Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының жекешендірілгені туралы қауесетті “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kmg.kz

“Әлеуметтік желілер мен кей бұқаралық ақпарат құралдарында Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жекешелендіру жоспарланып отырғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын ресми мәлімдегім келеді. Мұндай келіссөздер жүргізілген жоқ. “ҚазМұнайГаз” мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік жұмыстары қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр”, – деп келтірді “ҚазМұнайГаз” баспасөз қызметі компанияның басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеевтің пікірін. 

Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері жанжалдан кейін қызметінен босатылғанын хабарладық. 

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен бас директордың орынбасары – бас инженер Әділет Шошанбасовты қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Бас директордың міндетін атқару әрі қарай шешім қабылданғанға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – техникалық директор Олег Александрович Лызловқа жүктелген еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.