Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров асталықтардың саны 2035 жылға қарай 2,3 миллионға жететінін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Үкімет отырысында Нұрлан Байбазаров министрлік Астана мен Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, Астана агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын әзірлегенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта Астана агломерациясы аумағына Астана және облыс халқының 40 пайызы тұратын Ақмола облысының үш ауданының 46 елдімекені және Қосшы кіреді. Кейінгі 10 жылда Астана халқы 46% өсті. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай елорда халқы 2,3 миллион адамға жетеді", – деді вице-премьер үкімет отырысында.

Вице-премьердің айтуынша, агломерация мекендерінен Астанаға күнделікті маятниктік көші-қон 200 мыңнан астам адамды және 30 мың автокөлікке жетеді.

"Бұған байланысты елордада инфрақұрылымның барлық түріне жүктеменің артуына, қала шеттерінің кеңеюіне, ыңғайлы көлік жүйесінің болмауына және әлеуметтік нысандардың тапшылығына алып келетін бірқатар мәселеле бар", — деді Нұрлан Байбазаров.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.