"Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ереже «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы»



бет1/5
Дата29.06.2022
өлшемі22.05 Kb.
#174777
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ПОЛОЖЕНИЕ УЗОУ каз


Ұлытау облысы әкімдігінің
2022 жылғы «29» маусымдағы
№_____/______ қаулысымен
бекітілген
"Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

  1. Жалпы ереже




  1. «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады, ол Ұлытау облысының аумағында денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

  2. «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесіне сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын орган ретінде айқындалған.

  3. «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар аталған Ережеге сәйкес жүргізеді.

  4. «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  5. «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  6. «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер де заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  7. «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  8. «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, 100600, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 2.

  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

  11. Осы Ереже «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  12. «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

  13. «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет