Үлкен кезеңдік(макроцикл) жоспарлау төрт жылға немесе бір жылға арналып жасалады. Ал кіші кезеңдік жоспарлау,айлық (мезоцикл),апталық (микроцикл) және жеке жаттығу сабақтарына арналып жасалады



Дата21.04.2022
өлшемі15.28 Kb.
#173129
Байланысты:
Документ
Курстық жұмыс Құдайберген, Документ

Қорыта келе:

Бұл оқу пәнінің негізгі мақсаты студенттерге дене тәрбиесі мен спорттың терең ілімдік негіздерін беру, сонымен бірге алған білімін білім беру мекемелері мен спорттық ұйымдарда, яғни дене мәдениеті жоғары оқу орындары мен педагогикалық жоғары оқу орындарының дене тәрбиесі факультеттерін бітірушілердің болашақ кәсіби қызмет орындарында оның негізгі ережелерін іс тәжірибеде жүзеге асыруына бағыт беріп үйрету болып табылады.Жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жету үшін спортшы көп жылдар бойы, 10 жылдан артық мөлшерде, үзіліссіз жаттығуы керек. Осы көпжылдық жаттығу шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді: 1. Алғашқы дайындық кезеңі. 2. Бастапқы мамандану кезеңі. 3. Тереңдете жетілдіру кезеңі. 4. Спортта ұзақ жасау кезеңі. Спорт жаттықтырулары дене тәрбиесі жүйесінің бір бөлігі болғандықтан оның барлық әдістеріне үйретудің әдістемелері қолданылады. Негізінде спорт жаттығуларына дене қуаты қаситтерін, қозғалыс шеберлігін жоғарғы дәрежеде дамытуға бағытталған қатаң шектелген жаттығу әдістері қолданылады. Олар: бір қалыпты орындау, қайталау, аралық орындау әдістері.



Үлкен кезеңдік(макроцикл) жоспарлау төрт жылға немесе бір жылға арналып жасалады. Ал кіші кезеңдік жоспарлау,айлық (мезоцикл),апталық (микроцикл) және жеке жаттығу сабақтарына арналып жасалады. Жылдық жоспар жасағанда спортшының шамасы, мүмкіншіліктері спорттық көрсеткіштерінің өсу қарқыны негізге алынады. Жоспарды спортшымен келісе отырып жасаған дұрыс. Ол жоспардың дұрыстығына сеніп, оның дұрыс орындалуына бар мүмкіншіліктерін пайдалана біліуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет