Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 гектар жер телімі заңсыз берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/gorkiypark.kz

Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген.

Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді.

“Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. 2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды”, – делінген хабарламада.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.