Шымкентте екі адамды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz. порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, 4 қаңтар, сағат 18:00 шамасында Абай даңғылының бойынан денесінде бірнеше пышақ жарақаты бар 48 жастағы ер адам табылып, ол 1-қалалық ауруханасына жеткізілген.

Араға уақыт салып 1 мамыр көшесінде 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Алайда жаға ұстатарлық оқиға мұнымен аяқталған жоқ.

5 қаңтар күні сағат 12:00 шамасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында тағы бір ер адамның мәйіті табылды.

Сол күні Тәуке хан даңғылының бойында қылмысқа қатысы бар деген күіктіні ұстады. Ол 28 жаста, жұмыссыз.

"Күдікті ұсталды. Аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", — делінген Шымкент қалалық ПД ресми хабарламасында.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.