беріледі;
      есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
      банктік қарыз операциялары: банктің, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының төлем жасалу, мерзімдік және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беруі;
      шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
      банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
      төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау;
      аккредитив ашу (шығару) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
      ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беру;
      үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банктік тапсырмалар мен өзге де міндеттемелерді беру;
      2) банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар:
      тазартылған қымбат бағалы құйма металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобының металдары), қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткізу;
      құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткізу;
      вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельдерге ақы төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ домицильдендірілген вексельдерге ақы төлеу, делдалдық тәртіппен вексельдердің акцепті;
      лизингтік қызметті жүзеге асыру;
      меншікті бағалы қағаздарды (акциялардан басқа) шығару;
      факторингтік операциялар: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, сатып алушыдан тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеуді талап ету құқығын иелену;
      форфейтингтік операциялар (форфейтер): сатушыға айналымсыз жолмен вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесіне ақы төлеу;
      сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне орай және тапсырмасы бойынша ақшаларды ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
      сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер;
      2-1) ислам банктері жүзеге асыратын банк операциялары:
      жеке және заңды тұлғалардың талап етілгенге дейін процентсіз депозиттерін қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;
      жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық депозиттерін қабылдау;
      банктік заем операциялары: ислам банкінің мерзімділік, қайтарымдылық талаптары бойынша және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер беруі;
      кәсіпкерлік қызметті мынадай түрде қаржыландыру: коммерциялық кредитті бере отырып, сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру;
      заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру;
      лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық қызмет;
      ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезіндегі агенттік қызмет;
      3) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегінде:
      өмірді сақтандыру;
      аннуитеттік сақтандыру;
      4) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегінде:
      жазатайым оқиғалардан сақтандыру;
      ауру жағдайына арналған сақтандыру;
      автомобиль көлігін сақтандыру;
      темір жол көлігін сақтандыру;
      әуе көлігін сақтандыру;
      су көлігін сақтандыру;
      жүктерді сақтандыру;
      осы тармақшаның төртінші-сегізінші абзацтарында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру;
      автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
      әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
      су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
      осы тармақшаның оныншы - он екінші абзацтарында
көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
      қарыздарды сақтандыру;
      ипотекалық сақтандыру;
      кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру;
      осы тармақшаның он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он сегізінші абзацтарында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру;
      өзге де қаржы шығындарынан сақтандыру;
      сот шығыстарын сақтандыру;
      титулдық сақтандыру;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері:
      көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; Z030446
      тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; Z030444
      жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
      аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; Z030440
      туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; Z030513
      өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру;
      қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; Z040580
      қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру; Z050030
      міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі қызмет;
      6) қайта сақтандыру жөніндегі қызмет.
      "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек "жалпы сақтандыру" саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.
      "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек "өмірді сақтандыру" саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.
      Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің ерекше түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмірді сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларындағы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы;
      7) сақтандыру брокерінің қызметі;
      8) тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыратын және тізбесі мен оларға қойылатын талаптарды қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарының мүшелері болып табылатын адамдардың қызметін қоспағанда, сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет;
      9) брокерлік қызмет;
      10) дилерлік қызмет;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      11) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      11) орталық депозитарий мен бірыңғай тіркеушінің қызметін қоспағанда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет;
      12) инвестициялық портфелді басқару жөніндегі қызмет;
      13) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет;
      14) кастодиан қызметі;
      15) трансфер-агенттік қызмет;
      16) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет;
      16-1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі;
      17) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет;
      18) мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметін қоспағанда, кредиттік бюроның қызметі.
      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30  № 234-IV(2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 N 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      33-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы


               қызметті лицензиялау

      Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерiмен айналысу үшiн талап етiледi:


      1) iздестiру қызметi.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде:
      геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
      жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру;
      жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру);
      инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы нақты іске асырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;
      инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде:
      геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;
      жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;
      2) жобалау қызметі.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:
      жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын – аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);
      елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасқан көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнiң) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасқан сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;
      құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;
      ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызуды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;
      тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерiн орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;
      елдi мекендер мен қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;
      құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерiн орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;
      инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу;
      ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде:
      объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды;
      құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:
      негiздер мен iргетастарды;
      бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;
      металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;
      инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:
      жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционерлеуді, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
      су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;
      тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау дабыл құралының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;
      iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВ-ға дейiн және 10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;
      35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;
      магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;
      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:
      мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;
      көлiк инфрақұрылымына (халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсету үшін, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:
      энергетика өнеркәсiбiне арналған;
      жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбiне арналған;
      ауыр машина жасауға арналған;
      медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;
      бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстар;
      мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларға;
      көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:
      автомобиль, электр, теміржол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;
      жергiлiктi байланыс, радио-, телекоммуникация желiлерiне;
      байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерiнiң жалпыреспубликалық және халықаралық желiлерiне қызмет көрсету жөніндегі объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      мыналарды:
      теміржол көлiгi қатынасы жолдарын;
      барлық санаттағы автомобиль жолдарын;
      қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;
      көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жолайырықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу);
      3) құрылыс-монтаж жұмыстары.
      Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
      жер қабатындағы арнаулы жұмыстарды, оның ішінде:
      іргетас негіздерін орналастыруды;
      жер қабатындағы бұрғылау жұмыстарын;
      суасты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстарды;
      объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын, ғимараттар мен құрылыстардың (оның iшiнде көпiрлер, көлiк эстакадалары, тоннельдер мен жол өткізгілер, өзге де жасанды құрылыстар) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды, оның ішінде:
      металл конструкцияларды монтаждауды;
      мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;
      көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;
      гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;
      түтiн мұржаларын, күш түсетін құрылыстарды, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;
      тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгілеуге қарсы қалқаларды орналастыруды;
      көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен басқа да көтергіш құрылғылар конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
      монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрама-бетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;
      шатыр жабу жұмыстарын қамтиды;
      күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік құрылыстарды салу жөніндегі арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстарын, оның ішінде:
      қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды);
      мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;
      кернеуi 35 кВ-ға дейiнгi және 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары кернеулі электр беру магистральдық желiлерiн;
      байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желiлерiн қамтиды;
      күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қоса алғанда, инженерлiк желiлер мен жүйелердiң құрылғысын, оның iшiнде:
      теміржол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;
      газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газбен жабдықтаудың iшкi жүйелерiн;
      суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;
      электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, электрмен жарықтандырудың және электрмен жылытудың iшкi желiлерiн қамтиды;
      күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және теміржол құрылыстарын салу, оның ішінде:
      темір жолдарға арналған негiздерді және оның беткi құрылыстарын салу;
      I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелi қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелмелi қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
      III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;
      аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын қамтиды;
      мыналармен:
      гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстармен;
      құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндiрiсiмен;
      театр-ойын-сауық, білім беру, спорт мақсатындағы объектiлермен;
      байланыспен, авариядан қорғаумен, бақылау және дабыл құралы жүйесiмен, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу мен бақылау аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау, iске қосу-жөндеу жұмыстары;
      4) тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін


               дайындау саласындағы қызметті лицензиялау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензияның болуы талап етіледі. Z070258. 
      Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      35-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті лицензиялау

      Ескерту. 35-бап алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      36-бап. Этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі


               мен айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі
               саласындағы қызметті лицензиялау

      Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:


      1) этил спиртінің өндірісі;
      2) алкоголь өнімінің өндірісі.
      Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
      арақтар мен айрықша арақтардың өндірісі;
      ликер-арақ өнімдерінің өндірісі;
      шарап материалының өндірісі;
      шарап өндірісі;
      коньяк өндірісі;
      бренди өндірісі;
      сыра өндірісі;
      3) алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату; P070731
      4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) темекі өнімдерінің өндірісі.
      Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      37-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты


               қызметті лицензиялау

       Ескерту. 37-бап алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      37-1-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті


Каталог: Handlers


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет