Beeline жергілікті көлемде табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланған Батыс Қазақстан, Абай және Қостанай облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына тегін қызмет аударуды бастады.

ТЖ-ға байланысты, Beeline-ның барлық клиентіне – Қостанай облысы, Арқалық қаласының, Новый, Родина, Северный, Дачный кенттерінің, Амангелді, Торғай, Жаркөл, Тауш, Қызылжұлдыз, Қайыңды ауылдарының және Сарыбас, Жұман, Қонай, Екпінді, Ақкісі қыстауларының, Абай облысы* Мамырсу, Бозай ауылдарының және Батыс Қазақстан облысы Қоржын, Аққозы, Шалғын ауылдарының тұрғындары теңгеріміне ҚР-дағы барлық нөмірмен байланысатын 50 минут пен 50 SMS, 7 күндік 10 ГБ интернет-трафик аударылды. Ол туралы абоненттерге SMS арқылы хабарланды. Аударымды "Менің Beeline-ым" қосымшасында немесе  *106# пәрменімен тексеруге болады. 

Сондай-ақ, компания Ақтөбе облысының Мұғалжар, Темір және Қобда аудандары тұрғындарын тегін интернетпен және байланыспен қолдауды жоспарлауда. 

Beeline жағдайды қадағалап отырады және ары қарай да басқа өңірлердегі клиенттеріне қажеттілігіне қарай тегін қызметтерді аударады. 

27 наурызда Батыс Қазақстан және Абай облыстарының бірқатар елді мекенінде су тасқынының салдарынан жергілікті көлемде ТЖ жарияланғанын естеріңізге саламыз, 28 наурызда Қостанай облысында, 29 наурыз Ақтөбе қаласы мен осы облыстағы бірнеше ауданда табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. 

Beeline Қазақстан — Жарқын жақта өмір сүр!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар, Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: цифрлы қаржы сервистері, Big Data, фискалды деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдері. Компания Қазақстанда алғаш болып VoLTE технологиясын сынақтан өткізуді бастады.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Компания 250+ бағдарламасын жүзеге асырып, еліміздегі халық саны 250 адамнан асатын елді мекендерде 3G/4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп жатыр. 

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, "Veon" халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.